52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 3.25 Mb.
бет10/15
Дата01.03.2018
өлшемі3.25 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

11. Щеткалар – коллектор бойынша реттеу және ысқылау, электрлі машиналардың щетка ұстағыштары мен жетекті қозғалтқыштарының кронштейндері – ауыстыру.

2-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

5-разряд

280. Жұмыс сипаттамасы.

Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру.

Жөндеу көлемін айқындау.

6-7 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу, жетілдіру (дәлдіктің 1-2 класына).

281. Білуге тиіс:

механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері мен өзара іс-әрекеті;

техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер;

локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеу технологиясы мен жөндеу сапасына қойылатын талаптар;

локомотив тораптарының, бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістері, тораптарды құрастырылуын бақылау және жұмысын реттеу тәсілдері;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы.

282. Жұмыс үлгілері

Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

1. Жоғары вольтты, төмен вольтты және найзағайдан қорғайтын аппаратура, электровоздардың осьтік редукторлары мен электр поезд вагондары.

2. Роликті букстар мен жылжымалы ішпектер, жұп дөңгелектер, моторлық-осьтік ішпектер, жетекті қозғалтқыштар, қосалқы машиналар, бас контроллерлер, реверсорлар, тез істейтін қосқыштар.

3. Ауа таратқыштар, электр ауа таратқыштар.

4. Жетек генераторлары, жылу сорғылары, отын соратын сорғылар, тепловоздар мен дизель поездардың газ тарату механизмі.

5. Жетек қозғалтқыш, электр машина коллекторлары.

6. Тежегіш магистральдары, тежегіш және теңестіргіш цилиндрлер.

7. Күш механизмдері, қуатты таңдау және жіберу біліктері, клин ременьді жетек тепловоз және дизель поездарының жетектері.

8. Жылдамдық өлшегіштер, олардың жетектері, датчиктер.

9. Электровоз және электр поезд ток қабылдағыштары.

3-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

6-разряд


283. Жұмыс сипаттамасы.

Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі ерекше күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру.

Электр шынжырлардағы ақаулықтарды жою.

Қашықтықтан басқару электр жүйелерін сынау және реттеу.

Локомотивтерді жөндеу және жұмысқа дайындығы туралы белгі.

284. Білуге тиіс:

механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдары мен тексеру және реттеу тәсілдері;

локомотив жабдықтарының, электр монтажды тәсімдерінің ақаулықтарын анықтау және жою жолдары мен әдістері;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тораптар мен агрегаттардың өзара іс-әрекеті мен жөндеу ережесі;

тексерілетін және жөнделетін локомотивтердің құрама топтарын дұрыс жинақтау.

285. Жұмыс үлгілері

Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

1. Басқару панелі аппараттары, электр пневматикалық клапандар. Топтық қайта қосқыштар, машинист контроллерлері.

2. Электр аппараттары.

3. Бас қайта қосқыштар, электровоздар мен электровоз вагондарының түзету құрылғылары.

4. Тепловоз дизельдері мен дизель поездары. Бақылау-өлшеу аппараттарының көрсеткіштерін тексеру, аппараттарды реттеу.

5. Машинист крандары, электр пневматикалық тежегіштер.

6. Тепловоздардың жылу беруін басқару механизмдері.

7. Автоматты локомотивті сигнал беру, автостоптар мен радиобайланыс, басқару пульты аспаптары.

8. Электровоздар мен электр поезд вагондарын басқарудың электр тізбегі тәсімдері.

4-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

7-разряд


286. Жұмыс сипаттамасы.

Локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың техникалық жағдайын жөндеу, тексеру, сынау және реттеу.

287. Білуге тиіс:

локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері,

жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету ережесі

бірегей және тәжірибелік жабдықтарды жөндеудің технологиялық процесі.

288. Жұмыс үлгілері.

Жарамсыз тораптар мен аппараттардың техникалық жағдайын тексеру, жөндеу, сынау, реттеу және ауыстыру:

1. Тепловоздың бас генераторы – босағандарын қалпына келтіру, орамдардың тұтастығын тексеру.

2. Электровоздың жетекті қозғалтқышы.

3. Жұдырықты контактор.

4. Айналымның санын реттегіш.

5. Барлық үлгідегі басқару релесі, жылу релесі.

6. Серіппелі арбаны асып қою.

7. Ток қабылдағыштар.

77. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик


1-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-разряд


289. Жұмыс сипаттамасы.

Бөлшектері слесарь жөндеуінен өткен және 12-14 квалитет бойынша (дәлдіктің 5-7 класына) қиыстырылып дайындалған жеке тораптарды бөлшектеу және жинау.

Электр техникалық жабдықтарды тазалау, ысқылау, шаю.

Қатты және жұмсақ әдіспен қалайылау және пісіру.

Кабельдерді төсеу, бөлу, ұзарту.

Металл құрылғыларына (бекітпелеріне) қызмет көрсету және профилактикалық жөндеу және карапайым ақауларды жою.

Электр-газ дәнекерлеушісімен бірге жұмыс жасау

Тораптар мен механизмердегі бояуларды ауыстыру.

Бекітпелерді тазалау және бояу.

290. Білуге тиіс:

метрополитен электр механикалық жабдығының жұмыс принципі;

қызмет көрсетілетін жабдықтар мен кабельдердің үлгілері;

сымдарды монтаждау тәсілдері;

жабдықтар мен металл құрылғыларының (бекітпелер) қызметі принципі және механизмдерінің жұмысы;

жүкарба мен құрал-жабдықтар құрылымы, пайдалану ережесі;

бөлшектерді тексеру және қиыстыру әдістері;

жинақталатын және дайындалатын бөлшектердің жөндеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;

тотықтың пайда болу себептері және олармен күресу әдістері;

қолданылатын бояу материалдары қызметі, гидравликалық бекітпелерде қолданылатын сұйықтық қасиеті;

электр қондырғыларымен қарапайым техникалық танысу, электр техникасы туралы қарапайым мәліметтер;

монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстарды енгізу ережелері;

металл құрылғыларының (бекітпелер) жұмыс жасау режимі.

2-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

3-разряд


291. Жұмыс сипаттамасы.

Қол, электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Станциялардағы қол жетегінен басқару жабдықтарын бақылау.

Жабдықтарды, желілерді, станцияларды жергілікті және кешенді басқаруға қатысу.

Қол жетекті жабдықтарды ашу және жабу кезіндегі ақаулықтарын жою.

11-12 квалитеттер бойынша жұмыстарды орныдай отырып электр механикалық жабдық тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

Электр іске қосатын аппаратурасы мен шағын қуатты электр қозғалтқыштың жекелеген тораптары мен бөлшектерін жөндеу.

Оқшаулау және жерсіндіру кедергісін өлшеу.

Сүзгілерді ауыстыру, шаю және жөндеу.

Негізгі желдеткіштерді қоспағанда түрлі қызметтегі сорғылар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.

Ауа жеткізгіштерді, құбыржолдарды сынауға қатысу.

Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен аспаптар мен аппараттарды реттеу және түзету.

Лампа, желілердің кернеулігін және сигнал беру деңгейін өлшеу.

Телеавтоматика тәсімдері релесін механикалық реттеу.

Қоректендіру блогын ревизиялау.

Қол қозғалтқышты бекітпе, электрлі-механикалы қозғалтқышты қарапайым бекітпеге қызмет көрсету, жөндеу, басқару.

Механимнің жиналмалы тораптарын 100 атм.-ға дейін қысымда гидравликалық сынау.

Байланыстырғыш кабельді муфта мен соңғы бекітпелерді монтаждау.

Электрді үлестіруші шкафтарды, тақталарды, түйістіргілі панельдерді жөндеу, жинау және орнату.

Монтаждар мен принципиальды тәсімдердің таңбалануын тексеру.

Оқшаулау материалдарын сызба бойынша өңдеу, кабельдердің зақым келген жерлерін жою.

Жабдықтар мен аппаратттарды жоғары білікті слесарь-электрик басқармасымен реттеу және дәлдемелеу.

292. Білуге тиіс:

жергілікті пульттан басқарылатын такелажды және қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы;

электр жіберетін аппаратураның, аспаптар мен аппараттардың жұмыс істеу принципі;

жабдықтарды тот басудан тазарту әдістері;

жұмыс сызбалары мен электр тәсімдерін оқу ережесі;

электр техника, механика, гидравлика және металдарды өңдеу технологиясының негізгі мәліметтері;

құрылымдар мен жабдықтарды жақындату көлемдері;

жабдықтарды қоректендіру тәсімдері;

құбыржолдар, ауа жібергіштерді сынау ережесі;

номинальды кернеу бойынша сақтандырғыштарды таңдау ережесі;

тұрақты және ауыспалы ток көздері мен тәсімдері туралы жалпы мәліметтер;

квалитеттер (дәлдіктер кластары);

қол бекітпелі және қарапайым механикалық бекітпелі металл құрылғылары құрылымы, шарттары, пайдалану ережесі;

жөнделетін металл құрылғыларын бекіту әдістері;

металл құрылғы тораптары мен механизмдерінің бөлшектері мен тораптарын жөндеу және жинау;

көтерме-транспорттық механизмді пайдалану ережесі;

электр қозғалтқыш, іске қосуды реттеу аппаратурасы құрылысы;

электр қозғалтқышы жұмысы кезінде мүмкін жүктеме;

бақылау-өлшеу құрылғылары құрылымы жіне қызметі;

электр оқшаулау кедергісін сынау ережесі.

3-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-разряд


293. Жұмыс сипаттамасы.

Электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Негізгі желдеткіштерге қызмет көрсету.

Коникалық, ирекше, гидравликалық домкрат редукторларын бөлшектеу, құрастыру.

7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдей отырып жұмыстарды орындауда ішпектерді, тісті дөңгелектерді ауыстыру (дәлдіктің 2-3 класы).

Түрлі жүйедегі релелерді, электр жіберетін аппаратура және электр қозғалтқыштарды жөндеу және ауыстыру.

Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі диодтарды ауыстыру.

Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі ақаулықтарды жою және басқару тәсімдерінің жарамдылығын қамтамасыз ету.

Жабдықтарды, желілерді, станцияларды сынауға қатысу.

Реле қорғау, электр автоматика, телемеханика құрылғыларын ревизиялау және баптау.

Жөнделетін жабдықтардың ақаулықтарын айқындау және оларды жою.

Күрделі біріктіру тәсімдерін монтаждау.

Телеавтоматика тәсімдері кілттерін және релесін бөлшектеу және құрастыру.

Телеавтоматика құрылғысы.

Вентиляциялық, станциялық, тоннельдік бекітпелергі қызмет көрсету, жөндеу және басқару.

Редуктор, трансмиссия, гидравликалық домкраттарды жинау және бөлшектеу.

Электр қозғалтқыш мен әр түрлі жүйе релесін жөндеу.

Жабдық, желі, станция сынақтарына қатысу.

Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен телеавтоматика тәсімдерін баптауды тексеруге арналған сынау тәсімдерін құрастыру.

294. Білуге тиіс:

қашықтықтағы пульттан және станциялардан басқарылатын қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы;

тораптар мен бөлшектердің тозу нормасы;

түрлі технологиялық режимдердегі жабдықтарды басқару тәсімдері;

қысыммен істейтін ыдыстарды гидравликалық сынау;

газталдағыштардың жұмыс істеу принципі;

жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін демонтаждау және монтаждау технологиялық кезектілігі;

тораптарды, бөлшектерді пісіру кезінде пайда болатын металдың деформациялануы мен ішкі кернеуліктерді жою және алдын алу тәсілдері;

электр жабдықтарының сызбалары мен тәсімдеріндегі белгілер, шектеулер;

жөнделетін аспаптардың, механизмдер, аппараттардың құрылымы мен баптау тәсілдері;

кедергілерді, күрделі біріктіру тәсімдерін есептеу ережесі, металлдарды өңдеу технологиясы, электр техникасы, гидравлика, механика, электроника негіздері;

телеавтоматика аппаратурасының принципиалды және монтаждық тәсімдері, электрмен қоректендіру тәсімдері;

устройство и назначение металлоконструкций шлюзового и других типов, технологическую последовательность монтажа, демонтажа, ремонта и ревизии механизмов и электрооборудования;

қорғаныс және автоматика құрылғысы;

әр түрлі жүйе релесі құрылысы;

металл деформациясы мен дәнекерлеу кезінде ішкі кернеуін ескеру және жою әдістері;

бекітпелерді дәнекерлеу және монтаждау кезінде туындайтын ақаулар, оларды жою әдістері;

барлық түрдегі бекітпелерді басқару ережесі, металл құрылғысының қызмет көрсету аумағында орналасуы.

4-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

5-разряд

295. Жұмыс сипаттамасы.

Сорғыларда, желдеткіштерде, клапандарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау.

Біліктердің, винт тіректердің, коникалық, ирекше реттегіштерін реттеу.

Жабдықтардың жұмыс соңында жақындату көлемін тексеру.

Жекелеген тораптарды демонтаждау, монтаждау жөніндегі күрделі такелажды жұмыстарын орындау.

6-7 квалиттеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. сүзгілерді ауыстыру (дәлдіктің 1-2 класына).

Фильтрлерді ауыстыру.

Кабельдерді төсеу және оларды ұштарына және электр қозғалтқыштарға қосу.

Жергілікті автоматты басқару тәсімдерін жөндеу, реттеу, баптау.

Түрлі технологиялық режимдегі жабдықтарды басқару.

Электр өлшеу және реттеу блоктарында жұмыс істеу.

Түрлі технологиялық режимдерде сынауды басқару және жүргізу.

Қашықтықтан басқару тізбектерінде қолданылатын түрлі жүйедегі датчиктерді, электронды блоктарды және электр жіберу аппаратурасын жөндеу, баптау, реттеу.

Электр қозғалтқыштарды және такелажды жабдықтарды сынау.

Бақылау-өлшеу блоктарын пайдалану ережесі мен оларды теңшеу.

Аса күрделі және дәлме-дәл аспаптарды монтаждау және түзету.

Аспаптардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Электр аспаптарын өлшеудің басқа да түрлерімен қайта есептеу.

Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен телеавтоматика аппаратурасының электр сипаттамасын өлшеуді жүргізу.

Телеавтоматика тәсімдерін тексеру және баптау сынау тәсімдерін құрастыру.

Телеавтоматика жабдықтарын монтаждау.

Телеавтоматика аппаратурасын орнататын орнында тексеру арқылы бөлшектерінің тозу себептерін және ақаулықтарын анықтау.

Телеавтоматика тәсімдері тізбектерін сынау және баптау.

Релеконтактілі аппаратураны ревизиялау, жөндеу және баптау.

Барлық түрдегі бекітпелерге, типтік емес бекітпелерден басқа, қызмет көрсету, басқару және жарамды жағдайда күту.

Басқа қызметтегі тартылған жұмысшыларды бектіпенің барлық түрін басқаруға практикалық оқыту.

Гидро қозғалтқышты, ілмекті және қорғағыш арматурасын, және реттығын ауыстырып-қосқыш, тез қозғалғыш гидравликалық насосын жөндеу.

Бекітпелердің жол құрылғыларымен жанасуын тексеру.

Жөнделген жабдыққа техникалық құжат құру және енгізу.

296. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, оларды жасаудың, қабылдау және монтаждаудың техникалық шарттары;

технологиялық режимдер бойынша автоматика жүйелерін сынау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

аралас құрылымды жабдықтардың орналасу ережесі, сызбалардағы шектеу, отырғызу және белгілеу жүйесі: сызбаларды оқу;

қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен пайдалану;

аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық сипаттамасы, телеавтоматика және телесигнал беру тізбектері принципиалды тізбектері, телеавтоматика жабдықтары мен арналарының электр нормалары;

күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

барлық типтегі бекітпелерді құру, жөндеу, қызмет көрсету ережесі;

такелажды және қарапайым дәнекерлеу жұмыстарын орындауды қабылдау;

металл құрылғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі;

дистанциялық басқару және сонымен сигналдық, орталықтандыру және блокадалау құрылғыларының одақтасуы;

жол құрылысы; ұсталған бөлшектерді қалыпқа келтіру әдістері;

гидрокоммуникация сызбасы, дистанциялық басқару сызбасы, блокадалау және электрлі қоректендіру жабдығын орналастыру;

құрылғы жұмысының ақауларның пайда болу себебі және оларды жою.

5-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

6-разряд

297. Жұмыс сипаттамасы.

Режимдік басқару тәсімдері мен тәжірибелік жабдықтарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау және сынау.

Қашықтықтан басқару тәсімдерінде, автоматты режимде, автоматты жіберу тәсімдерінде, командалық сигнал беру тәсімдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою.

Жабдықтардың жұмыс режимін тексеру.

Барлық үлгідегі күрделі және дәлме-дәл аспаптарды, құрылғыларды, датчиктерді жөндеу, монтаждау, баптау.

Жабдықтарды кешенді сынау жұмыстарын орындау және сынау барысындағы ақаулықтарды жою.

Жабдықтардың біліктестігін реттеу.

электронды платаларды тексеру.

Күрделі релелік-контактілі тәсімдерді ревизиялау және реттеу.

электронды өлшеу аппаратура – осциллографтарды, жоғары жиіліктегі өлшегіштер мен генераторларды жұмыста пайдалану.

Телеавтоматика жүйесін баптау.

Үлгілік емес арнайы телеавтоматика аппаратурасын сынау тәсімдерін құрастыру.

Телеавтоматика аппаратурасының аса күрделі құрылғыларын тексеру. Байланыс арналарының сигнал беру деңгейін реттеу.

Барлық типті бекітпелерге қызмет көрсету, жөндеу және басқару.

Басқа кәсіпорындармен бекітпелерді монтаждаудың техникалық бекіту. Тексеру, жөндеу және сынау кезінде жабыдқтарды пайдалануда ақауларды шығару және жою.

Берілген режимде бекітпелерді жөндеу, басқару.

298. Білуге тиіс:

телеөлшеу, телесигнал беру, телеавтоматика тәсімдерін баптау ережесі мен тәсілдері;

электр өлшеу аспаптарының құрылымы, жабдықтардың жұмыс тәсімдері мен режимдері;

күрделі тәсімдері мен тораптардың тәжірибелік үлгілері, жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдістері, жұмыс істемейтін механизмдер мен бөлшектердің шекті жүктемесі;

түрлі режимдердегі жабдықтарды кешенді басқару тәсілдері;

жабдықтардағы ақаулықтарды табу жолдары мен тәсілдері және оларды жою;

бекітпенің барлық түрі құрылысы;

жөнделудегі және сынақтағы жабдықтардың техникалық сипаттамасы жіне құрылысы, және жұмыс режимі;

автоматика құрылғысын бекіту әдістері;

бақылау-өлшеу аспабы құрылғысы.

6-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

7-разряд

299. Жұмыс сипаттамасы.

Техникалық қызмет көрсету, күрделі датчиктерді, газ талдағыштарды тексеру және реттеу, датчиктерді, командалық сигнал беру жұмыстарын кешенді баптау және желілерді, объектіні басқару.

Арнайы аппаратураның көмегімен бейнетерминалдардағы стендтердегі есте сақтау блоктарын тексеру.

Функционалдық-бағдарлаушы процессордың базасында байланыс тағандарына, телемеханикасы бар жеке ЭЕМ қызмет көрсету.

Автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу.

Насостарды, желдеткіш қондырғыларды күрделі жөндеу.

300. Білуге тиіс:

телеөлшеу, телесигнализация, телеавтоматика және газ жабдықтарын схемалау ережесі мен тәсілдері;

микросхемалардың электрмен өлшеу аспаптарының құрылғысы және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс режимі;

негізгі тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдісі, рұқсат етілетін жүктемелерді және жабдықтарды.

301. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

7-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

8-разряд

302. Жұмыс сипаттамасы.

Техникалық қызмет көрсету, есептеуіш техника құралдары базасында жасалған тәжірибелі жабдықтарды басқару схемасын, жұмыс орындарын автоматты басқару жүйесін жөндеу, баптау және сынау.

Есептеуіш техника құралдарын қолданумен жұмыс істейтін автоматика, телемеханика жүйелеріндегі кінәраттарды анықтау және жою.

Есептеуіш техникалық құралдарды, энергияны есептеу жүйесінің құрылғысын және басқа да күрделі жүйелерді жөндеу, қызмет көрсету және баптау.

Есептеуіш техниканың жекелеген блоктарын жөндеу, монтаждау, баптау, баспа платтарын жасау.

Электрондық аппаратураны пайдалану.

303. Білуге тиіс:

есептеуіш техниканың, механика мен микропроцессордың күрделі схемалары мен тораптарының озық үлгілері;

әр түрлі режимде желілерді, объектілерді кешенді басқару тәсілдері, барлық жабдықтардағы кінәраттардың белгілері және оны анықтау, жою тәсілі.

304. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

78. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
1-параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-разряд


305. Жұмыс сипаттамасы.

Электрлі қозғалтқышты жинау машиналарына, тұрмыстық ауа салқындатқышына, тоңазытқыш, мәрмірді жылтырату станогын, мәрмәр жуғыш машинасын, электрлі шаңсорғыш, бояу пульті, цемент ерітіндісі мен ыстық битумды айдау насостарына, тығындау машинасына, мұнара және басқа да пневматикалық және электрлік әрекетті жабдықтарға қызмет көрсету, жөндеу, жөнді жағдайда күту және жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

Жабдықтың сақтандыру және орташа жөндеуі.

Жабдықты бөлшектеу, жөндеу, монтаждауға арналған құрылғыларды әзірлеу.

Вакуум-сорғы қанатшаларын теңдестіре отырып дәлдеу.

Қызмет көрсетілетін жабдықтың механикалық тораптарын бөлшектеу, жөндеу, жинау.

Бөлшектерді 7-10 квалитеттер (дәлдіктің 2 - 3 классы) бойынша слесарлық жөндеу.

Электр қозғалтқышын, жүргізу аппаратуасын, өлектр өткізгіш және басқа де механизмдер демонтажы, жөндеу, монтаждау.

Электр қуаты кабелі мен штепсельді құрамасын тексеру, жөндеу.

306. Білуге тиіс:

барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы;

жинау машиналарын, ауа баптағыштарды, тоңазытқыштарды жөндеу, сынау, реттеу және қабылдау техникалық шарттары;

бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен жөндеу айлабұйымдарын қолдану ережесі;

кіру және отырғызу жүйесі;

барлық үлгідегі сым құрылғылары;

сымдардың, қорғағыштарды қарапайым есептеу және қоректендіру көздерінің шекті жүктемесі.

2 - параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

5-разряд


307. Жұмыс сипаттамасы.

Метрополитен, электр қыздыру құрылғылары мен автоматика және қорғау құрылғыларымен жабдықталған аспаптардың, автоматты зарядтау құрылғылары желілері бойынша жолаушылардың оңтайлы бағдарларының монеталарын айыру, ақша есептеу машиналарын, электронды тәсімдерін жарамды қалыпта ұстау, қызмет көрсету, жөндеу.

Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және орта деңгейде жөндеу.

Күрделі жөндеуге қатысу.

6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. (дәлдіктің 1 - 2 класы).

Жабдықтарды монтаждау және сынау.

Жабдықтардың, қорғау құрылғылары мен автоматика құрылғыларын тексеру және жөндеу.

Электрлік және механикалық жабдық бөліктерінің жұмыс процесіндегі ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

308. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі;

жабдықтарды жөндеу және монтаждаудың техникалық шарттары мен кезектілігі, сынау ережесі;

бөлшектердің ақаулық себептері мен уақытынан бұрын тозу себептерін анықтау тәсілдері;

жылумен өлшеу электр аспаптарының сыныптауышы, оларды тексеру тәртібі мен пайдалану тәртібі;

фрезерлік, бұрғылау, сүргілеу станоктарын, өлшеу аспаптары және құралдарын пайдалану ережесі.

3-параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

6-разряд


309. Жұмыс сипаттамасы.

Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету, жөндеу және жарамды қалыпта ұстау.

Қызмет көрсететін жабдықта қолданылатын жартылай өткізетін аспаптардың сипаттамасы, жоғары жиіліктегі электр тәсімдердің қолданылуын тексеру.

Қолданыстағы электр құрылғылардың оқшаулау кедергілерін, катушкалар мен конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу.

Импульсті есептегіштерді сынау.

Реле және магнитті жібергіштердің жұмысын реттеу.

Контактілерді ауыстыру.

Қызмет көрсетілетін бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіру және ауыстыру.

Қызмет көрсетілетін жабдықты алдын ала және орташа жөндеу.

Күрделі жөндеуге қатысу.

Жабдықтардың механикалық бөлігін және жартылай өткізгіш жоғары жиіліктегі электр тәсімдерін жөндеу және пайдалану ақытында ақаулықтарды анықтау және жою.

Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінің электр және механикалық бөліктерін, автоматты, зарядтау-буферлік құрылғылардың электр, ток реттегіштерінің үздіксіз істейтін қайнатқыштарын, тұрмыс кондиционерлерін демонтаждау, монтаждау.

Фотодатчиктер мен термодатчиктерді реттеу және олардың жұмысын барлық құрылғы жұмыстарымен келістіру.

Барлық қорғау мен автоматика құрылғыларын тексеру және баптау.

310. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, электр тәсімдерінің қызметі және пайдалану ережесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі және пайдалану ережесі;

жартылай өткізгіш аспаптарының сипаттамасы;

жоғары жиіліктегі және импульсты тәсімдердің жұмыс принципі;

геометриялық оптика, инфрақызыл сүзгілер, радиотехникалық және электр техникалық материалдар туралы негізгі мәліметтер;

реле орау, трансформаторларды есептеу ережесі;

қолданыстағы электр құрылғыларда жұмыс істеу әдістері мен ережесі, автоматика және автоматты реттеу негіздері.

4-параграф. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

7-разряд

311. Жұмыс сипаттамасы.

Заманауи жартылай өткізгішті фотоаспаптарды қолданып микросхемаларда, құрамында, жинау машиналарын автоматты басқаратын үлкен немесе микро- ЭЕМ бар үлкен интегралды схемаларда (ҮИС) орындалған пластикалық жетондарды идентификациялау және есептеу құрылғыларын жөндеу және ұқыпты ұстау.

312. Білуге тиіс:

автоматтық басқарылатын электрондық жүйелердің және микросхемаларда орындалған басқа да құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері, электрлік және кинематикалық схемалары;

транзисторлардың аспаптарында олардың сипаттамасын айқындап тексеру тәртібі;

белгіленген электрондық параметрлерге сәйкес электрондық схемаларда транзисторларды ауыстыру және іріктеу.

5-параграф. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

8-разряд

313. Жұмыс сипаттамасы.

Электрондық техниканың тәжірибелі үлгілерін әзірлеуге және сынауға, жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттеріне арналған микропроцессордың базасында бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жаңғыртуға қатысу.

Магнитті жеткізгіші бар билеттерді тексеру және тапсыру жөнінде электрондық схемалар мен блоктарға кешенді техникалық қызмет көрсету, баптау, жөндеу, тексеру және пайдалануға тапсыру.

Билеттер мен жетондарды беру, сондай-ақ жолаушыларды бақылау микропроцестерінің жабдықтарын диагностикалау, станциялық және туннельдік автоматика мен сигнализация аппаратураның есептеуіш кешендерін басқару жүйелерін жөндеу және параметрлік баптау.

314. Білуге тиіс:

деректерді тапсыру аппаратураларын бақылау және басқару жүйелерінің электрондық жабдықтарын қайта баптау әдістері мен тәсілдері;

басқару жүйесінің конструктивтік ерекшеліктері, станциялық және туннельдік автоматика құрылғыларын диагностикалау және кінәраттарды жою әдісі.

79. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик


1-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

1-разряд


315. Жұмыс сипаттамасы.

Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою.

Эскалаторлардың редукторлары электр қозғалтқыштарын және басқа да бөлшектерін тазалықта ұстау.

Қажет жағдайда эскалаторларды тоқтату.

316. Білуге тиіс:

элементарные сведения по электротехнике и слесарному делу.

эскалатор тораптарының құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

эскалаторлардағы жолаушыларды тасымалдау ережесі;

сигнал лампаларының қызметі мен көрсеткіштері;

эскалаторларды тоқтату құрылғыларын пайдалану тәртібі;

қарапайым слесарлық құралдардың атаулары мен қолдану тәсілдері;

электр техникасы және слесарлық іс жөніндегі қарапайым мәліметтер.

2-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-разряд


317. Жұмыс сипаттамасы.

Саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою.

Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен ажыратылған блоктау құрылғыларын анықтай отырып коммутатор арқылы блоктау электр тізбегіндегі ақаулықтарды табу.

Эскалатордың сыртқы ақаулықтарын анықтау.

Ажыратылған блоктау құрылғыларын қалпына келтіру.

318. Білуге тиіс:

эскалаторды қолдану принципі мен механизмдерінің өзара іс-әрекеті;

сатылардың, ұстағыштар мен балюстрада арасындағы саңылау нормалары;

электр өлшеу құралдарының қызметі;

электр слесарлық құралдардың қызметі мен қолдану тәсілдері;

қолданылатын аспаптың жарамдылығын айқындау;

жүк көтергіш құрылғылардың қызметі;

электр техника негіздері.

3-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

3-разряд

319. Жұмыс сипаттамасы.

Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыс, қызмет көрсету.

Электр қозғалтқыш пен электр жабдық тәсімдерінің жұмысындағы күрделі емес ақаулықтарды анықтау және жою.

Саты және қолмен ұстағыштардың қорғау құрылғыларындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Ажыратылған блоктау құрылғылары арқылы коммутатордың көмегімен электр тәсімдердің ақаулықтарын табу.

11-12 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеп, қиыстырып жөндеу.

Эскалаторларды телебасқару құрылғыларын ревизиялау, жөндеу және баптауға қатысу.

320. Білуге тиіс:

эскалаторлардың құрылымы және оның негізгі тораптарының өзара іс-әрекеті;

электр тәсімдердің жекелеген элементтерінің қызметі;

электр тәсімдердің жұмысындағы ақаулықтарды табу және оларды жою әдістері;

эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қызметі және олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері;

эскалаторларды телебасқарудан жергілікті қолмен басқаруға және керісінше аудару тәртібі;

эскалатор тораптарын монтаждаудағы негізгі шектеулер мен олардың сызбаларда белгіленуі;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметі;

электр техника, механика және эскалаторларды монтаждау және демонтаждау және металдарды өңдеу технологиясы негіздері.

4-параграф. Слесарь-электрик по обслуживанию и ремонту эскалаторов

4-разряд

321. Жұмыс сипаттамасы.

Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

Метрополитен станциялары жағдайында фазалық және қысқа роторлы 100 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалаторлардың электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау.

Редукторлы электр қозғалтқышты біріктіру және кейіннен реттеу.

Электр қозғалтқыш жұмысындағы және электр жабдық тәсімдеріндегі күрделі ақаулықтарды анықтау және жою.

Күш және бақылау кабельдерін бөлшектеп және сынай отырып жөндеу, монтаждау.

Орнататын жерін белгілей отырып қорғау және жіберу электр аппаратурасын демонтаждау, жөндеу, ревизиялау және монтаждау.

Электр жабдықтардың күрделі тәсім қоспаларының жекелеген тізбектері мен түрлеріндегі ток кернеуі, күші және кедергісін өлшеу.

Басқару панеліндегі жабдықтар мен аппаратурасын күрделі жөндеу және тексеру.

Күрделі емес атқару тәсімдерін, эскиздерін, сызбаларын жасау.

Электр сым тәсімдерінің қайталама коммутациялық тізбек индикаторларын тексеру.

Салмағы 2 т-ға дейінгі такелажды жұмыстарды орындау 7-10 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу.

Монтаждау жұмыстары кезінде механикалық және электр параметрлерінің байланысын сақтау.

Эскалаторларды телебасқарудың қарапайым элементтерін жөндеу және ревизиялау.

322. Білуге тиіс:

түрлі үлгідегі тораптардың, механизмдер мен эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы және өзара іс-әрекеті;

эскалаторларды монтаждау және іске қосатын және қорғау аппаратурасын реттеу үшін орнатылған нормалар, шектеулер мен саңылаулар;

эскалаторларды монтаждау ережесі;

электр қозғалтқыштардың құрылымы мен қызметі;

фазалық және қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқыштардың жұмыс принципі;

электр жабдықтарының жұмысында пайда болатын ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері

ток электр магнитті реле құрылғысы мен уақыт аралық реле құрылғысының қызметі;

жүк көтергіш құрылғыларды пайдалану ережесі;

электр кедергі және ток күшін, кернеулігін өлшеу ережесі;

эскалаторларды телебасқару құрылғыларының жұмыс істеу принципі мен оларды қолмен басқару байланысы;

эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қарапайым элементтерінің құрылымы мен техникалық сипаттамасы

5-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

5-разряд

323. Жұмыс сипаттамасы.

Эскалаторларды ағымдағы және профилактикалық жөндеу кезінде ерекше күрделі электр монтаждау және слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

Қуаты 100 кВт-тан жоғары фазалық және қысқа тұйықталған роторлы электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалатор электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау.

Қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеу.

Шаблондар мен айлабұйымдар жасау.

Жөнделген жабдықтарды сынау және тапсыру.

«Үш бұрыш - жұлдыз» электр қозғалтқыш статорын автоматты қайта қосусыз эскалатор электр жетектерінің тәсімдерін демонтаждау, монтаждау, баптау және реттеу.

Электр жетектері, электр қозғалтқыш, аппараттардың тәсімдерінің пайдалану және жөндеу процесінде ақаулықтары мен зақым келген жерлерін жою.

Аспаптардың электрлік бөлігін электр тәсімдерін шеше отырып тексеру және жөндеу.

Эскалаторларды телебасқару күрделі элементтерін жөндеу және ревизиялау.

6-7 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу.

324. Білуге тиіс:

электр қозғалтқыштардың құрылымы және ішкі қоспаларының тәсімдері;

басқару жабдықтары мен панель аппаратурасының қызметі және құрылымы;

машина залы және эскалатор жағдайында кабель төсеу тәсілдері;

аспап үлгілерінің сыныптауышы; оларды тексеру, сынау ережесі және жұмысындағы ақаулықтарын жою тәсілдері, оқшаулау кедергісі көлемін және қуаттылығы мөлшерін өлшеу тәсілдері;

электр жетек тәсімдерін күрделі қайта монтаждаудың техникалық шарттары;

барлық үлгідегі эскалатор электр жабдықтарының тәсімдері;

түрлі үлгідегі эскалатор электр тәсімдеріндегі ақаулықтарды айқындау әдістері және ақаулықтардағы жұмысты тез қалпына келтіру тәсілдері;

телевизиялық басқару құрылғыларының жекелеген тораптарын баптау кезінде эскалаторлар мен аспаптардың принципиальды және монтаждау тәсімдері;

диспетчерлік телеқұрылғыларды пайдалану ережесі.

6-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

6-разряд


325. Жұмыс сипаттамасы.

Фазалық роторы және статорды автоматты қайта қосатын қоспасы бар электр қозғалтқышты шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалаторлар мен электр жабдықтарына қызмет көрсету, жөндеу және ревизиялау.

Тәжірибелік электр қозғалтқыштарды және оларды сынай отырып электр жетектерді басқару тәсімдерін монтаждау.

Электр жетектерді басқарудың ерекше күрделі тәсімдерін монтаждау.

Барлық үлгідегі электр қозғалтқыштар мен эскалатор электр тәсімдерін тексеру, баптау, реттеу және сынау.

Эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларының ерекше күрделі тораптарын демонтаждау, жөндеу және баптау.

Жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен құрылғыларды ревизиялау және жөндеу кезінде жұмыс істеу режимін тексеру.

Ерекше күрделі шаблондар мен айлабұйымдар жасау.

5 квалитет бойынша қиыстыра отырып жиналатын жабдықтарды слесарлық өңдеу (дәлдіктің 1 класына).

326. Білуге тиіс:

барлық үлгідегі эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымдық ерекшеліктері;

ауыспалы токты қашықтықтан басқару эскалаторларының электр жетектерінің тәсімдері;

механикалық және редукторлық құрылғы жүйелері;

жүктемелердің жұмыс істеу және пайдалану сипаттамаларын алып тастау режимдерін тексеру тәсілдері;

эскалаторлардың электр жетектерінің ерекше күрделі басқару тәсілдерін монтаждау және демонтаждау тәсілдері;

эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларының құрылымы;

жөнделген жабдықтың техникалық құжаттамасын жасау ережесі;

эскалаторлардың электр жабдықтарын сынау, реттеу, қабылдау және тапсырудың техникалық шарттары.

7-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

7-разряд

327. Жұмыс сипаттамасы.

Эскалаторлардың негізгі тораптарына: редукторына, жұмыс тежегішін, авариялық тежегіші бар негізгі білігіне, басқару электр аппаратурасына қызмет көрсету, жөндеу және реттеу.

Озық электр қозғалтқыштарды және электр жетектерді басқару схемасын баптау және сынау.

Электронды-есептеу машиналар (бұдан әрі – ЭЕМ) қабысқан эскалаторлардың телемеханика жүйесін тексеру, баптау, реттеу және сынау.

Жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен қондырғыларды реттеу және жұмыс істеу режимін баптау.

Аса күрделі технологиялық жабдықтарды жасау және сынау.

328. Білуге тиіс:

эскалатор жетектерінің аса күрделі және негізгі тораптардың, барлық типтегі эскалаторды басқару электр аппаратураларының конструктивтік ерекшеліктері;

эскалаторларды телемеханикалық электр жетектерінің схемасы және олардың жұмыс істеу принципі;

ЭЕМ құрылғысы және жұмыс істеу принципі.

329. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

8-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

8-разряд

330. Жұмыс сипаттамасы.

Күрделі өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, бір кристалды микро ЭЕМ базасында құрылғыларды тексеру, реттеу және жөндеу.

Телемеханика байланысының жиілік арналатын теңшеу.

Эскалаторлы диспетчерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне (бұдан әрі - АБК) техникалық қызмет көрсету жөніндегі бырлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру.

Электрондық құрылғыларды (электрондық уақыт релесін, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштерді) жөндеу.

Эскалатордың электрондық қондырғылары бар электр жетектерін басқару жүйелерін монтаждау және баптау.

331. Білуге тиіс:

телемеханика мен автоматика құрылғыларының, оның ішінде бір кристалды ЭЕМ базасындағы құрылғылардың схемасы және жұмыс істеу режимі;

күрделі электрмен өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі, электрондық уақыт релесінің, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштердің жұмысы;

фазалық роторы бар электр қозғалтқыштарды жөндеу технологиясы;

автоматика, телемеханика аппаратурасындағы кінәраттарды іздеу әдістері.

332. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

78. Поездарды құрастырушы


333. Жұмыс сипаттамасы.

Маневрлік локомотив қозғалысын басқару.

Маневр жасауға қатысатын қызметкерлердің іс-қимылының дұрыс орналасуын және келісушілікті қамтамасыз ету.

Вагон құрамы мен топтарын қалыптастыру және тарату.

Вагондарды поездарға қосу және ажырату, вагондарды тиеу-түсіру және басқа да мамандандырылған жолдарға қою, оларды сол жолдардан шығару.

Вагондар мен құрамдарды жолдан жолға, парктен паркке орнын ауыстыру, бір станциядан екінші станцияға жіберу.

Жол тұрған вагондар мен құрамдарды тежегіш башмақтарымен бекіту және қоршау, оларды вагондардан алып тастау.

Поездардың автоматты тежегіштерін сынауға қатысу.

Жергілікті басқаруға берілген бұрма бекеттерінің немесе орталықтандырылған бұрмалардың кезекшілері қызмет көрсетпейтін маневрлік орталықтандырылмаған бұрмаларды ауыстыру.

Сұрыптау бекеттеріндегі құрамдарды тарату кезінде вагондарды ажырату.

Жүргізу сапасы мен ажырату салмағына байланысты құрамды тарату процесінде қаусырма жылдамдығын реттеу.

Жылжымалы құрам және жүктің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Радиостанцияларды, сигнал беру жабдықтарын тазалықта және жарамдылықта ұстап отыру.

334. Білуге тиіс:

поезд құрастырушысы мен оның көмекшісінің лауазымдық нұсқаулықтары;

жүк тасымалдау ережесі;

еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормалары;

қызмет көрсететін станция жұмысының технологиялық процесі;

поездарды қалыптастыру жоспары;

тежегіш башмақтардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесі;

жергілікті басқаруға берілген орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бұрмаларды аудару тәртібі;

вагондар мен контейнерлердің құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

жос жоспары, кескіні, мамандандыру және сыйымдылығы, қызмет көрсетілетін маневрлік аудандардағы вагондарға тиеу-түсіру пункттерінің орналасуы;

радиостанциялар мен басқа да байланыс құралдарын сақтау және пайдалану ережесі.

Өнеркәсіптік теміржол көлігінің шамалы жұмыс істелетін аудандарындағы маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 3-разряд;

магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін маневрлік аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 4-разряд;

магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд;

өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде; шағын және орташа қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде - 6-разряд;

өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде;

үлкен және жоғарлатылған қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде - 7-разряд.

335. Ескерту:

Поезд құрастырушысының көмекшісі басшылығында істейтін поезд құрастырушысынан бір разряд төмен тарифтеледі.

81. Жабдықтаушы

2-разряд


336. Жұмыс сипаттамасы.

Локомотивтер мен жолаушы вагондарды сумен, сұйық және қатты отынмен, жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды пайдалана отырып тепловоздарды дизель маймен; жолаушы вагондарын төсек жабдықтарымен жабдықтау.

Су жіберу башняларын, гидроколонкаларды және олардың жарықтандыру аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру, колонкаларды қатып қалудан сақтау.

Кептіру пештеріне құмды салу, жіберу.

Құм түсіретін эстакададан бункер арқылы локомотивтерді құммен жабдықтау.

Жылыту қоспаларын дайындау.

Қатты отынды жаңарту және штабельдеу.

Мұз тұз қоспаларды әзірлеу.

Дайындалған мұзды бунттарға қалау, тасымалдау және оларды оқшаулау материалдарымен жабу.

337. Білуге тиіс:

Тепловоздарға дизельдік отын, май және салқындатылған суды беру үшін қолданылатын колонкалар құрылымы мен пайдалану ережелері;

локомотивтер мен жолаушы вагондарын сумен және отынмен жабдықтау ережесі мен тәртібі;

жолаушы вагондары мен су жіберуге арналған электр қыздыру қақпақтарын жылыту, сумен жабдықтау жүйесінің құрылымы;

су жіберу колонкаларына тармақтарды қосу және вагондардағы бактарды сумен толтыру тәсілдері;

отын сақтау орны мен оның вагондардағы қорларын толтыру тәртібі;

көмір және мұнай тарату эстакадаларының, құм кептіру құрылғыларының, транспортерлердің, компрессорлардың, электр қозғалтқыштардың, электр аспаптарының құрылымы және оларға қызмет көрсету ережесі;

құбыржол тәсімдері;

су жіберу башнялары мен гидроколонкалардың бекіту және сигнал беру құрылғыларының қызметі мен жұмыс істеуі және оларды күту ережесі;

локомотивтердегі құмды дайындау, кептіру және жіберу процесі;

қатты отынды паровоздарға тиеу, штабельдеу және жіберу жұмыстарының жолдары, құм кептіру және жіберу көтеру-көлік механизмдерін, құрылғыларын, локомотивтерді отынмен, вагондарды мұз-тұз қоспаларымен жабдықтау құрылғыларын пайдалану ережесі;

қолданылатын жабдықтар, құралдар мен керек-жарақтар;

мұзды қатыру тәсілдері, мұзды су қоймаларында дайындау жолдары мен оны еруден сақтау;

электр техника жөнінде қарапайым мәліметтер;

теміржолдарда жұмыс жасауда қолданылатын қауіпсіздік ережелері.

82. Поезд электр механигі

5-разряд


338. Жұмыс сипаттамасы.

Ауаны электрмен жылытпай немесе салқындатпай вагондардан тұратын жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсету.

Жүретін бөлшектерінің жұмысында пайда болатын ақаулықтарды, автотіркегіш құрылғыларының, пневмо және электр тежегіш жабдықтарының, роликті ішпектері бар букстың қызуын бақылау жүйесін, редукторлық-кардан жетектерін, аккумуляторлық батареяларды, сумен жабдықтау және жылыту құрылғыларын, вагон ішілік электр және тоңазыту жабдықтарын, электрмен жарықтандыру желісін, генераторларды, ток түрлендіргіштерді, түзулегіштерді, компрессорларды, конденсаторларды, су құю сигнализаторларын, қыздыру аспаптарын, вагон аралық электр қоспаларының, сигнал және отырғызу фонарьларын, радиопункт антенналарының, желдеткіш құрылғыларының, поезд ішілік телефон байланыстары аппаратурасының, барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін вагондардың радиобайланысы ме радиотарату желілерінің техникалық жағдайын тексеру, жұмысын қадағалау, ақаулықтарды анықтау және жою.

Көлік поездарының құрамын қалыптастыру және айналу пункттеріндегі поезд электр механигінің өтінімі бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының сапасы мен көлемін тексеру.

Бекітілген құжаттаманы жүргізу.

Жолаушы вагондарының пайдаланылатын құрылғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларда қауіпсіздік техникасы жөніндегі поезд бригадасы қызметкерлерінің нұсқаулықтары.

Вагондардың электр жабдықтарын жөндеу.

339. Білуге тиіс:

барлық үлгідегі жолаушы вагондарының қызмет көрсетілетін жабдықтары мен құрылғыларының кинетикалық, электр тәсімдері мен құрылымы;

вагондардың жекелеген бөлшектері мен тораптарының, құрылғылары мен құрылымдарының техникалық сипаттамасы;

жасаушы зауыт ережесі, техникалық көрсетілімдері, нұсқаулықтары, вагондардың бөлшектері мен тораптарын пайдалану және жөндеуде жол берілетін шектеулер мен нормалары;

жолаушы вагондарының тораптарына қызмет көрсетуде, жөндеу және сынауда қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, айлабұйымдары мен құралдарының құрылымы мен конструкциясы;

электр техника және механика негіздері;

вагондарды рейске техникалық дайындау, құрамды қабылдау және тапсыру тәртібі;

вагон бөлшектері мен тораптарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, алдын алу және жою тәсілдері;

жолаушы поездарының вагондарына техникалық қызмет көрсету және жабдықтау пункттерінің орналасуы;

жолаушы поездарының қозғалысы кестесі;

жолаушы поездарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулықтары мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары.

Электр жылытуы бар немесе электр жылытуы жоқ ауа кондиционерінен тұратын вагондар жолаушылар пойызының жолда жүруіне техникалық күтім жасау кезінде - 6-разряд.

Қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, микропроцессорлық элементтер базасы бар вагондардан тұратын жолаушылар пойызының жода жүруіне техникалық күтім жасау кезінде - 7-разряд.

83. Контакті желісінің электр монтері
1-параграф. Контакті желісінің электр монтері

2-разряд


340. Жұмыс сипаттамасы.

Электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді жоғары білікті электр монтері басшылығымен кернеу жоқ жағдайда пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау.

Кернеуді жою жұмыстарын жоғарғы деңгейде орындау.

Тіректі түзетуге қатысу.

Арматураларды, құрылымдарды және желідегі тіректерді бояу.

Тірек котловандарын қазу.

Ажыратқыштарды дистанциялық және қолмен басқаруға ауыстыру.

341. Білуге тиіс:

контактілі желі жекелеген элементтерінің құрылымы;

қарапайым механизмдер мен агрегаттардың такелажды айлабұйымдарының құрылымы мен жұмыс принципі;

сымдардың, тростар мен құбыржолдардың маркалары мен кесінділері;

тірек үлгілері;

контактілі желі мен жоғары вольтты желілермен жұмыс жасаудағы сақтықтың негізгі шаралары;

теміржолдарда болу ережелері;

электр техникасы жөніндегі жалпы мәліметтер.

2-параграф. Контакті желісінің электр монтері

3-разряд

342. Жұмыс сипаттамасы.

Контактілі желі тіректеріне, осы желілерде қосылған трансформаторлы кіші станцияларына ілінген тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісіне, жоғары вольтты желілерді монтаждау, демонтаждау, тексеру, өлшеу, жөндеу.

Тіректі түзетуге қатысу.

Бригада құрамында бйіктіктегі кернеуді жою электр монтаждау жұмыстарын орындау және жерлендіру.

Тірек котловандарын қазу.

Станциялардағы жұмыс істейтін жерлерді қоршау

Электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау.

Қайта қосқыштарды тексеру және реттеу.

Бетон араласпасын дайындау.

Контактілі желі тіректерінің уақытша сигнал белгілерін орнату.

Түрлі атмосфералық жағдайларда қалпына келтіру жұмыстарын орындау.

343. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін құрылғылардың зақымдықтары мен қалыпты жағдайдан ауытқу белгілері, және оларды жою тәсілдері;

дистанцияда қызмет көрсетілетін электр жабдықтау құрылғыларының контактілі желілерін қоректендіру және секциялау тәсімдері;

барлық қызмет көрсетілетін құрылғы элементтерінің құрылымы мен олардың қызметі;

сымдардағы шекті жүктеме;

ток жүргізу бөліктеріндегі оқшаулау қашықтығы;

сымдарды түйістіру және бекіту тәсілдері;

контактілі желілердегі жұмыс кезінде қоршау тәртібі;

Өз міндеттері аясындағы «Контактілі желі құрылымы мен техникалық пайдалану ережелері»;

Теміржол байланысының жұмыс істеу принципі.

344. Жұмыс үлгілері.


  1. Кабель – қорғау бұрыштарын орнату немесе ауыстыру, төсеу.

  2. Ажыратқыш жетектер – тексеру.

  3. Ішектер, электр біріктіргіштер, монтажды струбциналар – жасау

  4. Компенсаторлық құрылғылар – жұмысын тексеру.

  5. Электр жетекті рельсті шынжырлар – тексеру.

  6. Жерлендіру штангілері – жұмысын тексеру.

3-параграф. Контакті желісінің электр монтері

4-разряд

345. Жұмыс сипаттамасы.

Мостты ажырату және біріктіру кезінде трамвай және троллейбус жолындағы котактілі желі сымдары операциясын орындау.

Орташа анкерлеу арқаның дайындау.

Құрсауларды тексеру, қатайту және сырлау.

Габаритті қақпаны тексеру.

Қызмет көрсетіліп жатқан дистанция (телім) ішіндегіт емір жол, трамвай және троллейбус жолындағы ажыратқыш котактілі желіні ауыстыру.

Тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісін, жоғары вольтты желіні және автоблоктағышты жоспарлы-алдын ала жөндеу.

Құрамалы тіректерді, икемді көлденең құралдарды, ригельдерді, консельдерді, кронштейндер, фиксаторлар, секциялық изоляторларды және ілме бөлшектерді орнату және ауыстыру.

Қашықтықтан басқарылатын секциялық ажыратқыш жетектердің, анкерлік тірек созба оқшауларын, ток қабылдағыш жұмысын тексеру.

Қашықтықтан басқару аппаратурасын орнату және монтаждау. Жоғары вольтты желілердің, автоблоктағыштың, контактілі желі тіректеріндегі толқын жүргізгіш, жеке тұрған тіректерге қызмет көрсету мен жөндеу.

Қопару және тығыздау тәсілімен сымдарды пісіру.

Бригада құрамында кернеуге қатысты жұмыстарын орындау. Электр жіберу желілері мен құрылғыларды аралап тексеру, оларды машинистің немесе вагон кабинасынан тексеру.

Топырағын қазбай іргетастардың, сорғылар мен тірек түптерінің құрылым қалыбын тексеру.

Тұрақты сигнал белгілерін контактілі желі тіректеріне орнату.

346. Білуге тиіс:

контактілі желі және электр жабдықтау құрылғысын қоректендіру және секцияландыру тәсімдері;

контактілі желі ілмелерінің үлгілері;

металл, темір бетон тіректердің құрылымы мен үлгілері, оларды орнату тәсілдері;

ток қабылдағыштардың құрылымы және оларды контактілі сымдарға әсері;

шықпа орындары мен қоректендіру желісінің нөмірленуі;

контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілерді, толқын жібергіштерді қоректендіру тәсімдері;

қопару заттарының қасиеті, қопару арқылы пісіру және термитті пісіру жөніндегі операцияларды дайындау және жүргізу тәртібі;

такелажды жабдықтардың құрылымы мен оларды ұстау;

такелажды жұмыс жүргізудегі сигнал беру;

өз міндеттерінің шеңберінде контактілі желінің мазмұны мен жөндеу ережесі.

347. Жұмыс үлгілері


  1. Жерленген контуралар – кедергіні тексеру.

  2. Соратын және қоректендіретін желілер – тексеру.

  3. Тіректер, тірек іргетастары – кедергіні және токтың шығып кетуін тексеру.

  4. Контактілі сымдар – станциялардағы тозған сымдарды өлшеу және маусымдық реттеу.

  5. Контактілі желіні ажыратқыштар – қызмет көрсетілетін және жанындағы дистанция шегінде қайта қосу.

  6. Фиксаторлық консольды тіректер – тексеру.

  7. Толқын жіберуге арналған штырьлы траверстер – тексеру.

  8. Көлденең тростар – дайындау және созғылау

4-параграф. Контакті желісінің электр монтері


5-разряд

348. Жұмыс сипаттамасы.

Қиық учаскедегі сызбалар мен эскиздерге бөле отырып трамвай және троллейбус желілерінің контактілік желісі жабдықтарын монтаждау, демонтаждау.

Контактілі желінің, контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілердің барлық құрылғыларын ревизиялау және жөндеу.

Контактілі желіні көлденеңінен және тігінен реттеу.

Контактілі желі құрылғыларын күшейту. Икемді көлденең ұстап тұрған тростардың созылуын реттеу.

Көпірлердегі тарату айлабұйымдарын реттеу.

Қашықтықтан басқару аппаратурасын баптау, реттеу. Токтан ажыратқышты тексеру.

349. Білуге тиіс:

контактілі желі құрылғыларына пайдаланудың техникалық нормалары; контактілі желілердің негізгі және авариялық қоректендіру және секцияландыру тәсімдері;

контактілі желі зақымдықтары, ақаулықтарын себептері және олардың алдын алу тәсілдері;

контактілі желіні бойлық және көлденең реттеу әдістері;

ток қабылдағыш жұмысының шарттары;

айырып-қосқыш шкафының құрылымы;

тірекке түсетін ұйғарынды жүктеме;

көпірлердегі ажыратылмалы құрылым әрекетінің ұстанымы;

желі жене қосалқы бекеттердегі қашықтықтан басқару аппаратурасының сызбасы мен құрылысы;

контактілі желі сызбаларын және үлгілерін оқу ережелері;

кернеуді жою және жерге тұйықтау қондыру жұмыстарын орындау қауіпсіздік ережелері;

қопарылғыш заттарды тұтыну нормасы;

қопарылғыш материалдарды жою, тасымалдау және сақтау әдістері мен ережесі;

алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі.

350. Жұмыс үлгілері.


  1. Қабыстыру бекетін қорғау - тексеру.

  2. Контактілі сым ілмегінің биіктігі, шығарылуы, иректігі – өлшеу.

  3. Топтастыру пунктінің айырып-қосқыштары – токті өлшеу.

  4. Контактілі сымдар және тасымалдауыш сым арқандар – жазып тастау және монтаж.

  5. Шеберлер – орнату және монтаж.

  6. созымтал ішектер, ортанғы анкеровкілі сым арқандар – монтаж, контактілі желідегі кернеуді жоюсыз ауыстыру.

  7. Фиксаторлар – контактілі желідегі кернеуді жоюсыз ауыстыру.

5-параграф. Контакті желісінің электр монтері

6-разряд

351. Жұмыс сипаттамасы.

Трамвай және троллейбус жолындағы котактілі желі құрылғыларын монтаждау және демантаждау. Контактілі желі тіректерінде ілінген тораптық және сұрыптық станциялардағы барлық жұмыстарды, жоғары вольтты желілердің жұмыстарын техникалық қадағалау және контактілі желіні реттеу.

Ажыратылмалы көпірдің құрылымының барлық түрін монтаждау және димонтаждау.

Торап станцияларындағы және түрлі ток және кернеу жүйелерінің түйіскен жерлеріндегі басқарылатын секциялық ажыратқыштарды монтаждау.

Секциялық ажыратқыштардың және қашықтықтан басқарылатын ажыратқыштардың зақым келген жерлерін анықтау және жою.

Эскиздер мен сызбаларды алып тастау және құрастыру.

Электржабдықты контактілі желіні ағымдық күту және жөндеу басшылық жұмысы.

352. Білуге тиіс:

контактілі желі тіректерін бөлу тәсілдері мен оларды котловандарға орнату әдістерін;

тірек іргетастарының құрылымы мен мөлшерін;

электрленген теміржолдарды электр жабдықтаудың барлық учаскесі шегіндегі контактілі желіні қоректендіру және секциялау тәсімдерін;

контактілі желі пайдалану және жөндеуде қолданылатын шектер мен нормаларды;

контактілі желі құрылғыларына қатысты жетек кіші станциялары мен электр жылжымалы құрамның жұмысын.

353. Жұмыс үлгілері.


  1. Топтық жерлендіру – ревизиялау және жөндеу.

2. Икемді оқшауланған көлденең қималар – контактілі желіден кернеуден ажыратпай оқшаулағыштың жарамдылығын тексеру.

3. Контакті сымдар – контактілі желіні кернеуден ажыратпай монтаждау.

4. Рельс-консоль – токтың шығуына кедергіні өлшеу, әлеуетті диаграмманы алу.

5. Оқшаулау кедергісі – қалыбын тексеру.

6. Ауыспалы және тұрақты ток электр жетегін түйістіру станциялары, топтау пункттері – контактілі желі құрылғыларын және жабдықтарды ревизиялау және жөндеу.

7. Электрлендірілген жолдарға тағы ауа нұсқағышты қалау.

6-параграф. Контакті желісінің электр монтері

7-разряд


354. Жұмыс сипаттамасы.

Диагностикалық аппаратура көмегімен (АДО, Филин, Диакор, ИЗС-10Н, УК-14ПМ, ВИКС, Тепловизор) контактілі желі құрылғыларын диагностикалау.

Өндірістік өлшегіштерді талдау.

Дербес ЭВМ бағдарламаларына ақпарат енгізу.

Жоғары қауіптіліктегі жерлерде жұмыс орындауды ұйымдастыру

355. Білуге тиіс:

диагностикалау аспаптарының принципиальды тәсімдері мен қолдану принципі және олармен жұмыс істеу әдістемесі;

құрылғылыр тізімі бойынша жоғары қауіпті жерлерде жұмыс істеу ережесі.

7-параграф. Контакті желісінің электр монтері

8-разряд


356. Жұмыс сипаттамасы.

Контактілі желіні монтаждау, күрделі жұмыстарды жасау (бірнеше аймақты контактілі желі құрама биригадамен, бірнеше жүк көтергіш машина және басқасы жөндеуші пойыз қолдану), ауа сызығына, ауа сызығының өзгермелі және тұрақты токты жоғары жылдамдықты сызығына және контактілі желініге техникалық күтім жасау және жөндеу.

Диагностикалау құрылғысының микропроцессорын күйге келтіру.

Ауыспалы және стационарлық диагностикалық аппаратын микропроцессорлары арқылы контактілі желі құрылғысын өлшеу және сынау жұмыстарын жасау.

Дербес компьютердің көмегімен алынған ақпараттарды ұғындыру.

Қауіпті жерлердегі жоғары жылдамдықта қозғалатын пойыздар аумағында контактілі желі құрылғыларына техникалық күтім жасау жұмыстарын жасау

357. Білуге тиіс:

диагностиканың микропроцессорлық электрондық құралдарының жұмыс принціпін;

диагностика құралдары мен жүесіне күтім жасау кезінде жұмыс тәртібін, күге келтіруді және ақауларды жоюды;

жғары жылдамдықты қозғалыс аумағындағы контактілі желіні жөндеу, техникалық күтім жасау, техникалық пайдалану және құрылғы ережесін.

358. Ескерту.

Контактілі желі электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда:

2-разрядты контакті желісінің электр монтері ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасы ережесін;

3-разрядты – ІІІ топ көлеміндегі;

4-разрядты – ІҮ топ көлеміндегі,

5, 6, 7, 8-разрядтар – Ү топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасы ережесін білуге тиіс.

84. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері
1-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

2-разряд


359. Жұмыс сипаттамасы.

СОБ және ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде қосымша жұмыс жасау. Тіректерді орнату, ауыстыру және бекіту жұмыстарды орындау.

Тіректерді арматурамен, траверстермен, штырьлармен жарақтандыру.

Тіректерді ауыстыру кезінде сымдарды төсеу.

Сымдарды дәнекерлеу және ілу.

Сымдарды дәнекерлеу.

Кабель төсеу трассаларын дайындау, оны монтаждау және жөндеу жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау.

Қарапайым слесарлық, ағаш және электр өлшеу жұмыстарды орындау.

360. Білуге тиіс:

СОБ және ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының ережесін;

дәнекерлегіш лампа мен термитті дәнекерлегішті пайдалану ережесін және құрылымын;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;

электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтерді.

2-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

3-разряд

361. Жұмыс сипаттамасы.

СОБ мен ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Жоғары вольтты желілердің зақымданғандарын жою.

Телеграфты және телефондық аппараттарға қызмет көрсету мен жөндеу.

Контактілерді, контакторларды, қайта қосқыштарды, шнурларды, штепсельдерді, кнопкаларды, микротелефон тұтқаларын, гарнитураларды қосалқы жабдықтарды жөндеу, тексеру және тазалау.

Ішкі сым өткізу.

Жергілікті байланыс кабельдеріне және кабельді арматураларға қызмет көрсету.

Біріктірілген, тармақталынған және ұшталған муфталарды монтаждау және дәнекерлеу.

Күрделі емес тәсімдер бойынша ауа және жер асты желілерін ілу және төсеу.

Кабель трассаларын тексеру.

Қарапайым электр күшін өлшейтін аспап арқылы тежеу кедергісін және монтаж сызбасын тексеру.

Құрастырылған қарапайым сызбадағы ақауды анықтау және жою.

362. Білуге тиіс:

телеграфты және телефондық аппараттарға қызмет көрсету мен жөндеуді;

СОБ және ауа байланыс желілерінің қоректену көздерін;

кабель шаруашылығын;

шкафтардағы, бокстардағы, кабель жәшіктері мен қораптардағы кабельдерді бөлу тәртібін;

кабель төсеудің техникалық шарттарын.

3-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

4-разряд

363. Жұмыс сипаттамасы.

Қол және автоматты телефон мен телеграф станцияларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Негізгі коммутаторлық аспаптар мен жабдықтарды тексеру және реттеу, олардың зақымдықтарын анықтау және жою, біріктіру желілері параметрлерін электрмен өлшеу.

Телефон және телеграф станциялары аспаптарын ауыстыру және монтаждау.

Телеграф аппаратурасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі профилактикалық жұмыстар, стелеграфты аппараттардағы механикалық және электрлік зақымдықтарды анықтау.

Дауысы қатты шығатын екі жақты парк байланысы желілік құрылғыларының, электр сағаттардағы, сақтау камераларындағы механикалық және электр ақаулықтарды анықтау және жою, орнату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

Трансформаторларды, резисторларды, конденсаторларды, электр-механикалық релелерді тексеру және орнату.

364. Білуге тиіс:

Сызықты паркті дауыс ұлғайтқыш байланысы мен апаратураларға қызмет көрсету кезінде, ақаулықтардың негізгі түрлерін анықтау және жою тәсілдерін;

электрмен қоректендіру жүйесін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметін.

4-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

5-разряд


365. Жұмыс сипаттамасы.

Аралықтағы талғамалы байланыс пункттерге, дуплексті күшейткіштерге, үйлестіруші құрылғыларға, жолаушылар поезы жүретін платформалы және топты вокзалдағы сілтегіштерге, элект компостерлерге, билет басып шығару машиналарына және автоматты айырбастға қызмет көрсету және жөндеу.

Халықаралық кабель магистральдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Тұрақты токпен өлшеу және кабельдерді тот басудан сақтау жұмыстары.

Кабельдегі ақаулықтардың орнын айқындау.

Кабельді магистральдардың монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары.

Берілген тәсім бойынша кірме-коммутациялық құрылғыларды жөндеу.

Электромеханикалық, радиотехникалық құрылғылар мен аппараттарды электронды және механикалық күйге келтіру, іске бейімдеу жене жөндеу.

Қуат көздерін іске бейімдеу. Күшейткіш блоктарды күйге келтіру және электрлі іске бейімдеу. Магниттік галовканың жаңғырту және оқшаулау кедергісінің жиілік сипаттамасын тексеру.

366. Білуге тиіс:

автоматты және қол телефон станцияларының, радиоқұрылғыларының және басқа да байланыс аппараттарының және өлшеу аспаптарының, сондай-ақ кабельдерді электр тотығуының болдырмауда қолданылатын аспаптардың құрылымын;

аппаратураларды жөндеу мен қызмет көрсету тәртібін, ережесін және нормасын.

5-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

6-разряд


367. Жұмыс сипаттамасы.

Оперативті-технологиялық, пойыздық, станциялық радиобайланыс, аналогты хабарлау жүйесін, сағаттық орталық станция аппараттарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Өнеркәсіптік теледидар құрылғылары арқылы эскалаторлардағы, өтпелі дәліздердегі және платформалардағы жолаушылардың тасымалын бақылау.

Дыбыс жазатын құрылғыларды механикалық, электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу.

Қарапайым радиоэлектронды аппараттардын, түйіншектердін жұмысқа қабілеттілігін толық тексеру. Аппараттар мен құрылғыларды сәйкесінше нұсқаулықпен жөндеу.

Бөлшектер мен түйіншектерді дайындау және ауыстыру кезінде орташа күрделі қуат көздеріндегі әр түрлі көздерді қалыпты күйге келтіру.

Баспалы төлемнің жұмысқа қабілеттілігің тексеру, трансляциялық радиотораптарды электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу, күрделі релелерді қалыпты күйге келтіру, магниттік күшейткіштерді тексеру және жөндеу.

Бақылау-өлшеу құралдарын қолдану арқылы радиоэлектронды аппаратын элементерін электрлік тексеру, диодтарды іріктеп алуды, блоктағы анық емес жұмыстын себебін анықтау, түйіншектерді ауыстыру кезінде ақауларды жою, магниттік жазба мен жаңғырту аппараттарын іске бейімдеу және жөндеу.

368. Білуге тиіс:

оперативті-технологиялық, пойызды, станциялық радиобайланысты, теледидарды, орталықты сағаттық станциядағы құрылғыларға қызмет көрсету ережесін пайдалануды;

құрылғыларға қызмет көрсету мен жөндеу кезінде туындаған ақауларды ескерту дәне жою;

әр түрлі күрделі схема бойынша мотаждау жумысы әдістерін;

аппаратуралардың негізгі ақаулар түрін, оларды анықтау тәсілі мен жоюды;

электірлі қуат көзі жүйесін;

телемеханика негіздерін.

6-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

7-разряд

369. Жұмыс сипаттамасы.

Байланыс кабель желісіне, тығыздалған сандық хабарласу желісі мен радиоаппараттың сандық және микропроцессорлық техника элементтеріне техникалық қызмет көрсету.

Радиоэлектронды құралдар мен құрылғыларды нұсқауларға сәйкес механикалық, электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу, электірлі параметрлердің жұмысқа қабілеттілігін және монтаждын дұрыстығын тексеру, құрылғыларда табылған орташа күрделі ақаулықты жою, нұсқау бойынша электрлі параметрлерді қалыпты күйге келтіру, жартылай өткізгіштік құралдар мен интегралдық сызбадағы блоктарды, блокті басқаруды қалыпты күйге келтіру, әр түрлі типті күрделі күшейткіштерді күйге келтіру.

370. Білуге тиіс:

радиоэлектронды құрылғысы мен аппаратура құрылымын және ондағы ақаулықтарды жою тәсілдерін, кабельді байланыс желілеріндегі зақымданған жерлерді анықтауға арналған жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды тәсімдердің құрылымын;

озық байланыс үлгілерін монтаждау және баптау принциптерін;

сызбаларды, жұмыс эскиздері мен тәсімдерін жасау ережесін.

371. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

7-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

8-разряд

372. Жұмыс сипаттамасы.

Электірлік және механикалық қалыпты күйге келтіру, икемдеу және жөндеу, толық тексеру, аса күрделі электромеханикалық, радиотехникалық құрылғыларды, құралдарды, комплексті және арнайы нұсқау жүйесін сынау және тапсыру.

Негізгі электірлік аппараттар параметрлерін есептеу.

Тәжірибелі өндеу мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

Аса күрделі радиостанцияны жөндеу, сандық хабарлау жүйесі мен хабарлама коммутациясын икемдеу және қалыпты күйге келтіру.

Қайта өнделген технологиялық аппаратты, құралдарды және кез-келген күрделі жүйені сынау және қалыпты күйге келтіру сызбасын жасау.

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

373. Білуге тиіс:

радиоэлектрондық аппаратты, сандық электрондық және квазиэлектрондық телефон станциясын пайдалану құрылғысын жөндеу ретін, қалыпты күйге келтіру және сынау;

бу аппаратын тығыздау;

негізгі электірлік аппараттар параметрлерін есептеу;

составление схем для регулировки и испытаний вновь разработанных образцов. қайта өнделген үлгілерді сынау және қалыпты күйге келтіру сызбасын жасауд.

374. Ескерту.

бригадаға немесе топқа жетекшілік ететін байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, өзі жетекшілік ететін электр монтерларынан бір разряд жоғары тарифтеледі.

375. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

85. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері
1-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

4-разряд


376. Жұмыс сипаттамасы.

Жөндеу-технологиялық телімдегі СОБ құрылғысының бөлшектері мен түйіншектерің сырлау, тазалау, құрастыру, өңдеу.

Кабель желісін төсеу және монтаждау, бригадалық және индустриялық әдісте станция мен перегондағы СОБ құрылғыларына қызмет көрсету кезінде көмекші жұмыс орындау.

377. Білуге тиіс:

жөндеу-технологиялық телімдегі СОБ құрылғысын сырлау және тазалау, құрастыру технологиясы мен ережесін;

өлшеу аспабы мен құралдарын пайдалану ережесін;

СОБ сигналды-блоктау кабелін төсеу технологиясы мен шартын;

жақындау құрылымы мен жылжымалы құрам габариттерін;

электротехника мен механика негізін.

2-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

5-разряд

378. Жұмыс сипаттамасы.

Едендік СОБ құрылғысын жарамды күйде ұстау, ағымдағы жөндеу, ауыстыру, қалыпты күйге келтіру, тазалау (бағдаршам, бағыттағыш электр жетекті гарнитуралық бекіту, бағыттағыш, жол аралық және түйіспе біріктіргіш, тұйықтағыш жол және трансформатор жәшігі).

Тежегішті әдіс пен пневмопошты сұрыптайтын станция үшін ауа желі құбырна техникалық қызмет көрсету.

379. Білуге тиіс:

Едендік СОБ құрылғысына, ауа желі құбырына, пневмопоштқа техникалық қызмет көрсету нормасын, ережесні, құрылғыларын.

3-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

6-разряд


380. Жұмыс сипаттамасы.

Маршрут-бақылау құрылғысын бақылау бағыттағыш құлыпын, электрожезлды жүйесін, жартылай автоматты блоктау, сигнал беру және байланыс ауа мен кабельдік желісі мен бірге жарамды күйде ұстау, ағымдағы жөндеу және ауыстыру;

Поез жылдамдығын бақылауынан тысқары нүктелі үлгілі және құрылғылы электромеханикалық автоаялға қызмет көрсету;

СОБ аппаратурасы мен жабдықтарды жөндеу-технологиялық учаскелерде механикалық және электрлік реттеу;

техникалық құжаттарды жаңарту және көшірмесін жасау.

381. Білуге тиіс:

СОБ және байланыс ауа мен кабельдік желісін, электромагнитті жүйенін құралдарының механикалық және элетрлік сипаттамасын, маршрут-бақылау құрылғысын, бақылау бағыттағыш құлыпының, электрожезлды жүйесінің, жартылай автоматты блоктау құрылғысын, ережесін, нормасын.

382. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

4-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

7-разряд


383. Жұмыс сипаттамасы.

Бекітілген кестеге сәйкес автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету;

жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды СОБ аппаратурасын алғашқы механикалық және электрлік реттеу;

қорғау құралдарын қызудан сақтау құралдарын тексеру.

автоблоктау, электр, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулықтарын анықтау.

384. Білуге тиіс:

автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету, жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аппаратурасының құрылымы және қолдану принципі;

құрылғыға қымет көрсету электрлік жүйесін;

кодты және электронды аппаратын, артық күш жұмсаудан қорғау құрылғысының механикалық және электр сипаттамаларын.

385. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

5-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

8-разряд


386. Жұмыс сипаттамасы.

Автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларында техникалық қызмет көрсету, ақаулықтарын анықтау және оларды жою; реттеу және монтаждау жұмыстарын орындау.

СОБ құралының әрекеттегі құрылғылардағы аппараттар мен құралдарды ауыстыру.

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларындағы электронды аппаратуралар мен микропроцессорлық техника құрылғыларына қызмет көрсету және ауыстыру.

Вагон баяулатқыштарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу алаңдары мен жолдарда оларды құрастыру және реттеу, вагон баяулатқыштарды сұрыптау төбесінде ауыстыру.

Жүк құжаттарын жіберу жөніндегі пневматикалық почта агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, реттеу және ауыстыру.

Автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектеріне қызмет көрсету.

387. Білуге тиіс:

автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының, автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектерінің электрлік және монтаждау тәсімдерін;

қызмет көрсетілетін құрылғылардың ақаулықтарын табу және жою тәсілдері мен әдістері;

орталықтандырудың қолданыстағы құрылғыларын ажырату ережесі мен байланыстарын тексеруді;

электронды құрылғылар мен микропроцессорлық техника құрылғыларының жұмыс істеу принципі.

388. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

86. Кіші жетек станциясының электр монтері


1-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

2-разряд


389. Жұмыс сипаттамасы.

Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен электр құрылғыларындағы шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру.

Аппаратура контактілерін тазалау және майлау.

Аспаптарды, айлабұйымдарды, қорғау құралдарын, ауыспалы жерлендіргіштерді, жарықтандыру аппаратурасын, магнит жібергіштерді жөндеу.

Кіші станция орынжайлары мен аумағын ұстап отыру жұмыстарын орындау.

Материалдарды алу, қоймалау.

390. Білуге тиіс:

кіші станция жабдықтарының құрылымы және қызметі туралы мәліметтін;

кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың қасиетін;

шұғыл қайта қосулардың тәртібін;

электр аспабын пайдалану ережесін;

қорғау және монтаждау айлабұйымдарының қызметі мен қолдану тәртібі;

электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтін.

2-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

3-разряд

391. Жұмыс сипаттамасы.

Кіші жетек станциясының электр қозғалтқыштарын, сорғыларды, ажыратқыштарды, контакторларды және басқа да жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.

Майды сүзгілеу және сынама алу.

Асбоцемент қоршауын жасай отырып тез істейтін автоматтардың камераларын іріктеу.

Кіші станциялардағы электрмен жарықтандыруды монтаждау.

Изоляторларды армирлеу.

Дөңгелектерді дайындау және ию.

Кабельдерді біріктіру, ұштау, дәнекерлеу және қосу.

Дөңгелектерді, изолятор фланецтерін, кабельдерді, металл корпус құрылымдарын, ажыратқыштарды, тарату құрылғылары камераларын бояу.

392. Білуге тиіс:

кіші станция электр жабдықтарының электр және монтаждау тәсімдерін, электр жабдықтарының атаулары мен қызметін;

орналастырушы құрылғыларды;

арматуралардың негізгі түрлерін, кіші станцияларда қолданылатын сым және кабель маркаларын;

негізгі электр құралдарын;

электроника жөніндегі негізгі мәліметтерін.

3-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

4-разряд


393. Жұмыс сипаттамасы.

Істеп тұрған кіші станциялардағы жабдықтарды монтаждау.

Жартылай өткізгіштерді профилактикалық сынау.

Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен қарапайым және орташа күрделіктегі қорғауды тексеруге және баптауға қатысу.

Электр жабдықтардағы зақымдықтарды анықтау және жою.

Түзету көпірлерін, электр қозғалтқыштарды, трансформаторларды, сорғыларды жөндеу, жұмысын тексеру және реттеу.

Аппаратураға май құю.

Трансформаторлық майды регенерациялау.

Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсету.

Шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру.

Орындалатын жұмыстың техникалық құжаттамасын жүргізу.

394. Білуге тиіс:

электр құрылғылардың тәсімдерін және оларды біріктіруді;

жартылай өткізетін түрлендіргіштердің, май ажыратқыштардың, трансформаторлардың, аккумулятор батареяларының, сүзгі құрылғыларының, қорғау және өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципін;

электр машиналар мен аппарат тораптарын бөлшектеу және құрастырудың технологиялық процесін;

аккумулятор батареяларының, электр қозғалтқыштың ақаулықтары мен оларды жою тәсілдерін;

авариялық жағдайдағы кіші станция жұмысын қалыпты жұмыс режиміне аудару мүмкіндіктерін;

электр техника және телемеханика негіздерін

4-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

5-разряд


395. Жұмыс сипаттамасы.

Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кіші станция электр жабдықтары және қорғау құралдарын реттеу, теңшеу және сынау.

Аппараттар мен электр машиналарын кептіру.

Сымдар мен кабельдерді белгілеу және төсеу.

Барлық түрдегі өтпелі плиталарды, изоляторларды, ажыратқыштарды, жетектерді, разрядтағышты, күш трансформаторларын орнату.

Май ажыратқыштардың, тез істейтін автоматтардың, сүзгі құрылғыларының жетек бөлшектерін реттеп және ауыстыра отырып құрастыру.

Блоктау тізбегі құрылғылары мен жартылай өткізетін түрлендіргіштерді монтаждау.

Түзеткіштердегі, автоматты және қашықтықтан басқарылатын жабдықтардың ақаулықтарын анықтау және жою.

Автоматтардың магнит беттерін қырнап тегістеу, магнит сымдарды шихталау.

Коммутация тізбегі, жартылай өткізетін түрлендіргіш, күш трансформатор тәсімдерін тексеру.

Электр машиналар мен трансформатор орамаларының оқшаулану жағдайын анықтау.

Автоматика және телемеханиканың қарапайым құрылғыларын тексеру.

Реле сипаттамасын жөндеу, реттеу және алып тастау.

Шкафтар және шиттар басқаруын профилактикалық сынау мен тексеруге қатысу.

Орташа күрделіктегі қорғауды тексеру және баптау.

Жүктеме тәсімдерін шешу.

396. Білуге тиіс:

жетекті және төмендету кіші станцияларын электрмен жабдықтау тәсімдерін;

кіші станция жабдықтарының құрылымы мен қолдану принципі, сол жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтар және оларды жою тәсілдерін;

жабдықтарды жөндеуді жүргізу тәртібін, электр жабдықтарды және қоректендіру желісін қорғауды;

жерлендіру құрылымы мен тәсімдерін;

электр жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды пайда болу себептері мен олардың алдын алу тәсілдерін;

электр жабдықтарды кептіру тәсілдерін;

монтаждалатын жабдықтардың электр тәсімдері және оларды тексеру тәсілдерін;

изоляция кедергісін өлшеу тәсілдерін;

электр өлшеу аспаптарының құрылымы мен қолдану ережесін;

барлық түрдегі реле құрылымы мен қолдану принципін;

электр жабдықтарының және қорғау құралдарының техникалық сипаттамасын;

техникалық училище бағдарламасы көлемінде электр техниканы білу.

5-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

6-разряд

397. Жұмыс сипаттамасы.

Электр жабдықтарды және кабельдерді жоғары вольтты сынамалау.

Түрлендіргіш агрегаттарды орналастыру жерін белгілеу.

Ерекше күрделі аппараттарды, жабдықтар мен аспаптарды монтаждау.

Реакторлар мен сүзгілеу құрылғыларын орнату және монтаждау.

Ауыспалы ток ажыратқыштарын орнату және қызмет көрсету.

Құрама кешенді тарату құрылғылары мен олардың жекелеген блоктары мен траптарын орнату және реттеу.

Аспаптар мен аппараттардың жұмысын тұрақты ток көздері мен кернеуінен сынама алу және оларды іске қосуға дайындау.

Алғашқы және қайталама коммутация тізбектерінің автоматика құрылғысын монтаждау.

Күрделі қорғауды тексеру және баптау.

Күш трансформаторларын қайта қосу.

Ашық және жабық тарату құрылғыларындағы кабельдерді фазалау.

398. Білуге тиіс:

электр тәсімдерін;

электр жабдықтарын тексеру және реттеу әдістерін;

тарату құрылғыларының құрылымын;

басқару және қорғау қалқанын;

кіші станция электр жабдықтары мен қорғау құралдарын сынау ережесі мен тәртібін;

электронды автоматика құрылғыларының, телемеханика және қорғау құрылғыларының принципті тәсімдері мен қолдану принципін;

токтан қорғау, кесу, дифференциальды және қашықтықтан қорғау, жермен қорғау, газ, салқындату, ауаның жылуынан қорғау құралдарының монтаждау тәсімдерін;

орамды біріктіру тобы мен схемасын және қорытынды бегілерді;

кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі мемлекеттік стандарт деректерін;

кабельдің, сым, материалдар мен май трансформаторлардың шығын нормасын.

6-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

7-разряд


399. Жұмыс сипаттамасы.

Жаңа үлгідегі жабдықтарды, аппараттарды, аспаптарды монтаждау және қызмет көрсету.

Алғашқы және қайталама коммутациялар мен электронды қорғау тізбектерінің күрделі құрылғыларын монтаждау және тексеру.

Арнайы бағдарламалар бойынша жоғары вольтты жабдықтар мен күш кабельдерін сынау.

Жоғары вольтты вакуумды ажыратқыштарды орнату, реттеу және тексеру.

400. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және жөндеу технологиясын;

күрделі автоматика мен электронды қорғау құрылғыларының монтаждау және принципиальды тәсімдерін;

жоғары вольтты жабдықтар мен кабельдерді сынау нұсқаулығы мен әдістемесін;

вакуумды ажыратқыштардың құрылымы және реттеу тәсілдерін.

401. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

7-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері

8-разряд

402. Жұмыс сипаттамасы.

Тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау.

Микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларын монтаждау және тексеру.

403. Білуге тиіс:

тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау тәсілдерін;

микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларының принципті монтаждау тәсімдерін.

404. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

405. Ескерту.

Кіші жетек станциясының электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 2-разряд ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасының ережесін;

3-разряд – ІІІ топ көлемінде;

4-разряд – ІV топ көлемінде;

5, 6, 7, 8-разрядтар – V топ көлемінде, қауіпсіздік техникасының ережесін білуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет