«5В020500 Филология»



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


«5В020500 - Филология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің №1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы №292 ) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» №152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы №90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В020500 - Филология мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.

.

.



\

«5В020500 - Филология»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны – 133 кредит

1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары.

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Басты құзыреттіліктері.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульді сипаттау үшін формуляр

1-модуль. Қоғамдық-коммуникативті

2-модуль. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

3-модуль. Қазіргі қазақ тілі және кәсіби тілдер

4-модуль. Әдебиет негіздері

5-модуль. Тіл білімі негіздері және қазіргі қазақ тілі

6-модуль. Қазақ және шетел әдебиетінің тарихы

7-модуль. Әдебиеттану мен түркітану және бизнес экономикасы

8-модуль. Лингвистика ілімдері және қазіргі қазақ әдебиеті

9-модуль. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

10-модуль. Тіл теориясы және әдебиет тарихы

11-модуль. Тіл тарихы және синтаксис мәселесі

12-модуль. Әдебиеттану және тіл білімі мәселелері

13-модуль. Көркем әдебиет дискурсы және тілдік тұлға

14-модуль. Құжаттану және құқық

15-модуль. Практика

16-модуль. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.
«5В020500 - Филология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны –133 кредит


  1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В020500 - Филология» мамандығының «гуманитарлық ғылымдар бакалавры» акедемиялық дәрежесі беріледі.



1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

«5В020500 - Филология мамандығы» бойынша «гуманитарлық ғылымдар бакалавры» филология саласы бойынша негізгі білім алады, қазақ тілін меңгереді. Жоғары оқу орны белгілеген тәжірбиелік мамандану бойынша кәсіптік дайындықтан өтеді.



«5В020500 - Филология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген бітірушілер «6М020500 – Филология» бағыты бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары

«5В020500 – Филология» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары орта (сонымен бірге гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар, училищелер) оқу орындары болып табылады, ғылыми-зерттеу мекемелері, газет, журналдардаң редакциялары, радио мен телевидение және баспа орындары бола алады.

«5В020500 – Филология» мамандығы бойынша бітірушінің кәсіби қызметінің өрісі нарық талабына сай анықталады:


  • білім беру;

  • ғылым;

  • баспа ісі;

  • бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде ИНТЕРНЕТ;

  • білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары);

  • әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениаралық қатынас).

      1. Кәсіби қызмет пәні

5В020500 - Филология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет пәні:

- синхронды-диахрониялық, әлеуметтік-тілдік тұрғыдан қарастырылатын қазақ/орыс тілдері;

- қазақ/орыс тілдері (шет ел) әдебиеті

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

5В020500 - Филология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері: білім беру, ұйымдастыру, басқару, ғылыми-зерттеу, (қазақ/орыс тілі мен әдебиетінің қазіргі жағдайы және тарихи-даму тұрғысынан зерттеу), баспа ісі, құжаттар тілін жүргізу, аударма, БАҚ-тағы қызмет.



1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

5В020500 - Филология мамандығы бойынша бітіруші бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:

-жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту;

- білім мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;

-баспа өнімін түзету, редакциялау;

-лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу;

- баспа өнімдерін редакторлайды, түзетеді;

- ресми-іскерлік, құжаттарды дайындайды;

- мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар жүргізеді;

- ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асырады;

-білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салаларында филологиялық білімді қөажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады;

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

5В020500 - Филология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің түріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:



  • қазақ және орыс тілі мен әдебиетін оқыту;

  • білім беру саласындағы әкімшілік жұмыстар;

  • филология саласында зерттеулер жүргізу;

  • ресми-іскерлік құжаттарды қамтамасыз ету;

  • аудармашылық қызмет;

  • мәдениет саласындағы ағартушылық жұмыстар;

  • баспа саласындағы қызмет ету;


2. Білім беру бағдарламасының мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәденетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік даярлау;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.


3. Негізгі құзыреттілік:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымның негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны


Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

Семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Жалпы модульдер

Қоғамдық-коммуникативті


ЖББ/МК

KT1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)

Емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: Қазақстан тарихындағы себеп-салдар байланыстарды орнықтыру, салыстырып талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ойлану, болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам сияқты философиялық категорияларды меңгеруге, коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға, ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды кәсіби қызметте қолдануға, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға.

Білуі тиіс: ХХ-ХХІ ғғ. межесіндегі Қазақстаннның даму тенденцияларын, олардың ерекшеліктерін білу; философияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, Қазақстандағы адамдар қоғамының даму тарихы әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі екенін, оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын, MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD мәтіндік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын.

Дағдылары болуы тиіс: тарихи оқиғаларды талдау, философиялық категорияларды сараптау, сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу, компьютерді еркін пайдалану, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалануға бағытталған жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: Қазақстанның халықтарының тарихи мұрасы мен мәдени дәстүрлерін құрметтеу, философиялық танымды кеңейту, адам өмірінің мәнін бағалау, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шет тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алуда, ақпараттық-коммуникативтік технологияларда, игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

Емтихан

3

3

5

ЖББ/МК

ShT1103

Шетел тілі

Емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

OT1104

Орыс тілі

Емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Емтихан

2

3

5

Модуль бойынша барлығы
















21

37




Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

ЖББ/ТК

TKN1106

ETD1106
LG1106



Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Экология және тұрақты даму



Латын графикасы

Емтихан

2

2

4

Білікті болуы тиіс: бүгінгі қоғамдағы құбылыстарды әлеуметтік тұрғыдан талдай; саясат мәселесі мен сұрақтарына қатысты құбылыстарға талдау жасай білу; заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, экономикалық, құқықтық, саяси және экологиялық білім негіздерін пайдалана алады. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады;

Білуі тиіс: әлеуметтану ғылымын, оның пайда болу тарихы және дамуы, қоғамның негізгі теорияларына қатысты білімдерді және түсініктерді игеру; саяси ілімдердің тарихын, саясаттану құрылымын, негізгі теориялар мен тұғырнамалар және саясат саласын меңгеруге қажетті эмпирикалық және теориялық құзыреттің болуы; Қазақстандағы мемлекеттік және қоғамдық жастар саясатының негізін; саясаттану мен әлеуметтанудың негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, экологияның негізгі заңдарын, экожүйе ішінде биотилік және абиотилік өзара тығыз байланыс болатынын, құтқару жұмыстарын жүргізуді, тыныс жолдарын қорғаудың дербес құралдарын және теріні қорғаудың қолда бар құралдарын пайдалануды, дәрігерге дейін алғашқы жәрдем көрсетуді, экономика қызметінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілерін. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді;

Дағдылары болуы тиіс: теориялық және эмпирикалық білімдер негізінде қазақстандық қоғамының дамуындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жобалау; саяси үдерістер мен құбылыстарға эмпирикалық және теориялық талдау жасай алу; нақты жағдайды (ситуацияны) талдау кезінде экономикалық сипаттау проблемаларын анықтау, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату, экологиялық қауіпсіздіктің, сондай-ақ, өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайында, төтенше жағдайда әдеттегідей әрекет етудің тиісті нормалары мен талаптарын орындау, заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану, микро, макроэкономикалық және құқықтық құбылыстарды дербес талдау, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта шешімдер қабылдау. әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың шығу көзі мен зардаптарын, оларды алдын алу. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді.

Құзыретті болуы тиіс: қоғам және қоғамдық пікірін оқыту әдеттерін кәсіби қызметінде қолдану, ішкі және сыртқы саясатта, халықаралық қатынастардың ерекшелігі жайлы, бүгінгі саясаттың өзекті мәселелерін игеруде жалпы және ғаламдық экология мәселелерінде және қауіпсіздік пен өмір сүру негіздері мәселесінде игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға, тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсында жеке қауіпсіздік және тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз етуге, латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты алған білімдерін практикада қолдана алады.

ЖББ/ТК

KN1107 EN1107


Құқық негіздері Экономика негіздері

Емтихан

2

2

4

ЖББ/ТК

Saya2108

Ale2108


ZhS2108

Саясаттану Әлеуметтану

Жастар саясаты



Емтихан

3

3

5

Модуль бойынша барлығы
















7

13




Қазіргі қазақ тілі және кәсіби тілдер



БП/МК

KOT2201

Кәсіби орыс тілі

Емтихан

3



2



4


Білікті болуы тиіс: сөз, ұғым, мағына, сөздің морфологиялық құрамы мен құрылымын, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындап, алған білімін кәсіби деңгейде қолдана алу. Сөйлемді синтаксистік талдауда синтаксистік аспектілердің түрлерін білуге, қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми тұрғыдан танып-білуге үйретеді. Орыс және шетел тілдерінде мамандық бойынша кәсіби мәтіндерді түсіну, арнайы терминологияны, кәсіби орыс және шетел тілдеріне тән арнайы дайын тілдік формаларды және күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдану

Білуі тиіс: сөздік қор мен сөздік құрамның арақатысын, толығу жолдарын және сөз мағынасының түрлерін, берілу жолдарын, сөздің морфологиялық құрамын, грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағынаны, грамматикалық форманы, грамматикалық категорияны, сөздерді таптастыру принциптерін, сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымын, кәсіби және іскелік қарым-қатынас саласында орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеу стилін, типін, жанрлары мен формаларын, мамадықтар бойынша ғылыми мәтіндердің лексикалық, морфологиялық және снтаксистік ерекшеліктерін білу.

Дағдылары болуы тиіс: Сөз, мағына түрлерін, мағынаның берілу жолдарын, семантикалық топтарды талдай білу. Сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығын айқындай алуға, түбір морфема мен қосымша морфема жігін ажырата білуге, ауызша және жазбаша сөйлеу формасында сөйлесім қызметінің 4 түрін (тыңдалым, оқылым, айтлым, жазылым) меңгеруге, мәтіндерден жаңа ақпараттарды, оның сараптамасын алу, түрлі типтердегі және жанрлардағы мәтіндерді құрастыруға, аннотациялауға, тезис жасауға, сөйлем ішіндегі синтаксистік байланыс пен синтаксистік қатынастарды талдай білуге.дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: сөздік құрам, сөздік қор, сөздің морфологиялық құрамын, түбір және қосымша морфема жігін ажыратуда, лексикалық, морфологиялық талдау жұмыстарында, қазақ тілі лексикологиясын, морфологиясын оқытуда кәсіби деңгейде қолдана алады. кәсіби міндеттерді және өзге ұлттардың мәдениетіне төзімділік қатынас құралы ретінде орыс тілінің тіклдік қабілеттілігін дамыту.

БП/МК

КВShT2202

Кәсіби бағытталған шет тілі

Емтихан


4

2

4

БП/МК


KKTLF1203

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

Емтихан

2

3

5

БП/МК


ККТМ2204

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Емтихан

3

2

4

БП/МК


KKTZhSS2205

Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Емтихан

4



2



4



Модуль бойынша барлығы
















11

21




Әдебиет негіздері

БП/МК


АК1206



Әдебиеттануға кіріспе


Емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдау. Фольклорлық мұраларды образдық, көркемдік-эстетикалық сипаттарына қарай жіктей білу.

Білуі тиіс: әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін және әдебиетке қатысты түсініктер жүйесін. тілдің туыстық ерекшеліктерінің себебін анықтау, ауыз әдебиетінің жанрлық жүйелерін жан-жақты саралай білу, көне дәуір және хандық дәуір әдебиеттерінің тарихын жан-жақты қарастыру.

Дағдылары болуы тиіс: әлемдік әдебиетте танылған теориялық ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі көріністерін талдауға, фольклор үлгілері халық өлеңдері, эпостар мен лиро - эпостар, халық ертегілері мен аңыздардың өзіндік сипаттарын әдеби-теориялық тұрғыдан саралай алуға, қазақ әдебиетінің тарихи бастауы, кейінгі қалыптасу жолдары әдеби-тарихи эволюциясының табиғатын айқындап, аталған кезең әдебиетіндегі көркем шығармаларды әдеби-теориялық талдауға дағдылады.

Құзыретті болуы тиіс: әдебиет тарихынан алған теориялық білімін болашақта маман ретінде жүзеге асыра алу. Қазақ фольклорының тарихын, ауыз әдебиетінің бай мұрасын меңгере отырып, сабақ барысында қолдану. Әдеби теориялық ұғымдарды көркем шығармаларды талдауда, ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихын оқытуда қолдана алады

БП/МК


KHAA1207


Қазақ халық ауыз әдебиеті


Емтихан

2

3

5

БП/МК


EDKA2208

Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті

Емтихан

3

3

5

Модуль бойынша барлығы
















9

15




Тіл білімі негіздері және қазіргі қазақ тілі

БП/ТК


TBK1209

LN1209


Тіл біліміне кіріспе

Лингвистика негіздері



Емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: пәнге қатысты ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істей білу. Лингвистика ілімдерін жіктеп, саралау, талдауға машықтану. Фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу; дыбыс алмасуларын морфонологиялық тұрғыдан талдауға машықтану, туынды сөздердің жасалу тәсілдерін, мағыналарын айқындай алу. Студенттердің қатысымдық ілім бойынша теориялық білімі толығады.

Білуі тиіс: тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат, ақпарат береді.. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылым салаларымен байланысы туралы білуі керек. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады. Тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай білуі және фонетикалық дыбыс алмасуларына жатпайтын құбылыстардың сырын, морфологиялық қосымшалардың жалғану ерекшеліктерін, туынды сзөдердің сөзжасам тәсілдерін, туынды сөздің сөзжасамдық мағынасын меңгеруі қажет. Тілдік қатынас негіздерін меңгеру нәтижесінде студенттердің сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Дағдылары болуы тиіс: алған білімін алда оқытылатын тіл білімінің жекелеген салаларын меңгеруде, кәсіби қызметте жүзеге асыра алады. дыбыстардың қолдану қабілеттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, түрлері, дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың арақатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастыру; морфонология курсынан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге машықтану. Туынды сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасамдық мағына түрлерін талдай білу, орыс аудиториясымен қарым-қатынас құру, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізу дағдысы қалыптасады.

Құзыретті болуы тиіс: тіл білімінен, әдебиет тарихынан алған теориялық білімін болашақта маман ретінде жүзеге асыра алу. фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай білу; туынды сөздерді сөзжасамдық тұрғыда талдай алу, фонетика, морфоногия және сөзжасамнан негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу. Алған білімдерін қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы пәні мен тілдерді оқыту әдістемесін меңгеруге пайдалана алады.

БП/ТК


KTNG1210

Eti1210


Қазақ тілінің нормативті грамматикасы

Этимология



Емтихан

1

3

5

БП/ТК


KKTFM1211

KTDZh1211




Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және морфонологиясы

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі



Емтихан

1

3

5

БП/ТК


TKN2212
TS2212


Тілдік қатынас негіздері

Туынды сөздер




Емтихан

3

3

5

Модуль бойынша барлығы
















12

20




Қазақ және шетел әдебиетінің тарихы

БП/ТК

KMG2213

XGKAT2213




Қазақ мифологиясының генезисі

ХY-XIХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



Емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық сипатын ұғынады. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі қазақ әдебиетінің типологиялық қырларын, жаңа тенденцияларын, жанрлық ерекшеліктерін біледі. Дүниежүзі халықтары әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдері, әдеби бағыттарына қатысты жазылған еңбектермен жан-жақты танысады.

Білуі тиіс: Қазақ әдебиеті тарихының жанрлық сипатын толық меңгереді. Салыстырмалы зерттеу тәсілін еркін әрі жан-жақты меңгереді. Анықтама әдебиеттермен, ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі қазақ әдебиетіне арналған ғылыми еңбектермен жұмыс істей біледі және әлем әдебиетін жанрлық тұрғыдан жүйелеудің жолдарын айқындай, біледі.

Дағдылары болуы тиіс: аталған кезең әдебиетіндегі көркем шығармаларды әдеби-теориялық талдай алады. Әдебиет тарихына байланысты әдеби талдауларға машықтанады. Шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын тақырыптық тұрғыдан жүйелеуге мүмкіндік алады.

Құзыретті болуы тиіс: қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа тенденциялары, әлемдік әдебиет туралы білімді ЖОО-ның жоғарғы курстарында және мектептердің жоғарғы сыныптарында оқытуда қолдана алады. Халық ақындарының шығармаларын, ағартушы-демократтардың мұраларын, арнаулар мен толғаулар үндестіктері мен өзгешеліктерін, түрлі жанрлардың өзіне тән сипаттарын оқытуда пайдалана алады Білім беру саласында әлемдік әдебиетті оқытуда қолдана алады.

БП/ТК

HGEZhKA3214

KDKA3214


ХХ ғасырдың екінші жартсындағы қазақ әдебиеті

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті



Емтихан

6

3

5

Каталог: file -> facultet
facultet -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В020500 Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры
facultet -> «5В010400 -бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы: «Білім туралы»
facultet -> Білім беру бағдарламасы негізінде: ҚР «Білім туралы»
facultet -> «5B020800 – Археология және этнология»
facultet -> «5B020300 – Тарих»
facultet -> «5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
facultet -> «5В020200- халықаралық қатынастар»
facultet -> Білім беру бағдарламасы «6М050400 Журналистика»
facultet -> «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс техгологиясы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған. «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет