«5В020500 Филология»



жүктеу 1.14 Mb.
бет3/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Модуль бойынша барлығы
















12

20




Құжаттану және құқық

ҚМ/ТК


MTIZh2301

Kyzh2301


Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу

Құжаттану



Емтихан

4

2

4

Білікті болуы тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, төтенше жағдайлар кезіндедәрігерге дейін көмек көрсету.сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік.

Білуі тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, ісқағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін біледі. Кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

Дағдылары болуы тиіс: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде ісқағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі, нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту,

Құзыретті болуы тиіс: Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұруға үйренеді, коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну, қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену, құқық нормасын позитивті қабылдау.

ҚМ/ТК


SZhKMN2302

KZAK2302


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Қазіргі замандағы адам құқығы



Емтихан

3

2

4

Модуль бойынша барлығы
















4

8



Практика







Оқу

Сынақ


2


4

2

Білікті болуы тиіс: оқу үдерісін, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорытуға және таратуға, оқытудың техникалық құралдарын қолдануға үйренеді. Орта мектеп-гимназия мен лицейлерде оқушылардың танымдық, кәсіби еңбегін жандандыратын әр түрлі типтегі және әдістегі оқу жұмыстарын жоспарлау мен жүргізуді игереді. Іс-тәжірибеден өту барысында жиналған зерттеу жұмыстарын, мәліметтерді талдап және жүйелеп, белгілі бір теориялық тұжырымдар жасауы жұмыстарын жоспарлай білуді, топтастыруды және қорытындылай білуді игереді.

Білуі тиіс: студенттің сабақ жүргізгенде және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуде ұстазға керекті педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды жете меңгере білуі керек. Студент диплом жұмысының тақырыбын аша білуі, оны талдап, баяндай білуі, зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған атау, ұғым терминдердің анықтамаларын түсіндіре білуі керек

Дағдылары болуы тиіс: мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі мен іс-тәжірибелік дағдыларын, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу мақсатында ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.

Құзыретті болуы тиіс: Студент іс-тәжірибе кезінде алған педагогикалық іскерліктер мен дағдыларын орта мектеп-гимназия мен лицейлерде, кәсіби мектептерде бағыт-бағдар ретінде пайдалана алады. Іс-тәжірибенің қорытындысын диплом жұмысын (жоба) жазуда қолдана алады







Өндірістік

Сынақ


4, 6

6

15







Дипломалды

Сынақ


8

2

4

Модуль бойынша барлығы
















12

21




Мемлекеттік аттестация







Дипломдық жұмысты (жоба) жазу және қорғау немесе екі бейімдеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру







2

4

Білікті болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігі қалыптасады. Өздік жүмысты жүргізу қабілеттілігін арттыру және диплом жұмысын орындау барысында қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу әдістемелерін игереді

Білуі тиіс: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерінің жиынтығын, нәтижесін көрсете білуі және бойында қалыптасқан білім, іскерлік, дағдыны жүйелеп, қорытындылай алуы қажет. студент өзінің білім деңгейіне байланысты тақырып таңдай білуі, тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға өзінің көзқарасымен жауап қайтару, әртүрлі пікірлерді жан-жақты ашып көрсету және өзінің осыған қатынасын қалыптастыра білуі керек

Дағдылары болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуге, студент диплом жүмысын орындауы барысында зерттелген объектінің материялдары негізінде өз ойын білдіре алу қабілетіне, негізгі мәселелерді айқындауға және корытындыларды және ұсынылымдарды қалыптастыра білуге дағдыланады

Құзыретті болуы тиіс: алған білімдерін емтихан тапсыру барысында, келешекте жұмыс орнында немесе ЖОО кейінгі білім алу барысында қолдана алады. Сонымен қатар студент өзінің біліктілік талабына сай білім сапасын анықтай алады.










Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан







1

2

Модуль бойынша барлығы
















3

6






1-модуль. Қоғамдық-коммуникативті


Модуль атауы және шифры

Қоғамдық-коммуникативті, ЖММ-1

Модульға жауапты

Джумабеков Ж.А., Құсбеков Д.К., Балмағанбетова Ж.Т., Пастушенко Т.А.., Сыздықова Н.К.

Модуль түрі

Жалпы міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 6сағат, 2-семестр – 12 сағат, 3-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

21

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1,2,3

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Мектеп пәндері: Қазақстан тарихы, Информатика, Шет тілі, Орыс тілі.

Модуль мазмұны

Қазақстан Республикасының қазіргі территориясындағы адамзат қоғамының қалыптасу үрдісін ашып көрсетеді. Сонымен қатар тарихи оқиғаларды объективті түрде қарастыра отырып, адамзат қоғамы дамуының барлық қарама-қайшылығын анықтап беруде қоғамдық-экономикалық құбылыстарды талдауда ғылымилық, тарихилық қағидаларды ескере отырып, курс тарихи білімдерді құрайтын фактологиялық материалдарды, Қазақстан тарихының бұл курсы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи үрдістерді қамтиды. Болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам сияқты философиялық категорияларды меңгертеді. Орыс және шет тілдерінің фонетикасы: айтылу және ырғақтық-екпінді ерекшеліктері, сөйлем жүйесінің дыбыстық рецепциясы мен репродукциясы; Орфография: тілдің әріптік дыбыстық жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері; Лексика: сөзжасам моделдері; Мамандық бағытына сәйкес келетін лексикалық минимум, қолдану саласы бойынша лексиканың айырмашылықтары; Грамматика, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым мәселелері қарастырылады. Дербес компьютерде жұмыс істеудің келесі бағыттағы практикалық дағдыларын қалыптастырады: MS WINDOWS операциялық жүйесі, алгоритмдеу және бағдарламалау, MS WORD мәтін редакторы, MS EXSEL кестелік процессоры, MS ACCESS мәліметтер қоры, желілік технологиялардың негізгі концепциялары.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: Қазақстан тарихындағы себеп-салдар байланыстарды орнықтыру, салыстырып талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ойлану, болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам сияқты философиялық категорияларды меңгеруге, коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға, ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды кәсіби қызметте қолдануға, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға.

Білуі тиіс: ХХ-ХХІ ғғ. межесіндегі Қазақстаннның даму тенденцияларын, олардың ерекшеліктерін білу; философияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, Қазақстандағы адамдар қоғамының даму тарихы әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі екенін, оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын, MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD мәтіндік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS мәліметтер базасын.

Дағдылары болуы тиіс: тарихи оқиғаларды талдау, философиялық категорияларды сараптау, сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу, компьютерді еркін пайдалану, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалануға бағытталған жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: Қазақстанның халықтарының тарихи мұрасы мен мәдени дәстүрлерін құрметтеу, философиялық танымды кеңейту, адам өмірінің мәнін бағалау, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шет тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алуда, ақпараттық-коммуникативтік технологияларда, игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Мұхамедов, М. Б. Қазақстан тарихы. - Алматы : Қарасай, 2012. - 342 б.

2. Әминов, Т. М. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). - Алматы : Эверо, 2014. - 250 б.

3. Қазақстан тарихы: 1991-2001 / оқу құралы. - Алматы : Атамұра, 2013. - 175 б.

4. Шаяхметов Н. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы. - Алматы : Эверо, 2015. - 344 б.

5. Алтаев, Ж. Ислам философиясы. - Алматы: Эверо, 2015. – 503б.

6. Сыбанбаев Қ.Ү. Философия негіздері: білім негіздері. - Алматы: Экономика, 2013. - 232 б.

7. Какжанова, Ф. А. Ағылшын тілінің функционалды грамматикасы. - Алматы : Эверо, 2015. - 402 б.

8. Милованова, Н. В. English in international compacts / Халықаралық шарттағы ағылшын тілі : оқу құралы. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 200 б.

9. Русский язык: учеб. пособие для студентов казахских отделений университетов (бакалавриат) / под ред.: К. К. Ахмедьярова, Ш. К. Жаркынбековой. - 4-е изд. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 241 с.

10. Хан Н.К. Мультимедийные презентации по русскому языку (научный стиль) – Караганда, КарГУ, 2012.

11. Русский язык: учебно-методическое пособие / Национальный центр тестирования. - Астана: РГКП "Национальный центр тестирования", 2013. - 112 с.

12. Информатиканы оқыту әдістемесі: оқулық / Е. Ы. Бидайбеков [ж.б.]. - Алматы: Дәуір, 2014. - 587 б. - Библиогр.: 525-526 б.

13. Нысанов, Е. А. Информатика. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 202 б.

14. Қойбағарова, Т. Информатиканың теориялық негіздері. - Алматы : Эверо , 2015. -387 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж



2-модуль. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану


  1. Модульдің атауы және шифры

Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану, ЖММ-2

Модульға жауапты

Тыкежанова ГМ., Ауельбекова А.К., Аманбаева Г.Ю., Какимова М.Ш., Көшербаев Д.Б., Хусаинова Ж.С.

Модуль түрі

Жалпы міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағат саны

1-семестр – 2 сағат, 2-семестр – 2 сағат, 3-семестр – 3 сағат

Кредит саны

7

Оқу түрі

Күндізгі

Семестр

1,2,3

Білім алушылар саны

16

Модульдің пререквизиттері

Мектеп пәндері: Биология, Қазақстан тарихы, Математика, Құқық негіздері, Қоғамтану

Модульдің мазмұны

Қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің. негізінде дайындалған меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындауы қажет заң талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреті шеңберінде қабылдаңған актілеріне негізделеді. Қажетті деген бірқатар жалпы ережелерге, принциптерге, анықтамалар мен жаңа ұғымдарға түсінік беріліп қана қоймай, нақты материалдар негізінде баска да жоғары оқу орындарында өткізілетін заң курсы бағдарламасы бойынша да түсініктемелер беріледі.

Экономикалық қажеттіліктер, экономикалық қорлар мен экономикалық ресурстар, экономикалық таңдау мәселелері, «Экономикалық теорияның» «экономикс», «саяси экономикамен» өзара байланстылығы, экономикалық теорияның функциялары және әдістері қарастырылады.



Модульдың мазмұны шектеулі әлеуметтік тәжірибелердің мәнімен және мағыналарымен байланысты мәселелі кеңістіктің дүниетанымдық ұғымын аша білумен анықталады. Берілген модульде әртүрлі әлеуметтік-саяси инвариантта қоғамның ерекше сипаттамаларына қол жеткізудің базалық координаттарының когнитивті үлгілерін алуға мүмкіндік беретін категориялы құралдарын игерудің эпистемологиялық технологиялары үндесіп үйлесім табады. Модуль қоғамдастықты қабылдаудың өзіндік әлеміндегі әлеуметтік әрекет субъектісі ретіндегі адамды және өзіндік маңызға ие болатын шындық әлемді зерттеуді қарастырады. Модуль қоғам мен адам болмысының неғұрлым маңызды аксиологиялық феномендерін зерттеуге мүмкіндік береді. Экология және тұрақты даму пәні тірі ағзалар мен қоршаған табиғи ортаның өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары, тіршілік орталары, экологиялық факторлар және тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері туралы ұғымдарды қалыптастырады. Популяция және экожүйе құрылымдарын қарастырады. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсында жеке қауіпсіздік және тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз етудегі мемлекеттік жүйенің негіздері, азаматтық қорғаныс туралы негізгі анықтамалар, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың шығу көзі мен зардаптары, оларды алдын алу қарастырылады. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілері. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты (АҚ) құрудың және жұмыс істеуінің міндеттері, принциптері. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Радиациялық қауіптілік. Иондаушы сәуле шығарудан қорғау. Химиялық қауіптілік. Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптары. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы. Адамды және мекендеу ортасын табиғи және техногенді текті зиянды қауіпті факторлардан қорғау Бейбіт және соғыс уақытының төтенше жағдайларында халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері. Төтенше жағдайлар кезіндедәрігерге дейін көмек көрсету. Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайларда экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Жаппай жою қаруынан қорғау. Жарақаттану, Жарақаттар түрлері, Балалардың жарақаттануы. Қазақстандағы әлеуметтік мәні бар аурулар. Салауатты тұрмысты қалыптастыру. Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру, төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету болып табылады. Жазудың шығуы мен дамуы,жазу реформасы, қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң қалыптасу тарихы, орфографиялық ережелер, қазақ орфографиясының принциптері, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері, олардың сипаты, сөздіктердің негізгі қызметі.

  1. Оқу нәтижесі

Білікті болуы тиіс: бүгінгі қоғамдағы құбылыстарды әлеуметтік тұрғыдан талдай; саясат мәселесі мен сұрақтарына қатысты құбылыстарға талдау жасай білу; заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, экономикалық, құқықтық, саяси және экологиялық білім негіздерін пайдалана алады. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады;

Білуі тиіс: әлеуметтану ғылымын, оның пайда болу тарихы және дамуы, қоғамның негізгі теорияларына қатысты білімдерді және түсініктерді игеру; саяси ілімдердің тарихын, саясаттану құрылымын, негізгі теориялар мен тұғырнамалар және саясат саласын меңгеруге қажетті эмпирикалық және теориялық құзыреттің болуы; Қазақстандағы мемлекеттік және қоғамдық жастар саясатының негізін; саясаттану мен әлеуметтанудың негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, экологияның негізгі заңдарын, экожүйе ішінде биотилік және абиотилік өзара тығыз байланыс болатынын, құтқару жұмыстарын жүргізуді, тыныс жолдарын қорғаудың дербес құралдарын және теріні қорғаудың қолда бар құралдарын пайдалануды, дәрігерге дейін алғашқы жәрдем көрсетуді, экономика қызметінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілерін. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді;

Дағдылары болуы тиіс: теориялық және эмпирикалық білімдер негізінде қазақстандық қоғамының дамуындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жобалау; саяси үдерістер мен құбылыстарға эмпирикалық және теориялық талдау жасай алу; нақты жағдайды (ситуацияны) талдау кезінде экономикалық сипаттау проблемаларын анықтау, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату, экологиялық қауіпсіздіктің, сондай-ақ, өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайында, төтенше жағдайда әдеттегідей әрекет етудің тиісті нормалары мен талаптарын орындау, заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану, микро, макроэкономикалық және құқықтық құбылыстарды дербес талдау, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта шешімдер қабылдау. әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың шығу көзі мен зардаптарын, оларды алдын алу. Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді.

Құзыретті болуы тиіс: қоғам және қоғамдық пікірін оқыту әдеттерін кәсіби қызметінде қолдану, ішкі және сыртқы саясатта, халықаралық қатынастардың ерекшелігі жайлы, бүгінгі саясаттың өзекті мәселелерін игеруде жалпы және ғаламдық экология мәселелерінде және қауіпсіздік пен өмір сүру негіздері мәселесінде игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға, тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсында жеке қауіпсіздік және тұрғындардың қауіпсіздігің қамтамасыз етуге, латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты алған білімдерін практикада қолдана алады.

  1. Қорытынды бақылау түрі

Емтихан

  1. Кредиттер алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

  1. Модульдің ұзақтығы

Үш семестр

  1. Әдебиеттер

1. Иманбаев , М. Ө. Саясаттану негіздері. - Алматы : Жеті жарғы, 2014. - 335 б.

2. Рахымбаева А. С. Саясаттану: оқу құралы. - 2-ші басылым. - Астана: Фолиант, 2012.

3. Сыдықов, Ұ. Саясаттану. 2-ші басылым. - Алматы : Эверо, 2014. - 93 б.

4. Жүсіпова, А. Д. Әлеуметтану негіздері. - Алматы : Экономика , 2012. - 280 б.

5. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Абай ат. Қазақ Ұлттық Педагогикалық ун-ті. - Алматы: Қарасай, 2013.

6. Биекенов, К. У. Әлеуметтану: оқу құралы / К. У. Биекенов, С. К. Биекенова, Г. А. Кенжакимова. - Алматы : Эверо, 2015. - 389 б.

7. Қыстаубаева З.Т. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері / оқу құралы / З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2012. - 296 б.

8. Погосян Г. П. Экология және тұрақты даму : тестілер мен жаттығулар жинағы: оқу құралы / Г. П. Погосян, А. Г. Жумина ; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . - Қарағанды : Қазақстан-Ресей Ун-ті баспасы, 2012. - 222 б.

9. Әлинов М.Ш. Экология және тұрақты даму: оқу құралы / М.Ш.Әлинов. - Алматы: Бастау, 2012. - 270 б.

10. Ділдәбек, Д. С. Тіршілік қауіпсіздік негіздері: оқу құралы / Д. С. Ділдәбек. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 203 б.

11.  Андыбаева, Г.Т. Экономикалық талдау: оқу құралы. - Алматы, 2014.

12. Есенғалиева , Қ. С. Экономика негіздері: лекциялар, есептер мен жаттығулар, тест сұрақтары, ойлану сұрақтары / ; Қазақстан-Британ техникалық ун-ті. - Алматы : Экономика , 2012. - 1091 б.

13. Оспанов, Қ. И. Құқық негіздері: оқу құралы / Қ. И. Оспанов. - Толықт. 3-ші бас. - Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 303 б.

14. Алтынбасов Б.О. Құқық негіздері. Алматы, 2013.

15. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық- Алматы, 2013.

16. Құқық негіздері: оқу құралы / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті; ред. Б.Ө.Алтынбасов. - Астана: Мастер ПО, 2014. - 348 б.

17. Ерғалиев, Қ. С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы: оқу құралы / Қ. С. Ерғалиев ; Павлодар мемлекет. пед. ин-ты. - Павлодар : ПМПИ баспасы, 2012. - 135 б.

18. Жұбанұлы, Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері: ғылыми басылым / Қ. Жұбанұлы. - Алматы : Абзал-Ай, 2013. - 637 б.

19. Орфографиялық сөздік: сөздік / А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі ин-ты ; құраст. Р. Сыздықов [ж.б.]. - 6-шы басылым. - Алматы : Дәуір, 2013. - 719 б.


  1. Жаңартылған күні

31.08.17 ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет