«5В020500 Филология»



жүктеу 1.14 Mb.
бет4/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3-модуль. Қазіргі қазақ тілі және кәсіби тілдер


Модуль атауы және шифры

Қазіргі қазақ тілі және кәсіби тілдер, МММ-3

Модульға жауапты

Қазанбаева А.З., Жуынтаева З.Н., Қалиев Б.А., Ажарбекова Э.Н., Балмагамбетова Ж.Т., Пастушенко Т.А.

Модуль түрі

Міндетті

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

2-семестр – 3 сағат, 3-семестр – 4 сағат, 4-семестр – 4 сағат

Кредиттер саны

11

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

Үш семестр

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Тіл біліміне кіріспе, Орыс тілі, Шетел тілі

Модуль мазмұны

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы курсында сөз мағынасының дамуы, фразеология, лексикография, сөздің қалыптасу, даму заңдылықтарын, мағыналық жақтары мен қолданылу ерекшеліктерін, сөздің көп мағыналылығы мен ауыс мағынаға көшу жолдарын, қазақ тілі сөздік құрамы мен сөздік қорының толығу жолдарын, фразеологизмдердің белгілерін, түрлерін, варианттылығын, семантикалық топтарын, сөз табына қатыстылығын, қолданылу ерекшеліктерін меңгереді.

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы курсында сөздің морфологиялық құрамы, грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптары және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері мен морфологиялық құрылымы, қарастырылады.

Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі курсында синтаксис туралы түсінік, сөз тіркесі синтаксисі, сөз тіркесінің формалары, сөйлемді құрайтын элементтер, сөйлем мүшелері, сөйлемнің өзіндік белгілері, жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері, жай сөйлемнің құрылымдық түрлері қарастырылады.

Кәсіби орыс тілі пәнінің қызметі тілдің барлық типтерін жетілдіру және кәсіби қызметте болашақ маманға қажет әмбебап икемділікті қалыптастыру. Бұл міндет ғылыми стильді меңгеру дағдысымен, мамандық тілімен: рефераттау, тезис жасау, ғылыми мәтіндерді рецензиялау, ғылыми тілдікэтикетті меңгеру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау. Мамандық бойынша ғылыми әдебиетке шолу жасау. Кәсіби терминологиялық сөздікті қалыптастыру, мамандық бойынша мәтіндерге анотация құрастыру. Контраргумент элементтері арқылы диспутқа түсу. Мамандықтың басым ғылыми бағыттары жөнінде дискурссия жасау.



Оқытылатын шетел тіліндегі базалық категориялылық-түсініктеме аппараты және кәсіби шет тілдік терминология. Кәсіби-бағытталған шетел тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Шетел тілінде мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының сипаттамасы. Арнайы кәсіби-бағытталған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда қолдану.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: сөз, ұғым, мағына, сөздің морфологиялық құрамы мен құрылымын, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындап, алған білімін кәсіби деңгейде қолдана алу. Сөйлемді синтаксистік талдауда синтаксистік аспектілердің түрлерін білуге, қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми тұрғыдан танып-білуге үйретеді. Орыс және шетел тілдерінде мамандық бойынша кәсіби мәтіндерді түсіну, арнайы терминологияны, кәсіби орыс және шетел тілдеріне тән арнайы дайын тілдік формаларды және күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдану

Білуі тиіс: сөздік қор мен сөздік құрамның арақатысын, толығу жолдарын және сөз мағынасының түрлерін, берілу жолдарын, сөздің морфологиялық құрамын, грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағынаны, грамматикалық форманы, грамматикалық категорияны, сөздерді таптастыру принциптерін, сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымын, кәсіби және іскелік қарым-қатынас саласында орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеу стилін, типін, жанрлары мен формаларын, мамадықтар бойынша ғылыми мәтіндердің лексикалық, морфологиялық және снтаксистік ерекшеліктерін білу.

Дағдылары болуы тиіс: сөз, мағына түрлерін, мағынаның берілу жолдарын, семантикалық топтарды талдай білу. Сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығын айқындай алуға, түбір морфема мен қосымша морфема жігін ажырата білуге, ауызша және жазбаша сөйлеу формасында сөйлесім қызметінің 4 түрін (тыңдалым, оқылым, айтлым, жазылым) меңгеруге, мәтіндерден жаңа ақпараттарды, оның сараптамасын алу, түрлі типтердегі және жанрлардағы мәтіндерді құрастыруға, аннотациялауға, тезис жасауға, сөйлем ішіндегі синтаксистік байланыс пен синтаксистік қатынастарды талдай білуге.дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: сөздік құрам, сөздік қор, сөздің морфологиялық құрамын, түбір және қосымша морфема жігін ажыратуда, лексикалық, морфологиялық талдау жұмыстарында, қазақ тілі лексикологиясын, морфологиясын оқытуда кәсіби деңгейде қолдана алады. кәсіби міндеттерді және өзге ұлттардың мәдениетіне төзімділік қатынас құралы ретінде орыс тілінің тіклдік қабілеттілігін дамыту.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Профессиональный русский язык: учеб. пособие / Е. А. Журавлева [и др.]. - Алматы : Эверо , 2015. - 242 с.

2. Кубдашева К. Б. Профессиональный русский язык. - Алматы : Эпиграф, 2015. - 138 с.

3. Сансызбаева С.К. Профессионально-ориентированный русский язык. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 134 с.

4. Burmistrova V. Workbook on the professional-oriented Englisn Language for the students of the Specialty "Public Healthcare". - Алматы : Эпиграф, 2016. - 156 p.

5. Амерханова Ш. К. Профессионально-ориентированный иностранный язык (английский). - Алматы : Эпиграф, 2016. - 104 с.

6. Акбаева Г. Н. Профессионально-ориентированный английский язык для педагогических специальностей. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 151 с.

7. Сарекенова Қ.Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 168 б.

8. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы : Қазығұрт, 2013. - 639 б.

9. Сарбасова Қ. Б. Қазіргі қазақ тілі (лексикология және фразеология). - Алматы : Дәуір, 2012. - 199 б.

10. Сыздықова Г. О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. - Алматы : Дәуір, 2012. - 160 б.

11. Момынова Б.Қ. Қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 278 б.

12. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. - Алматы : Арыс, 2012. - 173 б.

13. Сыздықова Г. О. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. - Алматы : Дәуір, 2012. - 160 б.

14. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: монография-оқулық / жалпы ред. басқарған Ж. Жақыпов. - Алматы : Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2016. - 462 б.

15. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы : Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

16. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы : Қазақ ун-ті , 2012. - 186 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


4-модуль. Әдебиет негіздері


Модуль атауы және шифры

Әдебиет негіздері, МММ-4

Модульға жауапты

Рахимов Б.С., Такиров С.У., Жұмағұлов А.Б.,

Модуль түрі

Мамандық бойынша міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 3 сағат, 2-семестр – 3 сағат, 3-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

9

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1, 2, 3

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Мектепте жүргізілген пәндер: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті

Модуль мазмұны

Қазақ халық ауыз әдебиті пәні фольклор және фольклористика ғылымының және қазақ халқының ауыз әдебиеті оның туу, қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдерін қамтиды. Ежелгі асыл сөздің құндылықтарын парықтай білу. Қазақ халық ауыз әдебиеті жан-жақты қарастырылып, терең талданып зерделенеді. Хандығымыздың асыл қазынасы, бай мұрасы эстетикалық және поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады.

Әдебиеттануға кіріспе курсында әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму кезеңдерін, әдебиетке, әдебиеттану ғылымына қатысты терминдер, түсініктер жүйесі жан-жақты қарастырылып талданады, теориялық ұғымдар эстетикалық, поэтикалық тұрғыдан сараланып, кеңінен қарастырылады.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдау. Фольклорлық мұраларды образдық, көркемдік-эстетикалық сипаттарына қарай жіктей білу.

Білуі тиіс: әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін және әдебиетке қатысты түсініктер жүйесін. тілдің туыстық ерекшеліктерінің себебін анықтау, ауыз әдебиетінің жанрлық жүйелерін жан-жақты саралай білу, көне дәуір және хандық дәуір әдебиеттерінің тарихын жан-жақты қарастыру.

Дағдылары болуы тиіс: әлемдік әдебиетте танылған теориялық ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі көріністерін талдауға, фольклор үлгілері халық өлеңдері, эпостар мен лиро - эпостар, халық ертегілері мен аңыздардың өзіндік сипаттарын әдеби-теориялық тұрғыдан саралай алуға, қазақ әдебиетінің тарихи бастауы, кейінгі қалыптасу жолдары әдеби-тарихи эволюциясының табиғатын айқындап, аталған кезең әдебиетіндегі көркем шығармаларды әдеби-теориялық талдауға дағдылады.

Құзыретті болуы тиіс: әдебиет тарихынан алған теориялық білімін болашақта маман ретінде жүзеге асыра алу. Қазақ фольклорының тарихын, ауыз әдебиетінің бай мұрасын меңгере отырып, сабақ барысында қолдану. Әдеби теориялық ұғымдарды көркем шығармаларды талдауда, ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихын оқытуда қолдана алады

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Көпрүлу Ф. Түркі әдебиетінде алғашқы сопы-ақындар. - Түркістан: Б.ж., 2017. - 173 б.

2. Мерғалиев Д. М. Қазақстан өнеріндегі фольклорлық дәстүрлер. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 136 б.

3. Әбілұлы М. Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті. - Алматы: Эверо, - 2015. - 212 б.

4. Тілепов Ж. ХIV-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Дәуір, 2015. - 388 б.

5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы: Рауан, 2013. - 455 б.

6. Әбдуов М. І. Халық ақындары және фольклор. - Қарағанды: ҚарМУ басп. , 2014. - 145 б.

7. Бабадан қалған байлығым. Қазақ мақал-мәтелдері / құраст. К. Сегізбайұлы. - Алматы : Атамұра, 2014. - 405 б.

8. Жұмағұлов, А. Б. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы. - Қарағанды: Tengri Ltd, 2012. - 154 б.

9. Такиров, С. У. Әдеби сын белестері: ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдеби сын мәселелері: монография. - Алматы: Эверо, 2014. - 151 б.

10. Қабдолов , З. Сөз өнері. - Алматы: Өлке, 2014. - 495 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж

5-модуль. Тіл білімі негіздері және қазіргі қазақ тілі



Модуль атауы және шифры

Тіл білімі және әдебиет негіздері, МТМ-5

Модульға жауапты

Адилова А.С., Қалиев Б.А., Түйте Е.Е., Қазанбаева А.З., Рапишева Ж.Д., Ажарбекова Э.Н.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

1-семестр – 9 сағат, 3-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

12

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

1, 3

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Мектепте жүргізілген пән: Қазақ тілі

Модуль мазмұны

Тіл біліміне қатысты негізгі ұғымдар жүйесі және тілдік терминдер, тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы, тілдің шығуы, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні, дүниежүзі тілдерінің классификациясы, тіл білімінің салалары, жазу. Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика және олардың зерттеу нысандары. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны. Дыбыс – тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі. Туынды сөз. Туынды сөздердің жасалу тәсілдері, сөзжасамдық мағыналары. Тілдік катынастың ерекшеліктері, оның методологиялық не­гізі; тілдік қатынасты іске асырушылар мен хабардың ерекшелігі, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдері; тілдік қатынастың кұрамы, олардың қолданылу ерекшелігі.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: пәнге қатысты ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істей білу. Лингвистика ілімдерін жіктеп, саралау, талдауға машықтану. Фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу; дыбыс алмасуларын морфонологиялық тұрғыдан талдауға машықтану, туынды сөздердің жасалу тәсілдерін, мағыналарын айқындай алу. Студенттердің қатысымдық ілім бойынша теориялық білімі толығады.

Білуі тиіс: тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат, ақпарат береді.. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылым салаларымен байланысы туралы білуі керек. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады. Тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай білуі және фонетикалық дыбыс алмасуларына жатпайтын құбылыстардың сырын, морфологиялық қосымшалардың жалғану ерекшеліктерін, туынды сзөдердің сөзжасам тәсілдерін, туынды сөздің сөзжасамдық мағынасын меңгеруі қажет. Тілдік қатынас негіздерін меңгеру нәтижесінде студенттердің сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Дағдылары болуы тиіс: алған білімін алда оқытылатын тіл білімінің жекелеген салаларын меңгеруде, кәсіби қызметте жүзеге асыра алады. Дыбыстардың қолдану қабілеттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, түрлері, дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың арақатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастыру; морфонология курсынан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге машықтану. Туынды сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасамдық мағына түрлерін талдай білу, орыс аудиториясымен қарым-қатынас құру, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізу дағдысы қалыптасады.

Құзыретті болуы тиіс: тіл білімінен, әдебиет тарихынан алған теориялық білімін болашақта маман ретінде жүзеге асыра алу. Фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай білу; туынды сөздерді сөзжасамдық тұрғыда талдай алу, фонетика, морфоногия және сөзжасамнан негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу. Алған білімдерін қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы пәні мен тілдерді оқыту әдістемесін меңгеруге пайдалана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

3. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 639 б.

4. Еспекова Л. Ә. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Эверо, 2014. - 100 б.

5. Қалиев Б.А. Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.

6. Қалиев Б. А. Қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Эверо, 2014. - 166 б.

7. Хасанұлы Б. Үштілділік-біртарапты тілдік үдеріс. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: "Ұлағат", 2013. - 159 б.

8. Түйте Е. Е. Тіл табиғаты. - Алматы: CyberSmith, 2017. - 112 б.

9. Қазақ тіл білімі: лингвистикалық парадигмалар және лингводидактика. – Алматы, 2014.

10. Гончарова Л.М. Основы теории коммуникации. - М.: НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 352 c.

11. Нахимова Е.А. Основы теории коммуникации. - М.: Флинта, 2015. - 164 c.


Жаңартылған күні

31.08.17 ж


6-модуль. Қазақ және шетел әдебиетінің тарихы


Модуль атауы және шифры

Қазақ және шетел әдебиетінің тарихы, МТМ-6

Модульға жауапты

Абдуов М.І., Жұмагелдин Ж.Ш., Жарылғапов Ж.Ж., Төлеубаева К.А.

Модуль түрі

Мамандық бойынша таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

4-семестр – 3 сағат, 5-семестр – 4 сағат, 6-семестр – 3 сағат , 7-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

13

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

4, 5, 6, 7

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазақ халық ауыз әдебиеті, Қазақстан тарихы, Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті

Модуль мазмұны

ХІХ ғасырдың халық ақындарының өмірі мен шығармашылығына қатысты қажетті деректерді олардың мұраларындағы мәселелердің тарихпен арақатынасын айқындау. Әдебиеттану салалары бойынша жүргізілген ғылыми ізденістер бағыт-бағдарын сараланады. Ақындық өнердің даму, өркендеу себептері, дәстүр жалғастығы, тарихи-әлеуметтік жағдайлардың ақындар шығармашылығындағы көрінісі, әнші-лирик ақындардың өздеріне тән ерекшеліктері, ақындар шығармаларындағы дастаншылдық, отарлау саясатына көзқарас, діни қағидалар мен адамгершіліктің насихатталуы, Абай және қазақ поэзиясы, сынның пайда болуы, Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы, Шоқанның ғылыми еңбектері қамтылады. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні ХХ ғасырдың тұсындағы (1941-2000) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөніндегі хронологиялық ұстанымды сақтап, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде толық білім береді, басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелерін бағалай білу студенттердің өз пікірлерін қалыптастыруына жағдай жасайды.

Алаш ұранды әдебиеттің көркемдік-эстетикалық даму үрдісіне тән басты бағыттар мен ерекшеліктер талданады. Әдеби дамудағы жанрлық түрленулер мен жаңашыл қадамдардың әдеби-эстетикалық, әдеби-тарихи маңызы қлғамдық дамудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста сараланады. Ояну дәуіріндегі ұлттық сөз өнерінің тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму өрісін тарихи сабақтастықпен меңгереді. Кеңестік тоталитарлық жүйе қысымындағы Алаш қалам қайраткерлерінің әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі тәуелсіздік негіздерін бекітудегі тарихи құндылығы екшеледі. Қазақ прозасының қалыптасу, даму кезеңінде әлемдік әдебиетте бой көрсетіп, әдебиеттегі ірі ағымдар мен әдістердің типологиялық сипаттары дәйектеледі. Ағымдардың пайда болуы, дамуы, оның қазақ әдебиетіндегі көріністерін қарастырады. Әлем әдебиетінің даму ерекшеліктері, идеялық-көркемдік тұрғыдан жетілу кезеңдері мен толысу жолдары, дәстүрлік негіздері. Әлемдегі классик авторлардың шығармалары.

аламгердің шығармашылық шеберлігі, ізденісі жүйелі түрде меңгеру. Батыс және Шығыс Еуропа әдебиетіндегі жанрлық ерекшелік, әдеби ағымдар мен бағыттар, ақын-жазушылардың ұлттық әдебиетті дамытудағы өзіндік рөлі, әдеби байланыстардың рухани мәдениетті жаңартудағы маңызын анықтау.


Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық сипатын ұғынады. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі қазақ әдебиетінің типологиялық қырларын, жаңа тенденцияларын, жанрлық ерекшеліктерін біледі. Дүниежүзі халықтары әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдері, әдеби бағыттарына қатысты жазылған еңбектермен жан-жақты танысады.

Білуі тиіс: Қазақ әдебиеті тарихының жанрлық сипатын толық меңгереді. Салыстырмалы зерттеу тәсілін еркін әрі жан-жақты меңгереді. Анықтама әдебиеттермен, ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі қазақ әдебиетіне арналған ғылыми еңбектермен жұмыс істей біледі және әлем әдебиетін жанрлық тұрғыдан жүйелеудің жолдарын айқындай, біледі.

Дағдылары болуы тиіс: аталған кезең әдебиетіндегі көркем шығармаларды әдеби-теориялық талдай алады. Әдебиет тарихына байланысты әдеби талдауларға машықтанады. Шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын тақырыптық тұрғыдан жүйелеуге мүмкіндік алады.

Құзыретті болуы тиіс: қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа тенденциялары, әлемдік әдебиет туралы білімді ЖОО-ның жоғарғы курстарында және мектептердің жоғарғы сыныптарында оқытуда қолдана алады. Халық ақындарының шығармаларын, ағартушы-демократтардың мұраларын, арнаулар мен толғаулар үндестіктері мен өзгешеліктерін, түрлі жанрлардың өзіне тән сипаттарын оқытуда пайдалана алады Білім беру саласында әлемдік әдебиетті оқытуда қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Төрт семестр

Әдебиеттер

1. Әбішева Ш. С. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. - Алматы: CyberSmith, 2017.

2. Жарылғапов Ж.Ж. Жанр және көркемдік әдіс. -Алматы: Эверо, 2014.

3. Кенжебаева А. Ә. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті. - Алматы: CyberSmith, 2017. - 97 б.

4. Тамабаева Қ.Ө. Тәуелсіз ел әдебиетінің даму ерекшелігі. - Алматы: Эверо , 2014. - 152 б.

5. Жұмағұлов А. Б. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 205 б.

6. Жарылғапов Ж. Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 164 б.

7. Арыстан жалды заңғар жазушы / құраст.: С. Оспан, Б. Мырзабай, С. Құлбарақ. - Алматы: Білім, 2013. - 592 б.

8. Камалқызы Ж. Рахманқұл Бердібай және қазақ романы. - Алматы: Б.ж., 2016. - 320 б.

9. Смағұлов Ж. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. – Қарағанды, 2012.

6. Тілепов Ж. ХIV-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Дәуір, 2015. - 388 б.

10. Бұқар жырау тағылымы /құраст.: С. Б. Жұмағұлов, А. Б. Жұмағұлов. - Қарағанды: "Tengri Ltd", 2015. - 464 б.

11. Тарақов Ә. С. Әлем әдебиеті және көркем аударма. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 354 б.

12. Мәдібай Қ. Қ . ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. - 257 б.

13. Смағұлов Ж.Қ. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы. –Алматы: Эверо, 2014.

14. Қобланов Ж. Т. Шетел әдебиетінің тарихы. - Алматы : Бастау, 2015. - 196 б.

15. Жұмағұлов А. Б. Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (1968-1984 жылдардағы еңбектер негізінде ). - Қарағанды Арко, 2015. - 247 б.

16. Әл-Карени (Каренов) Р. С. Алаштың жиырма жыр алыптары. - Қарағанды : Қазақстан - Ресей Ун-ті баспасы, 2013. - 398 б.


Жаңартылған күні

31.08.17 ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет