«5В020500 Филология»



жүктеу 1.14 Mb.
бет6/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

10-модуль. Тіл теориясы және әдебиет тарихы


Модуль атауы және шифры

Тіл теориясы және әдебиет тарихы, МММ-10

Модульға жауапты

Қалиев Б.А., Түйте Е.Е., Жарылғапов Ж.Ж., Төлеубаева К.А.

Модуль түрі

Міндетті

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

5-семестр – 2 сағат, 6-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

5

Оқыту формасы

Күндізг

Семестр

5, 6

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; Тіл біліміне кіріспе; Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы; Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы; Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі, Ежелгі дәуірдегі казақ әдебиетінің тарихы, Қазақ халық ауыз әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы

Модуль мазмұны

Жалпы тіл білімі пәні студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғындыру, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгеруге мән береді. Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. жайында кең түсінік беріледі.

Қазіргі қазақ әдебиеті пәні көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, қазіргі заманғы басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелеріне байланысты бағалай білу студенттердің өз пікірлерін қалыптастыруына жағдай жасайды. Аталған пәнде қазіргі қазақ әдебиетіндегі негізгі идеялық-көркемдік ізденістер айқындалады және әдеби-теориялық тұрғыдан талданады, қазіргі қазақ әдебитіндегі жанрлық түрленулер, поэзядағы, прозадағы, драматургиядағы әдеби-эстетикалық шарттардың сақталуы сараланады.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: тіл білімінің жалпы теориялық мәселелерін айқындауға үйретеді; қазіргі қазақ әдебиетінің типологиялық қырларын, жаңа тенденцияларын, жанрлық ерекшеліктерін біледі.

Білуі тиіс: жалпы тілдік теориялардың шығу негізін танып білу, оқыту процесі кезіндегі алған білімін кәсіби деңгейде қолдана білу. Қазақ әдебиетіне арналған ғылыми еңбектермен жұмыс істей және әдебиетті жанрлық тұрғыдан жүйелеудің жолдарын айқындай біледі.

Дағдылары болуы тиіс: тілдің адам қоғамында атқаратын рөлін зерделейді, тілді зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдерді, аталған кезең әдебиетіндегі көркем шығармаларды әдеби-теориялық талдай білуге дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: тіл теориясынан жинаған теориялық білімдерін мектепте жүзеге асырады. Қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа тенденциялары туралы білімді ЖОО-ның жоғарғы курстарында және мектептердің жоғарғы сыныптарында оқытуда қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Тапанова С. Қазіргі қазақ әдебиеті (1917-1990 ж.ж.). - Алматы : Эпиграф, 2016. - 324 б.

2. Жарылғапов Ж.Ж. Жанр және көркемдік әдіс. -Алматы: Эверо, 2014.

3. Кенжебаева А. Ә. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті. - Алматы: CyberSmith, 2017. - 97 б.

4. Тамабаева Қ.Ө. Тәуелсіз ел әдебиетінің даму ерекшелігі. - Алматы: Эверо, 2014. - 152 б.

5. Жұмағұлов А. Б. Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 205 б.

6. Жарылғапов Ж. Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 164 б.

7. Түйте Е.Е. Тіл табиғаты. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. - 111 б.

8. Қалиев Б.А. Лингвистика ілімдерінің тарихы. Электронды дәрістер курсы. Қарағанды, № 5936, 2012.

9. Березин М.Ф. Общее языкознание. – М: Альянс, 2014. – 416 c.

10. Данильенко В.П. Общее языкознание и история языкознания. – М: Флинта, 2016. – 272 с.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж



11-модуль. Тіл тарихы және синтаксис мәселесі


Модуль атауы және шифры

Тіл тарихы және синтаксис мәселесі, МТМ-11

Модульға жауапты

Жуынтаева З.Н., Мажитаева Ш.М., Рапишева Ж.Д.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

4-семестр – 3 сағат, 5-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

6

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

4, 5

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; Тіл біліміне кіріспе; Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы; Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы; Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы; Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі; Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы;

Модуль мазмұны

Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет, оның табиғаты жайлы түрлі көзқарастар, оған беріліп жүрген анықтамалар; қазақ әдеби тілінің зерттелу тарихы, пайда болу кезеңдері, қандай негізде қалыптасқаны, даму сатылары жайында мағлұмат береді. Ұлттық жазуды жетілдіру шаралары, ғасыр басында қуғын-сүргін құрбандары болған А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, М. Жұмабайұлы, Х. Досмұхаммедов, Ж. Аймауытовтардың тіл тағдыры жайындағы еңбектері, термин жасау принциптері жайлы мәлімет беру. Құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, компоненттердің байланысу жолдары, мағыналық түрлері қарастырылады. Мәтіннің зерттелуі, мәтінтүзімдік құралдар, сөз таптарының мәтінтүзімі, қайталаулардың мәтінтүзімі, толымсыз сөйлемдердің мәтінтүзімдік қасиеті.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: құрмалас сөйлемнің басты белгілері, мағыналық түрлері жайында, тілдік тұлға-бірліктердің белгілі бір қолданыс саласындағы мақсат-міндеттерге сай жұмсалатынын біліп, әдеби тілдің қалыптасу жолдары мен заңдылықтары бойынша білімдері толығады, біліктілігі көтеріледі.

Білуі тиіс: сөйлемді синтаксистік талдауда синтаксистік аспектілердің түрлерін, қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми тұрғыдан танып-біледі. Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары, жеке стильдік тармақтарға саралануы, қоғамдық қызметі, тіл саясатына байланысты әдеби тілдің дамуына әсерін тигізетін ішкі (тілдік) және сыртқы (тілдік емес) жағдаяттар туралы, мәтін теориясы, мәтін түзуші құралдар жайында біледі.

Дағдылары болуы тиіс: мәтінтүзімдік тілдік құралдарды таңдау мүмкіндіктерін меңгеру. Сөйлем ішіндегі синтаксистік байланыс пен синтаксистік қатынастарды талдай білуге, әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен сабақтастығын ғылыми тұрғыда саралауға, қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен әдістер теориясын, тарихын талдауға, әдеби тілдің функционалдық стильдері нормаларымен танысып, сөйлеу тіл мәдениеті жетіледі, ой түюге, пікір алмасуға дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: алған білімдерін тәжірибе кезінде қолдана алады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары, жеке стильдік тармақтарға саралануы, қоғамдық қызметі, тіл саясатына байланысты әдеби тілдің дамуына әсерін тигізетін ішкі (тілдік) және сыртқы (тілдік емес) жағдаяттарды түсінуге үйретеді. Мәтін синтакисіне қатысты және шығармалардың тілдік сипатына байланысты алған білімдерін тәжірибе кезінде қолдана алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Қазақ тіліндегі айрықша құрылымды сөйлемдер синтаксисі. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. - 146 б.

2. Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

3. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Қазығұрт, 2013. - 639 б.

4. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

5. Ахметова Қ. А. Антилогизм мәнді синтаксистік конструкциялар. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 148 б.

6. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2012.

7. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014.

8. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар/ жалпы ред. басқарған Ж. Жақыпов. - Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2016. - 462 б.

9. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы : Абзал-Ай, 2014. - 639 б.

10. Адилова А. С. Көркем мәтіндердегі цитация құбылысы. - Алматы : Эверо , 2015. - 249 б.

11. Адилова А. С. Қазіргі қазақ көркем мәтіндеріндегі цитация құбылысы немесе мәтін ішіндегі мәтін. - Қарағанды : ҚарМУ баспасы, 2012. - 261 б.

12. Алефиренко Н.Ф., Голованева М.А., Озерова Е.Г., Чумак-Жунь И.И. Текст и дискурс. – М.. Флинта, Наука, 2012. – 232 с.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


12-модуль. Әдебиеттану және тіл білімі мәселелері


Модуль атауы және шифры

Әдебиеттану және тіл білімі мәселелері, МТМ-12

Модульға жауапты

Мажитаева Ш.М., Рапишева Ж.Д., Түйте Е.Е., Смағұлов Ж.Қ., Такиров С.У.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

6-семестр – 3 сағат, 7-семестр – 6 сағат

Кредиттер саны

9

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

6, 7

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; Тіл біліміне кіріспе; Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы; Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы; Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі; Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы; Әдебиеттануға кіріспе; ХХ ғасырдағы шетел әдебитетінің тарихы.

Модуль мазмұны

Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы, қазақ тіл біліміндегі көрінісі, когнитивтік лингвистика және терминология, тіл мен таным бірлестігі, әлемнің тілдік бейнесі, тіл мен сана.

Ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің даму жолдары мен әлем әдебиеті теориясының мәселелерін сабақтастықта қарастырып, көркем шығарманың мазмұны мен формасы, образдар жүйесі, жанрлар, поэтикалық тіл, өлең құрылысы т.б. теориялық ұғымдар мен категориялар қарастырылады. Әдебиеттанудың ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығы. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі, көркем шығармашылықтың мазмұны мен пішініні. Ғылыми-зерттеушіілік ой-пікірдің алғашқы ізденістері мен арналары. Ежелгі және көне дәуірдегі сыни және ғылыми ізденістер. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануының туу дәуірі. Баспасөз және әдебиеттану. ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттану. Маркстік-лениндік әдіснама және ұлттық әдебиеттанудың жетістіктері мен кемшіліктері. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеттануының жаңашыл бағыттары. Әдебиеттану және оның әдіснамасы мен ұлттық әдебиеттанудағы ғылыми мектептер тарихы. ХХ ғасыр басындағы алаш зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынов қалдырған лингвистикалық еңбектерін жан-жақты қарастыру. Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен үлкен талант иесі, тарихымызда орны ерекше зор тұлға туралы материалды меңгерту.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: тілдік таным, тілдік сана арқылы объективті ортаны тани алады, әлемнің тілдік бейнесін түсіндіре алады Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін аша білу. Әдеби туындыларды теориялық талдаудың ғылыми жолдарын меңгереді. Әдебиеттанудың ғылым ретіндегі тарихи даму заңдылығын игереді. Ғылыми әдіснаманың теориялары мен мектептері туралы филологиялық білімдер жиынтығын меңгеру. Тіл мен таным, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тіл мен сана байланыстары арқылы студенттердің дүние танымын кеңейту.

Білуі тиіс тіл арқылы қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді және тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігі жайында білім алады. Когнитологияның ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастырады. А.Байтұрсыновтың аударма, лингвистика, әдістеме саласындағы тұжырымдарымен танысу арқылы білімдері толығады. Әдебиет ұғымын, оның пәнін, мақсатын және міндетін; әдебиет феноменін, оның мазмұнын, түрлерін, типологиясын біледі. Әдебиет теориясының даму арналарын айқындау, әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін аша білу. Әдебиеттану ғылымы тарихының бастаулары мен арналарын білу. Әдеби-теориялық, әдеби тарихи және сыншылдық ой-пікірдің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеу еңбектердегі тұжырым мен қорытындыларды білу.

Дағдылары болуы тиіс: сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу мен әдебиеттану ғылымындағы терминдер мен түсініктер жүйесін қамту. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға бейімділігін қалыптастыру.тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін, әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным үдерісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтып, кәсіби қызметте жүзеге асыруға дағдыланады.

Құзыретті болуы тиіс: курс студенттердің жалпы теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуге, оны қоғамда дұрыс қолдана білуге үйретеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасының ерекшеліктерін айқындай алып, әдеби туындыларды талдауда, қазақ әдебиетін теориялық тұрғыдан сараптауда қолдана алады алу. Адамның таным үдерісіне қатысты білімін молайтып, тәжірибесін кеңейтеді. Қоршаған орта, жаратылыс туралы танымдық білімін қоғамдық практикада жүзеге асыра алады.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Сарыбаев , Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014.

2. Смағұлов, Ж. Қ. ХХ ғасырдың қырқыншы-алпысыншы жылдарындағы сын және әдебиеттану [Мєтін] : оқу құралы / Ж. Қ. Смағұлов , Қ. С. Қалыбекова, С. У. Такиров ; Қарағанды мемлекеттік техникалық ун-ті. - Қарағанды : Арко, 2015. - 372 б.

3. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2014.

4. Смағұлов Ж.Қ. Тарихтан тағылым. - Қарағанды : Арко, 2014. - 273 б.

5. Түйте Е.Е. Тіл табиғаты. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. - 111 б.

6. Қалиев Б.А. Лингвистика ілімдерінің тарихы. Электронды дәрістер курсы. Қарағанды, № 5936, 2012.

7. Березин М.Ф. Общее языкознание. – М: Альянс, 2014. – 416 c.

8. Данильенко В.П. Общее языкознание и история языкознания. – М: Флинта, 2016. – 272 с.

9. Манкеева, Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

10. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Қазығұрт, 2013. - 639 б.

11. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638 б.

12. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар [Мєтін] : оқу құралы / Бағдан Момынова. - Алматы : Арыс, 2012. - 173 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж


13-модуль. Көркем-әдебиет дискурсы және тілдік тұлға


Модуль атауы және шифры

Көркем-әдебиет дискурсы және тілдік тұлға, МТМ-13

Модульға жауапты

Жарылғапов Ж.Ж., Рахимов Б.С., Адилова А.С.

Модуль түрі

Таңдау

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

3-семстр – 3 сағат, 4-семестр – 6 сағат, 7-семестр – 3 сағат

Кредиттер саны

12

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

3, 4, 7

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; Тіл біліміне кіріспе; Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы; Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы; Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі; Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы

Модуль мазмұны

Мәдениеттер мен ғаламдық өркениеттер тоғысындағы аударма саласының алар орыны, қоғамдық қызметі, аударма және аудармашы міндеттерінің өзекті сипаттары. Аударма түрлері, аударма үдерістерінің өзіндік болмысы.

Ақын-жазушылар еңбектеріндегі ізденіс іздерін, дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық-рухани мұраттарды, дерек-дәйек көздерін, елдік-ерлік сипаттарды, көркемдік өрнектерді, тілдік-стильдік құбылыстарды жан-жақты танып, талдау.

Қазақ шешендік өнеріне қатысты алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.Маметова, Б.Адамбаевтардың қазақ шешендік өнерін әлемдік ретиорика ілімімен салыстыра отырып өарастыруы. Қазақтың әйгілі шешендері мен билерінің өмірі, олардың даналық пікірлері, әділділігі мен парасат пайымдары сөз өнерін тануға және өнерді бағалауы, «Халық педагогикасы», «халық философиясы», «халық психологиясы», тарихы мен сөз өнері.

Стиль, стилистика, стилистиканың негізгі мәселелері, стилистикалық құралдар, стилистикалық бояу, стильдік қызмет, функционалдық стилистика, тіл ресурстары стилистикасы, көркем әдебиет стиліндегі еркіндіктер, мәтіндердің функционалды типтерінің вербалды құрылымындағы лексика-семантикалық құралдар.

М.Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы, көркем шығармаларының жазылу тарихы, ғылыми мұрасы, жазушылық шеберлігі. М.Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы, көркем шығармаларының жазылу тарихы, ғылыми мұрасы, жазушылық шеберлігі.

Абайтану пәнінде ұлттық әдебиеттанудағы іргелі ілім абайтану қалыптасу жолдарының ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игереді. Абай шығармашылығының ұлттық, шығыстық, батыстық дәстүрлік негіздерін меңгереді.



Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: әдеби аудараманың қоғамдық қызметін, аударма және аудармаш міндеттерін айқындау. Шешендік өнер пәні ауызша өнер мен жазбаша сөз өнерін салғастыруға және оның теориялық негіздерін танып-білуге қызмет етеді. М.Әуезов туралы сыни және ғылыми еңбектерімен танысу, зерттеу жұмысын жасай білу, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әуезовтану ілімінің зерттеушілік әдіснамасының соны ізденістері мен бағыттарын түсіндіре алу мен талдау жасай алу. Абай мұраларын тілдік тұрғыдан талдауды игеру Коммуникативтік жағдаятқа сәйкес сөз сапасын ескере білу мүмкіндіктері. Шешендік өнердің теориялық негіздерін түсініп, ұлттық даму ерекшелегін пайдалана алады.

Білуі тиіс: студенттер әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы, ғылыми-практикалық мәселелерін жан-жақты жүйелі игеруі шарт. Тілдік бірліктердің стилистикалық реңкі, функционалдық бояуы болатынын білу. Абайдың ақындық мұрасының қазақ әдебиетінде қалыптастырған дәстүрлерін көркемдік сабақтастық тұрғыдан талдай білу. Әуезовтанудың алғашқы ізденістерден бастап, ұлттық әдебиеттануда әуезовтанудың қалыптасу жолдары мен негізгі бағыттары туралы филологиялық білімдер жүйесін меңгере білу керек. Тілдік тұлға-бірліктердің белгілі бір қолданыс саласындағы мақсат-міндеттерге сай бөлінетіні. Шешендік өнердің шығу тегі, қалыптасуы, түрлерін игеру және мәнерлеп оқу

Дағдылары болуы тиіс: пікір алысу, ой таластыру дағдылары қалыптасады. Мәдениеттер мен ғаламдық өркениеттер тоғысындағы аударма саласының маңызын, аударманың қоғамдық қызметін талдау. Оқыту нәтижесінде студенттердің ұлттық тілге деген білімі, біліктілігі жетілумен қатар халықтық салт-сананы игеріп, сөз бен саздың арасындағы олрганикалық байланысты жете түсінеді. Ұлттық әдебиеттанудың тарихындағы зерттеу әдіс-тәсілдерін М.Әуезов мұрасын ғылыми зерттеулер барысында қолдана білу. Функционалды стильдер типтеріне тән қолданыстарды, көріктегіш құралдарды қолдана білу. Қазақтың шешендік өнерінің және оны жасаушы байырғы өкіілдерінің таланты мен дарынын бағалау, келешек ұрпаққа үлгі өнеге ете білу. Функционалдық стиль қолданыстарын ажырата білу, стилистикалық құралдардың қызметін білу.

Құзыретті болуы тиіс Абайтанудың даму жолдары мен қазіргі даму сипаттарын айқындай алуды білім беру саласындағы әдебиетті оқытуда қолдана алады. Әдебиеттанушылық және салыстырмалы әдебиеттану, сыншылдық. Шешендік өнерді ұлттық және әлемдік тұрғыдан жанрлық мәселелерін игеріп, практика жүзінде қолдану. Теориялық алған білімді келешекте ғылыми көкейкесті мәселелерді шеше білуге, қолдана білуге үйрену. Сөйтіп өзінің кәсіби білімін үнемі шыңдау және білімділік жүйені, деңгейді қалыптастырып отыру, біліктілігін қазіргі ғылыми және әдіснамалық талаптарға сай арттыру. Алған білім, білік дағдыларын кәсіби қызметінде пайдалану.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Үш семестр

Әдебиеттер

1. Картаева А. М. Абайтану. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 272 б.

2. Молдабеков Ж. Шешендік. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 379 б.

3. Шормақова С. М. Шешендік сөздің поэтикасы. - Алматы : Эверо, 2014. - 175 б.

4. Омаров А. Абай: ашылмай келген қырлары. - Астана : Фолиант , 2015. - 342 б.

5. Мырзахметұлы М. Абайтану. - Астана : "Interactiv Kazakhstan", 2014. - 520 б

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: «Дәуір-Кітап», 2013. – 240 б.

7. Қанабекова М.Қ. Қазақ тілі стилистикасының негіздері: оқу құралы/– Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. – 258 бет.

8. Әділова А.С. Қабылдау стилистикасы / - Алматы: Эверо, 2016. – 128 б.

9. Алефиренко Н.Ф., Голованева М.А., Озерова Е.Г., Чумак-Жунь И.И. Текст и дискурс. – М.: Флинта, Наука, 2012. – 232 с.

10. Негимов С. Әуезовтің әйгілі шәкірті // Егемен Қазақстан. - 2013. - 22 мамыр (№131).

11. Арыстан жалды заңғар жазушы: ғылыми басылым / құраст.: С. Оспан, Б. Мырзабай, С. Құлбарақ. - Алматы: Білім, 2013. - 592 б.

12. Әбдезұлы, Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2012. - 243 б.



13. Аударманың өзекті мәселелері: ғылыми басылым / құраст. С. Құлманов. - Алматы : Palitra-Press, 2015. - 296 б.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет