«5В020500 Филология»



жүктеу 1.14 Mb.
бет7/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

14-модуль. Құжаттану және құқық


Модуль атауы және шифры

Құжаттану және құқық, ҚМ-14

Модульға жауапты

Рапишева Ж.Д., Какимова М.Ш..

Модуль түрі

Қосымша оқыту түрі

Модуль деңгейі

BA

Апта ішіндегі сағат саны

3-семестр – 2 сағат, 4-семестр – 2 сағат

Кредиттер саны

4

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

3, 4

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы;

Модуль мазмұны

Студенттерді өз мамандығы бойынша құжаттарды және мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эсселер жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазуға машықтандыру, әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығы бойынша құжаттардан негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы іс қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері, Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік, әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту.

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері, төтенше жағдайлар кезіндедәрігерге дейін көмек көрсету.сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік.

Білуі тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, ісқағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу. «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін, жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін біледі. Кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

Дағдылары болуы тиіс: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде ісқағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі, нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,. Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік, діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты сияқты түсініктерді меңгерту,

Құзыретті болуы тиіс: Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шарты негізіндегі жемқорлыққа қарсы тұруға үйренеді, коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну, қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену, құқық нормасын позитивті қабылдау.

Қорытынды бақылау формасы

Емтихан

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

Екі семестр

Әдебиеттер

1. Бектасова, Ж. Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. - Алматы : Эпиграф, 2016. - 124 б.

2. Әбутәліп, О. М. Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. - Астана : Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2013. - 272 б.

3. Егіншебаева Н. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2012.

4. Қасымбеков М. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. – Көкшетау, 2012.

5. Смағұлов, А. А. Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары. - Астана : АртPrint XXI, 2012. - 262 б.

6. Турдалиев, Ә. О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы. - Алматы : CyberSmith, 2017. - 371 б.

7. Құқық негіздері / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті; ред. Б.Ө.Алтынбасов. - Астана: Мастер ПО, 2014. - 348 б.

8. Ғаламдану жағдайындағы құқықтық мемлекет: ғылыми еңбектер жинағы = Правовое государство в условиях глобализации : сб. науч. тр. / Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ун-ті ; құраст. А. В. Турлаев. - Қарағанды : Tengri , 2016. - 198 б.

9. Оспанов, Қ. И. Құқық негіздері. - Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 303 б.



10. Матузов Н.И. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық. - Алматы, 2013.

Жаңартылған күні

31.08.17 ж



15-модуль. Практика


Модуль атауы және шифры

Практика, ҚОТ-15

Модульға жауапты

Рахимов Б.С., Қалиев Б.А., Жұмагелдин Ж.Ш.

Модуль түрі

Қосымша оқу түрлері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

2-семестр – 2 апта, 4-семестр – 2 апта, 6-семестр – 3 апта, 8-семестр – 14 апта

Кредиттер саны

12

Оқыту формасы

күндізгі

Семестр

2, 4, 6, 8

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Модуль мазмұны

Оқу, педагогикалық және дипломалды іс-тәжірибелері көп деңгейлі оқыту жүйесіне сәйкес жоғары білімді маман дайындаудың ең негізгі бөлігін құрайды. Оқытудың аталмыш түрі ЖОО-да студенттердің игерген теориялық білімі мен әр түрлі деңгейдегі мектептерде олардың өз бетімен жұмыс істеу үдерісін байланыстырады. Ол студентке меңгерген білім қорын байытып, іскерліктері мен таңдаған мамандығы бойынша қалыптасқан дағдыларын жетілдіруге және дербес педагогикалық қабілеттерін арттыруға мейлінше қолайлы мүмкіншілік туғызады. Студенттерді оқытушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары оқу орнында психологиялық-педагогикалық пәндерден, арнайы әдістемеден және негізгі пәндерден алған білімдерін жан-жақты қолдануға үйретеді

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: оқу үдерісін, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорытуға және таратуға, оқытудың техникалық құралдарын қолдануға үйренеді. Орта мектеп-гимназия мен лицейлерде оқушылардың танымдық, кәсіби еңбегін жандандыратын әр түрлі типтегі және әдістегі оқу жұмыстарын жоспарлау мен жүргізуді игереді. Іс-тәжірибеден өту барысында жиналған зерттеу жұмыстарын, мәліметтерді талдап және жүйелеп, белгілі бір теориялық тұжырымдар жасауы жұмыстарын жоспарлай білуді, топтастыруды және қорытындылай білуді игереді.

Білуі тиіс: студенттің сабақ жүргізгенде және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуде ұстазға керекті педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды жете меңгере білуі керек. Студент диплом жұмысының тақырыбын аша білуі, оны талдап, баяндай білуі, зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған атау, ұғым терминдердің анықтамаларын түсіндіре білуі керек.

Дағдылары болуы тиіс: мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі мен іс-тәжірибелік дағдыларын, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу мақсатында ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.

Құзыретті болуы тиіс: Студент іс-тәжірибе кезінде алған педагогикалық іскерліктер мен дағдыларын орта мектеп-гимназия мен лицейлерде, кәсіби мектептерде бағыт-бағдар ретінде пайдалана алады. Іс-тәжірибенің қорытындысын диплом жұмысын (жоба) жазуда қолдана алады

Қорытынды бақылау формасы

Диф.сынақ

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

21 апта

Әдебиеттер

1. 2007 жылдың 27 шілдесіндегі (2015 жылдың 12 сәуіріндегі өзгертулер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

2. ҚР БҒМ «Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесі мен іс-тәжірибе базасы ретіндегі ұйымды анықтау Ережелерін бекіту туралы» №107 2016 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығы. Астана, 2016.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ білім алушыларының кәсіби іс-тәжірибесі туралы ереже. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017.

3. Қалиев Б.А. Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 17 б.

4. Қалиев Б.А. Тілтанымдық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 19 б.

5. Қалиев Б.А. Диалектологиялық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 26 б.



Жаңартылған күні

31.08.17 ж



16-модуль. Мемлекеттік аттестация

Модуль атауы және шифры

Мемлекеттік аттестация, МКА-16

Модульға жауапты

Жарылғапов Ж.Ж., Мажитаева Ш.М.

Модуль түрі

Қосымша оқу түрлері

Модуль деңгейі

ВА

Апта ішіндегі сағат саны

2-4 апта

Кредиттер саны

3

Оқыту формасы

күндізгі

Семестр

8

Білім алушылардың саны

16

Модуль пререквизиттері

Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, Жалпы тіл білімі, Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Модуль мазмұны

Мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігін қалыптастырады

Білім беру нәтижесі

Білікті болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында, емтиханды тапсыру кезеңінде және тапсырып болғаннан кейін студенттің барлық оқыған пәндерінен алған білімін қолданып белгілі бір құбылысты, процесті, жағдайды түсіндіре алу қабілетімен ойларын жинақтап тұжырымдай білу іскерлігі қалыптасады. Өздік жүмысты жүргізу қабілеттілігін арттыру және диплом жұмысын орындау барысында қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу әдістемелерін игереді

Білуі тиіс: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерінің жиынтығын, нәтижесін көрсете білуі және бойында қалыптасқан білім, іскерлік, дағдыны жүйелеп, қорытындылай алуы қажет. студент өзінің білім деңгейіне байланысты тақырып таңдай білуі, тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға өзінің көзқарасымен жауап қайтару, әртүрлі пікірлерді жан-жақты ашып көрсету және өзінің осыған қатынасын қалыптастыра білуі керек

Дағдылары болуы тиіс: мемлекеттік емтиханға дайындалу барысында оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуге, студент диплом жүмысын орындауы барысында зерттелген объектінің материялдары негізінде өз ойын білдіре алу қабілетіне, негізгі мәселелерді айқындауға және корытындыларды және ұсынылымдарды қалыптастыра білуге дағдыланады

Құзыретті болуы тиіс: алған білімдерін емтихан тапсыру барысында, келешекте жұмыс орнында немесе ЖОО кейінгі білім алу барысында қолдана алады. Сонымен қатар студент өзінің біліктілік талабына сай білім сапасын анықтай алады.

Қорытынды бақылау формасы

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын (жоба) қорғау

Кредит алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерінің орындалуы

Модуль ұзақтылығы

4 апта

Әдебиеттер

1. ҚР МЖМБС 3.08.275.-2006, Астана

2. №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде типтік оқу жоспары

3. ҚР Үкіметінің №1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы №292 ) бұйрығы. Астана, 2016

4. ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» №152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығы. Астана, 2012



Жаңартылған күні

31.08.17 ж






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет