5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін «Валюталық операциялар» пәнінің



жүктеу 215.18 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі215.18 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

042-14-3-02.- 1.12.- 33 -2015



« Валюталық операциялар » пәні бойынша оқытушыларға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 2 Баспа


5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

«Валюталық операциялар» пәнінің

оқу-әдістемелік кешені


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2015




Мазмұны


1.

Пайдалану саласы




2.

Нормативтік ұсыныстар




3.

Жалпы мәліметтері




4.

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




5.

Студентерінің өздік жұмысының тақырыптарының тізімі




6.

Пәні бойынша оқу-әдістемелік картасы




7.

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы




8.

Әдебиеттер





1. Пайдалану саласы.

Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Валюталық операциялар» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 5В050900 – «Қаржы», мамандықтарының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.
2. Нормативтік сілтемелер.

«Валюталық операциялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өңделген «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ереже» талаптарына сәйкес өңделген.

5В050900 – «Қаржы» мамандығының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, ГОСО РК 6.08.008-2008, 23 01. 2008 ж. №26 Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығымен бекітіліп, қолдануға енгізілген.
3. Жалпы мәліметтер.

3.1. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

«Валюталық операциялар» туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Банк және мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі туралы оқу – валюталарды және валюталық операциялардың техникасын теориялық тұрғыдан танып білуді сипаттайды.

Курстың мақсаты мен міндеттері банктердің валюталық операцияларын және оларды ұйымдастыруды оқып білудің қажеттілігімен, валюталық операцияларды оқып білудегі теориялық және әдістемелік тәсілдердің маңыздылығымен шартталған. Берілген курс банктің қызметіндегі валюталық операциялардың ұйымдастырылуын, олардың жүзеге асырылу тәртібін, валюталық шоттардың, есеп айырысулардың ерекшеліктерін қарастыру сияқты тақырыптарды қарастыратын практикалық пән болып табылады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық пән болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсының пәні - банктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары, сонымен қатар қазіргі заманғы банктердің валюталық операцияларының, валюталық мәмәлелердің жағдайларын қарастыру, банк қызметіндегі валюталық операциялардың тиімді ұйымдастыру әдістері, формалары мен принциптері болып табылады.

«Валюталық операциялар» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.



Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, валюталық операцияларға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.
3.2. Берілген курстың мақсаттары:

  • студенттерге коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың теориялық аспектілері бойынша, банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің валюталық операциялары мен валюталық мәмілелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.



3.3. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

  • студенттерге банктегі валюталық операциялардың ерекшеліктері бойынша тиісті білім беру;

  • нарықтық коньюктурамен байланысты шетелдік тәжірибені ескеріп, математикалық-статистикалық әдістерді қолдана отырып коммерциялық банктің валюталық операцияларын жүзеге асырумен байланысты байланысты сұрақтарды шешумен байланысты практикалық дағдыны меңгеру.

  • оларға банктік сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • банк қызметінің болашақ кәсіпқой мамандарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.


3.4. Пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде валюталық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, банк саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың ұйымдасты-рылуын, соның ішінде заңды және жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізудің, валюталық нарықтың, валюталық мәмілелердің, валюталық несиелердің, банкаралық валюталық қатынастар жүйесінің ерекшеліктері мен тіртіптерін, сонымен қатар банк қызметіндегі халықаралық валюталық есеп айырысулардың жүзеге асырылу негідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, банк жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Валюталық операциялар» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы ақша–несие, валюталық саясатын, банктегі валюталық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады;

3.4. Курстың алдыңғы реквизиттері: қаржы, экономикалық теория.

3.5. Курстан кейінгі реквизиттері: банк ісі, экономиканы ақша - несиелік реттеу, төлем жүйесі, векселдік несиелендіру, коммерциялық банктегі қаржылық талдау.

1 кесте - Жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Курс


Семестр

Кредит-тер

Дәріс

(сағат)


СПС (сағат)

ООӨЖ (сағат)

ОӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қорытынды бақылау формасы

2

3

3

30

15

45

45

135

емтихан



4. ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2 кесте - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлінуі.

Тақырыптарының аталауы және олардың мазмұны

Сағат көлемі

Әдебиет

1

2

3

Дәрістік сабақтар

1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.

Валюталық реттеудің мәні мен қажеттілігі. Валюталық реттеу әдістер: тікелей (директивті) және жанама-экономикалық. Валюталық реттеу обьектілері: валюталық заңдылықтар мен валюталық операциялар. Валюталық заңдылықар түрлері. Валюта және оның жіктелуі. Шетел валютасы. Шетел валютасында бейнеленген бағалы қағаздар мен төлем құралдары. Қымбат бағалы металдар мен тастар. Валюталық операциялар және оның түрлері. Ағымдық операциялар және валюта қоғалысымен байланысты операциялар. Резидент және бейрезидент түсінігі.

Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті. Ұлттық валюта бағамын реттеудегі ҚР Ұлттық банктің ролі мен қызметтері. ҚР Ұлттық банкінің валюталық саясаты. ҚР-дағы валюталық шектеудің мақсаты мен мазмұны. Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі. ҚР-ның Ұлттық банкінің алтын валюта резерві, олардың қалыптасуы және жұмсалу тәтібі.

Валюталық бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Экспорттық-импорттық бақылау, оның маңызы мен қағидаттары. Валюталық бақылау органдары мен агенттері және олардың құзыреттері. Валюталық заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктер.



4

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.

Заңды тұлға түсінігі. Валюталық шоттың түсінігі және түрлері. ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізуі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. ҚР-дағы өкілетті банктерді валюталық шот ашудың жалпыға ортақ сызбасы. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты жүргізуі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шот ашу тәртібі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу үшін қажетті құжаттары. Бейрезидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.



2

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.

Жеке тұлға түсінігі. Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық шоттар түрлері. Шетел валютасында резидент –жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. Шетел валютасында резидент-жеке тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шоты жүргізуі. Бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу тәртібі. Бейрезидент –жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.


2

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


4. Валюта нарығы.

Валюталық нарықтың мәні мен қызметтері. Ұйымдастырылған (биржалық) және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) валюталық нарықтардың қызметтеріжәне операциялары. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың құралдары. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктерімен атқаратын қызметтері.

Ұлттық валюта нарығының сипаты. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен дамуы. Қазақстан қор биржасындағы валюталық құндылықтармен жасалатын операциялар.

Валюта бағамының мәні мен түрлері. ҚР-дағы өзгермелі валюта бағамының енгізілу себептері. Ва люталарды бағалау (котировка). Валюталарды тікелей және жанама бағалау. Кросс-бағам, оны анықтау техникасы. Валюталық бағамға ықпал етуші факторлар.

ҚР-дағы ішкі валюта нарығының даму мәселелері. Төлем балансы негізінде валюталық нарықтың болашағына баға беру.


4

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


5. Валюталық мәмілелер.

Валюталық мәмілелер, оның сипаты. Валюталық мәмілілір түрлері. Тез арада валютамен жабдықтау мәмлелерінің –«своптың» мәні. «Форвард» мәмілесі. «Спот» және «Форвард» мәмілелері бойынша бағамдар. «Спот» мәмілесінің түрлері. «Репорт» және «Дерепорт» мәмілелерінің сипаты. «Аутрайтпен» жасалатын мәмілілер. Аутрайт бағамын анықтау техникасы. Опцион мәмілесі, оның түрлері. Опцион кол және опцион пут келісімдерінің өзара айырмашылықтары. Фьючерс мәмілелерінің сипаты. Опциондық және фьючерлік мәмілелердің айырмашылықтары.

Валюталық арбитраж және оның түрлері. Проценттік және уақытша валюталық арбитраждар.

Валюталық позицияның мәні. Валюталық позиция түрлері. Ашық және жабық валюталық позиция. Қысқа және ұзын валюталық позиция. Мәміле жасасу күні. Валюталау күні.

Валюталық мәмілелерден туындайтын тәуекелдер. Валюталық тәуекел ұғымы және пайда болу себептері. Валюталық тәуекел түрлері: коммерциялық, конверсиондық, трансляциялық, форфейторлық. Валюталық тәуекелдерден сақтандыру әдістері: неттинг, хеджирлеу, валюталық своп, листинг.


6

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


6. Валюталық несиелер.

Валюталық несие ұғымы. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері. Валюталық несие түрлері. Фирмалық (коммерциялық) несие. Экспорттық несие. Лизингтік несие. Факторинг.

Банкаралық несие, оның мәні. Банкаралық несие түрлері. Овердрафт несиесі, оның берілу тәртібі. Жаңартылмалы (револьверлік) несиелер, олардың сипаты және беру тәртібі. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары. Банктің тапсырмасы мен кепілдемелері. Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.

Валюталық несиелерді беру шарттары және олардырәсімдеу тәртібі. Валюталық несиелерді алу үшін қажетті құжаттар. Валюталық несиелердің пайдаланылуына және қайтарылуына бақылау жасау.



4

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар.

Экспорт және импорт ұғымы. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың сипаты. Есеп айырысу шарттары мен тәртібі. Төлем валютасы.

Валюталық есеп айырысу нысандары. Банктік аударымдар. Ашық шот бойынша төлемдер сипаты. Аванстық төлемдердің мәні және ерекшеліктері. Инкассомен есеп айырысу. Құжатты және құжатсыз инкассолар сипаты. Аккредитивпен есеп айырысу. Аккредитивтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Қайтарылатын және қайтарылмайтын аккредитивтер. Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген аккредитивтер. Расталған және расталмаған аккредитивтер. Распталған расталмаған аккредитивтер. Аккредитив ашу тәртібі.


4

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.

Жол чегінің мәні және қызметтері. Жол чегінің өзіне тән белгілері. Жол чегінің эмитенттерімен ұстаушылары. VISA, American Express, Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.

Жол чегімен опеарциялар жасау. Клиенттерге жол чегін беру және рәсімдеу тәртібі. Жол чектерін төлеу тәртібі. Коррсепондент банктердің арасында жол чектері бойынша өзара есеп айырысулар. Еурочектер жүйесі.

Несиелік карточкалардың мәні мен қызметтері. Несиелік карточкалардың түрлері, олардың сипаты. Несиелік карталардың эмитенттері мен пайдаланушылары. VISA несиелік карточкасына қызмет көрсету. VISA несиелік карточкасын алу тәртібі. VISA несиелік карточкасы иелеріне қолма қол ақшаларды беру. American Express, Eurocard-Mastercard несиелік карточка-ларына қызмет көрсету. Eurocard

-Mastercard несиелік карточкаларына қызмет көрсету.

ҚР-дағы өкілетті банктердің несиелік карточкалар мен жол чектеріне қызмет көрсету ерекшеліктері.



2

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.



9.Банкаралық корреспонденттік қаты-настар жүйесі.

Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастардың мазмұны. Ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібі. Корреспонденттік қатынастар орнату техникасы. Корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу. Бухгалтерлік байланыстар. Аналитикалық және синтетикалық есеп. Шетел валютасындағы шот бойынша аналитикалық есеп жүргізу. Валюталық шоттарды қайта бағалау. Қосарлы бағалау. Негізгі шоттар бойынша жеке бет шоттарын ашу және нөмірлеу сызбасы. СВИФТ жүйесі, оның банкаралық кореспонденттік қатынастардағы ролі мен қызметтері.

Қазақстан қор биржасынан (КАSЕ) қолма-қол және қолма-қолсыз валюталарды сатып алу техникасы.


2

8.2.1.

8.2.2.


8.2.3.

8.2.4.


8.2.5.

8.2.6.


5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫ-РЫПТАР ТІЗІМІ.


  1. Дүниежүзілік валюталық жүйе: дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық. Оның негізгі элементтері.

  2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы.

  3. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын негізгі халықаралық ұйымдар.

  4. ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері.

  5. ҚР Ұлттық банктінің валюталық саясаты.

  6. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы және даму этаптары.

  7. Тенге девальвациясының валюталық нарық жағдайына әсері.

  8. Маршалл-Лернер шарттары.

  9. Американдық және неміс валюталық биржалары.

  10. Сатып алу қабілетінің паритеті.

  11. Коммерциялық банктің валюталық позициясы ұғымы және оның түрлері.

  12. ҚР Ұлттық банкінің ашық валюталық позицияны реттеуі.

  13. Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

  14. Экспорттық және импорттық жеткізулерді хеджирлеу.

  15. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша жедел мәмілелер.

  16. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша опционның негізгі белгілері.

  17. Дүниежүзілік қор нарығының құрылымы.

  18. Еуронарықтың сипаттамасы.

  19. LIBOR және FIBOR мөлшерлемелері.

  20. Төлем балансы.

  21. Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты және төлем балансы.

  22. ҚР мысалында төлем балансының тапшылығын жабу тәсілдері.


6. ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3 кесте


Дәрістік сабақтардың тақырыптарын аталауы

Практикалық сабақтардың тақырыптарын аталауы

Материалдық қамтамасыз етiлуi.

Бақылау формасы

Өкілетті банктердің валюталық операция-ларын реттеу.


Өкілетті банктердің валюталық операция-ларын реттеу.


Курс бағдарламасы, слайдтар,

Ауызша сұрау, бақылау жұмысы.

Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.


Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.


Курс бағдарламасы, слайдтар,

Ауызша сұрау.

Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.


Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.


Курс бағдарламасы,, слайдтар,

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау.

Валюта нарығы.

Валюта нарығы.

Курс бағдарламасы, слайдтар, тесттер

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Валюталық мәмілелер.


Валюталық мәмілелер.


Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

Ауызша сұрау

Валюталық несиелер.

Валюталық несиелер.

Курс бағдарламасы, слайдтар, тесттер

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Халықаралық валю-талық есеп айырысу-лар.


Халықаралық валю-талық есеп айырысу-лар.


Курс бағдарламасы, слайдтар,

Ауызша сұрау, бақылау жұмысы.

Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.


Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.


Курс бағдарламасы, слайдтар,

Ауызша сұрау

Банкаралық коррес-понденттік қатынастар жүйесі.


Банкаралық коррес-понденттік қатынастар жүйесі.


Курс бағдарламасы, слайдтар, тесттер

Ауызша сұрау, бақылау жұмысы.


7. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛУ КАРТАСЫ
4 кесте- Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы

Оқулық және оқу-әдiстемелiк құралдарыны» атауы.

Кiтапханадағы саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы, %

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

15

1

100

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.




1

100

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

10

1

100

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

10

1

100

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

3

1

100

8. ӘДЕБИЕТТЕР:
«Валюталық операциялар» курсын оқу барысында заңдылықтар мен оқу әдебиеттері маңызды орын алады. «Валюталық операциялар» банк қызметтерінің бірі болып табылады, сондықтан «Валюталық операциялар» пәнін оқу барысында нарықтық экономиканы, соның ішінде банктік секторды жетілдіру бағыттарын анықтайтын заңдылық органдардың шешімдерін сүйеніп, нарық жағдайында экономиканы басқарудың тиімді әдістерін меңгеру қажет. Сәйкесінше «Валюталық операциялар» курсы Қазақстан Республикасының Парламентінің, Үкіметінің, Мемлекеттік реттеу және қадағалау органдарының төменде көрсетілген заңдылық актілеріне сүйенеді.

8.1. Заңдылық актілер


      1. 12 қараша 1993 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы.

      2. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы, 31.08. 1995 ж.

8.1.3.«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы, 30.03 1995 ж.

8.1.4. «Валюталық реттеу туралы» ҚР Заңы, 24. желтоқсан 1996, №54-1 (09.07.98, 16.07.99, 30.01.01 өзгерістер енгізілді);

8.1.5. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы, 2 шілде 2003 ж.

8.1.6. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген, 24.11.94.,№88 (03.07.2001 өзгерістер енгізілді);

8.1.7.Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тіркеу тәртібі (31.03.2001 өзгерістер енгізілді);

8.1.8. «Банктің қарыз алушылардың несиеқабілеттілігін талдау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Хаттама №26, 27.10.97

8.1.9.Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы инструкция. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген

8.1.10.«ҚР несиелік бюролар мен несиелік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы, 06. 07. 2004 ж.


8.1.11. «Пруденциалдық нормативтер туралы» ереже, Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген, 27.10.97.,№380

8.1.12. Шетел валютасын пайдаланумен байланысты лицензиялау тәртібі туралы нұсқау. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының қаулысымен бекітілген, 24.04.97.


Базалық оқу құралдары ретінде келесі қайнар көздерді қолдану ұсынылады:
8.2. Базалық әдебиеттер:

8.2.1.Лизолетт Сурен «Валютные операции. Основы теории и практики» Москва, Дело,2008

8.2.2.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

8.2.3.Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

8.2.4.А.Д.Голубович. О.М.Миримская, Валютные операции в коммерческих банках. Москва, «МЕНАТЕП-ИНФОРМ»,1994

8.2.5.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

8.2.6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

8.2.7.А.Г.Наговицин, В.В.Иванов «Валютный курс. Факторы. Динамика. Прогнозирование» Москва, Инфра-М,1995

8.2.8.Красавина Л.Н. «Международные валютно-кредитные и финансовые отношения» Москва, Финансы и статистика,1994

8.2.9.В.ВАчаркан «Валютные курсы в экономика современного капитализма». Москва Междунардные отношения,1996

8.2.10.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2002 ж.

8.2.11. А.Г.Наговицин «Валютная политика», Москва. Экономика. 2000

8.2.12.Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и операции. - М., 1995.

8.2.13.М.К.Бункина, А.М.Семенова «Основы валютных отношений»Москва,2000

8.2.14.Г.Н.Бурлак, О.И.Кузнецова Техника валютных операций, Москва,1998

8.2.15.Челноков В.А. Банки и банковские операции. - М., 1998г.

4.2.16.М.В.Ершов «Валютно-финансовые механизмы в современном мире», Москва, Экономика 2000

8.2.17.А.В.Цимайло «Платежный баланс и валютный курс», Москва, Наука,1991

8.2.18.А.Ю.Климов «Проблемы валютного регулирования в странах с рыночной экономикой», Новосибирск, Наука,1999

8.2.19.М.В.Федоров «Валюта, валютная система и валютные курсы», Москва,1995

8.2.20.А.В.Аникин «Золото: международный экономический аспект», 2-ое издание, Москва.: Международные отношения,1998
8.3. Мерзімді басылымдар:

8.3.1.А.Омарова Развитие валютного рынка Казахстан, Вест.КазНУ, №4, 2004

8.3.2.Искаков У.М. Финансовые рынки и посредники, Алматы, Экон, 2005 г.

8.3.3.«Финансы» журналы;

8.3.4.«Вопросы экономики» журналы;

8.3.5.«Қаржы-қаражат» журналы;

8.3.6.«Бизнес и право» журналы;

8.3.7.«КазМБУ Хабаршысы» журналы;

8.3.8.«Банки Казахстана» журналы;

8.3.9.«Панорама» газеті;

8.3.10.«Деловая неделя» газеті;

8.3.11. «Аль-Пари» журналы;

8.3.12. «Банковское дело»журналы;

8.3.13. «Аудит и финансовый анализ» журналы;

8.3.14.Қазақстан Ұлттық банкінің хабаршысы.

8.3.15. «Финансы Казахстана» журналы;





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет