«5В050900» «Қаржы» мамандығы студенттері үшін



жүктеу 1.26 Mb.
бет1/5
Дата17.11.2017
өлшемі1.26 Mb.
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаттары

ОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.39/03-2014

«Мемлекеттік бюджет» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені




№1 баспа 11.09.2014 жыл




«5В050900» «Қаржы» мамандығы студенттері үшін

«Салықтық және салықтық емес кірістерді болжау» ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014



Мазмұны







Глоссарий






Дәрістер






Практикалық сабақ






Курстық жұмыс






Студенттердің өздік жұмысы.



Глоссарий



  1. аваль - вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;

  2. байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;

  3. байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;

  4. байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

  5. бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

  6. банк кепiлдiгi – қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарыз шарты бойынша соманы төлемеген жағдайда, банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегі мiндеттемесi;

  7. бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

  8. борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;

  9. борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;

  10. борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

  11. бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);

  12. бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

  13. бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;

  14. бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;

  15. бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

  16. бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;

  17. бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

  18. бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  19. бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  20. бюджеттік инвестициялар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

  21. бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

  22. бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде дайындалған, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;

  23. бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптама – техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, жобаның жүзеге асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан кешендi бағалау;

  24. бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны;

  25. бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

  26. бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

  27. грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;

  28. донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;

  29. есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

  30. жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, одан жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының соңына) нақты борышы аспауға тиiс;

  31. жергілікті атқарушы органның борышы - жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;

  32. жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

  33. заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптама қорытындылары негізінде әзірленген, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

  34. заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;

  35. заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

  36. инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;

  37. инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да қорытындылары негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;

  38. квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

  39. кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

  40. келісімшарт жасасушы агент - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;

  41. концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

  42. кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында кіріс түрлерін бөлудің проценттік арақатынасы;

  43. Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

  44. қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;

  45. қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

  46. қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;

  47. қаржылық есептілік - егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;

  48. қарыз алу - тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;

  49. қарыз беруші - мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

  50. қарызға қызмет көрсету – бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражатының пайдаланылуын және қарыз алушының сыйақы төлемдерiн, комиссиялық төлемдерді және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруын есепке алу жөнiндегi қызметi;

  51. қарызды қайта құрылымдау – тараптардың қарыз шарты бойынша мiндеттемелерді орындауының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын олардың келiсiмi бойынша өзгерту;

  52. қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;

  53. мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;

  54. мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;

  55. мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы;

  56. мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;

  57. мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

  58. мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;

  59. мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;

  60. мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;

  61. мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

  62. мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  63. мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;

  64. мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық мiндеттемелердiң сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;

  65. мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрi – Бұзушылықтар сыныптауышы) – бұзылған құқық нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн және оларды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;

  66. мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;

  67. мемлекеттік инвестициялық жоба – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;

  68. мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – оны ұстаушының Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

  69. мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;

  70. нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;

  71. нәтиженің көрсеткіштері - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;

  72. негізгі борыш сомасы - қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;

  73. өзара өтелетiн операциялар – мемлекеттiк бюджеттi және облыстың бюджетiн, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептердi қалыптастыру кезiнде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болдырмау мақсатында бюджеттiң бiр деңгейiнен басқа деңгейіне берiлетiн трансферттер, бюджеттiк кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастауға байланысты операциялар;

  74. өтеусіз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі;

  75. өтеусіз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;

  76. сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепілгерлігі немесе мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесінде туындаған залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;

  77. сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;

  78. сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;

  79. тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

  80. түпкілікті нәтиже - белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);

  81. үкіметтік борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;

  82. үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;

  83. үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, проценттік және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

  84. ішкі қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.


1. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің ториялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.
Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Мемлекеттің қолында бюджеттік ақшаларды орталықтандыру қажеттілігі. Ерекше бюджеттің арналымы.

Бюджеттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдағы ерекше категория ретінде.


  1. Мемлекеттік бюджет туралы ұғым, оның функциялары.


Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды
есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.

Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды.

Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды.


  1. Бюджеттің құрылымы.


Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.

Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Бюджет 7 бөлімнен тұрады:


  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер;

  2. шығындар;

  3. операциялық сальдо = 1-2;

  4. таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер -
    бюджеттік кредиттерді өтеу;

  5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо =
    қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу);

  6. бюджет тапшылығы (профициті);

  7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) =

(қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет каражаты калдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет