Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда облысынан сайланған парламент сенатының депутаты.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері қызметінен бастаған.

Одан кейін 1997-1999 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері.

1999-2001 жылдары Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. 2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.

2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы; Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды. “Amanat” партиясының мүшесі. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.