«5В074800-Фармацевтикалық өндіріс техгологиясы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған. «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/4
Дата26.11.2018
өлшемі0.87 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4




«5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 2016 жылдың 13 мамырындағы №292), ҚР БҒМ 2012 жылдың 20 сәуіріндегі № 152 «Оқытудың кредитті технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 2017 жылдың 28 қаңтары №90), 2013 жылғы 16 тамыздағы №343 (өзгертулер мен толықтырулармен 2016 жылдың 5 маусымындағы №425)ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс техгологиясы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.

«5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы


Теориялық оқытудың кредит саны –133 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары.

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаттары.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модульдерді сипаттау арналған формулярлар.

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Әлеуметтік-мәдени және жаратылыстану

Модуль 3. Математика негіздері

Модуль 4. Фармацевтикалық өндірістерді жобалау және жабдықтау және фармацевтикалық технологияны негіздері

Модуль 5. Кәсіби тілдер модулі

Модуль 6. Бейорганикалық химия және элементтер химиясының негіздері

Модуль 7. Аналитикалық, физикалық және коллоидты химия негіздері

Модуль 8. Физика, электротехника және инженерлік білімдер саласындағы көзқарастарды қалыптастыру

Модуль 9. Алифатты, циклді, гетероциклді, элементорганикалық және жоғарымолекулалық қосылыстар органикалық химиясының негіздері

Модуль 10. Өнеркәсіптік санитария және еңбек гигиенасы мен дәрілік заттарды стандарттау саласындағы құзыреттерді қалыптастыру

Модуль 11 Синтетикалық дәрілік заттардың, дайын дәрілік үлгілердің химиясы мен технологиясы және биофармация негіздері

Модуль 12. Дәрілік құралдарды және биопрепараттарды өнеркәсіптік өндіру саласындағы көзқарастарды қалыптастыру

Модуль 13. Фармацевтикалық технология, фармацевтикалық және токсикологиялық химия негіздері

Модуль 14. Фармакология, микробиология және нанотехнологиялардың медицина мен фармацевтикадағы негіздері

Модуль 15. Фармацевтикалық биотехнология, жалпы биохимия және молекулярлық биология негіздерін қалыптастыру

Модуль 16. Іс қағаздарын жүргізу және құқық

Модуль 17. (Тәжірибе)

Модуль 18. (Қорытынды аттестаттау)

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредитттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.


1.Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бойынша «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік пен қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13 шілде 2009 жылғы №338 бекітілген «Педагог қызметкерлер мен соларға теңелетін қызметкерлердің Типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту жайлы» бұйрығына (09.06.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес анықталады.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

5В074800 – «Фармацевтік өндірістің технологиясы мамандығы» бойынша бакалаврдың кәсіби саласы болып фармацевтік өндіріс, парфюмерия-косметикалық өндіріс, химиялық, микробиологиялық, биотехнологиялық, тағам өнеркәсіптері, ғылым және білім беру табылады.



1.2.2 Кәсiби қызметінің нысандары

5В074800-«Фармацевтік өндірістің технологиясы мамандығы» бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады: химия-фармацевтік мекемелері; медициналық препараттарды өндіру мекемелері; медицинаға қажетті бұйымдарды өндіру мекемелері, биотехнологиялық, парфюмерия-косметикалық өндірістер; техникалық бақылау бөлімдері; орталық-зауыт лабораториялары; дәрілердің сапасын бақылау және стандарттау лабораториялары; стандарттау, сертификациялау және лицензиялауды басқару ұйымдары; ғылыми-зерттеу институттары; химия және арнайы бағыттағы кафедралар.



1.2.3 Кәсіби қызметінің пәнi

5В07480-«Фармацевтік өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәні болып табылады: ауруларды емдеуге диагностикалауға, алдын алуға қолданатын дәрілік құралдар; химиялық және фармацевтік технологиялардың аппараттары және жабдықтары; дәрілік формаларды қаптауға және өлшеуге арналған машиналар мен автоматтар; медициналық препараттар және медицинада қолданылатын бұйымдар; парфюмериялық-косметикалық құралдар; шикізаттық, қосалқы заттар мен материалдардың әртүрлі типтері (соның ішінде өсімдік шикізаттары), химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу приборлары мен құрал-жабдықтары.



1.2.4 Кәсiби қызметінің түрлерi

5В074800-«Фармацевтік өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:



  • ұйымдастыру-басқарушылық;

  • өндiрiстiк- технологиялық;

  • жобалау-конструкторлық;

  • тәжірибелік-зерттеу;

1.2.5 Кәсiби қызметінің функциялары

5В074800-«Фармацевтік өндірістің технологиясы» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара:



  • ұйымдастыру–басқарушылық қызметi бойынша

  • істегі өндіріс жағдайларындағы орындаушылар мен мамандар ұжымының тиімді қызметін ұйымдастыру және қамту;

  • еңбек және өндірістік тәртібінің қажетті денгейін ұстану;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын ұйымдастыру және қамту;

  • фармацевтік өндірістің маркетингті зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу;

  • фармацевтік өнімдердің логистикалық операцияларын ұйымдастыру және жүргізу;

  • өндiрiстiк-технологиялық қызметi бойынша

  • GMP стандартының және нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес дайын дәрілік құралдарды дайындау;

  • фармацевтік өнімдердің сапасын сатылап бақылауды жүргізу;

  • дайын дәрілік құралдарды өндірудің технологиялық үрдісін ұйымдастыру;

  • фармацевтік өнімдерді өндірудің технологиялық үрдісін басқару;

  • өндірістік үрдістің техникалық бақылауын жүргізу;

  • химия-фармацевтік өндірістің техника-экономикалық анализін жүргізу;

  • дайын дәрілік құралдардың сапасын бақылау және стандарттау;

  • нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес бастапқы шикізаттар мен материалдардың кіріспе бақылауын ұйымдастыру және қамту.

жобалау-конструкторлық қызметі:

- жаңа технологияларды, технологиялық үрдістерді, технологиялық желілерді немесе технологиялық жабдықтарды жобалауға және белгілілерді жаңартуға техникалық тапсырмаларды өңдеу;

- дайын дәрілік құралдарды өндіруге технологиялық регламенттерді (лабораториялық, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік, типтік) өңдеу;

- фармацевтік және медициналық өнімдерді өндірудің жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу;

- технологиялық үрдістің және жеке сатыларының альтернативалық нұсқаларын математикалық үлгілерді қолданып, сараптау және бағалау;

- жіберу-жөндеу жұмыстарын қамту және оған қатысу.



тәжірибелік-зерттеу қызметі

дайын дәрілік құралдарды, жаңа технологияларды, дайын дәрілік құралдардың технологиялық үрдістерін өңдеу бойынша тәжірибелік зерттеулерді жүргізу;

- жіберу-жөндеу жұмыстарына қатысу;

- фармацевтік өнімдердің тәжірибелік-өнеркәсіптік сериясын игеру бойынша өндірістік шараларды ұйымдастыру және жүргізу.



білім беру (педагогикалық) қызметі

1.2.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

5В074800 – фармацевтік өндірістің технологиясы мамандығы бойынша бакалавры кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында өз кәсіби міндеттемелерін орындайды және келесі типтік міндеттерді жемісті шешуге қабілетті:

- дайын дәрілік құралдарды, медициналық препараттарды және медицинаға қажет бұйымдарды өндіру технологиялық үрдісін ұйымдастыру және басқару

дайын дәрілік құралдардың, бастапқы материалдар мен шикізаттардың фармацевтік бақылауын ұйымдастыру және жүргізу;

- дәрілік құралдардың, технологиялық үрдістердің, технологиялық желілердің, жабдықтардың және қондырғылардың сатылы және жалпы технологиялық бақылауын жүргізу;

- дайын фармацевтік өнімдердің сапасын бақылауды және стандарттауды жүргізу;

-дайын дәрілік құралдарды өңдірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік регламенттерін жұмысқа енгізу;

- фармацевтік өнімдердің логистикасы және нарықта ығыстыру бойынша маркетингті зерттеулерін жүргізу;

- химия-фармацевтік мекемелердің тұрмыстық және коммерциялық қызметін сараптау;

- фармацевтік өндірісті жабдықтаудың және жобалаудың жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу;

- фармацевтік, медициналық препараттарды және медицинаға қажет бұйымдарды сараптау, сертификациялау және лицензиялау бойынша шаралар кешенін іске асыру;

- жаңа технологияларды, технологиялық үрдістерді, технологиялық желілерді немесе технологиялық жабдықтарды жобалауға және белгілілерді жаңартуға техникалық тапсырмаларды өңдеу;

- фармацевтік өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерін және өзі өзі ақтауын бағалау;

- фармацевтік өндірісті жақсарту бойынша жобалау-конструкторлық және тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізу;

- дипломнан кейінгі соңғы денгейлер бойынша білім беру.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттары болып келесілер табылады; әлемдік білім беру стандарттарына көшу, заманауи ақпараттық технологияларды еңгізу арқылы білім беру сапасын арттыру, қоршаған шындыққа деген дүниетанымдық көзқарастарды, оның негізгі даму әдістеріне, жалпы жоғары зияткерлік деңгейге ие болу үшін жағдайларды қалыптастыру, соңғы пәндерді оқу үшін базалық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, еңбек нарығында түлектердің бәсекелестікке ие болуын қалыптастыру, фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында жаңа технологияларды жобалау, өңдеу және ендіру үшін білімдер жүйесін кеңейту.



3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, туризм ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, туризм менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны


Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Жалпы модульдер

Қоғамдық-коммуникативті

ЖББ/МК

КKSТ1101

Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихы

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: ақпаратты алу үшін тарихи деректерді, оқу, ғылым және анықтама әдебиеттерді, мерзімді басылымдардың және жаһандық желідегі интернет материалдарын пайдалана және талдай білу;

Білуі тиіс: ХХ-ХХІ ғғ. межесіндегі Қазақстаннның даму тенденцияларын, олардың ерекшеліктерін білу;

Дағдылары болуы тиіс: басқа көзқарастарға толерантты қатынаста, келісімділік диалогта болу;

Құзыретті болуы тиіс: сыртқы саяси оқиғаларды бағалауда, оның нәтижелерін болжауда дұрыс бағамадау; Қазақстанның халықтарының тарихи мұрасы мен мәдени дәстүрлерін құрметтеу.

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

емтихан

4

3

5

ЖББ/МК

ShT1103

Шет тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

KT1104

Қазақ тілі

емтихан

1,2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



емтихан

1

3

5

Модуль бойынша барлығы
















21

37




Әлеуметтік-мәдени және жаратылыстану

ЖББ/МК

Ale 2106 Saya2106

ZhS2106


Әлеуметтану Саясаттану

Жастар саясаты



емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға.

Білуі тиіс: философияның, политологияның, социологияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін.

Дағдылары болуы тиіс: заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану.

Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.

ЖББ/МК

ETD 1107
TKN 1107

Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері



емтихан

2

2

4

ЖББ/МК

EN1108

KN1108


SZhKMN1108

Экономика негіздері

Құқық негіздері



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

емтихан

2

2

4

Модуль бойынша барлығы
















7

13




Математика негіздері


БП/МК

MВ1201

Математика. I Бөлім

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: теориялық және практикалық білімдерін қолдануға, практикалық есептердішешу үшін математикалық функциялармен жұмыс істеуде математикалық анализ дағдыларын қолдануға.

Білуі тиіс: математикалық логиканың негіздерін, математиканың және химиялық тәжірибелерге қатысты математикалық дағдылардың негізгі әдістерін. Негізгі математикалықтүсініктер мен терминдерді және тәжірибелік мақсаттарда математикалық аппаратты қолдануды.

Дағдылары болуы тиіс: әртүрлі математикалық функцияларды қолдану және математикалық анализдің.

Құзыретті болуы тиіс: химиялық тәжірибе саласында және жаратылыстану саласындағы ғылыми-зерттеулердің маңызды мәселелерін шешуде математикалық тәсілдерді қолдануда.

БП/МК

MВ1202

Математика. II Бөлім

емтихан

2

3

5











































Модуль бойынша барлығы
















6

10




Фармацевтикалық өндірістерді жобалау және жабдықтау және фармацевтикалық технологияны негіздері

БП/МК

HFOPMA 2203

Химия-фармацевтік өндірісінің процестері мен аппараттары

емтихан

6

4

7

Білікті болуы тиіс: инженерлік есептерді тәжірибелік шешу үшін олардың негізгі қағидаларын менгеруде іргелі білімдерді қолдануға, механика мен сызбы геометрияның негізгі түсініктерін, аксиомаларын және теоремаларын менгеруге.

Білуі тиіс: Сызу негіздерін, бейнелер және оның түрлерін, кесінділерін, шығарма элементтерін, бөлшектерді байланыстыру бейнелерін, бөлшектердің сызулары мен эскиздерін, графикалық программалау әдістерін химиялық өндірістердің аппараттарын құруда алған білімдерін қолдануды

Дағдылары болуы тиіс: химиялық процесстің негізгі параметрлерін анализдеу, қолдану және бағалау, материалды, жылу және конструктивті есептеулерді орындау.

Құзыретті болуы тиіс: химиялық өңдірісте жобалау әдістемелерін құрастыруда, типтік процесстерді әшекейлеуде, зерттеуде, инженерлік есептерді шешуде.

FOZhZhN3204

Фармацевтикалық өндірістерді жобалау және жабдықтау негіздері

емтихан

3,4

3

5

FTN3205

Фармацевтикалық технология негіздері

емтихан

5

3

5

Модуль бойынша барлығы
















10

17




Кәсіби тілдер модулі

БП/МК

КKТ 3206

Кәсіби қазақ тілі

емтихан

5

2

4

Білікті болуы тиіс: химия-фармацевтикалық пішіндегі мәтіндерді жазуға, оқыған материалды талдауға және мәтінде жазылған құбылыстарға өзінің пікірін көрсетуге.

Білуі тиіс: студент орфографияның негізгі ережелерін, оқудың негізгі тәсілдерін, шет тілінде айтылғанның мағынасын түсінуді, оқудың негізгі тәсілдерін, ойларын шет тілінде айтуды, сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді.

Дағдылары болуы тиіс: Кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарын, ана тіліндегі мәтіндерді шет тіліне аудару шет тілінен ана тіліне аудару дағдыларын, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында ауызша екі жақты аудару дағдыларын іске асыру үшін сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу).

Құзыретті болуы тиіс : Кәсіби қызмет саласында пайдалы сөйлеу қарым-қатынасын іске асыруда және кәсіби қызметінде қолдануда

KBShT 3207

Кәсіби бағытталған шет тілі

емтихан

5

2

4

Модуль бойынша барлығы
















4

8




Бейорганикалық химияның және элементтер химиясының негіздері

БП/ТК

ВH 1208

ВНТN1208


Бейорганикалық химия Бейорганикалық химияның теориялық негіздері

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс заманауи химиялық ғылымның және кәсіби қызметінде алған теориялық білімдерін қолдануға, қажетті ақпаратты іздеуге, табуға жүйелеуге және қолдануға.

Білуі тиіс: химияның негізгі заңдарын; заттардың химиялық құрылысын; химиялық реакциялардың энергиясын; каталитикалық және комплексті жүйелерді, бейорганикалық химияның және элементтер химиясының негіздерін, химиялық синтезді түсінуді, бейорганикалық заттардың қасиеттерін зерттеуді

Дағдылары болуы тиіс: химиялық жабдықтармен жұмыс істеу, химиялық эксперимент жүргізу тәсілдерінің, басқа химиялық ғылымдар ішінде бейорганикалық химияның орны туралы білімдер, негізгі химиялық категорияларды білу.

Құзыретті болуы тиіс : заманауи бейорганикалық химияның, элементтер химиясының және жалпы химиялық ғылым саласындағы теориялық сұрақтар мен практикалық шешімдердің заңдылықтарын білудіе және оларды басқаруда.

ЕH 1209

SHZhM1209



Элементтер химиясы

Судың химиясы, жағдайы мен мәселелері



емтихан

2

3

5

Модуль бойынша барлығы
















6

10




Аналитикалық, физикалық және коллоидты химия негіздері

БП/ТК

AH2210

HA2210


Аналитикалық химия

Химический анализ



емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс Кез келген заттың сандық және сапалық анализдерін химиялық және физика-химиялық әдістермен орындай білуде, алынған білімдерді нақты ғылыми және техникалық мақсаттарды шешу үшін қолдануда, химиялық процестердің өту мүмкіндігін болжауда, олардың өтуінің оптималды жағдайларын анықтауда.

Білуі тиіс: негізгі жаралыстану заңдарын зерттеу негізінде химиялық және физикалық процестердің негізін, кинетиканың негізгі заңдарын және теңдеулерін білу, термодинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулерін білу және оларды химиялық сұрақтарды шешу үшін қолдануды, әртүрлі жүйелердегі тепе-теңдіктерді есептеуді, әртүрлі химия-аналитикалық зерттеулерді жүргізуді..

Дағдылары болуы тиіс: әдеттегі аналитикалық операцияларды жүргізу техникасының, зертханалық зертеулердің техникасын үйрену, химиялық реакцияның кинетикалық сипаттамаларын есептеу, термодинамикалық есептерді шығару.

Құзыретті болуы тиіс: кез келген заттың сандық және сапалық анализдерін химиялық және физика-химиялық әдістермен орындай білуде, химиялық анализдің теориясы мен практикасында, бөлу, концентрлеу және элементтерді анықтау әдістерінде.

FH2211

HKT2211


Физикалық химия Химиялық кинетика және термодинамика

емтихан

3

3

5

SHA 2212

АFHA2212


Сандық химиялық анализ Анализдің физика-химиялық әдістері

емтихан

3

3

5

BKDZh2213
KH2213

Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер Коллоидтық химия

емтихан

4

3

5

Модуль бойынша барлығы
















12

20




Физика, электротехника және инженерлік білімдер саласындағы көзқарастарды қалыптастыру

БП/ТК

FОЕ 2214

OEN 2214


Фармацевтикалық өндірісті электржабдықтау

Өнеркәсіптік электроника негіздері



емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс : физика заңдарының іргелі негіздерін қолдануда, тәжірибелік есептеулер мен компьютерлік үлгілеу дағдыларын игеруде, заманауи жүйелерді тәжірибелік зерттеуде.

Білуі тиіс: Механика, электр тоғын және магнетизм; физика тербелісін және толқу процесстерін; кванттық физика; статистикалық физика және термодинамика; атомды және ядерлі физика негіздерін, техникалық прогресстың заманауи даму тенденцияларын, фармацевтикалықмекемелердің жіктелуін, электржабдықтарын, электр сызбаларын құру принциптерін.

Дағдылары болуы тиіс: заманауи физикалық ғылымның және электротехниканың маңызды мәселелерін шешуде, ркүрделі жүйелердің, бұйымдардың, құрылғылардың және қондырғылардың үлгілеу есептеулерін жүргізуде, арнайы бағдарламалар мент компьютерлік технологияларды қолдануда.

Құзыретті болуы тиіс: заманауи физикалық ғылымның маңызды мәселелерін шешу үшін теориялық білімдерді, біліктерді қолдануға және электроника мен электротехникадағы заманауи бағыттардың даму келешектерін болжауға.


MFB 2215
MF 2215

Медициналық физика және биоинженерия

Медициналық физика



емтихан

3

3

5

SGIG2216
TKM2216

Сызба геометриясы және инженерлік графика

Теориялық және қолданбалы механика



емтихан

3

3

5

Модуль бойынша барлығы
















9

15




Алифаттық, циклді, гетероциклді, элементоорганикалық және жоғарымолекулалық қосылыстардың органикалық химиясы




OHRM3217

OHTN 3217



Органикалық химиядағы реакциялардың механизмдері Органикалық химияның теориялық негіздері

емтихан

5

4

7

Білікті болуы тиіс: іргелі білімдерді органикалық заттарға қатысты қолдануға, органикалық химиядағы заттарды тазарту, бөлу және тұрақтыларын анықтауға. использовать фундаментальные знания, овладевать навыками

Білуі тиіс: органикалық қосылыстардың жіктелуін және химиялық құрылыстарын; органикалық реакциялардың жүруінің механизмін, құрылымын, қасиетін және биополимерлердің негізгі функцияларын. Органикалық заттардың негізгі кластарының химиялық идентификацияларын жүргізуді.

Дағдылары болуы тиіс: органикалық реакциялардың механизмдерін анықтауда, химиялық байланыстар құру әдістерінде, резонанс және мезомерия сұрақтарында, органикалық молекулалар синтезінің мәселелеріңн шешуде.

Құзыретті болуы тиіс: органикалық заттардың қолданылу салаларын бiлуде, органикалық химияның әр түрлi бағыттарындағы дағдыларды қалыптастыруда, iс жүзiнде пайдалы қасиетке ие болатын әр түрлi органикалық заттарды синтездеуде және оларды түрлендіруде.

GКН3218

CKH3218


Гетероциклді қосылыстар химиясы

Циклді қосылыстар химиясы



емтихан

6

3

5

PHF4219
ZhMKH3219

Полимерлердің химиясы және физикасы

Жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы



емтихан

7

3

5




BBKHK2220

PBIBBZ2220



Биологиялық белсенді қосылыстар химиясына кіріспе

Полимерлі беттерге иммобилизацияланған биологиялық белсенді заттар



емтихан

4

2

4

Модуль бойынша барлығы
















12

21




Өнеркәсіптік санитария және еңбек гигиенасы мен дәрілік заттарды стандарттау саласындағы құзыреттерді қалыптастыру

БП/ТК

FOEK 1221

HOZhS1221



Фармацевтикалық өнеркәсіпте еңбекті қорғау

Химиялық өндірістердің жалпы санитариясы



емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: дағды меңгеруде iргелi бiлiмдердi қолданылу: өндiрiстiк ортаның сауығуы бойымен ережелер және шараларды әзiрлеу; құрылтай құжаттарын жасауды, шарттар жобасын және локальді акттарды құруды, өз бизнесінің бизнес жоспарын құруды.

Білуі тиіс: фармацевтикалық өндiрiстегi еңбектiң қауiпсiздiгiнiң ұйымдастыруды, өндiрiстiк процестiң барлық кезеңдерiне санитарлық ережелердiң орындалуын; кәсiпорындағы еңбектiң гигиенасын сақтауды; коомерциялық мекемені және ЖМ құруда құқықтық қамтуда, олардыі қызметін құқықтық жүргізуде, өз бизнесін жүргізу мен құруда экономикалық негіздерін.

Дағдылары болуы тиіс: микрорганизмдерді бөліп алу және өсіру бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде, микроорганизмдермен жұмыс жүргізуде ережелерді ұстануда. тиімді және кірісті бизнесті ұйымдастыру, операциялық және бизнес-процестерді оңтайландыруды, мәмілелерді бекітуде келіссөздер жүргізуді. Құзыретті болуы тиіс: заманауи вирусологияның, микробиологияның, сонымен қатар өнеркәсіптік санитария мен еңбек гигиенасы саласындағы өзекті мәселелерді шешуде теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қолдануда. кіші бизнес нәтижелерін бағалауда, шарттардың экспертизасында, мәмілелерді бекітуде келіссөздер жүргізуді.

DZSSB3222
DZMR3222

Дәрілік заттарды стандарттау және сапасын бақылау

Дәрілік заттарды мемлекеттік реттеу



емтихан

5

3

5

VZhEE3223
ZhKZhZh3223

Валидация және GMP

ережелерін еңгізу

Қазақстанның рухани жаңғырылуы


емтихан

6

2

4

BEOKK3224

KB32324


Бизнес экономикасы және оны құқықтық қамту

Қолданбалы бизнес






5

2

4

Модуль бойынша барлығы
















10

18




Синтетикалық дәрілік заттардың, дайын дәрілік үлгілердің химиясы мен технологиясы және биофармация негіздері

КП/МК

SDZHT4301

Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы

емтихан

7

2

4

Білікті болуы тиіс: дәрілік препараттарды, биопрепараттарды, сонымен бірге биологиялық белсенді заттарды синтездеу және өнеркәсіптікм өндіру саласындағы іргелі білімдерді қолдануға

Білуі тиіс: дәрілік заттардың негізгіт өкілдерін синтездеу дағдыларын, оларды бөліп алу, тазарту, құрылымын анықтау әдістерін, химиялық-технологиялық балансты құруды, өнімнің сапасын бақылауды.



Дағдылары болуы тиіс: синтетикалық дәрілік заттардыңтзаманауи химиясының өзекті мәселелеріні шешуде, әртүрлі дәрілік үлгілерді өндірудің негізгі технологиялық сызбаларын сипаттауда, үлгілі жағдайларда дәрілік үлгілерді дайындау, дайын өнімді рәсімдеу және оларды нормативті құжаттарғаи сәйкес сақтау.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа дәрілік заттарды алу технологияларын өңдеуде, химиялық және физикалық сипаттарын анықтауда




DOS4302

Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы

емтихан

7

3

5

Модуль бойынша барлығы
















5

9




Дәрілік құралдарды және биопрепараттарды өнеркәсіптік өндіру саласындағы көзқарастарды қалыптастыру

КП/МК

PDZ3303
MFN3303

Полимерлік дәрілік заттар

Медицина мен фармацевтикадағы нанотехнологиялар



емтихан

5

3

5

Білікті болуы тиі: есептеу техникасы және инженерлік-экономикалық есептеулер саласындағы іргелі білімдерді қолдануға, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға.

Білуі тиіс: органикалық материалдар мен дәрілік заттарды синтездеу әдістерін, биологиялық белсенді полимерлерді синтездеуді және препараттарды өндіру үшін өндірістегі негізгі технологиялық сызбаларды сипаттауды, өсімдік және жануарлар шикізатынан алынатын препараттарды синтездеуді.

Дағдылары болуы тиіс: қарапайым лабораториялық синтездерді жүргізуде, дәрілік заттарды үлгілі жағдайларда жүргізу есептеулерін жүргізуді, техника-эколномикалық балансты құруда және есептеуде, өнімдердің сапасын бақылауда, қалдықтарды жоюда және жанама өнімдерді қолдануда.

Құзыретті болуы тиіс: заманауи химиялық технологияның және есептеу техникасының өзекті мәселелерін шешудге теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды қолдануға. Химия-технологиялық процесстің есептеулерін шеше білудің негізгі көрсеткіштерін бағалауда, химиялық өңдірістердің кескіндерін автоматизациялауда

ZhHT3304
OKMA3304

Жалпы химиялық технология

Өлшеу және қаптау мәшинелері мен автоматтары



емтихан

6

3

5

Модуль бойынша барлығы
















6

10




Фармацевтикалық технология, фармацевтикалық және токсикологиялық химия негіздері


КП/ТК

LТ 3305

Латын тілі

емтихан

6

3

5

Білікті болуы тиіс: фармацевтикалық технология, жаңа дәрілік препараттарды алу, жаңа биологиялық белсенді препараттарды синтездеу саласындағы білімдерді менгеруге, дәрілердің физиологиялық әсері мен әсер ету механизмін менгеруге, арнайы әдебиеттермен жұмыстар жүргізуге.

Білуі тиіс: фармацевтикалық технологияның негізгі әдістерін, жаңа фармацевтикалық үлгілер мен биофармация негіздерін, препараттарды өндіру үшін жаңа технологиялық сцызбаларды құруды және сипаттауды.

Дағдылары болуы тиіс: фармацевтік өндірісті ұымдастыру және басқару принциптерін; қазіргі технологияларды, дайын дәрілік құралдарды және қарапайым лабораториялық синтездерді жүргізуде, экстракциялық препараттардың өнеркәсіптік алыну жолдарын қолдануда.

Құзыретті болуы тиіс: заманауи химиялық технологияның және есептеу техникасының өзекті мәселелерін шешудге теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды қолдануға. Химия-технологиялық процесстің есептеулерін шеше білудің негізгі көрсеткіштерін бағалауда, химиялық өңдірістердің кескіндерін автоматизациялауда.

TH2306

FH2306


Токсикологиялық химия

Фармацевтикалық химия



емтихан

4

2

4

EPT4307

DDUTB4307



Экстракциялық препараттардың технологиясы
Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы

емтихан

7

3

5

Модуль бойынша барлығы
















8

14




Фармакология, микробиология және нанотехнологиялардың медицина мен фармацевтикадағы негіздері

КП/ТК

ANBF4308
MMGN4308

Анатомия негіздерімен барланған физиология Микробиологияның молекулярлы-генетикалық негіздері

емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс : табиғи дәрілік қосылыстар саласындағы іргелі білімдерді тиімді пайдалануға, жакңа биологиялық белсекнді дәрілік заттар мен полимерлердің физиологиялық әсерін бағалауда.

Білуі тиіс: биологиялық белсенді заттардың және физиологиялық белсенді полимерлердің синтезделу әдістерін, оларды бөліп алу және тазарту тәсілдерін, препараттарды алудың технологиялық сызбаларын құруды және есептеуді.

Дағдылары болуы тиіс: табиғи дәрілік заттардың заманауи химиясының өзекті мәселелерін шешуде, әртүрлі дәрілік үлгілерді өндірудің негізгі технологиялық сызбаларын сипаттауда, үлгілі жағдайларда дәрілік үлгілерді дайындау, дайын өнімді рәсімдеу және оларды нормативті құжаттарғаи сәйкес сақтау.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа дәрілік заттарды алу технологияларын өңдеуде, олардың құрылысын, химиялық және физикалық сипаттарын анықтауда және сол үлгілердің биологиялық белсенділігін анықтауда.

TDZHT4309

FN434109


Табиғи дәрілік заттардың химиясы және технологиясы

Фармакогнозия негіздері



емтихан

7

2

4

PNBF4310
KF4310

Патология негіздерімен барланған фармакология

Клиникалық фармакология



емтихан

7

3

5

Модуль бойынша барлығы
















8

14




Фармацевтикалық биотехнология, жалпы биохимия және молекулярлық биология негіздерін қалыптастыру

БП/ТК

FB4311
BN4311

Фармацевтикалық биотехнология

Биотехнология негіздері



емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: әдебиеттiң әр түрлi көздерiмен талдауға және жұмыстың дағдыларын меңгеруде теориялық және нақты бiлiмдi пайдалануға. Фармацияда биотехнологиялық талдау әдiстерiнiң негiздерiн бiлуге және заттардың синтезін жүргізуге, биологиялық белсендi заттектер, барлық химия процестерi және адамның тiршiлiк әрекетiнiң негiзiнде және жануар жататын оқиғалардың негiздерiн түсінуге.

Білуі тиіс: биотехнология және биохимия саласындағы қажетті ақпараттарды жүйелеуді, олардың ішінен әдістер мен тәсілдерді табуды, қарапайым лабораториялық синтездерді жүргізуді, тірі ағзадағы биохимиялық үрдістерді.

Дағдылары болуы тиіс: қажеттi ақпаратты жүйелеуде, қарапайым лабораториялық синтездерді өткiзуде, негізгі биотехнологиялық үрдістерді өткізуге және тірі ағзада жүретін биохимиялық үрдістерді жүйелеуде.

Құзыретті болуы тиіс: заманауи биотехнологияның өзекті мәселелерін шешуде теориялық білімдер мен практикалық біліктерді қолдануға, биологиялық белсенді заттарды синтездеуде, ағзада жүретін биохимиялық үрдістерді түсінуге.

BN4312

ZhBMB4312



Биохимия негіздері

Жалпы биохимия және молекулярлық биология



емтихан

7

2

4

Модуль бойынша барлығы
















5

9




Іс қағаздарын жүргізу және құқық

ҚМ/ТК

MTKZh2301
IKZh2301

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу

Іс құжаттарды жүргізу

Заманауи әлемде адам құқығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері



емтихан

3

2

4

Білікті болуы тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, іс-қағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу.

Білуі тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу.

Дағдысы болуы керек: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу.

Құзыретті болуы тиіс: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білуде.

Модуль бойынша барлығы
















2

4




Тәжірибе

8













10

20

Білікті болуы тиіс: фармацевтикалық өнеркәсiп кәсiпорындарында жаттығу жұмыстарын орындау үшiн өндiрiстiк тәжiрибенi өтуде теориялық бiлiмдер базасын пайдалануға.

Білуі тиіс: офармацевтикалық өндіріс негіздерін, дәрілік препараттарды синтездеу, тазалау және идентификациялау әдістерін, әртүрлі дәрілік сүлгілерді алу жолдарын.

Дағдылары болуы тиіс: фармацевтикалық өнеркәсіптің практикалық сұрақтарын шешуде, дәрілік заттарды алуда, тазартуда және идентификациялауда.

Құзыретті болуы тиіс: белгілі технологияларды қолдануға және жаңа технологияларды өңдеуге, дәрілік препараттардың тазалығын, құрылымын, қасиеттерін анықтауға.

Қорытынды аттестаттау

12




Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау







2

4

Білікті болуы тиіс: синтетикалық және табиғи дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы және дайын дәрілік үлгілердің технологиясы мен биофармация саласындағы өзекті мәселелерді шешуде іргелі білімдерді қолдануға.

Білуі тиіс: дәрілік заттардың негізгі өкілдерін синтездеу әдістерін, олардың құрылысын анықтау әдістерін, техника-экономикалық баланстыты құруды және есептеуді, дайын өнімді рәсімдеуді және өнімнің сапасын бақылауды.

Дағдылары болуы тиіс: әр түрлi пiшiндегі дәрiлерді өндiру үшiн негiзгi технологиялық сұлбалары құрап суреттеуде; пiшiндi жағдайларда дайын дәрілік үлгілерді нормативтік құжаттарға сәйкес рәсімдеуде, дайын дәрілік үлгілерді талаптарға сәйкес жағдайларда сақтауда.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа дәрілік заттарды алу технологияларын өңдеуде, олардың құрылымын анықтауда, химиялық және физикалық сипаттарын анықтауда, биологиялық белсенділік түрлерін анықтауда.

Каталог: file -> facultet
facultet -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В020500 Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры
facultet -> «5В010400 -бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы: «Білім туралы»
facultet -> Білім беру бағдарламасы негізінде: ҚР «Білім туралы»
facultet -> «5B020800 – Археология және этнология»
facultet -> «5B020300 – Тарих»
facultet -> «5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
facultet -> «5В020200- халықаралық қатынастар»
facultet -> Білім беру бағдарламасы «6М050400 Журналистика»
facultet -> «5В010500 – Дефектология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы: «Білім туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет