5В080600 – аграрлыќ техника жјне технология



жүктеу 61.95 Kb.
Дата07.10.2017
өлшемі61.95 Kb.
түріБағдарламасы

“Бекітемін”

Инженерлік факультет деканы ______ Н. Абдильдин

“_____” _________2014 ж.

6М080600 – АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ

“Аграрлық техника және технология” кафедра мәжілісінде талқыланды

№ 7 хаттама 22 ақпан 2014 ж.

Алматы – 2014 ж.

6М080600 – АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ


1. Машина пайдалану.

Ауыл шаруашылығының барлық аграрлық өндіріс негізін егіншілік қалайды. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өндірімділігімен сипатталады. Еңбек өндіріміне арттырудың негізгі жолы – ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру.

Ауыл тауарөндірушілер еңбегінің жоғары өндірімді болуы үшін, олардың шаруашылықтары бүгінгі заманғы сенімді және өндірімі жоғары техникамен қамтамасыз етілуі және оларды ұтымды пайдалану ұйымдастырылу керек. Бұл екі шарт «Машина пайдалану» деген ұғымды береді.

Машина пайдаланудың негізгі мақсаты – дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, механикаландырылған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.

Ауылшаруашылық техниканы дұрыс пайдалану агротехника және технология бакалаврының біліктілігіне тікелей байланысты. Біліктілік деңгейін қамтамасыз ету үшін бакалавр: ауыл шаруашылығы машина паркінің құрамын және оны ұтымды пайдалану жолын; машина және машиналы технологияның бағалық көрсеткіштері мен оларды бағалау жүйесін; машина агрегаттау, оған техникалық және технологиялық қызмет көрсетуді; агрегатқа пайдалану және технологиялық жағынан баға беру әдістемесін; механикаландырылған жұмыстың операциялық технологиясы мен оны орындау тәртібін; ауыл шаруашылығындағы тасымалдау процесін; ауылшаруашылық өнімін машинамен өндірудің технологиясын жобалау және машина-трактор паркін құру негізін білумен қатар: ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін машина мен машиналы технология таңдауды; машина агрегатына технологиялық және техникалық - пайдалану талабын қоя білуді, оның кұрамы мен жұмыс режимін есептеуді; агрегаттың өндірім , жанармай сарпы және агрегатқа кызмет көрсету уақыты нормаларын белгілеуді; агрегаттың, агрегаттар кешенінің және барлық машина паркінің жұмысына жұмсалатын пайдалану шығындарын (еңбек, энергия, мате­риал, қаржы) анықтауды; механикаландырылған жұмыстың операциялық технологиясын түзуді, механикаландырылған тасқынды технологиялық желілерді жобалауды, ауылшаруашылық өнімін өндірудің технологиялық картасын жасауды үйренуге тиіс.

Сонымен, бұл пәнді оқып-ұйренудің мемлекетіміздін экономикасының аграрлық секторына бәсекелестікке қабілетті кадрларды дайындаудағы маңызы зор.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Қоныспай Қ.Қ., Қозыбай А.Қ. Ауыл шаруашылығында машина агрегаттаудың теориялық негізі. Алматы -2000.

2. Байжұманов С.Ж., Никитин В.С., және т.б. Автотрактор және ауылшаруашылық техникасына диагностика жасау мен техникалық қызмет көрсету. Алматы, 2009.

3. Жүнісбеков П.Ж. және басқалар. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. – Астана: «Фолиант», 2007.



2. Тракторлар мен автомобильдер

Тракторлардың тарту есебінің негіздері, тұрақты қозғалыстың түсінігі. Отамалы тракторларды жинақтау және жобалау негіздері.

Шөлді аймақ пен таулы жерлерде қолданылатын тракторлар мен автомбильдерді құрылымдау және есептеу негіздері.

Замануи тракторлар мен автомобильдер жұмысын электронды басқару жүйелерін таңдау, негізгі параметрлерін негіздеу.

Дамыған шет елдік ұқсастықтарды негізге ала отырып, тракторлар менг автомобильдер теориясының пайдалану көрсеткіштерімен байланысын анықтау.

Тракторлар мен автомобильдердің қолайлы технико-экономикалық көрсеткіштерін таңдау негіздері.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Ауылшаруашылығы техникалары. Алматы. «Наз-9» ЖШС, 2009

2.Алиев Б., Жүнісбеков П.Ж. Тракторлар мен автомобилдер. (құрылысы) Алматы. «Наз-9» ЖШС, 2005

3.Алиев Б. Тракторлар мен автомобилдер. (теориясы) Алматы. «Наз-9» ЖШС, 2005


3. Мал шаруашылығын механикаландыру.

Мал шаруашылығындағы технологиялық үрдістер. Мал күту жабдықтары. Малға су, жем беру және микроклимат жүйелері. Малды машинамен сауу. Көң тазалау және оны өтілдеуді механикаландыру. Қой қырқу жүнді алғаш өңдеу машиналары. Мал шаруашылығындағы техника дамуының озық бағыттары. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өндірісі машина-аппаратарын жіктеу және олардың құрылымы. Шағын шаруашылықтардағы жем өндірісінің жабдықтар топтамасы. Сиыр сауу және сүт өңдеу машиналары мен аппараттары. Мал сою және өнімді алғаш өңдеу технологиялық желісі. Құстарды азықтандыру, суару, саңғырығын жинайтын машиналар мен жабдықтар. Қаракөл, тері, жүн және мал шаруашылығының жанама өнімін өңдеудің технологиялық жабдықтары. Мал шаруашылығы машиналарын инженерлік есептеу және олардың тораптары мен агрегаттарының құрылымдық параметрлерін негіздеу.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Нұртаев Ш.Н., Сапарбаев Е.Т. Мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру. Алматы, Агроуниверситет -2012,630б

2. Атыханов А.Қ., Нұртаев Ш.Н., Жұмадиев Т.Ж. Мал шаруашылығын механикаландыру. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.

4. 1.Машиналар сенімділігі және машина жөндеу.

Машина жөндеу, негізгі түсініктері және терминдері.

Машина тозуы және ескіруі. Тозу түрлері. Диагностикалау әдістері. Жөндеу түрлерінің сыныпталуы. Машина жөндеудің жоспарлы-алдын алу жүйесі, оның сипаттамасы. Бөлшектерді, агрегаттарды, машиналарды жуу және тазарту. Дефектациялау және дефеки\тоскоптау негіздері. Машинаны бөлшектеу-құрастыру процестерінің негіздері. Жиынтықтау. Статикалық және динмикалық теңгеру. Тораптарды, агрегаттарды, машиналарды ысылту және сынау ерекшеліктері.

Қосылыстар отырғызуын, бөлшектер өлшемдерін қалпына келтіру тәсілдері.

Жөндеу өндірісінің құрылымы және құру принциптері. Машина бөлшектерін қалпына келтіру тәсілдерін сыныптау. Бөлшектерді флюс қабаты астында балқылау, үзілмелі доғамен балқылау, пісіру және көмірқышқылды газ ортасында балқылау, аргонды пісіру арқылы қалпына келтіру, машина бөлшектерін қалпына келтірудің лазерлік, плазмалық тәсілдері. Бөлшектерді пластикалық деформалаумен қалпына келтіру, электромеханикалық беріктеу және бөлшектерді қалпына келтіру. Машина жөндеуде полимерлі материалдарды қолдану. Бөлшектерді гальваникалық көмкеру.

Типтік бөлшектерді қалпына келтіру. Блоктарды, гильзілерді, иінді біліктерді, таратқыш біліктерді, шлицалы біліктерді, поршень саусақшаларын шестерняларды жөндеу, АШМ бөлшектерін қалпына келтіру.

Машина жөндеуді ұйымдастыру. Машина жөндеуді ұйымдастыру принциптері. Жөндеу-қызмет көрсету базасының құрылымы, олардың сипаттамасы. Кәсіпорын бағдарламасын есептеу. Жыл бойғы график бойынша жөндеуді ұйымдастыру. Қажетті жұмысшылар санын, жұмыс орнын, жабдықтарды, шеберхана аудандарын есептеу. Машина жөндеу әдістері. Жөндеу жұмыстарын нормалау. Өндірісті техникалық дайындау. Шеберхана техникалық-экономикалық көрсеткіші
Қолданылған әдебиеттер:

1. Деграф Г.А., Бисекен А.Б. Машиналар сенімділігі мен жөндеу. Алматы, 2008

2. Балғабайұлы Н., Бисекен А.Б. Оралбаев С.Ж. Машина жөндеу технологиясы пәні бойынша курстық жобалау. Оқу құралы. Алматы. 2009

3. Надежность и ремонт машин под ред. В.В.Курчаткина. Колос 2000 г.685 с.


4.2. Агротехниқалық сервис негіздері

Практикалық іс-әрекет саласы ретіндегі машиналардың техникалық сервисі – бұл машиналарды жұмысқа қабылетті, ақаусыз күйде ұстап тұруды, олардың техникалық ақауларға байланысты бос тұрып қалудың алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың кешені. Ауыл шаруашылығында машиналар пайдаланудың шарттары және сипаттық ерекшеліктері. Тракторлар мен комбайндарға шебер-баптаушылардың мамандандырылған буындарының техникалық сервис көрсетуін ұйымдастыру. Мұнай өнімдерін тасымалдау, қабылдау, сақтау және таратуға арналған техникалық құралдар. Мұнай қоймалары жабдықтарын пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетудің ережелері. Мұнай өнімдерінің шығындары және шығындарды азайту жолдары. Ауылшаруашылық техникасын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету.



Қолданылған әдебиеттер:
1. Байжұманов С.Ж. және басқалар. Автотрактор және ауылшаруашылық техникасына диагностика жасау мен техникалық қызмет көрсету/Оқу құралы. – Алматы: Агроуниверситет, 2009.

2. Аллилуев В.А. и др. Техническая эксплуатация машинно-тракторного парка. – М.: Агропромиздат, 1991.

3. Малкин В.С. Техническая эксплуатация автомобилей. – М.: Академия, 2007.

АТТ кафедрасының меңгерушісі,



профессор А. Атыханов

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет