6D020500 – Филология



жүктеу 139.56 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі139.56 Kb.



6D020500 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша PhD докторантура

бөліміне тапсыратын талапкерлерге арналған

БАҒДАРЛАМА
Түсінік хат

Бұл бағдарлама Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D020700 – «Аударма ісі» (PhD докторы) мамандығы бойынша докторантура бөліміне тапсыратын талапкерлерге арналған.

6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлерге арналған

бағдарламаға заманауи лингвистика, салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі, лингвистикадағы жаңа бағыттар, типологиялық тіл білімі, лингвистиканың заманауи әдістемесі, заманауи аударма теориясы, аударма теориясының лингвистикалық аспектілері, аударма теориясы мен практикасы, жалпы және жеке аударма теориясы бойынша сұрақтар енгізілген.




  1. Емтиханның мақсаты мен міндеттері

Емтиханның мақсаты 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің теориялық дайындық және практикалық дағдыларының деңгейін анықтау болып табылды.

Талапкерлерге арналған емтиханның міндеттері:



  • Талапкерлердің тіл теориясы мен лингвистикадағы жаңа бағыттар бойынша білім деңгейін анықтау;

  • Талапкерлердің кәсіби-бағытталған курстар бойынша теориялық білім деңгейін анықтау;

  • Шет тілі (ағылшын тіліне) ауызша/жазбаша аударудың практикалық дағдыларын анықтау;

  • Талапкерлердің ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын анықтау;

  • Аудармашылық міндеттерді атқаруда талапкерлердің білімін, дағдысын қолдану қабілетін анықтау.




  1. 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

6D020700 – «Аударма ісі» мамандығына түсу барысында талапкер келесі теориялық білім мен практикалық дағдыға ие болуы тиіс:

  1. аударматану және аударманың лингвистикалық теориясы бойынша

негізгі ережелер мен ұғымдар (заманауи аударматану, заманауи аударма теориясы мен практикасының әдістемесі, аударма теориясының лингвистикалық аспектілері, жеке және арнайы аударма теориясы);

  1. тіл білімінің негізгі ережелері мен ұғымдары (салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі, типологиялық тіл білімі, лингвистика ілімінің тарихы, лингвистикадағы жаңа бағыттар);

  2. ақпараттық/көркем мәтінді екі жақты жазбаша және ауызша аударудың ерекшеліктері, түрлері, технологиялары жөнінде түсінік;

  3. әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ана тілінен шет тіліне (және керісінше) жазбаша/ауызша балама аудармасын жүзеге асыру дағдысы;

  4. аудармашылық технологияларды (техниканы қолдану, әмбебап аудармашылық қысқартып жазуды, мнемотехниканы) қолдана отырып, екіжақты (ізбе-із және ілеспе) аударма жасау дағдысы.


3. 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығының пререквизиттері

6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін келесі пререквизиттер қарастырылған:



  • Заманауи аударма теориясы мен пратикасының әдістемесі (2 кредит);

  • Аударма теориясы ( 3 кредит);


4. 6D020500 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша PhD докторантура

бөліміне тапсыратын талапкерлерге арналған сұрақтар тізімі


  1. Көркем аударманың теориясы мен практикасы.

  2. Аудармадағы семиотикалық аспект.

  3. Аудармадағы прагматикалық аспект.

  4. Аударманың жанрлық-стилистикалық жіктелімі.

  5. Аударматанудағы әдіс-тәсілдер

  6. Аудармадағы грамматикалық трансформациялар

  7. Аудармадағы лексикалық трансформациялар

  8. Аудармашының тілдік тұлғасы

  9. Жалпы аударма теориясының қалыптасу және даму алғышарттары

  10. Ілеспе аударманың қалыптасу тарихы және ерекшеліктері

  11. Аударма теориясын қалыптастырушы ғалымдар. Аударма туралы ғылымның қалыптасуы. Аударма теориясы жеке ғылым ретінде.

  12. Аудармашы жұмысындағы сөздіктің рөлі. Сөздіктің түрлері. Сөздікпен жұмыс.

  13. Аудармадағы барабарлық түсінігі. В.Н. Коммисаров жіктемесі бойынша барабарлық түрлері.

  14. Аудармадағы сәйкестік түрлері.

  15. Баламасыз лексика, оның болу себептері. Баламасыз лексиканы аудару жолдары.

  16. Сөзбе-сөз аударма. Аудармашының жалған достары.

  17. Аудармадағы трансформацияның түрлері.

  18. Аудармашының кәсіби құзіреттілігінің компоненттері.

  19. Аударматанудың Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы

  20. Әртүрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді аудару ерекшеліктері.

  21. Аудармадағы қысқартып жазудың қалыптасу тарихы.

  22. Аударма үдерісі және оны сипаттау әдістері. Аударма моделінің түсінігі. Аударма теориясының негізгі моделдері.

  23. Аудармашы қызметінің негізгі фазалары.

  24. Аударманың әдістері мен стратегиясы.

  25. Аударманың нормалары мен стратегиясы.

  26. Аударманың психолингвистикалық классификациясы.

  27. Аударманың мәдени моделі.

  28. Аударманың психолингвистикалық моделі. Аударма үдерісіндегі есте сақтаудың рөлі.

  29. Аударма сөйлеу әрекеті ретінде. Коммуникация компоненттері және олардың ерекшеліктері.

  30. Мәтіннің ақпараттылығы. Ақпараттың түрлері және аударма.

  31. Аударма бірлігі ұғымы. Мәтін және аударма. Аудармадағы дайын бірліктер.

  32. Аударма түрлері және олардың ерекшеліктері.

  33. Қазіргі кездегі аударма. Машиналық аударма және жасанды интеллектті қалыптастыру мәселелері.

  34. Мәтін ұғымы. Мәтіннің құрылымы. Мәтін түрлері. Мәтіннің аудармада берілуі.

  35. Тіл біліміндегі «тіл» және «сөйлеу» ұғымдары. Тілдегі әлеуметтілік пен жекелік. Қызметтік стиль түсінігі. Жеке тұлға стилі.

  36. Тілдердің шығу төркінін зерттеу мәселелері. Туыс және туыс емес тілдер.

  37. Морфема. Әлем тілдеріндегі морфеманың типтері.

  38. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның алғы шарттары, басты түсінігі мен негізгі мәселелері.

  39. Тілдердің генеалогиялық жіктелімі: «негіз тіл» және «ата тіл» ұғымдары.

  40. Ежелгі дәуір (антикалық) тіл білімінің жалпы сипаттамасы.

  41. XVI – XVIIғғ. Европалық тіл білімі. Пор-Рояль грамматикасы мен оның мәні.

  42. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы орыс ғалымдарының лингвистикалық пайымдаулары.

  43. ХІХ ғасырдың І жартысындағы салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

  44. А. Шлейхер. Тіл біліміндегі натуралистік бағыт.

  45. Мәскеу лингвистикалық мектебі.

  46. Казан лингвистикалық мектебі.

  47. Функционалдық лингвистика. Прагалық лингвистикалық үйірме.

  48. Глоссематика.

  49. Ленинград (Петербург) мектебі.

  50. Типология нысаны. Оның басқа пәндермен сабақтастығы (тіл теориясы, сипаттама тіл білімі, салғастырмалы тіл білімі, ареалды лингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі).

  51. Халықаралық көмекші тілдер. Олардың түрлері. Халықаралық жасанды тілдер.

  52. Контрастивті (салғастырмалы) тіл білімінің қалыптасу тарихы, оның мақсаты мен міндеттері.

  53. Құрылымы әртүрлі тілдердің лексико-семантикалық жүйесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  54. Семиотика және оның салалары: синтактика, семантика, прагматика. Таңба және оның жіктелімі.

  55. Дискурстық талдау қазіргі тіл білімінің бағыты ретінде.

  56. Қазіргі тіл білімі.

  57. Тілдік семантика қазіргі жалпы тіл біліміндегі өзекті мәселе ретінде. Семантиканың кезеңдері.

  58. Интерлингвистика: негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, зерттелуі.

  59. Тілдің қоғамдық мәні.

  60. Тілдің дивергенттік және конвергенттік дамуы.

  61. Ұлттық және халықаралық тілдер.

  62. Тілдер қатынасы теориясы.

  63. Қостілділік және оның түрлері.

  64. Тілдегі универсалия, уникалия және фреквенталия құбылыстары.

  65. Лингвомәдениеттану: негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, зерттелуі.

  66. Психолингвистика: негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, зерттелуі.

  67. Когнитивтік лингвистика: негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, зерттелуі.

  68. Әлеуметтік лингвистика: негізгі ұғымдары, мақсаты мен міндеттері, зерттелуі.

  69. Қолданбалы тіл білімі. Даму үдерістері.

  70. Тіл білімінің әдіснамасы.

5. 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері
6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері 09-16 ЕҰУ Бұйрығы Ережесіне сәйкес әзірленіп, төмендегідей жүйеде жүргізіледі:


Балл бойынша қорытынды баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

Емтихан, диффер. сынақ

сынақ

95-100

4,0

А

Өте жақсы

Сынақтан өтті

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1

D

0-49




F

қанағаттанарлықсыз

Сынақтан өтпеді

6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалауда комиссия мүшелері төмендегі шарттарға көңіл бөлулері тиіс:



«Өте жақсы» деген баға (90-100 %) талапкерге:

1) 1) теориялық сұраққа толығымен жауап беріп, оған мысалдар келтіріп талдағанда;

2) лингвистика және аударматану салалары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттер материалдарын толық меңгерген жағдайда;

3) тіл білімінің және аударматанудың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгергенде;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау дағдыларын меңгергенде;

5) теориялық және практикалық тұрғыдан қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алған жағдайда;

6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аударма алды және дербес аудармашылық талдау дағдыларын меңгерген жағдайда;

7) аударма барысында кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын және өзіндік аударма нұсқасын ұсына алғанда қойылады.


«Жақсы» деген баға (75-89 %) талапкерге:

1) теориялық сұрақты жеткілікті түрде ашып, оған нақты практикалық тұрғыдан мысалдар келтіріп талдағанда;

2) лингвистика және аударматану салалары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерін толық меңгерген жағдайда;

3) тіл білімінің және аударматанудың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгергенде;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау дағдыларын меңгергенде;

5) теориялық және практикалық тұрғыдан қойылған сұрақтарға жауап бере алған жағдайда;

6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аударма алды және дербес аудармашылық талдау дағдыларын меңгергенде;

7) аударма барысында кездескен проблемаларды анықтай алған, дегенмен өз тарапынан аударма нұсқасын ұсына алмаған не болмаса өзгертіп, түрлендіріп бере алмаған жағдайларда қойылады.



«Қанағаттанарлық» деген баға (50-74 %) талапкерге:

1) теориялық мәселені толық аша алмаған, оған келтірген практикалық мысалдарын дұрыс таңдай алмағанда;

2) лингвистика және аударматану салалары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерін толыққанды меңгермеген жағдайда;

3) зерттеу әдіс-тәсілдерінің бірқатарын меңгергенімен, оларды нақты қолдана алмағанда;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге толыққанды салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасай алмағанда;

5) теориялық және практикалық тұрғыдан қойылған сұрақтарға толық жауап бере алмаған жағдайда;

6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аударма алды және дербес аудармашылық талдау дағдыларын ішінара меңгерген жағдайда;

7) аударма барысында кездескен проблемаларды анықтай алмағанда және өзіндік аударма нұсқасын ұсына алмағанда немесе мәтінді өзгертіп бере алмаған жағдайда қойылады.



«Қанағаттанарлықсыз» деген баға (0-49 %) талапкер:

1) теориялық мәселені аша алмағанда және келтірген практикалық мысалдарды дұрыс таңдай алмаған жағдайда;

2) лингвистика және аударматану салалары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерін меңгермеген жағдайда;

3) зерттеудің әдіс-тәсілдерін қолдана алмағанда;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасай алмағанда;

5) теориялық және практикалық тұрғыдан қойған сұрақтарына толық немесе ішінара жауап бермеген жағдайда;

6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аударма алды және дербес аудармашылық талдау дағдыларын меңгермеген жағдайда;

7) аударма барысында кездескен проблемаларды анықтай алмағанда және өзіндік аударма нұсқасын ұсына алмағанда немесе мәтінді өзгертіп бере алмаған жағдайда қойылады.


6. 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша емтиханға дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер


  1. Алтайбаева Д. Мир перевода. Учебное пособие. – Астана, 2008. – 128 с.

  2. Теория перевода/ Сдобников В.В., Петрова О.В. – М.:АСТ:Восток-Запад, 2006. – 448 с.

  3. Алексеева И.С. Введение в переводоведение. М., “Академия”, 2004.– 352 с.

  4. Комиссаров В.Н. Теория перевода. М.:Высшая школа, 1990.

  5. А.Федоров. Основы общей теории перевода. М., “Высая школа”, 1983

  6. Латышев Л.К. Технология перевода. М., “Академия”, 2004 – 320 с.

  7. Латышев Л.К., Семенов А.Л. Перевод: теория, практика и методика преподавания. М., “Академия”, 2005.– 192 с.

  8. Слепович В.С., Курс перевода, Минск., 2004- 320с.

  9. Дж.К.Катфорд Лингвистическая теория перевода. М.,2004 – 208 с.

  10. Ю.Сорокин Переводоведение статус переводчика и психогерменевтические процедуры. М., ИТДГК “Гнозис”, 2003. –160 с.

  11. Бархударов Л.С. Язык и перевод. Вопросы общей и частной теории перевода. М.: 1975

  12. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. М.: 1973.

  13. Комиссаров В.Н. Современное переводоведение: Курс лекций. М.: 1999.

  14. Миньяр-Белоручев Р.К.Общая теория перевода и устный перевод. М.: 1980.

  15. Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус, проблемы, аспекты. Москва:Наука, 1988.–215 с.

  16. А.Алдашева Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.Алматы: “Арыс” баспасы, 1998.–161 б.

  17. Алпатов В.М. История лингвистических учений. – М., 1998.

  18. Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. – М., 1975.

  19. Березин Ф.М. История русского языкознания. – М.,1979.

  20. Бордович А.М., Гируцкий А.А., Чернышева Л.В. Сопоставительный курс русского и белорусского языков.- Минск, 1999.

  21. Вежбицкая А. Семантические универсалии и описание языков.- М.,1999. 

  22. Виноградов В.В. История русских лингвистических учений. – М., 1978.

  23. Гречко В.А. Теория языкознания М., 2003.

  24. Грамматические концепции в языкознании XIX в. – Л., 1985.

  25. Исаев М.К., Нуркенова Г.А. Сопоставительная типология казахского и русского языков. – А.,2000.

  26. Кочергина В.А. Введение в языкознание. – 2 изд. – М., 1991.

  27. Кочергина В.А. Введение в языкознание.- М., 1987.

  28. Маслов Ю.С. Введение в языкознание. – М., 1987.

  29. Мечковская Н.Б. Структурная и социальная типология языков.- Минск, 1995.

  30. Манакин В.Н. Основы контрастивной лексикологии: близкородственные и родственные языки, Киев; Кировоград, 1994.

  31. Новое в зарубежной лингвистике. Вып. ХХУ. Контрастивная лингвистика. – М., 1989.

  32. Ору С. История. Эпистемология. Язык. М., 2000.

  33. Общее языкознание / под ред. А.Е. Супруна.- Минск, 1995.

  34. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,1996.

  35. Степанов Ю.С. Основы общего языкознания.-2 изд.-М.,1975.

  36. Супрун А.Е. Лексическая типология славянских языков. – Минск, 1993.

  37. Супрун А.Е. Лекции по теории речевой деятельности. Минск, 1996.

  38. Сулейменова Э.Д. Контрастивная лингвистика. А., 1998.

  39. Сопоставительный анализ восточнославянских языков / под ред. А.А. Лукашанца и А.М. Мезенко. – Минск, 2005.

  40. Тронский И.М. Вопросы языкового развития в античном обществе. – Л., 1973.

  41. Хрестоматия по истории русского языкознания / Под ред. В.М. Березина. – М., 1973.

  42. Части речи. Теория и типология. М.: Наука, 1990.

  43. Человек в многонациональном обществе: Этничность и право. – М., 1994

  44. Шайкевич А.Я. Введение в лингвистику.- М.,: РОУ, 1995.

  45. Широков О.С. Введение в языкознание.- М.,1985.

  46. Языковая универсалия и лингвистическая типология. М.: Наука, 1969.

  47. Ярцева В.Н. Контрастивная грамматика. – М.: Наука, 1981.

Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет