6D120200 – Ветеринариялыќ санитария PhD мамандыѓы бойынша докторантураѓа т‰суге арналѓан емтихан



жүктеу 33.88 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі33.88 Kb.
түріБағдарламасы

6D120200 – Ветеринариялық санитария PhD мамандығы бойынша докторантураға түсуге арналған емтихан

БАҒДАРЛАМАСЫ
ЭКСПЕРИМЕНТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Магистранттарды дайындауда ғылыми эксперименттің теориясы мен әдістерін меңгеруіне ерекше көңіл бөлінеді.

Пәннің мақсатына ғылыми зерттеулердің методологиясы, логикасы мен ғылыми экспериментті қою және жүргізу бойынша ветеринариядағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау бойынша магистранттардың тиянақты білім алуы жатады.

Курстың оқу мақсатына ветеринария саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми зерттеу мекемелері мен зертханаларының, институттарының құрылымымен танысу, ғылыми зерттеу жұмыстарын лицензиялау, ғылыми жұмыстың маңыздылығы, нақты мәліметтерді алу және бақылау нәтижелерін талқылау, биологиялық зерттеулер мен эксперименталды жұмыстарды жүргізу, ветеринария тәжірибесіне жаңа жетістіктерді енгізу, алыс және жақын шет елдердің алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелерінің заманауи ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану сұрақтары енеді.

Курсты оқу магистранттардың биологиялық және биоорганикалық химия, биометрия негіздері мен генетика, а/ш жануарларының физиологиясы, есептеу техникасы, клиникалық паразитология, токсикология, мал акушерлігі, терапия, ақпараттық технология мен статистика, гистология, микробиология, вирусология, ветеринариялық санитариялық сараптау, радиобиология, мал азықтандыру, гигиена мен санитария, мал патологиясы, патологиялық физиология және т.б. пәндерді игеруге арналған теориялық негізі бар пәндер бойынша білімдеріне негізделген.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу мекемелері мен зертханаларының, институттарының құрылымымен танысу. Ғылыми зерттеу жұмыстарын лицензиялау, ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Ғылыми зерттеу әдістері. Зертханалық ғимараттарға, құрал – жабдықтарға, рективтерге, химикаттарға және басқа да қажетті заттарға қойылатын талаптар. Стандарттау, сертификаттау, метрологиялау сұрақтары. Мәлімет көздері мен түрлері, мәліметтерді іздеу. Ғылыми өндірістік эксперименттер мен тәжірибелерді қою және ұйымдастыру.

Зерттеу нәтижелерін суреттеу және анықтығын бағалау. Ветеринарияда қазіргі кезде қолданылатын әдістер, жағдайы мен болашағы. Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау. Жалпы клиникалық, диагностикалық, бактериологиялық, вирусологиялық, физиклық, химиялық, токсикологиялық және басқа да арнайы, қосымша зерттеу әдістері. Зерттеу әдістерін оқу үрдісіне енгізу және тәжірибеде іске асыру. Алыс және жақын шет елдердің алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелерінің заманауи ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Ғылыми зерттеудің әдістерін таңдау. Биологиялық материалдарды зерттеу және қорытындылару.

Сараптау және ірікттеп алу әдісі. Ғылыми экспериментті қоюдың жалпы әдістемелік критерийлері. Сынама алу, консервілеу.

Зертханалық талдауларды жүргізудің негіздері. Жұмыс орнын, реактивтерді, ыдыстарды дайындау. Сенімділігін бағалау.

Хроматография (қағазда, сұйықта, газда), жылдамдығы жоғары сұйықтықтағы хроматография (НРУС), электрофорез, электроосмос, ультрацентрифугалау әдістері.

Титрометриялық, фотометриялық, спектрометриялық биологиялық, физико-химиялық т.б. әдістер. Тағамдық өнімдердің тағамдық, биологиялық құндылығын анықтау. Квалиметрия. Ветсансараптаудың жаңа инструментальды әдістері.

Көмірсуларды, ақзаттарды, майларды, пептидті заттарды, витаминдерді, микроэлементтерді сапалық және сандық жағынан анықтау.

Микробиологиялық зерттеулерді жүргізу (жағындыларды зерттеу, микроорганизмдерді өсіру, дезинфекциялық заттарға микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау әдістерін оқу).

Балансирлеу және кездейсоқ топтастыру принципі арқылы алынған мәліметтерді өңдеу. Вариациялық статистика әдістері. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің сенімді мәліметтері негізделген ғылыми зерттеулердің қорытындысын өндіріске ұсыну.

Ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелерін жариялау, жариялаудың формалары мен түрлері. Ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелерін енгізу: патенттеу, сынақтан өткізу, өнертабыс және инновациялық жобалар. Ғылыми мақалаларды, есепті, күнделікті жазу ережелері мен жариялаудың формалары мен түрлері.


Әдебиеттер тізімі

  1. Ахметов Х.К. «Научная работа ее виды, структура, оформление». Алматы, 1999г.

  2. «Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных». Под. Редакцией профессора К.К. Абуладзе. -М., Колос, 1978г.

  3. Кипайкин В.А. Дезинфектология. Ростов-на-Дону, 2003г.

  4. Мырзабеков Ж.Б. и др. «Ветеринарная санитария на объектах мясо-молочной промышленности». Учебное пособие. Алматы, 2003г.

  5. Шуклин Н.Ф., Телеугали Т.М. и др. «Экспертиза качества и методы консервирование продуктов и животного сырья». Алматы, 1993г.

  6. Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Е., Кырыкбайулы С. Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов. В 3 т. – Алматы, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет