7 «а» сыныбы Оқушылар саны Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр орта мектебі



Дата25.05.2018
өлшемі40 Kb.
түріСабақ




Сабақ өткізген мұғалімнің аты-жөні:

Алпамыс

Серуен

7 «а» сыныбы

Оқушылар саны

Ақмола облысы,

Шортанды ауданы,

Бозайғыр орта мектебі

апта




21




Сілтеме

Оқулық: Қазақстан тарихы авторы: С.Жолдасбаев

www.youtube.


Сабақ атауы

Хақназар хан (1538-1580 )

Жалпы мақсаты

Хақназар ханның тұсында қазақ хандығының неліктен күшейгендігін ашып көрсету


Міндеттер

Білімділік: Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы, Хақназар ханның басқа елдермен қарым – қатынасы туралы оқушыларды жан – жақты таныстыру ;

Дамытушылық:

Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;



Тәрбиелік: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талқылай отырып, Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы жетістіктеріне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

Сабақ түрі

Сындарлы оқу әдісінің модульдері

Сабақ көрнекілігі

Интербелсенді тақта, флипчарт, бейнежазба,слайд, кеспе қағаздар, түрлі- түсті бояулар, стикер, видеокамера, фотоаппарат т.б

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы сөйлете отырып сыни тұрғыда ойлауға тақырыпты негіздеу

Күтілетін нәтиже

Жаңа термин сөздердің мағынасын түсіну, қосымша материалды меңгеру, барлығы белсенді қатысқанын, толық меңгергенін байқау;

Сабақта мұғалім мен оқушы іс-әрекеті

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау, түгендеу /Психологиялық ахуал/2 мин

(Конфеттер арқылы топқа бөлу ) Әр топтан көшбасшы сайлап, бағалау парағын үлестіремін(Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульі )

Үй тапсырмасы


Диалогтық оқыту әдісі арқылы өткен сабақты сұрау / 8 мин/

Сыни тұрғыда ойлау


1.Қызығушылықты ояту

Бүгінгі жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға интербелсенді тақтадан Хақназар хан туралы бейнежазба көрсету арқылы қызығушылығын оятып тақырыпқа әкелу

Бейнежазбаға байланысты сұрақтар қоямын. Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар ашады

-Балалар бейнежазбадан кім туралы көрдік

- Хақназар хан туралы - деп жауап береді.

Ендеше Хақназар хан деген кім?-деген сұрақ қойылады.

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар

1.Елестетеді

2. Бұрынғы біліміне сүйенеді

3. Еске түсіреді

4. Айтады

Парасатты, Ұлы хан, Бас қолбасшы, елді біріктіруші , Мемлекет қайраткері,Білгір саясаткер тб.10 мин



Мағынаны тану

II. Мағынаны тану

Тақырыпты толықтыру үшін мәтін үлестіремін

Мәтінді жеке оқып шығып, топпен талқылап, ойларын флипчартқа түсіреді. Қорғайды. 10 мин
Сергіту сәті: 2 мин


Ой толғаныс

III. ой қозғау

Ұқсастық пен даралық әдісі бойынша топтарға флипчарт үлестіремін. Оған топтағы оқушылар өздерінің таңдаған бұрышына аты- жөнін жазып, жоғарыдағы мәтіннен Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі неден көрінетіндігін анықтап, түйген қорытынды ойын жазады. Ал ортадағы шеңберге келісе отырып,топтағы жақсы деген бір ойды жазады.7 мин



Жас ерекшелігіне байланысты

Деңгейлік тапсырмалар

  1. Даталарды сөйлету (Мәтіннен кездескен)

2 Тарихи сынақ хат

  1. Хақназар сөзіне 5 жол өлең құрастыр

4 Еркін жазу

Қазақ хандарының алдында қандай тарихи міндеттер тұрды деп ойлайсыз?


Хақназар хан осы міндетті орындай алды ма?

/5мин/



Бекіту

Тақырыпты қорыту 1 мин

Бағалау

Жиынтық баға/2 мин/

Үйге тапсырма

  • 1 39- тақырыпты оқу

  • Хақназар хан туралы қосымша іздену. (шежіресін жасау)

  • Эссе жазу











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет