7 класс Бақылау жұмысы №1 Тақырыбы: Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар



жүктеу 149.82 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі149.82 Kb.

7 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік

дағдысын тексеру.



I нұсқа
1. Ұзындығы 1,2 м, ені 8 см және қалыңдығы 50 мм тік бұрышты білеушенің

көлемін тап.

2. Өрнектердің мәнін тап

3. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 8300; 816200000; 0,00527; 0,000000029.

4. Берілген кестеге төменде келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді,

затты, құбылысты білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: қорғасын,

күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, Ай, спирт, қайшы, сынап, қар

көшкіні, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың

тасуы.


Дене

Зат

Құбылыс




















II нұсқа
1.Гранит бағанының биіктігі 4 м, бағанының табаны қабырғалары 50 және

60 см болып келген тік төртбұрыш. Бағанның көлемін анықта.

2.Өрнектердің мәнін тап .

3.Мына сандарды стандарт түрде жаз: 75000; 525300000; 0,000329;

0,0000000561.

4.Берілген кестеге келтірілген сөздердін ішінен механикалық құбылыстарды,

дыбыс, жылу, электр, жарық құбылыстарын білдіретін сөздерді теріп

жазыңдар: шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күннің сууы, күннің

күркіреуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы,

таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің

тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, найзағайдың жарқылдауы,

жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы.


Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеден екінші жүйеге айналдыра алуы тиіс; физикалық дене, зат, құбылыс ұғымдарын білуі тиіс.
8 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Жылу құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау.



I нұсқа


  1. Массалары 2кг мыстан, болаттан, алюминийден жасалған текшелерді - қа суытқан. Әр текшенің ішкі энергиясы қалай өзгереді?

  2. Массасы 25г оқ дәрі, массасы 0,5т торф, массасы 1,5т тас көмір толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады?

  3. температурада алынған, массасы 0,5кг қорғасын кесегін балқыту үшін қанша энергия қажет?

  4. Егер сұйықтардың әрқайсысын қайнау температураларына дейін қыздырсақ, массасы 10г суды; массасы 2г спиртті; массасы 8г эфирді буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері қажет?


II нұсқа


  1. Егер әрбір заттың массасы 1кг болса, онда олардың температураларын: алюминийді -қа, қорғасынды -қа, қалайыны -қа, алтынды -қа, күмісті -қа өзгерту үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

  2. Көлемі 0,25керосин; көлемі 0,00005спирт; көлемі 25л бензин; көлемі 250л мұнай толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады?

  3. Бастапқы температурасы , массасы 1кг қорғасын кесегін балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет? температурада алынған, массасы 10г қалайыны балқыту үшін ше?

  4. Массасы 0,75кг суды -тан -қа дейін ысытуға және 250г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалады?


Нені білуі, істей алуы тиіс: Оқушылар денені қыздырғанда, отын жанғанда, сұйықты қыздарғанда, денені балқытқанда бөлінетін жылу мөлшері формулаларын білуі тиіс; кестеден меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті балқу жылуы, сұйықтың меншікті булану жылуы, отынның меншікті жану жылуы мәндерін тауып пайдалана алуы тиіс.
8 класс
Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: Жылу машиналары. Электр құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру,

жүйелеу, қорытындылау.

I нұсқа
1.Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс

жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы

қандай?

2.ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған.



Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері

жоғалған?

3. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктеге орналасқан 12 нКл зарядқа

қандай күш әсер етеді?

4. Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің

кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?




II нұсқа
1. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс

жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

2. ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа

жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.

3. 1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан

әсер етеді?

4. Кернеулігі 10кВ/м өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады?

Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар газдың жұмысы, Кулон заңы, электр өрісі кернеулігі формулаларын білуі, жылу қозғалтқышының ПӘК формуласын қолдана алуы, Кулон заңындағы тұрақты мен электр тұрақтысы мәндерін білуі тиіс.

8 класс
Бақылау жұмысы №3
Тақырыбы: Тұрақты электр тогы

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
I нұсқа
1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм², ұзындығы 150 см күміс сымның

кедергісі қандай? Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, онда өткізгіш

сымның ұштарындағы кернеу қандай?

2.Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом, мыс сымның массасы қандай?

3.Электр двигателінің қуаты 3 кВт ток күші 12 А. Электр двигателі

қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар.

4.Тізбекке екі өткізгіш параллель жалғанган өткізгіштердің біреуінің

кедергісі 150 Ом, екіншісінікі 30 Ом. Қай өткізгіштегі ток күші көп? Неше

есе көп?
II нұсқа
1.Көлденең қимасының ауданы 2 мм² ұзындығы 8 м икель сымның

кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда

оның бойымен қандай ток өтеді?

2.Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының

ауданы 2 мм² темір сымның массасын анықтаңдар.

3.Электр плитасы ток күші 5 А болғанда 30 мин, ішінде 1080 кДж энергия

жұмсайды. Плитаның кедергісін есептеңдер.

4.Ұзындықтары мен қималары бірдей болат және нихром сымдарының

ұштарына бірдей кернеу берілген. Қандай өткізгіштегі ток күші көп және

қанша есе?




Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар өткізгіштің кедергісі, тізбектің бөлігі үшің Ом заңы, формулаларын білуі тиіс. Өткізгіштің кедергісі мен массасын байланыстыра алуы тиіс; кестеден өткізгіштің меншікті кедергісі мәнін таба білуі тиіс.

8 класс
Бақылау жұмысы №4
Тақырыбы: Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
I нұсқа


  1. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса, онда массасы

4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

2. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр

қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4А. Сымның

ұзындығы қандай?

3.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды.

Қүралдың кедергісі қандай?

4. Көтергіш кран 6т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті

көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі

380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?


II нұсқа
1.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың

пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

2. 6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы

0,5 мм² мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер?

3. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс

істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін

анықтаңдар.

4. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы

20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?

Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын білуі, кестеден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану жылуы, өткізгіштің меншікт кедергілерін тауып, есеп шығаруда қолдана алуы тиіс.

7 класс
Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Масса және күш

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.


I нұсқа
1.Ұшқыш 150 км қашықтықты реактивті үшақпен 2,4 минутта ұшып өтті.

Ұшақтың орташа жылдамдығын тап.

2. Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған

бензиннің массасын есепте.

3. Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің

қатаңдығы қандай?

4. Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан жағаға қарай массасы 45 кг бала

секіріп түсті. Бұл кезде сал 1,5 м/с жылдамдыққа ие болды. Баланың

жылдамдығы қандай?
II нұсқа
1 Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның

жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.

2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы

18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?

3. Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда

салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?

4. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді.

Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?




Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар қозғалыс жылдамдығы, заттың тығыздығы, серпімділік күші формулаларын білуі тиіс; кестеден заттың тығыздығын таба алуы тиіс; дененің массасы мен жылдамдығын байланыстыра алуы тиіс.

7 класс
Бақылау жұмысы №3

Тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қысымы. Архимед күші

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру

I нұсқа
1. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см²

болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

2. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет

етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің

шамасын есепте.

3. Дененің салмағы 6 Н, ал көлемі 400 см³. Осы дене суға бата ма?

4. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін

анықтандар.


II нұсқа
1. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына

қандай қысым түсіреді?

2. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.

3. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін керосин бағанының биікті

қандай болуы керек?

4. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды

ығыстырып шығарады?

Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар қысым, Архимед күші формулаларын білуі тиіс.Денелердің жүзу шарты заңдыпығын пайдалана алуы тиіс.

7 класс
Бақылау жұмысы №4
Тақырыбы: Жұмыс. Куат. Энергия

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.


I нұсқа
1. Массасы 1000 т поезд 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, кинетикалық

энергиясын тап

2. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты

тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?

3. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе,

ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

4. Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т

топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.



II нұсқа
1. Қатаңдығы Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын

тап.


2. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса,

баланың өндірген куатын анықта.

3. Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м. Оқтың массасы 5 г. Егер

серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай жылдадықпен ұшып шығар еді?

4. Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан

шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын

тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тан.

Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар механикалық жұмыс, куат,энергия формулаларын білуі тиіс; ПӘК есептей алуы тиіс; пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың мағынасын түсінуі тиіс.

9 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Кинематика негіздері

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.


I нұсқа

1.Үдеу дегеніміз не?

2. Ұста балғасымен дайындаманы соғып қалғанда, балға тежелген кездегі үдеу модулі бойынша - қа тең болды. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған еді?

3. Велосипед дөнгелегінің радиусы 40 см. Егер дөнгелек 100 айн/мин жасайтын

болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?

4. Қатаңдығы 100 Н/м тіркеу арқанымен массасы 3т автомобильді үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңдар.


II нұсқа

1. Күштің қандай түрлерін білесің? Формулаларын жаз.

2. Автомобиль үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20 м/с – қа дейін арттырады?

3. Айналатын барабан қалақшаларының жүкті 0.4 м/с жылдамдықпен көтерген

кездегі диаметрі 16 см. Осы барабан қалақшаларының айналу жиілігін тап.

4. Массасы 0,2кг хоккей добы таяқпен соққаннан кейін мұз бетімен сырғанай қозғалады. Доптың мұз бетімен қозғалғандағы үйкеліс коэффиценті 0,02 болса, қозғалысты тежеуші үйкеліс күші неге тең? Доптың мұз бетімен сырғанауы кезіндегі үдеуін анықта.



Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, жол, үдеу формулаларын, шеңбер бойымен қозғалысты сипаттайтын айналу периоды, айналу жиілігі формулаларды білуі тиіс; бүкіл әлемдік тартылыс заңы мен ауырлық күшін байланыстыра алуы тиіс.

9 класс

Бақылау жұмысы №2

Тақырыбы: Сақталу заңдары. Тербелістер

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.


I нұсқа
1. Дененің 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы 120Дж болса, оның массасын

тап.


2. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10т жүк таситын автомобильдің, жылдамдығы 25м/с, ал массасы 1т-ға тең жеңіл автомобильдің импульстері неге тең?

3. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,8с, ал серіппенің қатаңдығы 200Н/м болса, серіппедегі жүктіңмассасын тап.

4. Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай?


II нұсқа
1. Массасы 2кг дененің кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, оның жылдамдығын

тап.


2. Массасы 160г шайбаның импульсі массасы 8г 600м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?

3. Ұзындығы 80см маятник 1мин ішінде толқында 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алады.

4. Балықшы қалтқы 10с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай.


Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар импульс, серіппелі және математикалық маятник тербеліс периды формулаларын білуі тиіс; кинетикалық энергия мен импульстің формуласын, потенциалдық энергия мен серпімділік күшін байланыстыра алуы тиіс; импульстің сақталу заңын қолдана алуы тиіс.


9 класс
Бақылау жұмысы №3
Тақырыбы: Толқындар. Атомдық құбылыстар

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.

I нұсқа
1.Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,6 мГн болатын катушкадан және

сыйымдылығы 50 пФ болатын конденсатордан тұрады. Контур шығаратын

электромагниттік толқынның ұзындығы неге тең?

2. Зарядтың тербеліс теңдеуі q=0,6 cos 150πt. Тербеліс жиілігін тап.

3. Сәуле шығаруда толқын ұзындығы 1 нм сәйкес болу үшін, рентген түтікшесіне

түсетін кернеуді тап.

4. м толқын ұзындығында жұмыс істейтін лазердің жарық шоғының куаты

0,1 Вт. Лазердің 1 секундта шығаратын фотондарының санын тап.




II нұсқа
1. Тербелмелі контур ауада ұзындығы 150 м болатын электромагниттік толқын

шығарады. Егер контурдың индуктивтілігі 0,25 мГн болса, онда контурдағы

конденсатордың сыйымдылығы неге тең?

2 Ашық тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелді өзгеру заңдылығы

i=0,1 cos (6·10πt) болса. Шығарылатын толқынының ұзындығын тап.

3.Қызыл түсті сәуле толқын ұзыдығы 0,7·10 м үшін фотон массасын тап.

4.Толқын ұзындығы 3·10 м шыққан жарық затқа түседі, ол зат үшін

фотоэффектінің қызыл шекарасы 4,3·10 Гц. Фотоэлектрондардың

кинетикалық энергиясы неге тең?


Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар толқын ұзындығы, жиілігі периоды формулаларын, квант энергиясы формуласын, фотоэффектінің негізгі теңдеуін білуі тиіс. Электромагниттік тербеліс тендеуін пайдалана алуы тиіс.
9 класс
Бақылау жұмысы №4
Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика негіздері. Атомдық құбылыстар

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.

I нұсқа
1. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған автомобиль кенеттен тежелді. Егер тежелу

кезіндегі үдеу 4 м/с² болса, автомобильдің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы

және толық тоқтағанға дейінг уақытын тап.

2. Массасы 6000 кг трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.

Тежелгенпен кейін ол 30 с-тан соң тоқтады. Тежелу күшін анықта.

3. Фотондарының массасы кг болатын жарық толқынының тербеліс

жиілігін тап.

4. Радиоактивті элементті активтілігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Жартылай ыдырау

периодын тап.
II нұсқа
1 45 м/с² үдеумен қозғалатын ракета белгілі үақыт аралығы өткенде 950 м/с

жылдамдықа ие болды. Келесі 2 с ішінде оның жүріп өткен жолын тап.

2.Жылдамдығы 450 м/с массасы 25 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін 0,5 м-ге

өтті. Оқтың қозғалысына бөгеттің кедергі күшін тап.

3.Рентген түтікшесі 50 кВ керлеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал

толқын ұзындығын тап.

4. Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиоактивті изотоптың атомы бар.

20 мин ішінде осы атомдардың ыдырауға ұшырағанын тап.




Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, жол, үдеу, толқын ұзындығы, жиілігі периоды формулаларын, квант энергиясы формуласын, фотоэффектінің негізгі теңдеуін білуі тиіс. Радиоактивті ыдырау заңын қолдана алуы тиіс.
Каталог: Fizik
Fizik -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым
Fizik -> Бағдарламасы ( syllabus) «Физика 1» пәні бойынша 050730 «Құрылыс материалдарын бұйымдарымен конструкцияларын өндіру технологиясы»
Fizik -> Бағдарламасы ( syllabus) «Физика 1,2» пәні бойынша 050721 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Fizik -> Физика нұсқау
Fizik -> Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж
Fizik -> «Бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Fizik -> I-тоќсандыќ баќылау жўмысы
Fizik -> Задача 1 Чтобы удерживать брусок на наклонной плоскости с углом наклона = 45


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет