Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопед жүргізушілеріне талап күшейетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

“Қозғалтқыш көлемінің қандай екеніне қарамастан барлық мопед көлікке жатқызылады. Оларды айдау үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің бәрін тіркеп, есепке қоямыз”, – деп атап өтті Игорь Лепеха. 

Вице-министрдің сөзінше, қазір осы көлік түрін айдайтындарға ешқандай жауапкершілік жүктелмеген.

“Оларды анықтау қиын. Мопед жүргізушілері де соған үйреніп алған – ешкім танымайды, тіркемейді, ұстамайды. Егер автокөлік жүргізушісі мас күйде ұсталса біз оны 7 жыл көлік айдау құқығынан айырамыз. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көбі мопедке “отырады”, себебі оларға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тек 5 АЕК айыппұл салынады – болды”, – деп түсіндірді Игорь Лепеха. 

Министрдің орынбасары әкімдерге де қосымша өкілеттілік берілетінін атап өтті.

"Бұл түзетулер пакетінде тағы бір өте маңызды норма бар. Енді әкімдерде самокаттарға қатысты реттеу өкілеттігі болады. Яғни олар өздерінің қосымша ережелерін бекіте алады. Яғни осы көлікпен қайда өтуге болатынын, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керегін белгілейді. Мысалы, жексенбі күні саябақтарда серуендеп жүрген адамдар көбейгенде, паркте самокаттардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін", — деді ол.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда самокат тізгіндеген 13 жастағы және мопед мінген 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Екеуін де жүк көлігі қағып кеткен. Осы оқиғаға қатысты желі қолданушылары елімізде скутер мен самокатты жалға алуға тыйым салу қажетін айтып дабыл қақты.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.