7 сынып. Қазақстан тарихы Тақырыбы: Қорытындылау



жүктеу 52.04 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі52.04 Kb.
түріСабақ

7 сынып. Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қорытындылау

«Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Осы тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту. Оқушылардың Қазақ хандығының тарихи кезеңдерінен толық тоқталып қайталау

2. Дамытушылық:Оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, шешендік біліктілігін арттыру.

3.Тәрбиелік:Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

түрі: қайталау сабақ


әдісі: сұрақ –жауап, «Мюнстенберг» әдісі, сын тұрғысынан ойлау, тест,
тәсілі: Жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен
көрнекілігі:Қазақ хандарының сурет, интерактивті тақта, постер, карта, оқулық, кестелер, симатикалық карта , видео, маркерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. ( топты суреттер құрастыру әдісі бойынша топқа бөлу)


II Үй тапсырмасын тексеру топпен жұмыс

Үйге «Орбұлақ шайқасы» тақырыбы берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп мазмұнын айту.



  1. -топ. «Орбұлақ шайқасы» эссе

  2. -топ. «Орбұлақ шайқасы-қазақ батырларының қаһармандықтары» ізденіс жұмысы

  3. -топ. «Орбұлақ шайқасы» суретін салу

Бекіту: «Өрмекші» әдісі бойынша үй жұмысын қорытындылау. Оқушылар жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекші торын жасап , үй тапсырмасын қорытындылаймын.

Сұрақтар:



  1. Қазақ хандығының құрылуына Қазақстанның қай аумағында негіз қаланды?

  2. ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?

  3. Орбұлақ шайқасы қай жылдары болды?

  4. Есім ханның ел билеген жылдары?

  5. «Қатаған қырғыны» болған жыл жыл:

  6. Тұрсын хан қай қаланы өзінің астанасы деп жариялады?

  7. Есім хан қай қаланы өзінің астанасы деп жариялады?

Енді балалар сабағымызды көңілді күймен бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті. 1 мин

ІІІ.Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз. Дәптерлеріңді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазғызу.

ІІІ.Жаңа сабақ. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта «Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» тарауын қорытындылаймыз


№1 тапсырма «Тұлғаны таны» экранда берілген қазақ хандарының есімін суреттің қасына қою.

Қасым хан

Хақназар хан

Есім хан


Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Тапсырмалар:

1-топ:«Венн диаграммасы»

Қасым хан мен Хақназар хандардың сыртқы саясатын салыстыру. постерге



2-топ: «Мюнстенберг әдісі»

ОлроаипитекпрепХҮІІорашпршпрешп ғасырдыңоршпершерпеш алғашқыпшщекоршрше кезіндешешпрцер Моғол пршщекорщшорхандығыоершщкоршц мен шорерпшокшщҚазақоеркор хандығының екркокогшарасынданшдлшд одақтықншднд қатынастарншднд орнады. Бұлшндддшкро қатынастарглнлнлнлк екіглгшкшепоор хандықтыңлглшгнолг қарама-қарсыглкнодщэш топтары лошеноушнгарасындалиошнруе құрылдынделущнлу.нлгеулгел Есім еугнор.шханрштиеншор бастағанноно топнеоуе моғолдардыңноуен Шалышноеуо пен неоуеТұрфануегг қалаларынгкн билеген ггнлӘбд-ар-Рахым кндлнхангкнлү.жағыменд.үщ одақтастыншдшгд. Ал ешдшгТұрсыншпр ханның нгклнлкнжақтастары гнллшүкмоғолдардың гнлү.Жаркентгнлү пен шглонеҚашғар ноқалаларыныңшдгдәміршісіүгл Әбд-Латип лшдщшддханды шдедшеқолдады. Сөйтіп шгдгшдгекігшдүұұү қазақшдед ханының дшгщзарасындағыроен қайшылық тереңдейногг түсті.

3-топ:Алғашқы Қазақ хандығының жер аумағын суретке түсіру. Постерге 3 топқа ортақ тапсырма

Сәйкестендіру тесті




Оқиғалар

Жауаптар

1

Қазақ хандығының алғашқы хандары

Есім, Тұрсын

2

«Қатаған қырғыны»

Қасым, Есім

3

Билер

Керей, Жәнібек

4

Заңдар жазды

Тәуке, Жәңгір

5

Жоңғарлармен күресті

Төле, Қазыбек

Қорытындылау:

Тест

1. Қазақ хандығы қай жылы құрылған?



А) 1465 ж.
В) 1468 ж.
С) 1466 ж.
Д) 1467 ж.

2. Қазақ хандығы қамтыған аумақтарды көрсет.

А) Шығыс жерлері
В) Батыс Жетісу жері
С) Солтүстік өңірі
Д) Оңтүстік аумағы

3. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы:

А) Мұхаммед Хайдар Дулати
В) Бабыр
С) Қ.Жалайыри
Д) Ж.Қарши

4. Ел билеушісі кім болған?

А) сұлтан
В) хан
С) рубасы
Д) би

5. Қазақ хандығының тұңғыш ханы:

А) Абылай
В) Таһир
С) Керей
Д) Хақназар

6. Керей ханның хандық кезеңі:

А) 1455-1473 ж ж.
В) 1457-1472 ж ж.
С) 1458-1470 ж ж.
Д) 1458-1473  жж.

7. 1473-1480 жылдары хандық орнатқан хан:

А) Жәнібек хан
В) Есім хан
С) Тәуекел хан
Д) Абылай хан

8. Қай ғасырлары қазақ хандығы нығайып, шекарасы ұлғайған?

А)15-16 ғғ.
В) 17-18 ғғ.
С)16-17  ғғ.
Д) 18-19ғғ.

9. Қасым хан қай жылдары билік жасаған?

А) 1512-1520 ж ж.
В) 1511-1523 ж ж.
С) 1513-1524 ж ж.
Д) 1514-1525 жж.

10. Қасым ханның заңының атауы?

А) Қасым ханның Қасқа жолы
В) Жеті жарғы
С) Есім ханның ескі жолы
Д) Он жеті жарғы

11. 1523-1532 жылдары кім хан болған?

А) Жәнібектің ұлы Қасым
В) Қасым ханның баласы Хақназар
С) Жәңгірдің баласы Тәуке
Д) Қасым ханның немере інісі Таһир

12. Хақназар кімнің баласы?

А) Абылай ханның
В) Жәңгір ханның
С) Қасым ханның
Д) Жәнібек ханның

13. Хақназардың билік еткен жылдары:

А) 1538-1580 ж ж.
В) 1537-1581 ж ж.
С) 1539-1579 ж ж.
Д) 1536-1580 жж.

14. Хақназарды халық қалай атаған?

А) қырғыздар мен ноғайлардың патшасы
В) қазақтар мен қырғыздардың патшасы
С) қалмақтар мен қырғыздардың патшасы
Д) қазақтар мен ноғайлардың сұлтаны

15. 1563 жылдары Қазақ хандығының сыртқы саясын өзгерткен хан:



А) Таһир хан
В) Жәнібек хан
С) Абылай хан
Д) Хақназар хан
Бағалау:

Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Ізденіс жұмысы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет