Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) ресми түрде қосылып, ұйымның 32-мүшесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Alamy Stock Photo
Ресми құжат АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.
Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде Швеция туын көтеру рәсімі 11 наурызға жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдағаны туралы жазған едік.
Автор: Жанара Кенжебекова
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.