7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



жүктеу 38.01 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі38.01 Kb.
түріСабақ

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. Наймандар, керейіттер, жалайырлар

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларды найман, керей, жалайыр мемлекет­тepiнiң құрылу тарихы, қоғамдық. құрылысы, шаруашылығымен мәдениетiндегi ерекшелiктерiмен таныстыру

  2. Мемлекеттердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен ұқcaстықтары туралы айта отырып, оқушылардьң мемлекеттер тари­хын салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту

  3. Қазақ халқының этникалық. құрамында басты рөл aтқapғaн найман, керей, жалайырларда елдiң басын қосып, бiрлiкке, өнерге баулыған бiлiмдi мемлекет басшыларының iciн үлгi ете отырып, оқушыларды бiлiм алуға, iзденуге, тәлiм-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі:сызба, карта интерактивті тақта

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Дамыған ортағасырлық мемлекеттерге қандай мемле­кеттер жатады?

  2. Қapaxaн мемлекетi Қазақстанның қай бөлiгiнде құрылды?

  3. Мемлекеттiң қоғамдық құрылысында қандай ерек­шелiктер болды?

  4. Қapaxaн билеушiлерiнiң Самани әулетi мен Мауа­раннахрды бағындырудағы әpeкeтi немен аяқталды?

  5. Мемлекеттiң Шығыс және батыс болып бөлiнуiнiң себебi неде?

  6. Қapaxaн мемлекетiнiң құлауына не себеп болды?

  7. Мемлекеттiң шаруашылығы бағыттары қандай болды?

  8. Ислам дiнiнiң мәдениеттiң дамуына әcepi неден көрiндi?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Тайпалардың орналасуы.

  2. Найман, керей, жалайырлардың саяси тарихы.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Шаруашылығы.

Мағынаны тану арқылы «Ойлан, бірік, бөліс» әдісін қолдана отырып, Наймандар, керейіттер, жалайырлар жайлы тақырыпты бөліп беремін, оқиды, келесі топқа барып айтады, қайтадан өз орнына барып талқылайды.

1 топ. Тайпалардың орналасуы

2 топ. Керейіттер

3 топ. Жалайырлар

4 топ. Шаруашылығын оқып талқылайды.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісін қолдана отырып әр топ берілген тапсырманы баяндап, таныстырады. Әр топқа барып түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң өз орныны келіп талдайды

Тапсырмалар

Тарихи тест. 
І Дұрыс жауапты тап. 
1. Наймандар одағының басын қосты: 
а. Даян в. Бұйрық с. Білге 
2.Керейіттердің қай ханы хандықты оң, сол, орта бөліктерге балаларына бөліп берген: 
а. Маркус в. Сарық с. Құршақұз 
ІІ. Берілген анықтамаға сәйкес ұғымды тап. 
1.Қарақытай, жалайырлар билеушісі лауазымы: 
а. жабғу в. гурхан с. қаған 
2.Ұлыстардың ішкі істерін жүргізген: 
а. уәзір в. шерби с. ақсақал 

ІІІ Артықты тап. 
1.Наймандар, жалайырлар, наймандар негізінен ... айналысқан. 
а. жылқы өсірумен в. қой өсірумен с. егіншілікпен 
2.Наймандар көрші болды: 
а. меркіттермен в. танғұттармен с. қарлұқтармен 
ІҮТерминнің мағынасын түсіндір. 
1.Ұлыс: 
а. көптеген түркітілдес тайпалардың ортақ аты в. бірнеше арыстың жері 
с. Әмудария мен Сырдария аралығы 
2.Елтебер: 
а. Оғыздардың жоғары билеушісі лауазымы

в. қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым 
с. ру немесе тайпа көсемі 
Сұрақтарға жауап бер

1. Жалайыр тайпасының көсемі. 
2. Найман мемлекетінің астанасы. 
3. Найман атауының монғолша мағынасы. 
4. Найман ханы. 
5. Жалайыр елінің ақыны, шешен, әрі батыры. 
6. Орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген тайпаларға қауіп төндірген мемлекет басшысы. 
7. Қазақ қаласы. 
8. Қазақ жеріндегі тайпа. 
9. Қазақ жеріндегі тайпа.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Тайпалардың «найман», «керей» деп аталуын қалай түсiндiресiң?

  2. Картаны пайдалана отырып мекендеген жерлерi мен орта­лықтары туралы айт.

  3. Найман хандарының ел басқарудағы әpeкeттepi туралы не бiлесiң ?

  4. Керей хандары туралы не бiлесiң?

  5. Жалайырлардың Шыңғысхан әскepiнiң сол қaнaт түменін басқаруының себебi неде?

  6. Тайпалардың саяси құрылысы қандай болды?

  7. Тайпалардың шаруашылығы туралы не бiлесiң?

  8. Қазiр бұл тайпалар Қазақстанның қай өңiрлерiн мекендейді?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§12. §11 Наймандар, керейіттер, жалайырлар тақырыбын оқу. Шағын әңгіме жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 00bd
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00bd -> Практическая работа по теме: «Первая мировая война»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет