№75 бұйрығымен бекітілді Электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптар



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/7
Дата22.04.2019
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2014 жылғы «10» ақпандағы

75 бұйрығымен

бекітілді



Электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптар

1. Жалпы ережелер


Электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптар (бұдан әрі - стандарттық талаптар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Осы стандарттық талаптар «Медициналық көмекті көрсетуде үздіксіздікті қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» (System of concepts to support continuity of care) EN 13940 халықаралық стандартының (бұдан әрі - EN 13940 халықаралық стандарты) талаптарын ескере отырып, электрондық денсаулық паспортын (бұдан әрі – ЭДП) әзірлеу үшін талаптарды белгілейді.

Осы стандарттық талаптардың мақсаты пациенттің мұқтаждылығына бағытталған электрондық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру үшін медициналық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер мен медициналық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін денсаулық туралы ақпаратты құрылымдаудың бірыңғай қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз етілуі болып табылады.

Осы стандарттық талаптардың міндеттері электрондық денсаулық паспортының құрылымын, мазмұнын, қолдану саласын және өміршеңдік циклін анықтауы, сондай-ақ электрондық денсаулық паспорты, электрондық медициналық жазба (бұдан әрі - ЭМЖ) мен басқа электрондық денсаулық сақтау жүйелері арасындағы функционалдық өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің және медициналық ақпараттың интероперабельдігі үшін стандарттық талаптарда құрылымы, рөлі, қызметі EN 13940 халықаралық стандартында көрсетілген медициналық ақпараттың бірқатар үлгілері қолданылады.

Осы стандарттық талаптарда төмендегі терминдер мен түсініктемелер қолданылады:

е-денсаулық сақтаудың стандарттық талаптары – Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігінің жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талаптар;

электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) (Electronic Health Record) – осы стандарттық талаптарда анықталғандай, EN 13940 халықаралық стандартында көрсетілген ұғымдарды іске асыратын пациент туралы ақпаратты жинақтау, сақтау және алмасу мақсатында электрондық түрде қалыптасатын ұзақ медициналық жазба;

электрондық медициналық жазба (бұдан әрі - ЭМЖ) (Electronic Medical Record) – нақты ауруға қатысты стационарлық, стационарды алмастыратын, жедел, консультациялық-диагностикалық медициналық көмектің нақты оқиғасына байланысты электрондық түрдегі медициналық жазба;

медициналық жазба (Healthcare Record) - пациент денсаулығына қатысты ақпараттар жиынтығы;

медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған дәрілік көмекті қамтитын медициналық қызметтер кешені;

ұзақ жазба (Longitudinal Record) – медициналық көмекті көрсетуде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында пациент туралы өмір бойына жиналатын ақпараттар жиынтығы;

медициналық қызмет (Healthcare Service) – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылдары;

медициналық іс-әрекет (Healthcare Activity) – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі. Осы стандарттық талаптардың мәнмәтінде медициналық әрекет денсаулық сақтау бірліктері атқаратын қызметті, медициналық қызметтер көрсетуді қоса түсінігін білдіреді;

медициналық қызметтер жабдықтаушысы (Healthcare Provider)  медициналық қызметтерді көрсететін «медициналық ұйым» (Healthcare Organisation) және/немесе «медициналық қызметкер» (Healthcare Professional);

медициналық қызметкерлер  кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

медициналық ұйым  негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

денсаулық сақтау тарапы (Healthcare Party) – денсаулық сақтау жүйесінде өзара әрекеттесетін жеке және заңды тұлғалар, онын ішінде пациент (Subject of Care), медициналық қызметтер көрсетудің жабдықтаушысы (Healthcare Provider) және медициналық көмек көрсетуде қолдау көрсететін тараптар (Healthcare Third-party);

медициналық көмек көрсетуде қолдау көрсететін тарап (Healthcare Third-party) – туған-туысқан, қамқоршы, заңды өкіл, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету шығыстарын төлеуге, қаржыландыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты басқа да тараптар;

денсаулық сақтау бірлігі (Healthcare Agent) – денсаулық сақтау жүйесінде белгілі қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, медициналық техника немесе медициналық ақпараттық жүйе;

байланыс (Contact) – медициналық қызметтер көрсетудін жабдықтаушысы пациентке медициналық қызметтер көрсету және/немесе оның медициналық жазбаларына (ЭДП немесе ЭМЖ) қол жеткізу жағдайы. Сонымен бірге «байланыс» ұғымы «жүгіну» және «медициналық жазуларға қол жеткізу» ұғымдарын қамтиды;

жүгіну (Encounter) – үздiксiз негiзде шектелген уақыт мерзiмiнiң ағымында медициналық қызметкер пациентке медициналық қызметтердi көрсететін және өзгерістер енгізу үшін медициналық жазбаларға қол жеткізетін жағдай;

байланыс элементі (Contact Element)нақты (теқ қана бір) денсаулық мәселесіне қатысты байланыс бөлігі. Бір байланыстың барысында бірден көп денсаулық мәселесі қарастырылуы мүмкін, осындай жағдайда әр денсаулық мәселесі үшін тиісті байланыс элементі шығарылады;

ЭДП-ның элементі (EHR element), ЭМЖ-ның элементі (EMR element) – бір байланыс элементіне қарайтын ЭДП-ның немесе ЭМЖ-ның бөлігі;

пациент (Subject of Care) – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

медициналық техника (Healthcare Device) – аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;

денсаулық мәселесі (Health Issue) –денсаулық мәселесін, физиологиялық күйін, патологияны, пациент тарапынан немесе басқа да денсаулық сақтау тарапынан медициналық қызметтерді көрсетуге арналған сауалдарды қамтитын жалпы ұғым. Денсаулық мәселесі тиісті денсаулық сақтау тарапымен белгіленеді;

медициналық көмек көрсету эпизоды (Episode of Care) – нақты денсаулық мәселесіне қарайтын барлық байланыс элементтерін қамтитын ахуал;

медициналық қызмет көрсетудің жиынтық эпизоды (Cumulative Episode of Care) – бір денсаулық сақтау тізбегіне қатысты эпизодтар жиынтығы;

денсаулық мәселелерінің тізбегі (Health Issue Thread) – клиникалық білім немесе нақты клиникалық үдеріс негізінде пациент туралы ақпаратты түсіндіріп беретін денсаулық сақтау тарапымен қалыптасатын бірнеше денсаулық мәселелерін өзара үйлесудің теориялық үлгісі;

клиникалық үдеріс (Clinical Process) – пациентке бір немесе бірнеше денсаулық мәселесі бойынша көрсетілетін өзара әрекеттесетін немесе өзара байланысатын медициналық қызметтердің жиынтығы;

медициналық қызметтер пакеті (Healthcare Services Bundle) – пациентке медициналық көмек көрсетудің жоспарына немесе медициналық көмек көрсетудің бағдарламасына сәйкес бір немесе бірнеше медициналық қызметтер жабдықтаушылармен бір денсаулық мәселелер тізбегі бойынша көрсетілген, көрсетіліп жатқан немесе болашақта көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетуі;

медициналық көмек көрсетудің жоспары (Care Plan) – бір пациентке бағытталған және бір немесе бірнеше денсаулық мәселесін шешуге бағытталған бір медицина қызметкерімен жоспарланған медициналық қызметтер көрсету пакеттерінің сипаттамасы;

медициналық көмек көрсетудің бағдарламасы (Programme of Care) – бір пациентке бағытталған және бір немесе бірнеше денсаулық мәселесін шешуге бағытталған бір немесе бірнеше денсаулық сақтау тарапымен жоспарланған медициналық қызметтер пакеттерінің сипаттамасы. Медициналық көмек көрсетудің бағдарламасының ішіне теқ қана медициналық қызметтер ғана емес кез келген медициналық қызметтің түрлері кіреді;

клиникалық нұсқау (Clinical Guideline) – дәлелді медицинаға негізделген пациентке бағытталған профилактикалық, диагностикалық, емдеу және сауықтыру іс-шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстар;

өкілеттік (Mandate) – денсаулық сақтау тарапымен қабылданған нақты рөлдің көлемі мен шеңберін және атқарылатын рөлге сәйкес жауапкершілігін анықтайтын ережелер жиынтығы;

медициналық көмек көрсетуді талап ету (Demand for Care) – пациентке медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау тарапымен айтылған сауал;

медициналық қызметтер көрсетудің кезеңі (Period of Service) – пациент пен медициналық қызметтер көрсетудін жабдықтаушысы арасында бір немесе бірнеше байланыстың барысында туындайтын уақыт аралығы;

жіберілетін ЭДП құжаты (бұдан әрі - ЖЭҚ) (EHR Messaging Document) – әртүрлі медициналық қызметтер жабдықтаушылары арасында электрондық денсаулық паспортындағы ақпараттармен өзара алмасу (табыстау немесе сақтау) үшін пайдаланылатын электрондық жіберілетін құжат. ЖЭҚ-мен іс-әрекеттер теқ қана анық және заңды өкілеттігі бар жағдайда дербес деректерді табыстауға жүзеге асырылады. ЖЭҚ алмасу ережесі, құрылымы және мазмұны «е-Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес анықталады;

ЭДП репозиторийі (EHR Repository)–деректердің бірыңғай репозиторийінің құрама бөлігі ретінде ЭДП қолдауы мен жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;

деректердің біріңғай репозиторийі (бұдан әрі - ДБР) (Unified Data Repository) – ЭДП репозиторийінің, оған байланысты жүйелердің, электрондық денсаулық сақтау сервистерінің, тіркелімдердің, анықтамалықтардың, сәйкестендіру сервистерінің және өзге көздердің қолдауы мен жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен. ДБР ұлттық, өңірлік немесе жергілікті деңгейлерде, өңірдің технологиялық инфрақұрылымына байланысты жүргізіле алады;

ДБР операторы (UDR Operator) – ДБР басқарауы мен қолдауын, сондай-ақ ЭДП интероперабельдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық қызметтердің ұсынылуын жүзеге асыратын заңды тұлға;

бірыңғайланған деректер (Normalised Data) - электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері көмегімен деректердің электрондық өңдеуін және интероперабельдігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалық пен жіктеуіштерді пайдалана отырып, мағынасы кодталған деректер;

проблемалық бағдарланған медициналық жазба (бұдан әрі - ПБМЖ) (Problem-Oriented Medical Record) – денсаулық мәселесі немесе денсаулық мәселесінің тізбегі бойынша деректер мен ақпарат элементтерін жинайтын және медициналық көмек көрсету эпизодына жататын денсаулық туралы ақпаратты қисынды құрылымдауға арналған папка. МСАК деңгейіндегі әрбір ПБМЖ кейін жазбалар элементтерін (ЭМЖ элементтері) қамти алатын электрондық денсаулық паспортының бір қатар элементтерінен тұрады. Электрондық медициналық жазба элементтерінің жиынтығы ПБМЖ немесе медициналық көмек көрсету эпизодын мамандандырылған медициналық көмек деңгейі үшін сипаттайды.



2. Электрондық денсаулық паспортын қалыптастыру қағидатары

Электрондық денсаулық паспорты уақытылы, көкейкесті, нақты және жеткілікті медициналық ақпаратты ұсыну жолымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек буынын күшейтуді және медициналық көмекті үзбей көрсетуді қамтамасыз ету үшін тетіктерді ұсынады.

Электрондық денсаулық паспорты мына қағидаттарда негізделеді

легитимділік – ЭДП-ндағы ақпараттың мазмұны мен пайдалануы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі;

өзгеріссіздік – тиісті өкілеттіктері бар медициналық қызметкер растағаннан кейін ЭДП бөліктері өзгертілмеуі тиіс;

дербестеу – пациентке және осы ЭДП бөлігінің авторына қатысты ЭДП бөліктері бір мағыналы сәйкестендіріледі;

верификациялау – ЭДП-нда сақталынатын барлық оқиғалар, іс-қимылдар мен ақпарат ресми танылған және тіркелген денсаулық сақтау субъектісімен куәландырылуы және расталуы тиіс;

бақыланатындық - ЭДП-нда сақталынатын барлық оқиғалар, іс-қимылдар мен ақпарат бақыланады, ЭДП мен оның барлық элементтеріне қол жеткізуді қоса алғанда барлық жасалынатын іс-әрекеттер бойынша логирлеу журналы автоматы түрде құрылуы және жүргізілуі тиіс.

ЭДП-ндағы ақпарат диагноздарды қоюға, емдеуге немесе аурулардың алдын алуына және денсаулық проблемаларына байланысты, сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің ұсынылуына, денсаулық сақтаудың басқаруына және қаржыландыруына, ғылыми – зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қызметке тартылған барлық денсаулық сақтау тараптары үшін қолжетімді. Ұқсас аналитикалық функциялар ЭДП элементтерін міндетті түрде дара биліктен айырудан кейін (деперсонализациялау) жазбалар құрылымдарын (тіркелімдерді) ЭДП-нан шектету көмегімен жүзеге асырылады.

ЭДП есептік жазбасы (EHR Account) пациенттің өмір бойына бір рет ЭДП өмірлік циклі үшін жауапты болып табылатын, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың дәрігерлерімен жасалынады. ЭДП есептік жазбасының барлық элементтері МСАК деңгейінде құрылған медициналық көмек көрсетудің эпизодтарымен өзара байланысты болуы тиіс. Медициналық көмек көрсетудің тиісті эпизоды болмаған жағдайда МСАК дәрігері көмек көрсетудің басқа деңгейлерінде құрылған медициналық көмек көрсету эпизодын есепке ала отырып, медициналық көмек көрсетудің жаңа эпизодын жасайды.

ЭДП-ның тиісті өкілеттіктері бар денсаулық сақтау тарапынан ұсынылған ақпараты ғана болуы мүмкін. ЭДП-ндағы ақпараттың мазмұны үшін жауапкершілікті оны растаған медициналық қызметкер атқарады. Барлық расталған ақпарат медициналық қызметкерге дейін, өкілеттіктер медициналық ұйымға ұсынылған жағдайлардың өзінде де (жедел көмек көрсету жағдайындай) бақылануы тиіс.

ЭДП мен сыртқы медициналық ақпараттық жүйелер арасындағы барлық өзара әрекеттесулер осы стандарттық талаптармен белгіленген ЭДП құрылымы мен ішіндегісінің көмегімен хабарламалармен алмасу негізінде жүзеге асырылады.

Деректерді бірыңғайлау жөніндегі талаптарға қатысты ЭДП-нда сақталынатын ақпаратты ұйымдастыру мен кодтау қағидаттары бекітілген анықтамалар мен жіктеуіштерге сәйкес белгіленеді.

ЭДП-на енгізілген барлық ақпарат рұқсат етілмеген қол жеткізуден Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғалған.

Медициналық көмекті үзбей көрсету тарапынан, ЭДП – бұл медициналық қызметтер жабдықтаушылары арасындағы ақпарат пен интероперабельдігін алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, ЭДП мен ЭМЖ әртүрлі элементтерінің деректері бар және оларды байланыстыратын пациенттің денсаулық жағдайының ұзақ және біріктірілген электронды сипаттамасы болып табылады.

Денсаулық сақтаудың барлық бірліктері, стандарттық, біркелкіленген, ұлттық сәйкестендіргіштер арқылы сәйкестендіріледі.

Медициналық көмек көрсету эпизоды денсаулық мәселесі бойынша медициналық қызметтер жабдықтаушымен пациенттің ең алғаш рет баайланысудан басталады және дәл осы денсаулық мәселесі бойынша осы жабдықтаушымен соңғы байланыстың барысында медициналық қызмет көрсетуді аяқтағаннан кейін бітеді.

Электрондық денсаулық паспортының репозиторийін іске асыру кезінде байланыстың әр элементі медициналық көмек көрсетудің тек бір эпизодының бөлігі болып табылатын ЭДП элементіне тиесілі. Әр байланыс медициналық көмек көрсетудің бірнеше эпизодтарына қатысты болуы мүмкін.

Клиникалық үдеріс уақыт бойынша бірізді медициналық іс-әрекеттің негізінде, немесе бір денсаулық мәселесі бойынша медициналық қызметтер жабдықтаушысына пациентпен бірнеше рет келудің нәтижесі ретінде медициналық көмек көрсету эпизодында байланысқан бірізді жүгінулер негізінде анықталады. Кешенді клиникалық үдерістің екі түрі бар:

интерпретациялауды жүзеге асыратын медициналық қызметтер жабдықтаушының клиникалық білімдері мен тәжірибесінің негізінде проблемалық бағдарланған медициналық жазбаны жасап, жүгінулерді/оқиғаларды және қолдағы байланыс элементтерін екінші рет интерпретациялау, немесе

клиникалық нұсқаулар жиынтығын, медициналық көмек көрсету жоспарларын немесе бағдарламаларын қолдану нәтижесі ретінде жаңа жүгінулер мен контакт элементтерін құру.

Логикалық немесе уақыт бойынша байланыстырылған белгілі денсаулық мәселесі бойынша жүгінулер медициналық көмек көрсету эпизодын құрайды. Медициналық қызметтердің екінші жабдықтаушысының (осы жүгінуді айқындаған жабдықтаушыдан ерекшеленетін) көзқарасы бойынша, осы жүгінулердің немесе алдын ала белгіленген клиникалық үдерістің бөлігі болып табылатын бір қатар жүгінулердің қайта ұйымдастырылуы осы клиникалық үдеріске қатысты барлық медициналық іс-әрекеттер кіретін медициналық көмек көрсетудің жиынтық эпизодын белгілейді және анықтайды.

ЭДП репозиторийін іске асыру кезінде денсаулық мәселесінің негізінде анықталатын медициналық көмек көрсету эпизодтары бастапқы ПБМЖ-ға жатады. Бұл жүгінулер мен жазбалар элементтері медициналық қызметтер жабдықтаушыға бірізді келулерде негізделіп, уақыт бойынша өзара байланысты. Медициналық көмек көрсетудің жиынтық эпизодтары клиникалық үдеріспен құрылған денсаулық мәселелер тізбегінің негізінде анықталады.

ЭДП репозиторийін іске асыру кезінде клиникалық үдеріс медициналық көмек көрсетудің тиісті жиынтық эпизоды бойынша құжаттамамен ресімделген барлық денсаулық жағдайларын және бүкіл медициналық қызметті белгілейді және анықтайды, сонымен қатар осы клиникалық үдеріс бойынша барлық ақпаратты қамтитын ПБМЖ-ны анықтайды.

ПБМЖ бір немесе бірнеше денсаулық мәселелеріне байланысты болуы мүмкін нақты денсаулық проблемасына қатысты жүзеге асырылған медициналық ақпараттың кез келген клиникалық маңызды қисынды өзара байланысы болып табылады.

Медициналық көмек көрсету жоспары медициналық көмек көрсету бағдарламасына тек бір медициналық қызметкер бағдарламаны қолданған жағдайда ғана үйлесуі мүмкін.

Кез келген медициналық көмек көрсету оқиғасы немесе жиынтық эпизод ол құрылған және сақталған кешенді клиникалық үдеріс нәтижесінің негізінде белгіленуі тиіс. Осы клиникалық үдерістің барысында медициналық қызметтерді көрсететін жабдықтаушы өкілеттіктер тетігін қолданудың негізінде белгіленеді.

3. Өкілеттіктерді беру шарттары және тәртібі

Өкілеттіктер айқын (explicitly), белгілі бір медициналық қызметкерге беру жолымен, сондай-ақ көмескі (implicitly), белгілі бір медициналық ұйымға беру жолымен көрсетілуі мүмкін.

Өкілеттіктер:

а) пациентпен, немесе заңды өкілді қоса алғанда, кез келген басқа денсаулық сақтау тарапынан

б) бір денсаулық сақтау бірлігінен басқаға беру жолымен; ішінара немесе толық, уақытша немесе тұрақты негізде – уақытша толық жауапкершілікті көздейтін пациенттерді госпитализациялау жағдайындағыдай беріледі.

Өкілеттіктер:

а) ашық және ортақ, яғни пациент денсаулығының барлық ықтимал мәселелерін қамтитын, мысалы, МСАК көрсету жағдайындағыдай;

б) алдын ала қойылған бір немесе бірнеше мәселелермен шектелген, мысалы, бейінді маманнан көмек алу жағдайындағыдай бола алады.

Өкілеттіктер осы стандарттық талаптардың 71-73-тармақтарына сәйкес кейбір әкімшілік шараларды жүзеге асыру үшін берілуі мүмкін.

Өкілеттіктер 1-Қосымшада көрсетілген мағыналар бойынша тексерілуі тиіс.

Электрондық денсаулық паспорты өкілеттіктердің берілуін мыналарда қамтамасыз етеді: сауалдың, оның қабылдау немесе бас тарту негізінде, сондай-ақ өкілеттіктерді беру нәтижелері туралы хабарламаның негізінде. Өкілеттіктердің берілуі осы стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес жүргізіледі және делдал рөлін атқаратын (Mandate Facilitator), тиісті өкілеттіктерді беру мен қабылдау фактісін қамтамасыз етуі тиіс МСАК дәрігерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Өкілеттіктер сонымен бірге нақты тұлғаға, немесе нақты медициналық ұйымға, немесе ұйымда нақты функцияны орындау үшін (мысалы, жедел көмектің жұмыс істейтін дәрігеріне) тапсырылуы мүмкін. Кез келген аталған нұсқауларда өкілеттіктер нақты тұлғаға, оны тағайындау рәсімінен кейін тапсырылуы тиіс. Дәл осы қағидат өкілеттіктерді әртүрлі жұмыс ауысымдары арасында беру жағдайында да қолданыста болады.

ЭПД көзқарасы бойынша «Өкілеттіктер» ұғымы деректерге қол жеткізу құқығын алуға, жазбаларды жүргізу міндеттемесіне және ақпараттың растығын қамтамасыз етуге жатады.

Өкілеттіктердің бес түрі бар:

1) талапқа өкілеттіктер (Demand Mandate);

2) медициналық көмек көрсетуге өкілеттіктер (Care Mandate);

3) клиникалық үдеріске өкілеттіктер (Clinical Process Mandate);

4) дербес ақпаратты тапсыруға өкілеттіктер (Mandate to Export Personal Data);

5) үздіксіздікті қолдау өкілеттіктері (Continuity Facilitator Mandate).

Талапқа өкілеттіктер (Demand Mandate) – медициналық көмекті көрсетуде талаптарды қоюға өкілеттіктер, пациент атынан медициналық қызметті жүзеге асыруға бір немесе бірнеше денсаулық тараптарымен ұсынылады. Тиісті медициналық қызметтерді талап ету құқықтары мен міндеттемелерін көздейді.

Медициналық көмек көрсетуге талапқа өкілеттіктерге сауалдар кіреді (Requests), яғни медициналық қызметкер медициналық қызметтер жабдықтаушысынан бір қатар медициналық қызметтердің жүзеге асырылуын, сонымен қатар жолдамаларды (Referrals) сұраған кезде, яғни медициналық қызметкер медициналық қызметтердің жабдықтаушысынан клиникалық үдеріске өкілеттіктерді қабылдауға талап еткен кезде, медициналық көмек көрсетуді талап ету.

Медициналық көмекте көрсетуге өкілеттіктер (Care Mandate) – пациент үшін медициналық қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ осы пациент денсаулығына қатысты ақпаратты басқаруға бір денсаулық сақтау тарапына берілетін өкілеттік. Көрсетілген өкілеттіктер хабардар етілген келісімде негізделеді немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық көмек көрсетуге өкілеттіктер медициналық қызмет көрсету мерзімін (Period of Service) анықтайды және шектетеді.

Клиникалық үдеріске өкілеттіктер (Clinical Process Mandate) – медициналық қызмет көрсетудің белгілі бір мерзімінде медициналық қызметті жүзеге асыруға медициналық қызметтер жабдықтаушысына берілген және осы мерзім үшін шеңберлерді анықтайтын өкілеттіктер. Осы анықтама белгілі бір клиникалық үдерістің шеңберінде медициналық қызметтердің көрсетілуін көздейді.

Өкілеттіктерді беру туралы хабарлама (Mandate Notification)– басқа денсаулық сақтау тараптары үшін ашық, денсаулық сақтау тарапына берілген нақты өкілеттіктер мәртебесіндегі өзгерістер туралы ақпарат. Өкілеттіктерді беру бойынша делдал арқылы іске асырылуы мүмкін.

Дербес ақпаратты тапсыруға өкілеттіктер (Mandate to Export Personal Data) – пациентпен немесе оның атынан қажетті өкілеттіктері бар басқа денсаулық сақтау тарапынан бір медициналық қызметкерге тапсырылған денсаулық сақтау тараптары арасындағы дербес ақпаратты беруге өкілеттіктер.

Үздіксіздікті қолдау өкілеттіктері (Continuity Facilitator Mandate) –пациент атынан МСАК дәрігеріне (немесе қажет болған жағдайда басқа денсаулық сақтау бірлігіне) мыналарды жүзеге асыру үшін берілген өкілеттіктер:

а) медициналық көмек көрсетуге өкілеттіктерді бірізді берудің мониторингі,

б) уәкілетті денсаулық сақтау бірліктеріне пациент туралы ақпаратты беруге жәрдемдесу,

в) пациенттің медициналық ақпаратын басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет