№75 бұйрығымен бекітілді Электрондық медициналық жазбаға қойылатын стандарттық талаптар



жүктеу 145.47 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі145.47 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы «10» ақпандағы


75 бұйрығымен

бекітілді

Электрондық медициналық жазбаға қойылатын стандарттық талаптар

  1. Жалпы ережелер


  1. Электрондық медициналық жазбаға қойылатын стандарттық талаптар (бұдан әрі – стандарттық талаптар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді.

  2. Осы стандарттық талаптар электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптардың ережелерін және «Медициналық көмектің тұрақты көрсетілуін қамтамасыз ететін ұғымдардың жүйесі» (System of concepts to support continuity of care) EN 13940 халықаралық стандартты (бұдан әрі - EN 13940 халықаралық стандарт) есепке алумен электрондық медициналық жазбаны әзірлеуге арналған талаптарды айқындайды.

  3. Осы стандарттық талаптардың мақсаты пациентке бағытталған электрондық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру үшін медициналық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер мен медициналық ұйымдар арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін денсаулық туралы ақпаратты құрылымдау бірыңғай қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз ету болып табылады.

  4. Осы стандарттық талаптардың міндеттері электрондық медициналық жазбаның құрылымын, мазмұнын, қолдану саласын және өміршеңдік кезеңін анықтау, сондай-ақ электрондық денсаулық паспорты, электрондық медициналық жазба мен басқа электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің арасындағы функционалдық өзара әрекетті қамтамасыз ету болып табылады.

  5. Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінің және медициналық ақпараттың интероперабельділігі үшін стандарттық талаптарда құрылымы, рөлі, қызметі және EN 13940 халықаралық стандартында көрсетілген медициналық ақпараттың бірқатар үлгілері қолданылады.

  6. Осы стандарттық талаптарда мынадай терминдер мен түсініктемелер пайдаланылады:

е-денсаулық сақтаудың стандарттық талаптары – Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талаптар;

электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) (Electronic Health Record) – EN 13940 халықаралық стандартында айқындалған барлық түсініктерді іске асыратын, пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу мақсатында электрондық формата қалыптасатын ұзақ медициналық жазба;

электрондық медициналық жазба (бұдан әрі – ЭМЖ) (Electronic Medical Record) – нақты ауруға байланысты стационарлық, стационарды алмастыратын, жедел, консультациялық-диагностикалық медициналық көмектің нақты жағдайына байланысты электрондық форматтағы медициналық жазба;

электрондық медициналық жазбаның элементі (бұдан әрі – ЭМЖ элементі) (EMR element) – байланыстың бір элементіне қатысты ЭМЖ-ның бөлігі;



    медицина қызметкерлері  кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

    медициналық ұйым  негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;



денсаулық сақтау ұйымы  денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

    медициналық көмек көрсету эпизоды (Episode of Care) – денсаулықтың нақты мәселесіне қатысты байланыстың барлық элементтерін қамтитын ахуал;

    өкілеттіктер (Mandate) – денсаулық сақтау тарапынан қабылданған нақты рөлдің көлемін және шеңберлерін, сондай-ақ атқарылатын рөлге сәйкес жауапкершілігін анықтайтын ережелер жиынтығы;

    ЭДП жөнелту құжаты (бұдан әрі – ЭЖҚ) (EHR Messaging Document) – әр-түрлі медициналық қызметтерді берушілердің арасында электрондық денсаулық паспортындағы ақпараттармен алмасу (беру немесе сақтау) үшін пайдаланылатын электрондық жөнелту құжаты. ЭЖҚ-мен іс-әрекеттер тек дербес деректерді беру анық және заңды өкілеттік бар жағдайда жүзеге асырылады. ЭЖҚ құрылымы, мазмұны және алмасу қағидалары «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесудің (хабарламалар жіберу) техникалық талаптарына» сәйкес айқындалады;

    екіншілік немесе үшіншілік медициналық көмек көрсететін ұйымдар – (осы құжаттың шеңберінде) төмендегі ұйымдардың тізімі:



- стационарлық медициналық көмек;

- стационарды алмастыратын медициналық көмек;

- консультациялық-диагностикалық көмек;

- жедел медициналық көмек (станция, бөлімше) көрсететін;

- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;

стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

стационарды алмастыратын көмек  бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

консультациялық-диагностикалық көмек  тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК)  денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.

қалпына келтіру емі – толық немесе ішінара қалпына келгенге дейін аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарын жоюды немесе бәсеңдетуді немесе пациенттің психикалық, физиологиялық және анатомиялық жай-күйінің бұзылуының орнын толтыруды білдіретін, науқас организмінің функциялық қабілеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені;

медициналық оңалту – пациент организмінің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;


  1. Электрондық медициналық жазбанын жүргізу тәртібі

  1. Осы стандарттық талаптарға сәйкес электрондық медициналық жазба электрондық денсаулық паспортының бөлігі болып табылады және медицина қызметкерлері мен стационарлық, стационарды алмастыратын, консультациялық-диагностикалық, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен жасалады.

  2. ЭДП-ның кеңістігінде қалыптасатын электрондық медициналық жазба ішкі деп аталады (Internal EMR). Жақтаушы медициналық ақпараттық жүйеде қалыптасатын ЭМЖ сыртқы ЭМЖ деп аталады. (External EMR).

  3. ЭМЖ-ны электрондық денсаулық паспортына бергеннен кейін осы ЭМЖ-ға қолжеткізу автоматтандырылған түрде үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында осы пациентке медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымында дәрігер міндетін (бұдан әрі –МСАК дәрігері) атқаратын медицина қызметкеріне беріледі.

  4. ЭМЖ-ның құрылымы, мазмұны, қызметі мен құру, сақтау және пайдалану ережелері ЭПД қойылатын стандарттық талаптармен белгіленеді және реттеледі.

  5. Осы стандарттық талаптар екіншілік және үшіншілік медициналық көмек көрсететін ұйымдар пайдаланатын ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың бөлігіне қатысты. Ауруханалық ақпараттық жүйе немесе оның баламасы ретінде сипатталуы мүмкін кез келген қосымша жүйелер, қосымшалар немесе қызметтер осы стандарттық талаптар әрекетінің шеңберінен тыс болып табылады. Бұл ерекшелік пациенттерді, қорларды және қаражатты немесе ұқсас ықпалдастырылған ақпараттық жүйелердің кез келген функцияларын басқаруға жатады.

  6. ЭМЖ-ның сыртқы жүйелері ЭДП-ға қолжеткізе алады және ЭМЖ-ны ЭДП-ға мынадай талаптарға сай болғанда бере алады:

ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға;

ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптарға;



    «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» және ЭМЖ-ның сыртқы жүйелері ЭДП-ның сертификатталған жүйелері ретінде аттестталған жағдайда.

  1. ЭДП репозиторийінде сүйемелденетін ЭДП жүйелері ЭМЖ-ның сыртқы жүйелеріне кіре алмайтын екіншілік және үшіншілік медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін «Пайдаланушы интерфейсін» (User Interface) қамтамасыз етеді.

  2. ЭДП бөлімі секілді ЭМЖ құру үшін құралдарды ұсыну қосымшасына «Пайдаланушы интерфейсі» тіркелген арнайы жазуларды құру үшін функционалдық мүмкіндіктер береді.

  3. Сыртқы жүйелермен жасалатын тіркелген арнайы жазбалар көрсетілген сыртқы жүйелердің деректерін физикалық сақтау орнында ұсталады және сұрау бойынша электрондық денсаулық паспортына ұсынылады.

  4. Осы стандарттық талаптарда айқындалған электрондық медициналық жазба электрондық медициналық құжаттарға қойылған талаптарға және ЭДП стандарттық талаптарда көрсетілген сипаттарға сәйкес келеді.


  1. Электрондық медициналық жазбаның ең төменгі деректерінің жиынтығы


  1. Ішкі ЭМЖ деректерінің ең төменгі жиынтығы ЭДП іске асыруға қажетті деректердің элементтеріне қатысты ЭДП стандарттық талаптарының 2-қосымшасында айқындалған.

  2. Ішкі ЭМЖ-ғы деректердің барлық санды емес мағыналары қалыпты болуы тиіс.

  3. Сыртқы ақпараттық жүйелерден электрондық медициналық жазбаға ақпаратты беру «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес іске асырылады.

  4. Пациент туралы деректерге қатысты ЭМЖ үшін іске асырылатын деректердің ең төменгі жиынтығына мыналар кіреді:

- пациенттің сәйкестендіргіші;

- денсаулық сақтау ұйымдарының және медицина қызметкерлерінің сәйкестендіргіші;

- диагностикаланатын аурудың жіктемесі, денсаулықпен байланысты аурулардың және проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің оныншы қарауының (бұдан әрі – АХЖ-10) номенклатурасының терминдерін және кодтарын пайдаланумен ем жүргізілетін ауру;

- көрсетілген медициналық қызметтер, оның ішінде ЭМЖ әр элементіне сәйкес келетін ауруды көрсетумен операциялар;

- пайдаланған ресурстар туралы деректер, оның ішіне дәрілік заттарды, қан препараттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды нақты сипаттау жатады;

- осы стандарттық талаптардың 17-тармағына сәйес өкілеттіліктер секілді басқа клиникалық емес деректер.



  1. Қалыпты ақпараттың талаптарына қатысты ЭМЖ жазылғын ақпаратты кодтау және ұйымдастыру қағидаттары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалған.

  2. ЭМЖ элементтерін реттеу ЭДП стандарттық талаптарымен айқындалған медициналық көмек көрсету эпизодының құрылымына ұқсас іске асырылады. ЭМЖ әр элементі қатаң түрде медициналық көмек көрсетудің тек бір эпизодына және тек бір диагнозға қатысты. Екіншілік немесе үшіншілік медициналық көмек көрсететін ұйымдармен айқындалған медициналық көмек көрсету эпизодтары ЭДП жіберіледі және МСАК деңгейінде айқындалған көрсетілетін көмектің тиісті эпизодтарында сақталады.

  3. ЭМЖ әр элементі пациенттің, медицина қызметкерінің және пациентке медициналық көмек көрсетуге уәкілетті денсаулық сақтау ұйымының сәйкестендіру кодымен, сондай-ақ пациентке медициналық қызметтер көрсетілетін АХЖ-10 жіктеу кодымен айқындалады.

  4. Пациентті, медицина қызметкерін және денсаулық сақтау ұйымын сәйкестендіру үшін қолданылатын әдіс және кодтар электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланылатын денсаулық сақтаудың қолданыстағы тараптарын сәйкестендіруге қойылған стандарттық талаптармен айқындалған ұйғарымдармен, шарттармен және қағидалармен белгіленеді.

  5. Клиникалық үдерістерді іске асыру мақсатында ЭМЖ және ЭДП алмасатын кез келген қосымша ақпарат, оның ішінде емдеуге жатқызу немесе жіберу туралы ақпарат электрондық медициналық құжаттардың нысанында құрылып, сақталады және олар тіркелген арнайы жазбалар (бұдан әрі – ТАЖ) (Attached Special Records) деп аталады. ТАЖ деректері пациенттің ЭДП бөлігі ретінде ЭДП немесе ЭМЖ тиісті элементтерімен тікелей байланысты.

  6. ЭДП тікелей рұқсаты бар медицина қызметкерлерінің ЭМЖ бөлігі ретінде құрылып, сақталатын ТАЖ-да сақталған клиникалық ақпарат ЭДП жүйесіне кіріктірілген функциялардың көмегімен өңделеді және тіркелімдерді (ЭДП репозиторийінің талдау функциялары) құру және жаңарту үшін пайдаланылады.

  7. ЭМЖ сыртқы жүйелердің ТАЖ немесе сыртқы жүйелердің ұсынатын кез келген басқа қосымша деректері ЭМЖ сыртқы жүйелеріне кіріктірілген функциялардың көмегімен жиналып, өңделеді және хабарламалармен алмасу қызметі арқылы тіркелімдерді (талдау функциялары) құру және жаңарту мақсатында ЭДП репозиторийлеріне беріледі.

  8. ЭМЖ сыртқы жүйелерінде ЭДП құрылатын немесе медициналық қызметтерді берушілерде ЭДП тікелей рұқсат болған жағдайда ЭМЖ құру бойынша ЭДП интерфейсі арқылы жолдама немесе үзінді секілді жазбалар ТАЖ түрінде сақталады және ЭДП немесе ЭМЖ тиісті элементіне тіркеледі. ЭМЖ хабарлама арқылы ЭДП беру жағдайында тиісті ТАЖ ЭМЖ тіркелген элементіне беріледі.

  9. ЭДП қойылған стандарттық талаптардың терминдерін және әсіресе ЭДП элементтеріне, байланыстарға және байланыс элементтеріне және шағымдарға қатысты терминдерді қозғайтын медициналық көмектің үдерісінде қызметті ұйымдастыру «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптардың» нормативтік стандарттарымен айқындалады және реттеледі.



  1. Өміршеңдік цикл

  1. ЭМЖ-ның өміршеңдік циклы ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелерімен реттеледі. Осы стандарттық талаптарда мынадай қосымша шарттар айқындалған.
  1. Стационарға емдеуге жатқызу


  1. ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес пациентті стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға емдеуге жатқызу пациенттің МСАК дәрігері болып табылатын бастамашылық еткен медицина қызметкерінің жолдамасы бойынша іске асырылады.

  2. Жолдамадан кейін стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – стационар) жіберілген пациенттің ЭМЖ есептілік жазбасын құрады. Осы ЭМЖ есептілік жазбасы өкілеттіліктерге сәйкес медициналық қызметтерді көрсету мерзімдеріне сәйкес құрылып, сақталатын ЭМЖ элементтерінің папкалары ретінде қызмет етеді. ЭМЖ сыртқы жүйелерімен құрылған ЭМЖ есептілік жазбасы жіберу кезінде құрылған ЭДП-ғы ЭМЖ есептілік жазбасына сәйкес келеді. ЭМЖ есептілік жазбасы сыртқы жүйелер пайдаланылмаған жағдайда ЭДП тікелей құрылады.

  3. Жіберу туралы жазба стационардың сыртқы жүйелеріне құрылады және ЭДП арқылы беріледі, онда ол жіберу фактісіне назарды аудару үшін таңбаланады. Қажет болғанда сыртқы жүйелерге ЭДП арқылы пациент денсаулығының жағдайы туралы тиісті ақпарат беріледі. ЭДП тікелей рұқсаты бар стационар, өкілеттілік алған медицина қызметкері түскен сұрау туралы жүйемен хабардар болуы қажет.

  4. Алынған өкілеттіліктерді қабылдау және орындау барысында, тіпті уәкілетті медициналық ұйымнан алынған үзіндіге дейін әр электрондық медициналық жазба уәкілетті медицина қызметкерлеріне және бөлімшелерге қатысты сәйкестендірілуі қажет.

  5. ЭМЖ есептілік жазбасымен байланысты барлық операциялар, оның ішінде ЭДП көмегімен жолдамаларды беру ЭДП логиндеу журналында сақталуы қажет:

ЭМЖ есептілік жазбасын жаңарту уақытында, егер ЭДП репозиторийге тікелей рұқсаттың көмегімен сақталса;

ЭЖҚ арқылы ЭДП-на ЭМЖ папкаларын беру кезінде, егер ЭМЖ есептілік жазбасы ЭМЖ сыртқы жүйесінде уақытша сүйемелденеді.



  1. Жүйелердің өзара әрекеттесу үдерісінде (ЭМЖ сыртқы жүйелерімен ЭДП репозиторийі) берілетін, ЭДП-ғы және ЭМЖ-ғы пациент туралы ақпарат ЭДП қойылған стандарттық талаптармен және «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптармен» реттеледі.

  2. Стационарлық көмек үшін ЭМЖ құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттамасын жүргізуге қатысты шарттармен және ережелермен реттеледі.
  1. Стационарға шұғыл емдеуге жатқызу


  1. Стационарға шұғыл емдеуге жатқызу уақытында ЭМЖ есептілік жазбасы тіркеу уақытында қалыптасады. Аяғында алдыңғы бөлімдерде (31-37-тармақтар) сипатталған стационарға емдеуге жатқызу тәртібі пайдаланылады.

  2. Сипатталған жағдайда жолдама қажет емес, демек осыған байланысты қалыптасатын ЭМЖ есептілік жазба сыртқы бастамашылық етуші ретінде белгіленеді және «белгіленбеген диагноз» немесе «аяқталмаған жағдай» мәртебесі бар белгісімен ЭДП сақталады. МСАК дәрігері ЭМЖ есептілік жазбасының жіктемесі немесе медициналық көмек көрсету эпизоды үшін медициналық көмек көрсетудің клиникалық тиісті эпизодына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Егер медициналық көмек көрсетудің тиісті эпизоды сәйкестендірілмесе, ЭМЖ есептілік жазбасы денсаулық мәселесінің жаңа жазба белгісімен ЭДП медициналық көмек көрсетудің жаңадан құрылған эпизодының шеңберінде жіктеледі.

  3. Шұғыл емдеуге жатқызу үшін электрондық медициналық жазбаны құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттаманы жүргізуге қатысты жағдайлармен және ережелермен реттеледі.
  1. Жедел медициналық көмек


  1. Жедел медициналық көмекті шақыру кезінде, ЭМЖ есептілік жазбасы жедел медициналық көмек диспетчеріне қоңырауды тіркеу кезінде құрылады, шақыру аяқталғаннан кейін жабылады және ЭДП беріледі. Шақыру нәтижелері бойынша шұғыл емдеуге жатқызу жағдайында жедел медициналық көмектің ЭМЖ есептілік жазбасы жабылады және стационардың қабылдау бөлімінде стационардың ЭМЖ есептілік жазбасы құрылады. Емдеуге жатқызу жағдайында аурухананың стационарлық бөлімшесіне қабылдау рәсімі есептілік жазба берілгеннен кейін іске асырылады.

  2. Жедел көмек қызметі үшін электрондық медициналық жазбаны құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттаманы жүргізуге қатысты жағдайлармен және ережелермен реттеледі.
  1. Консультациялық-диагностикалық көмек


  1. ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек нәтижесі ретінде ЭМЖ құру консультацияның алдында болатын және МСАК дәрігері бастамашылық ететін жіберудің міндетті үдерісін талап етеді.

  2. Жолдама алғаннан кейін уәкілетті медицина қызметкері жіберілетін пациенттің ЭМЖ есептілік жазбасын қалыптастырады. Осы ЭМЖ есептілік жазбасы ЭМЖ элементтерінің папкалары ретінде қызмет етеді, олар өкілеттіліктерге сәйкес медициналық қызметтерді көрсету мерзімі ішінде құрылып, сақталатын болады. ЭМЖ сыртқы жүйелерімен құрылған ЭМЖ есептілік жазбасы жіберу кезінде ЭДП-да құрылған ЭМЖ есептілік жазбасына сәйкес келеді. ЭМЖ есептілік жазбасы сыртқа жүйелер қолданылмағанда тікелей ЭДП-да құрылады.

  3. Уәкілетті медициналық қызметтерді берушіні хабарлау үшін жолдама жасалады және сыртқы жүйелерге ЭДП арқылы пациент туралы тиісті ақпарат беріледі.

  4. ЭМЖ есептілік жазбасын жасағаннан және медициналық қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін берілген өкілеттіліктерді іске асырғаннан кейін әр ЭМЖ уәкілетті медицина қызметкерімен және бөлімшемен сәйкестендірілуі тиіс.

  5. ЭМЖ есептілік жазбамен байланысты барлық әрекеттер, оның ішінде жіберу үшін ЭДП беру ЭДП логиндеу журналында сақталуы тиіс.

    а) ЭМЖ есептілік жазбасы жаңартылған кезде, егер ол ЭДП репозиторийіне тікелей рұқсаттың көмегімен сақталса, немесе



    б) ЭЖҚ арқылы ЭДП-на ЭМЖ папкаларын беру кезінде, егер ЭМЖ есептілік жазбасы ЭМЖ сыртқы жүйесінде уақытша сүйемелденсе.

  6. Жүйелердің өзара әрекеттесу үдерісінде (ЭМЖ сыртқы жүйелерімен ЭДП репозиторийі) берілетін, ЭДП-ғы және ЭМЖ-ғы пациент туралы ақпарат ЭДП қойылған стандарттық талаптарға және «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес келуі қажет.

  7. Консультациялық-диагностикалық көмек барысында жасалған ЭМЖ есептілік жазбалары алдын ала белгіленген клиникалық үдеріске немесе медициналық көмек көрсетудің алдын ала белгіленген мерзіміне жатуы мүмкін. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымға бірнеше рет бару медициналық көмек көрсетудің алдын ала белгіленген мерзімісіз аяқталуы мүмкін.

  8. Консультациялық-диагностикалық көмек үшін ЭМЖ құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттаманы жүргізуге қатысты жағдайлармен және ережелермен реттеледі.

  1. Стационарды алмастыратын көмек

  1. Стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету іс-шаралары үшін ЭМЖ өміршеңдік циклын басқару ережесі стационарды алмастыратын көмек үшін қолданылады (31-37 және 43-50-тармақтар).

  2. Стационарды алмастыратын көмек үшін ЭМЖ құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттаманы жүргізуге қатысты жағдайлармен және ережелермен реттеледі.

  1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

  1. Стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету іс-шаралары үшін ЭМЖ өміршеңдік циклын басқару ережесі қалпына келтіру емі және медициналық оңалту үшін қолданылады (31-37 және 43-50-тармақтар).

  2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту үшін ЭМЖ құру және сақтау осы стандарттық талаптарға сәйкес қағаз құжаттаманы жүргізуге қатысты жағдайлармен және ережелермен реттеледі.

  1. Қағаз құжаттаманы жүргізу

  1. ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың 71-тармағына сәйкес ЭДП байланысты іс-әрекеттер мен транзакциялар ЭМЖ салдары ретінде № 907 бұйрықтың талаптарына сәйкес келуі қажет: осы бұйрыққа сәйкес есептілік нысан толтырылуы тиісті кез келген іс-әрекет қағаз нысандарына іспеттес электрондық медициналық құжаттың ТАЖ жасауға және сақтауға әкелуі тиіс. Осындай ТАЖ мазмұны мүмкіндігінше ЭДП деректерімен толтырылады және ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес келеді.

  2. Қағаз нысандарына ұқсас ТАЖ-ры ЭДП-на берілетін ЭМЖ-дың папкасына тіркеледі. ТАЖ деректерінде өкілеттілік іс-шараларының уақытша шектелген шеңберлерімен медициналық көмек көрсету эпизодын сипаттайтын ақпарат және өкілеттіліктер мерзімінің ішінде медициналық көмек көрсету мерзімі болуы мүмкін.

  3. Осы стандарттық талаптардың деректеріне сәйкес ЭМЖ әр элементте жалғыз диагноз болады, ол пациентке қатысты іске асырылатын барлық медициналық іс-шаралар үшін байланыстың тиісті элементінің бөлігі ретінде клиникалық контекстті қамтамасыз етеді. Ұқсас қағаз нысандарында ТАЖ сақталатын медициналық көмекті көрсету эпизоды туралы ақпарат ЭМЖ элементтеріндегі ақпараттан қалыптасады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет