8 Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты оқиғалар



жүктеу 390.97 Kb.
бет1/7
Дата07.04.2019
өлшемі390.97 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР







8




Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты оқиғалар





Мазмұны


Мазмұны 2

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 3

Күллі әлем 2050 жылға қарай энергияның жаңғыратын көздеріне көшуі мүмкін 3

Қытай қуатты иондық қозғалтқышты жасаумен айналысуда 4

Чикаго полициясының жасанды интеллекті ауыр қылмыстардың санын үштен бірге азайтты 6

Қытай Мемлекеттік корпорациясы өзінің Hyperloop-ын әзірлеуді бастады 7

Қытайда «Марс» базасы салынады 7

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 9

Aston Martin 2019 жылы электромобиль шығарады 9

Ұлыбританияла ең кішкентай робот-хирург әзірленді 10

Норвегияда Полярлық шеңберден кейін әлемдегі ең үлкен дата орталық салынады 11

Intel 100 өзін-өзі басқарылатын автодан тұратын авопарк құруға кіріседі 12

Қытайда алғашқы пилотсыз трамвай желіге шықты 13

Кореяда «шүберек» OLED-дисплей әзірленді 13

ҮИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 15

Атырау облысында ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде 5,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады 15

Ақмола облысында 37,7 млрд. теңге сомадағы ИИДМБ 24 жобасы толық қуаттылыққа шықты 16

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕ ЖАҢАЛЫҚТАР 17

Ғалымдар «киборг-бактериялар» жасап шығарды 17

Жұмыс істеуі үшін жер серігі қажет етілмейтін навигаторлы бәтеңкелер 18

Жасанды интеллект алғашқы студиялық музыкалық альбомын жазды 19

Ұшақ басқаруды үйренуге мүмкіндік беретін сенсорлық футболка 20

Microsoft-та ЖИ үшін жедел оқыту жүйесі әзірленді 22

Siemens eHighway электромагистралін салуға кірісті 23

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР 24

25 мың доллар түратын алғашқы мексикалық электромобиль қарашада пайда болады 24

OUKITEL K10000 MAX — ғажап батареясы бар смартфон 25

Lilium стартапы 2025 жылға қарай ұшатын таксилерді іске қосуды жоспарлап отыр 25

ҮДЕРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР 27

«Робот-алыс жолға қатынаушы» тарихта алғаш рет жүк тасымалдауды жүзеге асырды 27

Блокчейн әлемнің барлық геймерлеріне DMarket бірыңғай платформасында контентті саудалауға мүмкіндік береді 28

Intel Myriad X процессоры дрондар мен роботтарды үздік көру қабілетімен қамтамасыз етеді 29

МАРКЕТИНГІЛІК ИННОВАЦИЯЛАР 30

Смартфондар өндіруші өзінің туған күнін жаппай сатумен атап өтеді 30

Tesla күн шатырларының бағасы жарияланды 31

ҰЙЫМДЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР 32

Австралиялық құтқарушылар дрондарды қызметке «жалдайды» 32

Рейкьявикте дрондармен жеткізу жұмысқа қосылды 32


ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Күллі әлем 2050 жылға қарай энергияның жаңғыратын көздеріне көшуі мүмкін







Зерттеушілер, егер біз шынымен мұны қаласақ, 2050 жылға қарай әлем елдерінің төрттен бірі толығымен жаңартылатын энергия көздеріне көше алар еді деп пайымдайды. Мұндай қорытындылар 2050 жылға дейінгі әлемдік жол картасын жасау жөніндегі үлкен сараптамалық жобаның шеңберінде жасалынды.

Онда ғалымдар бұл уақытқа қарай адамзат қалайша зиянды қалдықтардан толыққанды еркін болашаққа көшіп, миллиондаған жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, денсаулық сақтау мен климатты қорғауға жұмсалатын триллиондаған долларларды үнемдеп, біздің ғаламшарымызды ғаламдық жылынудан құтқара алатыны жайында сөз қозғайды.

30 сарапшыдан құралған топтың жүргізген есептеулері 139 елдің алдағы үш онжылдық ағымында жел, су және күн энергияларын 100-пайыздық пайдалануға көшуі мүмкіндіктерін бағалауға негізделген. Мұндай энергетикалық инфрақұрылымның масштабтық өзгеруі климат мәселелеріндегі Париж келісімінің (COP21) деңгейінен асып түседі, алайда зерттеушілер энергияның жаңғыратын көздеріне көшуі кештен гөрі ертерек болуы тиіс маңызды себептердің бар болуы тұжырымдайды.

«Біз қол жеткізетін артықшылық деңгейінің орасан зор болатынын соншалықты, біз тез арада жел, су және күн энергияларына көшуіміз қажет екенін зерттеу жұмыстары көрсетеді», — деп түсіндіреді зерттеушілердің бірі, Калифорния университетінің маманы Марк Делюччи.

Бұл жаңартылатын энергия өндіру индустриясында жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай (күтілетін өсім 24 миллион жұмыс орнын құрайды), сонымен қатар біздің денсаулығымыздың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, ол қазып алынатын отын түрлерін қайта өңдеуден, пайдаланудан, сондай-ақ олардың жасайтын ластауынан зардап шегіп келеді. Болжам бойынша, 4,6 миллион адамға, сондай-ақ ауаның ластануынан өлім көлемі де төмендейді. Егер мәселені ұзақ перспективада қарайтын болсақ, бұл істе ең бастысы, жаңартылатын энергия көздеріне көшу планетадағы орташа температураның өсуін тежеуге мүмкіндік береді.

Осы зерттеу бастапқыда 2015 жылы Париж саммитінде ұсынылды. Жобаның жетекшісі - Стэнфорд университетінің өкілі Марк Якобсон.

«Осы зерттеу нәтижелерінде ең әсерлі жағдай, біз зерделеген әрбір ел өзін-өзі қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстардың жеткілікті мөлшеріне ие екенінен көрінеді», — деп бөлісті өз ойымен Якобсон IEEE Spectrum-ге берген сұқбатында.

«Әрине, кейбір жағайларда әңгіме, шағын, бірақ халқы тығыз орналасқан елдер туралы болғанда, энергияны көрші елден импорттау қажет болуы мүмкін. Балама ретінде жағалау желілерінде өндірілетін ұлғайтылған энергия мөлшерін пайдалануға болады».

Үлкен елдер үлкен құрылық аудандарға ие, соған орай күн, жел және теңіз өндіруші станцияларын салуға ыңғайлы алаңдарды таңдау мәселесінде үлкен икемділікке ие. 139 ел үшін жол картасын жасау өте ауқымы бастама болып табылады, зерттеушілер осымен тоқтап қалуды жоспарлап отырған жоқ.

«Біз бұдан әрі әрбір жеке алынған қала үшін жол картасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз, мұнда жаңарылатын энергия көздеріне қалай 100 пайыз көшуге болатынын көрсетеміз», — деп толықтырды Якобсон.
Дереккөз https://hi-news.ru/research-development/pochti-ves-mir-mozhet-perejti-na-vozobnovlyaemye-istochniki-energii-k-2050-godu.html





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет