№8 орта мектебі



жүктеу 34.96 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі34.96 Kb.
түріСабақ

Қостанай қаласы № 8 орта мектебі








Сабақтың тақырыбы: Ауа, су, күн адамның досы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ауаның, судың, күннің пайдасы мен

кері әсері және одан құтқарудың жолдары туралы

түсінік беру.

2. Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлау

қабілетін және өз ойын айтып жеткізу мүмкіндігін

дамыту.

3. Табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке

тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: сахналық көрініс, мақалдар, жұмбақтар, слайдтар, тірек парақшалары, оқулық,
Қолданылатын әдіс тәсілдер: пәнаралық байланыс, сұрақ жауап,

шығармашылық жұмыс, дәптермен жұмыс,

кітаппен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а.балалармен амандасу.

ә.сабақтың әнұранын бірге айту.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!



б.бүгінгі қонақтар туралы айтып кету.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?



1. Сахналық көрініс. «Кім күшті?» ертегісі.

2. Бір екі оқушы шығып, мазмұнын айтады.

Мақалды түсіндіру: (үй тапсырмасын қорытындылау)

Күшіңе сенбе,

Ісіңе сен.
ІІІ. Жаңа сабақ:

а. сабақтың мақсатын айтып кету.

ә. жұмбақ шешу:

слайд көрсету арқылы балалардың жұмбақтың дұрыс жауабын табады.

1. Қарасаң көзге көрінбес,

Балтамен шапсаң білінбес.

Су секілді төгілмес.

( Ауа. Су. Күн.)

2. Жылт жылт еткен,

Жырадан өткен.

( Ауа. Су. Күн.)


3. Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.

( Ауа. Су. Күн.)
б. Балалар, бүгін біз «Ауа, су, күн адамның досы» туралы мәтінімен танысамыз.

Мәтіннің мазмұнын айтылады. (Слайд арқылы суреттермен жаңа сабақ түсіндіріледі және оқушыларға дүниетану пәні бойынша сұрақтар қойылып отырады)



Сұрақтар:

Адам тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

Ауаның қасиеті қандай?

Ауасыз өмір бар ма ?

Ауаны ластамау үшін не істеуіміз керек ?

Су қандай зат?

Су неше күйде кездеседі?

Күн бізге не береді?


в. Шығармашылық жұмыс: кестені толтыру.

Дәптермен жұмыс болады.

Бейімбет Майлин ағамыздың «Жаңбырлы күні» атты өлеңі Слайдта

болады.

Төнерген бұлт сұрланып,

Құйды селді себелеп.

Жел қосылып, долданып,

Болды нөсер керемет.

Балалардың есте сақтау қабілетіне байланысты берілген тапсырма. Ол үшін балалар өлеңді бір екі минуттай оқып, естеріне сақтап, слайд жабылады, ал оқушылардың алдарына мыннадай тірек парақшалары әр баланың алдына таратылады. Балалар осы тірек парақшалары бойынша өз ойларын және есте қалғандарын жазады. Содан кейін тексеріледі. Балалардың алдарында слайдта «Күннің көзінің балаларға арналған шуағы» болады.




Өлең тақырыбы




Өлеңнің авторы




Негізгі ойы




Төртінші жолда не туралы айтылған?






г. Оқулықпен жұмыс: Теріс оқытуда балалар тізбектей оқиды.
ІY. Бекіту.

а. Мақалды жалғастыру:

Слайдта берілген мақалды, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырып жазады.



І қатар «Сөз атасы құлақ, .....................»(су атасы бұлақ)

ІІ қатар «Бұлақ көрсең , ......................»(көзін аш)

ІІІ қатар « Судың да .............. »(сұрауы бар)
ә. Оқы да, суретін сал!

Әр қатарға берілген сөз тіркестері бойынша сурет салу.



Өзендегі Таза Шуақты

кеме ауа күн
YІ.Үйге тапсырма:

Балалар, үйге берілетін тапсырма «Ауа,су, күн адамның досы» оқу, мазмұндау, осы ауа, су, күнге байланысты тест сұрақтарын құрап келу,

ауа, су, күнге хат жазу.
YІІ. Қорытынды: сұрақ жауап арқылы

- Бүгін балалар, қандай әңгімемен таныстық?

- Ауа, су, күннің адам үшін тигізер пайдасы бар ма?

- Таза ауада жүрсең, ол пайдалы ма ?



- Ауаны қорғау үшін не істеуіміз керек?
YІІІ.Бағалау:

  • Ал, сонымен балалар, бүгін сабақта кім өте жақсы қатысты?

  • Ал кім қатысқан жоқ?

  • Енді келесі сабақта да жақсы қатысайық.

  • Сабақ аяқталды.Сау болыңдар.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет