Жапония үкіметі Курил аралдары бойынша аумақтық мәселелерді шешуді және Ресеймен бейбіт келісім жасауды қалап отыр. Елдің премьер-министрі Фумио Кисида Ресей тарапымен келісім жасауға деген ниетін өзінің бағдарламалық сөзінде растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жапон үкіметі Украинада арнайы әскери операция басталғаннан кейін Мәскеуге санкция енгізген еді. Бұл ойларынан жапондықтар  бас тартқысы келмей отыр. Сонымен қатар Токия Киев тарапын қолдайтынын да жасырмады.

Екі елдің арасында түсінбеушілік болса да, Жапония аумақтық мәселені шешу керектігін және бейбітшілік шартын жасау қажет екенін мәлімдеді.

Ресей мен Жапония арасында 70 жылдан бері бейбіт келісімге қол қойылмай келе жатыр. Күншығыс елі Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомай аралдарының елге қайтаруылын талап етіп отыр. Алайда Мәскеу бұл жерлер екінші дүниежүзілік соғыстан кезінде жауап алынғанын және КСРО құрамына енген жерлер екенін еске салды. 

Жапонияда Ресейдің Курил аралдарына қатысты ұстанымы әділетсіз екені айтылды. 

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында Жапония үкіметінің бас хатшысы Йошимаса Хаяши Кисиданың ұстанымын қайталап, Курил аралдары бойынша бейбіт келісім жасау қажеттілігін мәлімдеді. 

  • Ресей соғыста енді жеңе алмайды – Зеленский

  • Белгородқа ракеталық шабуыл, Ирандағы теракт: Әлемдегі саяси жаңалықтарға апталық шолу

Үкімет басшысы Ресейдің неліктен бейбіт келісімге қарсы болып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, ресейліктер оларға қарсы жасаған санкцияларға емес, керісінше, Киевке қолдау көрсетіп жатқаны үшін деп топшылап отыр. Ресейдің бұл әрекетінен кейін барлық жауапкершілікті Жапонияға артқанын байқауға болады.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров күншығыс елімен ешқандай дау жоқ екенін және аумақтық мәселелер шешімін тапты деп жария еткен еді. Бұл шешімді жапон үкіметі жақсы түсініп тұрғанын еске салды.

Ал Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко жапон елшісі Акира Мутомен сұхбатында Токионың деструктивті қадамдары екі ел қарым-қатынасының нашарлауына алып келетінін жеткізді. Ресейлік дипломат жапондық тарап Азия-Тынық мұхиты аймағында шиеленістің күшеюіне елеулі қауіп төндіретінін айтты.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 11 қаңтарында Ресей президенті Владимир Путин күндердің бір күні Куриль аралдарына іссапармен барғысы келетінін хабарлаған еді. Мұны жапондықтар мұқият бақылауға алатынын баса айтты.

Токио университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Ре Хината Ямагучи айтуынша, Путиннің бұл мәлімдесінен-ақ, олардың жапондықтарды "місе тұтпайтынын" аңғаруға болады. 

"Егер Ресей президенті аралдарды дамытуға нақты қадамдар әзірлеу бойынша тапсырмалар берсе, жағдай күрделене түседі", – деп ескертті жапон саясаткері.

Жапондықтар 2023 жылдың сәуірінде жарияланған "Көк кітапта" Куриль аралдарының заңсыз басып алынғаны туралы жазылған. Токиолықтар бұл аралдарды “жапондықтардың егемендік алу жылдарындағы алғашқы территориялары" деп санайды. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.