8а сынып №16 сабаќ



жүктеу 30.41 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі30.41 Kb.
түріСабақ

Жумагалиева Эльмира Руслановна

Физика пәні мұғалімі

Қ. Сәтбаев атындағы №19 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға сұйықтардың қайнау құбылысының физикалық мәнін ашып көрсету, қайнау кезіндегі суйық температурасының тұрақты болуын түсіндіру, әртүрлі сұйықтардың қайнау температурасы жөнінде түсінік беру, жаңа физикалық шама буланудың меншікті жылуы үғымын енгізу.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  1. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта ,плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



Білімді жан-жақты тексеру

Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Жұмбақ хаттарға жауап

Жаңа материалды меңгерту:

Қайнау процессін тәжірибе арқылы көрсету

І.Кайнау құбылысын бақылау барысында төмендегідей сұрактарға талдау жасау.

-Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?

-Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болады?

- Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?

-Көпіршіктерге әсер ететін күштерді кескіндеп көрсетіндер.

-Неліктен су «шуылдайды» ?

-Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы.

Қайнау кұбылысының кебуден айырмашылығы: а) сұйыктың кебуі тек сұйықтың еркін бетінде ғана жүреді, ал қайнау кезінде кебу сұйық бетінен ғана емес, оның ішінде бу көпіршіктерінің пайда болуымен қатар жүреді; б) кебу кез-келген температурада жүреді, ал қайнау әрбір сұйық үшін белгілі бір және тұрақты температурада жүреді;

Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды. Қайнау кезінде сұйықтын температурасы өзгермейді.

Қайнау процесі үздіксіз жүріп түру үшін сұйыққа үнемі сырттан энергия беру керек.Осы кезде сұйықтың температурасы барлық уакытта тұрақты болып калады, яғни кайнау температурасында жеткізілген энергия сұйықтың булануына жұмсалады.

Бірдей массадағы әр түрлі сұйықтарды кайнау температурасында буға айналдыру үшін әр түрлі жылу қажет болады. Заттардың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен (r) сипатталады.

Меншікті булану жылуы (r) деп -массасы 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін айтады.

Өлшем бірлігі -1Дж/кг.Әр түрлі сұйықтардың меншікті булану жылуының кг мәндері тәжірибеде анықталып, окулықтың 7-кестесінде келтірілген.

Массасы m сұйықгы буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері Q=rm формуласымен есептеледі. Сұйықтың конденсациясы кезінде де осындай Q=rm жылу бөлінеді,



Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығарту



Үй тапсырмасын беру: §18. 11- жаттығу (3)
Бағалау
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет