9 – сынып Қазақ тіліндегі жіңішке және жуан дауысты


Лексика саласынан тест тапсырмалары



жүктеу 0.51 Mb.
бет2/3
Дата11.04.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3

Лексика саласынан тест тапсырмалары

  1. Архаизм сөзді тап.

А) Саяжай В) Бетеге С) Маржан Д) Адырна Е) Шаңырақ

2. Мақалды тап.

А) Құс аяған көкке қарар.В) Алтын алма, алғыс ал.

С) Пішуіне қарай тігісі. Д) Ит ашуын тырнадан алады.

Е) Үндемеген ит қабар.

3. Тұрақты сөз тіркесін тап.

А) Жонына таспа тілу. В) Кішкене тарақ. С) Толықша келіншек.

Д) Жаңбырлы күн. Е) Томағасын сыпыру.

4. Омоним бола алмайтын сөзді тап.

А) Өзек В) От С) Кітап Д) Қазы Е) Орыс

5. Көнерген сөзді тап.

А) Өзі оңбаған ант ұрған. В) Ол жанын шүберекке түйді.

С) Отаның мен халқыңа еңбек ет.

Д) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.

Е) Сексен түйе үстінде

Алтын жағлан орнаған.

6. Мақалды көрсет.

А) Көптің құрығы ұзын. В) Ат тұяғын тай басар.

С) Ақылы асқанды аға тұт. Д) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

Е) Ақ түйенің қарны жарылды.

7. Мақалдың тақырыбын анықта.

Білімді өлмес – қағазда аты қалар. Ұста өлмес – сітеген заты қалар.

А) Ерлік. В) Достық. С) Адамгершілік. Д) Денсаулық. Е) Өнер-білім.

8. Синонимдік қатарды тап.

А) Біреу, кейбіреу, әркім. В) Келесі, ендігі, бұрынғы.

С) Кенет, тосын, мүлде. Д) Жақсы, тәуір, оңды.

Е) Көкшіл, көгілдір, жасыл.

9. Араб тілінен енген сөзді көрсет.

А) Бос, бер, жұлдыз. В) Бала, берік, жақсы. С) Әдемі, көркем, жаман.

Д) Ине, ер, сұлу. Е) Емтихан, кітап, мұғалім.

10. Синоним сөздерді көрсет.

А) Сынау, зерттеу. В) Таңдау, таныс. С) Несібелі, ырысты.

Д) Әңгіме, ертегі. Е) Таңертең, түсте.

11. Диалект сөздерді көрсет.

А) Қара, ат. В) Орман, тоғай. С) Бөз, боз. Д) Оның, соған, тасбиық.

Е) Көпшік, дарбаза.

12. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсет.

А) Секунд, пиала, кеуірт. В) Иман, үшбұрыш.

С) Класс, күрке, ханзада. Д) Кірпіш, билет, пальто.

Е) Әдебиет, зымыран, жүйе.

13. Омоним болатын сөзді тап.

А) Кел. В) Қозы. С) Буын. Д) Сызғыш. Е) Елп.

14. Терминдерге тән белгілерді тап.

А) Көнерген сөздекр болады.

В) Ғылым, техника салаларына телінген сөздер.

С) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер.

Д) Жаңа сөздер болады. Е) Кәсіпке байланысты сөздер.

15. Тура мағыналы сөзді тап.

А) Сен менің оң қолымсың. В) Қолды болып жүрме.

С) Ол қол ұшын берді. Д) Қолы жеңіл. Е) Қолыңды көтер.

16. Омоним бола алатын сөзді көрсет.

А) Неге? В) Бес-бестен. С) Тәрбие. Д) Мін. Е) Құдірет.

17. Антоним болатын сөздерді көрсет.

А) Шыбын-шіркей. В) Бұлғақтау-бұралаңдау. С) Көктем-жазғытұры.

Д) Аштық-тоқтық. Е) Аға-әке.

18. Тұрақты сөз тіркесін тап.

А) Жазғы жайлау. В) Таза жүру. С) Жол торабы.

Д) Сын және сынау. Е) Жұлдызы қарсы болу.

19. Қарамен жазылған сөздер – мағынасына қарай қандай сөздер, дұрысын тап. Үлкен бастар. Кіші қостар.

А) Омоним. В) Ауыспалы мағына. С) Көп мағыналы.

Д) Синоним. Е) Антоним.

20. Диалект бола алатын сөзді көрсет.

А) Ас. В) Жедел хат. С) Шалбар. Д) Ауқат. Е) Демеуші.

21. Сіріңке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықта.

А) Монғол. В) Иран. С) Парсы. Д) Орыс. Е) Араб.

22. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсет.

Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр жігіт.

А) Ауыр В) Мінезі С) Ол Д) Жігіт Е) Сыныбымыздағы

23. Тура мағыналы сөзді көрсет.

А) Терезенің көзі. В) Жуан ауыл. С) Істің төркіні.

Д) Адамның басы. Е) Жұмсақ мінез.

24. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.

А) Қисық бұтақ. В) Білімді оқушы. С) Қызыл гүл.

Д) Қара сиялы қалам. Е) Қоңыр дауыс.

25. Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

А) Тас жүрек. В) Ашық күн. С) Жұлып тастады.

Д) Бас сүйек. Е) Қара торы.

26.Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды тап.

А) Қайрат, жігер, ел. В) Жаратылыс, табиғат, дүние.

С) Өлең, жыр, ән, терме, күй. Д) Бет, жүз, он, ауыз.

Е) Еңбек, іскер, жалқау.

27. Антонимді тап.

А) Ақ – қызыл. В) Көп – қыруар. С) Бұзу - жөндеу.

Д) Дос – жолдас. Е) Халайық - әлеумет.

28. Синоним сөзді көрсет.

А) Шын, өтірік. В) Жаңбыр, дауыл. С) Қарулы, нашар.

Д) Оқулық, оқушы. Е) Құнды, бағалы.

29. Сөйлемдерден омоним сөздерді тап.

А) Театрға жастар көп келді.

В) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.

С) Кеш көңілді өтті. Қателігімді кеш.

Д) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.

Е) Менің басым ауырады. Бас ауырса, дәрі ішу керек.

30. Антонимді тап.

А) Соқтығыс – қақтығыс. В) Маңдай алды – бетке ұстар.

С) Нәтижелі – жемісті. Д) Жомарт – сараң. Е) Жоламау – жуымау.


Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары

1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.

А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

4. Күшейткіш демеулікті тап.

А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды

5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

7. Күрделі сөзді көрсет.

А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

12. Жай шырайды тап.

А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

В) Жанат кең үйге кірді.

С) Мына үй биігірек екен.

Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Е) Орасан зор жетістік.

13. Туынды түбірді тап.

А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

15. Туынды сөзді көрсет.

А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

17. Мекен үстеуін тап.

А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

18. Қалау райлы етістікті тап.

А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің.

19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

25. Дара сын есімді тап.

А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.

26. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді тап.

А) Қыстырма сөз. В) Төлеу сөз. С) Одағай сөз. Д) Қаратпа сөз. Е) Төл сөз.

27. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

А) Күн бұлттанып тұр (ма). В) Ғылым таппай мақтан (ба).

С) Әй, сен көп асқақта (ма). Д) Сен одан қорық (па).

Е) Жабырқа (ма), сабыр ет.

28. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.

А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.

Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.

29. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.

А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың.

Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.

30. Көңіл-күй одағайын тап.

А) Арман. В) Айт. С) Моһ-моһ. Д) Сөйтіп. Е) Алақай.

31. Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.

А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі.

Д) Салт, сабақты Е) Болымды, болымсыз

32. Есімшенің болымсыз түрін көрсет.

А) Тоқы. В) Алған жоқ. С) Барар еді. Д) Келетін-ді. Е) Ойлы.

33. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді тап.

А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.

34. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.

А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ.

Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.

35. Айқындайтын мүшесі қосалқы атау болатын сөз атауын тап.

А) жалпылауыш сөз В) айқындауыш С) қосарлы айқындауыш

Д) оңашаланған айқындауыш Е) анықтауыш

36. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.

А) Тіпті ұзақ емес. В) Соншалық ұзақ. С) Ұзақтан келді.

Д) Әдейі келді. Е) Онша ұзақ емес.

37. Жұрнақты сөзді көрсет.

А) Суында. В) Суға. С) Сумен. Д) Суды. Е) Сусын.

38. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсет.

Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.

39. Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын тап.

Сенің ойың орындалатын шығар?

А) Етіс. В) Көмекші етістік. С) Көсемше. Д) Есімдік. Е) Зат есім, етістік.

40. Қазақ тілінде үстеу құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсет.

А) 7 В) 5 С) 3 Д) 6 Е) 2

41. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді көрсет.

А) Болмаған соң жетті. В) Табиғаттану сабағы. С) Бұл – Назым.

Д) Қараңғы түн. Е) Допты алды.

42. Жіктік жалғауының І жағының қосымшасын көрсет.

А) –пыз, -піз. В) –сың, -сің. С) –ды, -ді. Д) –ып, -іп. Е) –ған, -ген.

43. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жатады.

А) Пунктуация. В) Лексика. С) Фонетика. Д) Морфология. Е) Синтаксис.

44. Қатыстық сын есімді тап.

А) Жақсы. В) Қап-қара. С) Әдемілеу. Д) Жаманырақ. Е) Ашушаң.

45. Райдың қанша түрі бар екенін тап.

А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 5

46. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықта.

А) Тұсы, тарағы. В) Төбесі, бұрғы. С) Ортасы, жүрісі.

Д) Маңы, жеңіл. Е) Жаны, арасы.

47. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап.

А) Баспахана үйі. В) Биіктеу адам. С) Малды ауыл.

Д) Сыпайы бала. Е) Кішкене төбешік.

48. Дара сөзді көрсет.

А) Өнеркәсіп. В) Ер-тұрман. С) Қарасу. Д) Өнімділік. Е) Үлкен-кіші.

49. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді тап.

А) Қызғылт. В) Көрме. С) Үрле. Д) Күлкілі. Е) Бағала.

50. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсет.

А) Сәнді киім. В) Келе жатыр. С) Қызу еңбек. Д) Кеше келді. Е) Ақ ешкі.

51. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді көрсет.

А) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

В) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.

С) Шарасыздан айтқанға келісті.

Д) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

Е) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

52. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін көрсет.

Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

А) Тек қана қыстырма сөз. В) Қаратпа сөз, жалғау.

С) Одағай сөз, қаратпа сөз. Д) Қаратпа, қыстырма. Е) Қаратпа, шылау.

53. Еліктеудің қай түрі, анықта.

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

А) Дыбыстық. В) Туынды еліктеуіш. С) Дара бейнелеуіш.

Д) Негізгі еліктеуіш. Е) Күрделі бейнелеуіш.

54. Қай сөз жіктелмейтінін көрсет.

А) Көз. В) Келгем. С) Студент. Д) Жазды. Е) Сезімтал.

55. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.

А) Төзім. В) Үлкен. С) Шашпа. Д) Шолақтау. Е) Денелі.

56. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.

А) Мырзашөл, қосаяқ. В) Атауыз, Алакөл. С) Қаражорға, Есекқырған.

Д) Жетіқарақшы, ұлтабар. Е) Ақбозат, Темірқазық.

57. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.

А) Бірден сөйледі. В) Әдейілеп келді. С) Төмен түсті.

Д) Ертең барады. Е) Босқа әуре болма.

58. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсет.

А) Жаздың. В) Зорға. С) Қолма-қол. Д) Біледі. Е) Әрең.

59. Нақ осы шақтағы етістікті тап.

А) Бізге жиі келіп тұрады.

В) Үнемі сөйлесіп тұрамыз.

С) Кітап оқып отыр.

Д) Біз мұнда жиі келеміз.

Е) Кітап оқып отырады.

60. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін тап.

А) Менің бұлай ашық, мойындап – отырғаныма кейбір бала, қайран.

В) Менің бұлай ашық, мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.

С) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма – байқаймын - кейбір бала қайран.

Д) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.

Е) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

Есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер.

1 Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз.

A) – ға, -ге.

B) – ып, -іп.

C) – ның, -нің.

D) – ау, -еу.

E) – мен, -пен.

Дұрыс жауап: D

2 Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.

A) Сан есім.

B) Зат есім.

C) Сын есім.

D) Етістік.

E) Үстеу.

Дұрыс жауап: А

3 Көп нүктенің орына керекті сан есімді жазыңыз.

... қырлы ..... сырлы.

А) Екі, бес.

B) Төрт, үш.

C) Тоғыз, алты.

D) Сегіз, бір.

E) Он, жеті.

Дұрыс жауап: D

4 Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз.

A) Оннау.

B) Бесеу.

C) Тоғызау.

D) Сегізау.

E) Он бесеу.

Дұрыс жауап: В

5 Реттік сан есімді белгілеңіз.

A) Жүз.


B) Тоғызыншы.

C) Бесеу.

D) Отыздаған.

E) Үштен бір.

Дұрыс жауап: В

6 Топтау сан есімді белгілеңіз.

A) Бес жарым.

B) Жүзден.

C) Үш.

D) Екінші.



E) Елулеп.

Дұрыс жауап: В

7 Реттік сан есімді белгілеңіз.

A) Он бүтін жүз елу бір.

B) Тоқсандай.

C) Жүз жиырма.

D) Екі-екіден

E) Жүз отыз бесінші.

Дұрыс жауап: Е

8 «Жетеу» -сан есім қай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Реттік.

B) Топтау.

C) Есептік.

D) Бөлшектік.

E) Жинақтық.

Дұрыс жауап: Е

9 Бөлшектік сан есімді белгілеңіз.

A) Екі бүтін оннан бес.

B) Үшеу-үшеуден.

C) Жүз шамалы.

D) Жүздеген.

E) Тоғыз жүз бір.

Дұрыс жауап: А

10 Топтау сан есімді табыңыз.

A) Екі мың.

B) Он-оннан.

C) Тоқсан бес.

D) Бір мың тоғыз жуз.

E) Екі бүтін оннан бес.

Дұрыс жауап: В

11 Есептік сан есімді табыныз.

A) 8-сынып.

B) Алтау.

C) Қырық.

D) Он шақты.

E) Екеуден.

Дұрыс жауап: С

12 Есептік сан есімді табыныз.

А) Бес.

B) Алтау.

C) Сегізінші.

D) Он тоғызыншы.

E) Жетеу.

Дұрыс жауап: А

13 Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.

А) –ау, -еу.

В) –тан, -тен.

С) –ыншы, -інші.

D) –шы, -ші.

Е) –лау, -леу.

Дұрыс жауап: С

14 Күрделі сан есімді тіркесті табыңыз.

А) Үш қала.

В) Тоғыз қозы.

С) Үш жүз қорық.

D) Бес көлік.

Е) Үш шақ.

Дұрыс жауап: С

15 Дара сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Есіл өзенінің ұзындығы екі мың төрт жүз елу шақырым.

В) Балқашта балықтың он екі түрі бар.

С) Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған.

D) Бурабайдың жағасында он бес демалатын орын бар.

Е) Біздің қаламызда төрт ескерткіш бар.

Дұрыс жауап: Е

16 «Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз.

А) Есептік сан есім.

В) Реттік сан есім.

С) Жинақтық сан есім.

D) Бөлшектік сан есім.

Е) Болжалдық сан есім.

Дұрыс жауап: D

17 Жинақтық сан есімдер санын анықтаңыз.

А) Он бес.

В) Жеті.

С) Он бір.

D) Алты.

Е) Бес.


Дұрыс жауап: В

18 Бөлшектік сан есімді табыңыз.

А) Он екі.

В) Екі.


С) Төрттен бір.

D) Төртінші.

Е) Біреу.

Дұрыс жауап: С

19 Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Алтыншы сынып.

В) Он екі ай.

С) Жиырма төрт сағат.

D) Екі бүтін оннан бес пайыз.

Е) Досым жетеу.

Дұрыс жауап: D

20 Жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Жері байдың- елі бай.

В) Сулы жер құрақсыз болмас.

С) Қоян көлеңкесінен қорқады.

D) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Е) Құс жеткен жеріне қонады.

Дұрыс жауап: D

21 Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.

В) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар.

С) Қазақстанда екі табиғи резерват бар.

D) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар.

Е) Қазақстанда төрт республикалық мәні бар қорық бар.

Дұрыс жауап: D

22 Реттік сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Қазақстаннан 50 жеке полк батальоны соғысқа қатысты.

В) Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды.

С) Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты.

D) Қазақстаннан 4 атты әскер дивизиясы қатысты.

Е) Қазақстаннан 7 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты.

Дұрыс жауап: В

23Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Әке - балаға сыншы.

В) Жігітке жеті өнер де аз.

С) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Дұрыс жауап: В

24 Сан есімді табыңыз.

А) Барлық.

В) Ешқашан.

С) Қазына.

D) Қырық.

Е) Қолайлы.

Дұрыс жауап: D

25 Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Туған жерге туың тік.

В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

Е) Татулық табылмас бақыт.

Дұрыс жауап: В

26 Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Досыңа достық - қарыз іс.

В) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

С) Ынтымақ түбі - береке.

D) Отанды сүю отбасынан басталады.

Е) Туған жерге туың тік.

Дұрыс жауап: В

27 Мақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

А) Есептік сан есім.

В) Реттік сан есім.

С) Жинақтық сан есім.

D) Бөлшектік сан есім.

Е) Болжалдық сан есім.

Дұрыс жауап: С

28 Жұмбақтың шешуін табыңыз.

Қырық екі аты бар, танысаңдар - айтыңдар.

А) Карта.

В) Әліпби.

С) Дыбыс.

D) Мектеп.

Е) Кітап.

Дұрыс жауап: В

29 «9, 5, 3, 7» сан есімдерінің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

А) Тоғыз, бесінші, уш, жетті.

В) Тогыз, бес, үшінші, жети.

С) Тоғыз, бес, үш, жеті.

D) Тогыс, бес, іш, жеті.

Е) Тогыз, бес, ұш, жеті.

Дұрыс жауап: С

30 Сөйлемдегі сан есімді табыңыз.

Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын.

А) Қазақ тілі.

В) Үйірмесіне.

С) Сағат.

D) Төртте.

Е) Барамын.

Дұрыс жауап: D

31 Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.

А) Зат есім.

В) Сын есім.

С) Сан есім.

D) Есімдік.

Е) Етістік.

Дұрыс жауап: С

32Бір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз.

А) Он екі.

В) Төрт.

С) Отыз бір.

D) Жиырма екі.

Е) Жиырма төрт.

Дұрыс жауап: Е

33 Дара сан есімді көрсетіңіз.

A) Алтау.

B) Он төрт.

C) Екі жүз елу.

D) Алпыс бесінші.

E) Екі мыңыншы.

Дұрыс жауап: А

34 Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Алтау.

B) Оныншы.

C) Екі жүз елу.

D) Алпыс .

E) Екі.


Дұрыс жауап: С

35 Негізгі сан есімді көрсетіңіз.

A) Алтау.

B) Оныншы.

C) Жеті.

D) Алпыс бесінші.

E) Екі мыңыншы.

Дұрыс жауап: С

36 Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

A) Алтау.

B) Он төрт.

C) Екі жүз елу.

D) Алты.

E) Екі мың.

Дұрыс жауап: А

37 -ау,-еу сан есімнің қай түрінің жұрнағы екенін көрсетіңіз.

A) Реттік.

B) Жинақтық.

C) Есептік.

D) Бөлшектік.

E) Болжалдық.

Дұрыс жауап: В

38 Реттік сан есімді көрсетіңіз.

A) Алтау.

B) Он төртінші.

C) Екі жүз елу.

D) Алпыс бес.

E) Екі мың елу.

Дұрыс жауап: В

39 Есептік сан есімді көрсетіңіз.

A) Бесеу.

B) Он төрт.

C) Екінші.

D) Бір бүтін оннан бір.

E) Екі мыңыншы.

Дұрыс жауап: В

40 Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

A) Жетеу.

B) Он бір.

C) Бес жүз елу.

D) Алпыс бесінші.

E) Мыңыншы.

Дұрыс жауап: А

41 Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

A) Алты.

B) Он төрт.

C) Екі бүтін оннан бес.

D) Алпыс бес.

E) Бес мың.

Дұрыс жауап: С


Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары.
1. Еріндік, езулік дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз.

A) Құлын +

B) Сараң.

C) Еркін.

D) Әдеп.

E) Баға.

2. Ұяң дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.

A) м, д, з.

B) р,х, з.

C) б, ж, д. +

D) с, д, х.

E) ғ, т, л.

3. Көмекші сөзді тіркесті табыңыз.

A) Жазамын.

B) Ермек үшін.+

C) Келді.

D) Сиыршы.

E) Әке.


4. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

A) Азамат.

B) Ұшқыш.

C) Озат.

D) Ойыншық. +

E) Суырма.

5. Болжалдық сан есімді табыңыз.

A) Он бүтін бестен бір.

B) Тоғызыншы.

C) Алтау.

D) Сегіздерде.+

E) Жетпіс бес.

6. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз.

A) Ешкім, әлдеқашан.

B) Ғой, бірақ.

C) Кімім? кіміңіз?+

D) Кейбір, біреу.

E) Алма, нарық.

7. Есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Жыл құсымен енеді.

B) Тау басына шығу.

C) Тілін тигізу.

D) Жақсы бала.+

E) Асықпай сөйлеп ала жөнелу.

8. Жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Күз түсті.

B) Жаңбыр көп жауды. +

C) Қар еріді.

D) Қоңырау соғылды.

E) Сағат жүріп тұр.

9. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз.

A) Біреудің сөзінің мазмұны.

B) Екі адамның сөйлескен сөзі.

C) Қанатты сөз.

D) Біреудің айтқан нақты сөзі.

E) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі. +

10. Омоним болатын сөзді табыңыз.

A) Балшық.

B) Он бес.

C) Мұғалім.

D) Ауыз.

E) Сау. +

11. Күрделі сын есімді табыңыз.

A) Мерекеге ұласу .

B) Өнерлеріне разы.

C) Басынан таяқ арылмау.

D) Бидай өңді.+

E) Егінді күту.

12. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қазір балалардың бәрі де бизнесмен болғысы келеді.+

B) Мен дәрігер боламын.

C) Жаның сүйген еңбегің-жан рақаты.

D) Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты.

E) Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.

13. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

A) Соншалық.+

B) Баяу.

C) Сеніңше.

D) Қазақша.

E) Бұлбұлдайын.

14. Қате қойылған тыныс белгісін анықтаңыз.

A) Мектепке қарай бар.

B) Сен-ақ ала бердің.

C) Сен түгіл өзіне қимайды.

D) Ол кінәні өзінен іздейтін-ді.

E) Аз-ба, көп-пе. +

15. Тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Тонның ішкі бауындай.+

B) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

C) Адал достық алтыннан қымбат.

D) Олақтан салақ жаман.

E) Өнерлі өрге жүзер.

16. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.

A) Пысықтауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Айқындауыш.

E) Баяндауыш. +

17. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

A) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді. +

B) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.

C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

D) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

E) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.

18. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз.

A) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай.

B) "Биік мансап - биік жартас", - дейді Абай.+

C) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.

D) "Биік мансап, биік жартас", - дейді Абай.

E) "Биік мансап, биік жартас" - дейді Абай.

19. Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.

A) Ресми стиль.

B) Ғылыми стиль.

C) Ауызекі стиль.

D) Көркем әдебиет стилі.+

E) Публицистикалық стиль.

20. «Шиіт» сөзін қай қатарға жатқызамыз.

A) Антоним.

B) Көнерген сөз.

C) Синоним.

D) Кәсіби сөз.+

E) Диалект сөз.

21. Басқа тілден енген сөздер қатарын табыңыз.

A) Ауыл, дәптер, қорамса.

B) Тергеуші, өсімдік, қағаз.

C) Геометрия, телефон, ұстаз.+

D) Қайшы, хат, пышақ.

E) Өзен, дос, барымта.

22. Келіс (сөз), шаң (сорғыш) - қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз.

A) Қос сөз түрінде.

B) Туынды сөз түрінде.

C) Қысқарған сөз түрінде.

D) Бөлек.

E) Біріккен сөз түрінде. +

23. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Аққу.


B) Техника.

C) Шөлейт.+

D) Шекара.

E) Шеше.

24. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті табыңыз.

A) Құрт-құмырсқа көп.

B) Үйді-үйімізге тараймыз.

C) Алба-жұлба.

D) Жалп-жалп етті.+

E) Анда-санда келіп тұр.

25. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін табыңыз.

Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің көше-көше боп орнауы ұнады.

A) Қаратпа сөз.

B) Одағай сөз.

C) Төлеу сөз.

D) Қыстырма сөз.+

E) Төл сөз.


Каталог: uploads -> doc -> 07a3
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
07a3 -> 1. Географическая среда, близкая к современной, сложилась


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет