9 баспасөз релизі базалық мөлшерлеме туралы



жүктеу 33.05 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі33.05 Kb.



9 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Базалық мөлшерлеме туралы
2016 жылғы 5 мамыр Алматы қ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 15% мөлшерінде базалық мөлшерлеменің +/- 1 пайыздық тармағы болатын дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме туралы соңғы шешім қабылданған кезден (2016 жылғы 14 наурыз) бері баға тұрақтылығы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету арасындағы тәуекелдер теңгерімі жақсарды, бұл жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қолдау көрсетудің орындылығын төмендетеді. Ұлттық Банктің бағалауынша, инфляциялық күтулердің қысқару белгілері байқалды, қаржы нарығында теңгемен активтерге деген сенімнің қалпына келу үдерісі күшейді, сондай-ақ валюталық тәуекелдерді хеджирлеу жөніндегі нарықтық мөлшерлемелер төмендеді.

Соңғы үрдістер Ұлттық Банктің валюта нарығында өзгермелі айырбастау бағамының режімін сақтай отырып жүргізген саясатының әсерінен, сондай-ақ ақша нарығы мөлшерлемелерінің теңгемен активтердің тартымдылығына қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін деңгейде тұрақтануы жағдайында қалыптасты.

2016 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсеткіш бойынша (2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда) 16,3%-ды құрады. Жылдық инфляция жоғары күйінде қалды, бірақ оның 10,4% өсуіне негізгі үлес айырбастау бағамының өзгерістерінің ішкі бағаларға әсерін ауыстыру барынша едәуір болған 2015 жылғы үш айдың (қазаннан бастап желтоқсан аралығындағы) көрсеткіштері есебінен болды. Бағалау бойынша, қазіргі кезде саудаланатын тауарларға қатысты ауыстыру әсері іс жүзінде ақталды, бірақ реттелетін тарифтер мен бағаларды саудаланбайтын тауарларға қарай икемдеудің инерциялық процестері әлі аяқтала қойған жоқ. Соңғы үш айда айлық инфляцияның деңгейі маусымдылықты есептегенде жылдық инфляция бойынша 6-8% мөлшердегі нысаналы дәлізге сәйкес келетін шекте болды. Ұлттық Банктің сәуірде жүргізілген пікіртерімінің деректері бойынша халықтың инфляциялық күтулері де төмендеді. Бағаның өсу қарқынының жылдамдауын немесе оның алдағы 12 айда осы деңгейінде сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы 61,6%-дан 2016 жылғы сәуірде 40,5%-ға дейін төмендеді.

Жиынтық сұраныс тарапынан инфляцияның көтерілу тәуекелдері мардымсыз деп бағаланады. Тұтынушылық сұраныс нақты жалақының төмендеуінен және бейімделген бюджет саясатынан төмендейді. Экономикалық белсенділік деңгейі шикізат секторындағы сыртқы сұраныстың әлсіздігінен және әлемнің қаржы және тауар нарықтарындағы ахуалдың өрбуі бойынша бұдан кейінгі сценарийлерге қатысты белгісіздіктерден төмен күйінде қалуда. Кредит ұсынысы жақын арадағы уақытта шектеулі болып қалады. 2016 жылдың соңындағы жылдық инфляция деңгейінің болжамы бұрынғыдай 6-8% дәлізінде қалады.

Салымшылардың жинақтың және жинақ ақшаның валютасын таңдау бойынша басымдық беруіндегі өзгерістер айырбастау бағамы бойынша күтулердің тұрақтануы аясында және ұлттық валютадағы қаржы құралдары кірістілігінің жоғарырақ болуы салдарынан орын алып отыр.

Халықтың қолма-қол АҚШ долларын сатып алу көлемі айтарлықтай қысқарды. 2016 жылғы ақпан-наурызда соңғы 10 жылда алғаш рет халықтың валютаны сатуы сатып алудан асып түсті. Ақпан-наурызда ұлттық валютада ашылған депозиттер көлемі 777,5 млрд. теңгеге немесе жалпы депозиттер көлемінің 4,8%-на ұлғайды.

Банктердің ұлттық валютадағы міндеттемелері үлесінің жоғары мөлшерлемелер есебінен біртіндеп ұлғаюы пайыздық шығыстардың өсуі есебінен қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін арттыруға әкеледі. Банктердің депозиттер мерзімі ақша нарығындағы операциялардың дюрациясынан әлдеқайда асып түсетін жағдайларда депозиттерге ұсынған үстеме қаржыландыру мүмкіндігі, ортамерзімді перспективада осы банктерге арналған жоғары қорландыру құнының сақталу тәуекелін тудырады.


2016 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де мына күндері:

- 2016 жылғы 6 маусымда;

- 2016 жылғы 11 шілдеде;

- 2016 жылғы 15 тамызда;

- 2016 жылғы 3 қазанда;

- 2016 жылғы 14 қарашада жарияланатын болады.

Жариялау күндері Ұлттық Банктегі модельдеу және болжау жүйесі шеңберінде макроэкономикалық статистика жөніндегі деректерді алу және өңдеу мерзімдерімен айқындалады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 3302 497



e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz
Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет