9 Редакциялаудың кеңейтілген инструменттер жиыны



жүктеу 82.73 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі82.73 Kb.

9 Редакциялаудың КЕҢЕЙТІЛГЕН ИНСТРУМЕНТТЕР ЖИЫНЫ

Бұл дәріс геометриялық объектілерді редакциялау құралдарын сипаттауды аяқтайды. Алдымен мұнда объектілермен, сол секілді объектілер топтарымен атқарылатын операциялардың күрделі командалары қарастырылады. Кейіннен, сіздердің назарларыңызға редакциялаудың кейбір командаларын оңай басқара алатын жолдар ұсынылады. Біз сол секілді, объектілерді редакциялау үшін қасиеттер палитрасын қолдануды да қарастырамыз.




  • Көшіру және орнынан жылжыту командалары

  • Өлшемдерін өзгерту командалары

  • Объектілерді құрау командалары

  • Өзгерістер бұлтын құру

  • Объектілерді жасыру

  • Екі рет шерту арқылы объектілерді редакциялау

  • Қасиеттер палитрасы көмегімен редакциялау


9. 1 Көшіру және орнынан жылжыту командалары
9.1.1 Mirror командасын қолдану
Көптеген сызбаларда симметриялы элеменнттері бар. Осындай кескіндер үшін жартысын немесе төрттен бір бөлігін салып алып, қалған бөлігін айнадағы бейнесін алу арқылы толтыруға болады.

_mirror (Зеркало-Айна) командасы – алғашқы объектің айнадағы бейнесін беретін объект салу үшін қолданылады. Айнадағы бейне салу үшін (сурет 9.1,б), бастапқы объект және щағылу осі немесе симметрия осі болу керек (сурет 9.1, а).
Команда сұрауы:

Айнадағы бейнесін салу үшін объектілерді таңдау жиек немесе секрамка арқылы жүзеге асырылады. Шағылу осінің (симметрия осінің) бірінші және екінші нүктелерін объектілік байлауыш, мысалы - Конточка, көмегімен тінтуір арқылы көрсетіңіз. Содан кейін команда бастапқы объектілерді жоюды ұсынады. Оларды сақтап қалғыңыз келсе, онда No (Нет-Жоқ) параметрін енгізіңіз. Айнадағы бейнесін ғана қалтыру үшін Yes (Да-Ия) параметрін қолдану қажет.

а) б)


Сурет 9.1 – а) секрамка арқылы ерекшеленген объект;

б) бөлшектің аяқталған сызбасы

9.1.2 Array командасын қолдану


_array (Массив) командасы – ерекшеленген объектіні (немесе объектілерді) пайдаланушы неше мәрте көрсетсе, сонша рет көшірмесін жасайды, оларды тікбұрышты немесе шеңбер бойымен массив нысанында орналастырады. Бұл команда қайталанатын конструкциялардан тұратын сызбаларды орындауда өте қуатты, әрі қолайлы құрал болып табылады.

Тікбұрышты массивтер

Тікбұрышты массив пайдаланушы енгізген жолдар мен бағандар санынан тұратын кесте.

Тікбұрышты массив жасау үшін, Modify (Редактирование-Редакциялау) инструменттер панелінен пернесіне шертіңіз. Array (Массив) сұхбаттық терезесі ашылады (сурет 9.2).



Сурет 9.2 –Array сұхбаттық терезесі

  • Прямоугольный массив-Тікбұрышты массив – ауыстырғышын орнатыңыз;

  • Строки-жолдар и Столбцы-Бағандар жолына қажетті жол және баған санын енгізіңіз;

  • Между рядами-Қатарлар арасында және Между столбцами-Бағандар арасында жолдарына жолдар және бағандар арасы қадамы мәнін енгізіңіз;

  • Угол поворота-Бұрылу бұрышы жолына массив бағытын өзгерту қажет болған жағдайда, бұрыш мәнін енгізіңіз;

  • - Выбор объектов-Объектілер таңдау пернесіне шертіңіз де, сызбада көбейтілетін объектілерді таңдаңыз. Объект таңдап болған соң, қайтадан сұхбаттық терезеге келу үшін пернесіне басыңыз;

  • Массивті алдын-ала көру үшін Просмотр пернесіне шертіңіз. Массив экранға шығарылады да, бірнеше пернелері бар сұхбаттық терезе шығады (сурет 9.3).



Сурет 9.3 –Массивтің сұхбаттық терезесі
Массив жасау үшін Принять-Қабылдау пернесіне шертіңіз.

Изменить пернесіне шерту Array сұхбаттық терезесін ашады (сурет 8.2).

Отмена пернесіне шерту сызбада ешқандай өзгеріс жасамай команданы тоқтатады.

Массив жасау үшін Ok пернесіне шертіңіз.

Тіктөртбұрышты массив мысалы сурет 9.4-те келтірілген.

Сурет 9.4 – сол жағында гараждың бір панельді есігі көрсетілген;

оң жақта – қалған панельдер тікбұрышты массив түрінде көрсетілген
Шеңбер бойы массивтері
Шеңбер бойы массивінде объектілер көшірмесі берілген радиустағы шеңбер бойында орналасады. Шеңбер центрін пайдаланушы көрсетеді.

Шеңбер бойы массивін жасау үшін, Modify (Редактирование-Редакциялау) инструменттер панелінің пернесіне шерту керек. Array (Массив) (сурет 9.5) сұхбаттық терезесі қосылады.



Сурет 9.5 –Array сұхбаттық терезесі


  • Круговой массив-Шеңбер бойы массив ауыстырғышын орнатыңыз;

  • Число элементов-Элементтер саны жолына массивке орналастырылатын элементтердің жалпы санын, көбейтілетін объекті қоса есептеп енгізіңіз;

  • Угол заполнения-Толтырылу бұрышы жолына шеңберлік сектордың толтырылатын бөлігінің өлшемін енгізіңіз;

  • - Центральная точка-Центрлік нүкте пернесіне шерте отырып, массивтің центрлік нүктесін беріңіз;

  • - Выбор объектов-Объектілерді таңдау пернесіне шертіңіз, сызбадағы көбейтілетін объекті (объектілерді) таңдаңыз.Объекті таңдап болған соң, сұхбаттық терезеге оралу үшін, пернесіне шертіңіз;

  • Поворачивать элементы массива-Массив элементтерін бұру жолына әрбір көшірменің өз бағыты болуы үшін жалауша орнатыңыз, Егер бұл жалауша өшірілсе, онда жаңа объектілер жасалғанда бұрылмайды;

  • Массивті алдын-ала қарау үшін, Просмотр-Қарау пернесіне шертіңіз. Егер алдын-ала қарауға көңіліңіз толса, онда Принять-Қабылдау пернесіне шертіңіз, немесе өзгеріс енгізу керек болса Изменить-Өзгерту пернесіне шертіңіз.

  • Массивті шығару үшін Ok пернесіне шертіңіз.

Тікбұрышты массив мысалы 9.6 суретте келтірілген.

Сурет 9.6 – сол жағында бір элементті сызба көрсетілген;



Оң жақта – шеңбер бойынша массив қалған элементтерді құрайды


    1. Эквидистантты объектілер жасау

_offset (Смещение-Жылжу) командасы – түзусызықты және қисықсызықты кесінділерді, эквидистантты (нормаль бойынша белгілі бір ара қашықтыққа жылжытылған) кесінділерді, объектінің сәйкес кесінділеріне қатысты салу үшін қолданылады.

Чтобы создать Эквидистантты объектілер салу үшін, Modify инструменттер панелінің - Смещение-Жылжу пернесіне шертіңіз.

Объектілерді Offset командасы іске қосылғаннан кейін ғана ерекшелеуге болады.
Команда сұрауы:

Алдымен команда парметрлердің ағымдағы күйлері тізімімен шақыру шығарады. Параметрлер Offset командасының тәртібін анықтайды:


  • Удалить-Жою параметрі Да-Иә және Нет-Жоқ параметрлерін қабылдайды;

  • Слой-Қабат параметрі жылжытылған объектілер қай қабатта болатындығын анықтайды: бастапқы объектілер қабатында немесе ағымдағы қабатта;

  • Через параметріжылжытылған сызық қай нүкте арқылы өту керектігін көрсетеді.

Offset командасы жылжыту мәнін берудің екі тәсілін ұсынады.



1. Сызықтың арақашықтық көрсету арқылы жылжытылуы-үнсіздік бойынша беріледі.



Сурет 9.7 – Сызықты арақашықтықты көрсету арқылы жылжыту


2. Сызықтың көрсетілген нүкте бойынша жылжытылуы (Через параметрі).


Сурет 9.8 – Сызықты көрсетілген нүкте арқылы жылжыту



    1. Объектілерді түзеу


_align (Выравнивание-Түзеу) командасы - объектіні бір операцияда жылжытып, әсіресе бұру бұрышы айқын түрде белгісіз болғанда бұруға мүмкіндік береді.

Сызба объектісін, егер оның бойынан нүктені анықтап алып, оның қайда жылжытылатын айқындап алған соң, басқа объектілерге қатысты түзеуге болады. Түзеу кезінде объекті масштабтауға да болады.


Команда сұрауы:

Объекті түзеу үшін:


  • Modify (Редактирование-Редакциялау)  3D Operations (3D операции-3 D операциялар)  Align (Выравнивание-Түзеу) командасын іске қосу керек;

  • түзетілетін объектілерді ерекшелеу;

  • объектілік байлауышты қолдана отырып, бірінші бастапқы нүктені - нүкте 1 көрсету;

  • түзету нәтижесінде объектідегі бастапқы нүкте – 1 нүкте жылжытылатын - бірінші мақсатты нүктені – нүкте 3 көрсету;

  • екінші бастапқы нүктені – 2 нүктені көрсету;

  • екінші бастапқы нүкте түсетін, екінші мақсатты нүктені - 4 нүктені көрсету;

  • үшінші бастапқы нүкте үшөлшемді объектілермен жұмыс барысында өз осіне байланысты объект бағытын анықтау үшін қолданылады;

  • объектілерді масштабтау жайлы сұрауға үнсіздік бойынша ұсынылатын нұсқаны (не изменять размеры-өлшемдерді өзгертпеу) орнатуға болады, пернесіне басу керек.

Екі объектіні түзеу мысалы 9.9 суретте келтірілген.



а)


б) в)

Сурет 9.9 – Екі объектіні түзеу: а) түзеуге дейін;



б) бастапқы және мақсатты нүктелерді көрсету; в) түзегеннен кейін






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет