Яндекс Қазақстан есту қабілеті бұзылған адамдардың айналасындағылармен қарым-қатынасын жеңілдететін Разговор қолданбасын ұсынды. Ол репликаларды танып, егер адам нашар еститін болса, ауызша сөзді мәтінге аудара алады. Керісінше, егер пайдаланушыға оны айту қиын болса, телефонға терілген мәтінді дауыстап айту қарастырылған.

Қолданба Android және iOS жүйелерінде қолжетімді, қазақ және орыс тілдерін тани алады. Ол әрдайым диалогқа оралу үшін хабарламалар тарихын сақтайды. Тұрмыстық жағдайлар үшін, мысалы, емханада немесе дүкенде диалог, Разговор алдын-ала қолайлы сөз тіркестерін дайындауға болады.

Яндекс Разговор қазақ тілін дұрыс танып, синтездеу үшін телефон баптауларында қазақ тілі таңдалуы тиіс.

Қолданбаны қазақ тіліне үйрету үшін әзірлеушілер тобы қазақ фонемаларын (дыбыстарын) және сөздердің айтылу ережелерін қамтитын аралас фонетикалық алфавит жасады. Алфавит әр айтылған сөзді әріппен тануға және оларды синтездеуге, сондай-ақ жыл мен телефон нөмірі сияқты күндер мен сандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сөйлеуді анықтау және синтездеу үшін Разговор, Яндекстін өз технология әзірлемелерін пайдаланады. Бұл технология Алисаға пайдаланушыны тыңдауға және түсінуге, Аудармашыға шетелдік сөздерді айтуға, ал Браузерге видео мен стрим аудармаларын дыбыстауға көмектеседі.

Яндекс Go серіктес жүргізушілері Разговор алғашқылардың бірі болып қол жеткізді. 2018 жылдан бастап серіктестерге арналған қолданба есту қабілеті нашар және саңырау жүргізушілерге бейімделген, ал Разговор оларға жолаушылармен қарым-қатынасты одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Маған Разговор қатты әсер қалдырды: қолданба ым-ишара тілінің аудармашысы болмаған кезде тәуелсіз болуға көмектеседі — ол адамдар арасындағы кедергіні жояды, қарым — қатынасты жеңілдетеді және қоғамдағы инклюзивті ортаны дамытады", — деді жүргізуші Бекжан Байгелов.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.