А. И. Хасанова Әлеуметтік экология және тұрақты даму



жүктеу 0.93 Mb.
бет1/4
Дата07.10.2017
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экология кафедрасы


А.И. Хасанова
Әлеуметтік экология және тұрақты даму
050608 – мамандығына арналған оқу құралы

Қостанай, 2012

Құрастырушы:

Хасанова Айгуль Исахмедовна экология кафедрасының аға оқытушысы


Рецензенттер:

Блисов Т.М. экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ. қ.

Жокушева З.Г. экология кафедрасының аға оқытушысы

Хасанова А.И.

Әлеуметтік экология және тұрақты даму пәніне арналған оқу құралы.

Костанай, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. 2012,- 49.

050608 - Экология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған

Оқу құралында әлеуметтік экологияның негізгі мақсаты - қоғам мен табиғат қарым-қатынастарындағы проблемаларға жан-жақты талдау жүргізу, толып жатырған экологиялық мәселелерден тек мемлекеттік саясат пен қоғамның іс-қимылдары парасаттылықпен қатар жүргізіліп, қоғамның әр мүшесінің экологиялық сана сезімі жоғары деңгейге жеткенде ғана құтылуға болатынына көз жеткізуі көрсетілген.

Аграрлы- биологиялық факультеттін оқу-әдістемелік кеңесімен

__ __ 2012 ж. мақұлданған хаттамасы №


Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................4

1 тақырып Әлеуметтік экологияның қалыптасуы және дамуы..................5

2 тақырып Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс..................................9

3 тақырып Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық

проблемалары және оларды шешу жолдары...............................................14

4 тақырып Тұрақты даму концепциясы........................................................26

5 тақырып: Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастамалар..................31

Қолданылған эдебиеттер тізімі......................................................................48

Кіріспе
Адамзат өркениетінің дамуының қазіргі кезеңінде әлеуметтік экологияның сұранысқа ие болу себептері, адамның өзінің тіршілік ету ортасымен әсерлесуінің жалпы заңдылықтары, халықаралық және мемлекеттік институттардың Жер Биосферасы мен оның жекеленген бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін көрсету негізгі әлеуметтік экология пәнін оқу арқылы тұжырымдамалар жасауға болады.


Үсынылған әдебиеттер тізімі

1 Г.С. Оспанова Г.Т. Бозштаева Экология оқулық Алматы. Экономика 2002ж. 405б.

2 Жатканбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық Алматы. Зият2003ж. 212б.

3 Акбасова А.Ж. Экология оқу құралы Алматы. Бастау 2003ж. 292б.

4 Алишева К.А. Экология учебник для вузов 2007.304б

5 «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.

Қ.Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы



Тақырып: Әлеуметтік экологияның қалыптасуы және дамуы

Мақсаты: Әлеуметтік экологиямен пән ретінде танысу.Әлеуметтік экологияның қалыптасуы мен дамуың анықтау.

Жоспар:

1. Әлеуметтік экологияға ғылым саласы ретінде анықтама беру

2.Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері,қалыптасу тарихы

3 Әлеуметтік экологияның өзге гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен байланысы..


1. Әлеуметтік экологияға ғылым саласы ретінде анықтама беру.Экологиялық пәндер қаншалық әралуан болғанымен, осы күнгі экологияның барлық бағыттарының негізінде организімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасы туралы іргелі идеялар жатыр. Дегенмен, экология іргелі биологиялық пән ретінде барлық тірі оганизімдердің өзара және қоршаған тәбиғи ортамен әсірлесуін зертейтін болса, әулеметтік экология тіршілік иелерінің бір ғана түрінің – Homo sapiens – Саналы адамның – оның коғамдық және шаурашылық дамуының әртүрлі кезіндеріндегі табиғатпен жүйелі байланыстарын зерттейді және жаратылыстаны ғылымдарының ада экологиясы деп аталатың ауқымды тармағының бір бөлігі болып табылады.

Бастапқыда «ортаның селіктивтік (сұрыптаушылық ), дистрибютивтік (реттеушілік) және аккомодациялық (биймделушілік) күштері әсер ететін, адамдардың территориялдық және уақыттық қарым – қатынастары жөнендегі ғылым » ретінде дүниеге келген әлеуметтік экология, қалыптасу мен өзің таныстырудың ұзақ жолын жүріп өтті. Өткен ғасырдың аяғына тамаң әлеуметтік экологияның егі түрлі анықтамасы қалыптасты: тар мағнада оның «адамзат қоғамның қоршаған табиғи ортамен әсерлесуі жайындағы ғылым»; кен мағнада – «жеке адамның және адамзат коғамның табиғи, әлеуметтік және мәдени ортамен әсерлесуі жайындағы ғылым» деп түсінеді. Бұл анықтаналдырдың екеунің де туйіні – адамның коршаған ортамен тарын қатынасын зерттеу. Семантиқалық бұраландарын елеменде, әлеуметтік экологияның табиғи және қоғамдық факторлардың жиынытығы болып табылатын тіршілік ету ортасының адамға әсерін, сондай – ақ, адам тіршілігінің аумағы ретінде түсінілетің қоршаған ортаға, адамның әсерін зерттейтің ғылым, - деп атауға болар еді. Кезкелген экожүйенің, соның ішінде әлеуметтік экожүйенің де, оңтайлы күйі – гомеостаз, яғни сыртқы ұйтқыларға қарсыласуы және динамикалық тепентендікті сақтауға қабілеттілігі болып табылады. Экожүйелердегі адамның өзіндік ролінің ерекшелігі – ол бір мезгілде осындай тепетендік объекті және тепетендік субъекті болып табылады. Әлеуметтік экология жаратылысы ерекше объектілердің, «екінші табиғат» деп аталып жүрген, яғни қоршаған табиғи ортамен әсерлесуші, адам қолымен жасалған мүліктік ортаның құрылымын, ерекшеліктерін және қызмет атқару тенденцияларын зерттейді. Көпшілік жағдайларда осы «екінші табиғаттың» болуы, әлеуметтік – экологиялық зерттеу объектілері болып табылатын экологиялық проблемаларды туындатады. Планета халқының шамадан тыс өсіп кетуі, табиғат ресурстарының сарқылуы, адамның тіршілік ету ортасының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарымен ластануы, табиғи ландшафттардың бұзылуы, түр әралуандылығының кемуі сияқты проблемалардың асқынып кетуі, қоғамның экологиялық сипаттағы шынайы мәліметтер алуға және адамзат қоғамының жуық арадағы және келешектегі даму жолдары жайлы мағлұмат алуға ұмтылуына себепкер болады. Әлеуметтік экологияның бұл бөлігі қазіргі заманның негізгі парадигмасы – орнықты даму концепциясымен үндесіп жатыр. Бұл концепция дамуды «адамзаттың қазіргі заманға мұқтаждықтарын өтей отырып, келешек ұрпақтардың сыбағасына нұқсан келтірмеу, олардың өзінің өмірлік қажеттіктерін өтеу мүмкіншіліктеріне қауіп төндірмеу», - деп түсінеді. Мұны, қоршаған ортаның кейбір параметрлерінін, мысалы негізгі физикалық константалардың /ауаның, судың, топырақтың құрамы, жер бетінің механикалық қасиеттері және т. б.\, биосфераның генофондының, өзінің байырғы келбетін өзгертпеген негізгі экожүйелердің ауқымды бөліктерінің, халық денсаулығынын, уақыт өткен сайын өзінің тұрақты мәндерін сақтауы, деп түсіну қажет.

Әлеуметтік экологияның негізгі мақсаты- қоғам мен табиғат қарым-қатынастарындағы проблемаларға жан-жақты талдау жүргізу, толып жатырған экологиялық мәселелерден тек мемлекеттік саясат пен қоғамның іс-қимылдары парасаттылықпен қатар жүргізіліп, қоғамның әр мүшесінің экологиялық сана сезімі жоғары деңгейге жеткенде ғана құтылуға болатынына көз жеткізу.

Әлеуметтік экологияның негізгі міндеттері:

- әлеуметтік экологияның экологиялық пәндердің арасындағы орнын анықтау;

- адамзат өркениетінің дамуының қазіргі кезеңінде әлеуметтік экологияның сұранысқа ие болу себептерін ашып көрсету;

- адамның өзінің тіршілік ету ортасымен әсерлесуінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсету;

- адамды қоршаған ортаға антропогендік ықпал көрсетілуімен байланысты әлеуметтік проблемаларға талдау жасау;

- білім алушыларды биосфераның және адамзат өркениетінің дамуының оптимистік және пессимистік модельдерімен таныстыру;

- әртүрлі деңгейдегі биологиялық және геоэкологиялық жүйелердің орнықты қызмет атқаруының заңдылықтары жөнінде білім беру;

- халықаралық және мемлекеттік институттардың Жер Биосферасы мен оның жекеленген бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін көрсету.

Осы курстың алдында оқылуы тиіс пәндердің тізімі: Қазақстан тарихы, философия, экология, биогеохимия және экотоксикология, информатика, математика, физика, химия.

Сабақтас пәндердің тізімі: экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология, биологиялық экология, топырақтану, қоршаған ортаның мониторингі және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), экологиялық білім және дүниетаным, зерттеулердің биоиндикациялық әдістері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық нормалау және сараптама негіздері, менеджмент пен маркетингі экологиялық құқық негіздері.

.Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері,қалыптасу тарихы. Әлеуметтік экология, осы пәннің болмысына қатысты әртүрлі пікірлердің болуына қарамастан, тірішілік ету ортасының адамға және адамның тіпшілік ету ортасына әсерін зерттейтін ғылыми пән ретінде өзі шұғылданатын мәселердің шеңберін айқындан үлгерді және ТМД елдерінің бірақатар университеттерінде оқылып жүр. Жер Биосферасының ресурстарын бейберекет және шектеусіз пайдаланудың альтернативасы ретіндеге орнықты даму түжырымдамасының мойындалуына байланысты, осы тұжырымдаманың негізгі қағидаларын халық, солардың қатарына келешек маман-экологтар да, саналуан жолдармен, соның ішінде Орнықты даму концепциясының қағидаларын әртүрлі университеттік курстардың құрамына енгізу арқылы да, оқып, меңгере бастады.



3 Әлеуметтік экологияның өзге гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен байланысы.

Сабақтас пәндердің тізімі: біріншіден - адам экологиясы, содан кейін экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология, биологиялық экология, топырақтану, қоршаған ортаның мониторингі және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), экологиялық білім және дүниетаным, зерттеулердің биоиндикациялық әдістері, экологиядағы математикалық модельер, экологиялық нормалау және сараптама негіздері, менеджмент пен маркетингтегі экологиялық құқық негіздері.

Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы – әлеуметтік экологияның үлқен бір бөлімі болып есептеледі.

Дүние жүзіндегі ғылыми әдебиеттерде әлі тұрақты анықтамасы жоқ адамдар экологиясына әртүрлі сипаттамалар айтылып жүр. Кейбір авторлардын адамдарды тек жалпы биологиялық тұрғыдан қарап, қоғамның әлеуметтік зандарын биологиялық зандармен алмастырғылары қеледі.

Қоғамның органиқалық теориясының неғізін қалаушы Герберт Спенсер адамдарды екі топқа бөліп, біреуін қоғамның ,, ақылы,, , олар басқарушы болулары кереқ, екіншісін қоғамның ,, бұлшық еті,, , олар тек дене еңбегімен айналысулары қерек дейді. Оның айтуынша бұлай бөліну әркім ынтасына, алдына қойған мақсатына, қайсарлығына байланысты нақтылы күресте қоғамдағы тиісті орнын алады.

Р. Парк пенн Э. Бюргес осы ғасырдың 20- шы жылдары ғылымға адамдар,, экологиясы,, деген ұғым енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір суру үшін тартысу, арақатынастарыың негізгі түрі биологиялық бақталастық көрінеді.

70- шы жылдары адамдар экологиясында мұндай көз қарастар өзгеріп, оны тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратар өзгеріп, оны тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану- экономиялық әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын ғылыми еңбектер жарық көрді.

Ю. П. Лисицын /1973/, А. В. Кацура, И. В. Новак, А. Г. Воронов /1974/. О. В. Бароян /1975/, Н.Ф. Реймерс т.б. авторлар өмір суруге қолайлы жағдайларды зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағында ескеруі қажет екенін атап көрсетті.

Біріншісі- биологиялық факторлар /климат, жер беті айырмашылықтары, ғарыштағы құбылыстар т. б. болса, екіншісі әлеуметтіқ факторлар / жаңа технология жүйесі, экономикалық қоғамдық мәселелер т. б. / болуы керек.

Соныммен адамдар экологиясы табиғаттың, ондағы құбылыстар мен өзгерістердің адамдарға жасайтын әсерін, ықпалын зерттеумен қатар адамдардынқоршаған ортаға, бүкіл табиғатқа тигізетін әсерін, пайда- зиянын үнемі тексеріп, қажетті шаралар ұсынып отыруға тиіс.

Адам экологиясы үзақ уақыт даму нәтижесінде қалыптасты. Осы даму барысында оның теориялық негіздері, ғылыми және қолданбалы міндеттерді орындаудың әдістемелік ережелері мен нақты әдістік тәсілдері қалыптасты. Антропоэкологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы адам экологиясының басқа пәндерден - табиғи және әлеуметтік географиядан, демографиядан, социологиядан, биология мен медицинадан алған зерттеу әдістерінің жетілдірілуімен және өнделуімен қатар жүрді. Адам экологиясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру үшін оны жер бетінде адам қауымдастықтары мен табиғи кешендердің әрекеттесу процесінде қалыптасатын кеңістіктік-уақыттық жүйелердің (антропоэкожүйелердің) даму заңдары туралы ғылым, бұл жүйелерді реттеу мен басқару әдістері туралы ғылым деп ұғыну маңызды болды. Антропоэкологиялық әдістер жүйесінде табиғи, әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық саяси, экологиялық-гигиеналық және т.б. факторларды бағалау үлкен орын алады. Кейде адамдардың тіршілік әрекетіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін құбылыстар мен факторлардың тізімі бар антропоэкологиялық кадастрлар түзіледі. Бағамдаушылық зерттеулер табиғатты, шаруашылықты, халықты, медициналық-демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жүйелеп, такырыптық картографиялаудың карқынды өсуімен өзара тығыз байланыста дамиды. Антропоэкологиялық объектілерді зерттеудің маңызды әдістемелік принципі - ең алдымен картографиялық үлгілеу. Адам экологиясында аудандастыру сияқты маңызды әдістемелік тәсіл кеңінен қолданылады. Адамның мекен ету ортасын оңтайландыру мен әлеуметтің денсаулығы деңгейін көтеру антропоэкологиялық болжау негізінде ғана мүмкін болатын келешектік бағалауды қажет етеді. Адам экологиясының ішкі дамуының күрделі процестері нәтижесінде ол қазіргі уақытта антропоэкожүйелердің ішкі қүрылымын, олардың аумақтық үштасымы мен кеністіктік-уакыттық байланыстарын зерттейтін ауқымды іргелі ғылым болып отыр. Адам экологиясындағы жүйелік түрғыдан қарау антропоэкологияның тән сипатты міндеттерін жүйенін жалпы теориясының ережелерін қолдану арқылы шешу нәтижесіңде қалыптасты. Адам экологиясындағы зерттеулердің объектісі мен заты - зерттеу бағытталган нақты бір шындык (сондай-ақ оның әр түрлі жақтары, сипаттамалары мен қатынастары). Зерттеулердің объект

Тақырып: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс.

Мақсаты: табиғат пен қоғам арасындағы байланысты қарастыру.

Жоспар:

1.Табиғат пен қоғам байланысы:тарихи аспект.

2.Аңшылық мәдениеті, аграрлық мәдениет.

3. Индустриялдық қоғам және ноосфера идеялары

4 Табиғат пайдалану қоғамның өмір сүру негізі.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады (21-сурет).

Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан, құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.

Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктер жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түктікеріктер және т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.



Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.э.д. VIII-VII ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.э. XVII ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең кұл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.

Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.

Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап айтуға болады.

Аграрлық кезеңнің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің, Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еуропалықтардың Үндістан мен Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады. Аталғандар Жердің табиғаты туралы, оның орман, топырақ, су ресурстары, минералдық байлықтары туралы түсініктерді өзгертті және оларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды.

Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз сүтқоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.

Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.

Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ, өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.

ХХ ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылуына байланысты өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр.

Бірақ, бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес. Н.Ф. Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық революцияларды бөліп көрсетеді

Өркениет тарихындағы экологиялық дағдарыстар мен революциялар

Қазір қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында индустриалдық кезеңнен ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезеңге өтуі байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипатталады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады. Жалпы алғанда осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.

Жердегі барлық биологиялық тіршіліктің, әрбір тірі организмнің ең басты қажеттілігі - өзінің ұдайы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету. Олар өздерінің тіршілік қажеттіліктерін қамтамасыз еткенде ғана өмір сүре алады. Осы мақсатта биосферада ұдайы үздіксіз зат, қуат, ақпарат алмасуы болып тұрады.

Қажеттілік барлық тірі организмдерге тән сипат, өздерін қоршаған ортамен қарым – қатынас арқылы көрініс табады. Әрбір тірі организм өзінің қажеттіліктерін табиғаттан алады және өздері басқалардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қажеттілік организмдердің өмір сүру ортасымен байланысын, оған тәуелділігін білдіреді. Сонымен қатар, ол табиғи ортанаң біртұтастығы. Өйткені, әрбір тірі организм өзінің қажетін табиғи ортадан алады және тіршілік әрекеттерін осыған бағыттайды.

Организмдердің дамуының жоғарғы сатысында тұрған жануарлар мен адамдардың да табиғи ортамен қарым – қатынасы – тіршілік әрекеті болып табылады. Олар өздерінің қажеттерін табиғаттан алады. Бірақ, оны қанағаттандыру үшін әрекет етуі керек. Тіршілік әрекетінің арқасында ғана табиғат қажетті қанағаттандырушы бола алады.

Өмір сүру үшін кез келген тірі организм табиғи ортадан алатын заттарға (ауаға, суға, қоректік заттарға), қуатқа (жарыққа, жылуға) және ақпаратқа қажетті. Жануарлар оларды табиғи күйінде, өзгертпей тұтынады. Олар табиғаттан алатын заттарының қуатын өзгертпейді, керісінше эволюциялық даму барысында өздері табиғи ортаға бейімделеді. Ал адамдардың олардан ерекшелігі – табиғаттан алатын заттарын, қуатын өздерінің қажеттілігіне сәйкес өзгертуге тырысады. Еңбек нәтижесінде адамдар өздерінің қажеттіліктерін өтейтін заттарды ғана өзгертіп қоймай оларды өзгертетін құрал саймандар жасайды. Сонымен, жануарлардың табиғатпен қарым – қатынасы біржақты, ал дадмдардың қатынасы екіжақты болады. Жануарларды табиғат қалыптастырады. Адамдар мен табиғат бір – бірін қалыптастырады.

Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жануарлар табиғатпен тікелій қарым – қатынаста болады. Өмір сүру үшін олар тек қана өздерінің көру, есту, сезу қабілетіне, бұлшық ет күшіне, тісіне, тырнағына, қанатына сенеді.

Адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр – түрлі еңбек құралдарын жасайды және оған өзінен басқа адамдар қатысады. Сөйтіп өндірістік процессте қоғамдық қатынастар қалыптасады. Еңбек әрқашан қоғамдық сипатта болады, яғни еңбек қоғамда жасалады және қоғамдық еңбек нәтижесін пайдаланады. Еңбек және ол тудыратын қоғамдық қатынастар, адамдар мен табиғатты байланыстырушы болады.Адамдардың қоғамдық еңбекке бейімділігі олардың жануарлардан басты ерекшелігі болып табылады.

Еңбекпен табиғи ресурстарды өзгертіп, оны өзінің қажетіне бейімдеп, адамдар өздерінің өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, еңбектің нәтижесінде адамдар өздерінің қабілеттерін қажеттіліктерін жетілдіреді, тәжірибе жинақтайды, өздерін әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастырады. Әлеуметтік қатынастар адамдардың дамуының басты негізі болып табылады. Адамдар тек қана биологиялық тұлға болып қалмай, тарихи дамитын әлеуметтік тұлғаға айналады.

Адамдардың тіршілік әрекеті тек қана өмір сүру емес, басқа да көптеген мәселелермен байланысты. Адамдар табиғи ортамен қатар әлеуметтік ортаға бейімделеді. Адамдардың биологиялық және әлеуметтік бейімделуі ылғи үйлесе бермейді, қайшылық та болады.

Адам және олардың өмір сүру ортасы – көпжақты, әр-түрлі, алуан сипатты ішкі және сыртқы байланыстағы элементтер жүйесі болып табылады. Адамдарды табиғи ортамен байланыстыратын барлық қажеттіліктерді санап шығу мүмкін емес, бірақ олардың негізгі түрлерін атауға болады.

1.Биологиялық қажеттіліктер адамдардың биологиялық түр ретінде өсіп - өнуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер. Оларға жататындар:


  • қолайлы қоршаған ортаға қажеттілік;

  • табиғат ортамен зат, энергия және ақпарат алмасу қажеттілігі;

2.Әлеуметтік қажеттіліктерадамдардың әлеуметтік тұлға ретінде өсіп - өнуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер.Олар:

    • барлық әрекет түрлеріне қажеттілік;

    • өзі текстерімен байланыстың барлықтүрлеріне қажеттілік.

Адамдардың қажеттіліктерінбұлай сұрыптау, әрине кез еклген сұрыптаулар сияқты, шартты өмірде адамдар қажеттіліктері біртұтас бір – бірінен ажыратылмайды. Тіршілігін және әрекеттерін қамтамасыз ету үшін адамдар барлық қажеттіліктерін мейлінше толық қанағаттандыруға тырысады. Өмірлік қажеттіліктердің біреуінің орындалмауы немесе толық орындалмауы организмдердің тіршілігін нашарлатады немесе тоқтатады.

Биологиялық қажеттіліктерді бір – бірімен алмастыруға болмайды. Ал әләуметтік қажеттіліктердің екйбіреуінің орындалмауынбасқа түрімен жабуға болады, организм өзін біршама қолайсыздық түрінде сезінеді, бірақ тіршілігі жойылмайды.

Биологиялық қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру - өмірдің алғы шарты. Биологиялық қажеттілік барлық тірі организмдерге тән, сондықтан ол адамдардың ерекшелігі емес. Әйткенмен, нақ осы биологиялық қажеттіліктер адамзаттың даму тарихында әлеуметтік қажеттіліктің тууына себепші болды.

Адамдардың қажеттіліктері ұзақ уақыт қалыптасқан жүйе. Өмірге қажетті заттарды, қуатты ақпаратты алып тұру адамдардың еңбек етуге қажеттілігін туғызады. Еңбек адамдардың тарихи дамуының алғышарты және нәтижесі болып табылады. Г.Гегельдің сөзімен айтқанда, еңбек қажеттілікті қанағаттандыру құралы, ал қажеттіліктер еңбектің бастауы болады. Сондықтан Ф.Энгельс «Адамды адам қылған – еңбек» - деп айтқан.

Табиғи ортамен қатынасында адамдар тек қана өздерін қоршаған ортаны өзгертіп қана қоймай өздерін де өзгертеді. Олар қоршаған ортаға анатомиялық және психологиялық тұрғыдан бейімделеді. Біртіндеп қажеттіліктеріне оларды қанағаттандырушы органдары сәйкестендіреді. Қолмен еңбек ету қажеттілігінен адамдар екі аяқпен жүруге көшті және бұл олардың бұрынғыдан гөрі кеңістікті жақсы шолуына жол ашты. Адамдардың келесі даму сатыларында қолы еңбек құралдарын ұстауға, олармен еңбек етуге бейімделді, көру, есту, сезіну органдары жетіліп жаңа қажеттіліктерге бейімделе бастады. Қоғамдық еңбек адамдардың бір – бірімен сөйлесу қажеттілігін туғызды. Олар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлесіп еңбек етуге мәжбүр болды. Сөйлесу, ақпарат алмасу нәтижесінде ойлау қабілеті де жетілдірілді. Сонымен әлеуметтік қпжеттіліктер пайда болды.

Биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін туындағанәлеуметтік қежеттіліктер біртіндеп жетілдіріліп, өз кезегінде биологиялық қажеттіліктерге өзгерістер әкелді. Мұндай өзгерістер бүгінгі күні де жалғасуда.Биологиялық қажеттіліктің мағынасы бұрынғыдай болғанымен оны қанағаттандыру түрі өзгерді. Мысалы, атмосфералық жауын – шашыннан, температураның өзгерістерінен (ыстық – суығынан) қоғану үшін тұрғын үйге қажеттілік сақталады. Бірақ осы қажеттілікті қанағаттандыру түрлері өзгерді. Алғашқы адамдар қарапайым үңгірлермен, баспанамен қанағаттанса, қазіргі адамдарға барлық комуналдық қызметтермен жабдықталған қолайлы пәтер, жеке үй керек. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі адамдардың биологиялық өзгерістерін тудырады. Мысалы, физиологтар адамның асқазанында тұқым қуалайтын өзгерістер болғанын айтады. Қазіргі адамдардың асқазаны пісірілген (жұмсақ) тамаққа бейімделген, бұрыгғыдай тұрпайы, шикі асты қорыта алмайды.

Биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсаты – адамдардың өсіп - өнуі, тіршілігі. Былайша айтқанда адамдардың өмір сүруі және дамуы осы мақсатта бағытталған. Бұл мақсат адамдарды жаңа қажеттіліктерге ұмтылдырады және олар осы жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын жетілдіруге тырысады.

Қажеттіліктің артуы – адамдардың және адамзат қоғамының оларды басқа жануарлардан ерекшелендіретін маңызды қасиеті. Бұл жалпы адамзатқа тән заңдылық барлық даму кезінде барлық халықтың тарихында болды және бола береді.

Өркениеттің дамуы адамдардың артып отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын дамытумен келеді. Бұрын пайдаланылмаған бұйымдар қазәр өмірлік қажеттіліктерге айналды. Қазіргі адамдар бұрыңғыдай телефонсыз, теледидарсыз радиосыз және т.б. тұрмыста қолданатын заттарсыз тұра алмайды. Жаңа қажеттіліктің ашылуы оның өндіріске тұрмысқа енгізілуі барған сайын тездеп келеді.

Қоғамның дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың табиғи ортаға, оны өзгертуге ықпалы өте нашар болады. Адамдар табиғат күштеріне бағынышты болды, табиғат апаттарынан қорғануға әлсіз болды. Өмір сүру үшін оған табиғат күштерімен күресуге тура келді. Уақыт өткен сайын адамдардың табиғи ортамен қарым – қатынасы өзгерді. Ғылыми – техникалық жетістіктер адамдардың мүмкіндігін орасан арттырды. Оған бүгін тамақтану үшін аңға шығудың қажеті жоқ. Жыртқыш аңдар оның өміріне қауіп төндірмейді. Орта ғасырда миллиондардың өмірін қиған көптеген індет аурулар артта қалды. Тіпті адамзат қоғамында тіршілікке бейімделу табиғи сұрыптау заңдылығы да табиғи сипатын әлсіретіп, әлеуметтік сипатқа ие болды.

Адамдар еңбек құралдарын, қоғамдық қатынастарды жетілдіру арқасында табиғат апаттарын ауыздықтау жолында едәуір жетістіктерге жетті. Бірақ бұл табиғатпен қатынастың негізін өзгерткен жоқ, адамдар бұрынғыша өздерінің қажеттіліктерін табиғаттан алады, табиғи ортада өмір сүреді, тек табиғатты пайдалану арқылы ғана өмір сүреді. Адамдар өздерінің ең жетілген құрал – саймандарын жасау үшін керкгінің бәрін табиғаттан алады. Өндірістің дамуы артқан сайын табиғаттан алатын заттар артады, яғни табиғат пен қоғамның байланысы күшейе түсетіні ақиқат.Біздің табиғтқа тәуелділігіміз кемімейді, керісінше өседі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет