Отандық киноларда бой көрсетіп, елдің ықыласына бөленіп жүрген Ақерке Арыс алғаш рет отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото подкастан скриншот

Өнер иесі тұңғышының ерекше диагнозы барын да жасырмады. 

“Екінші балалы болғаннан кейін ұлыма онша көңіл бөлмей кеттім. Содан күйзеліске түсіп кетті ме деп ойлаймын. Бұрын атын атап шақырғанда келетін, көзіме қарап, бәрін түсінетін. Кейін қызымның өкпесі қабынып, ауруханаға түсіп қалдық. Содан кейін ұлым екеуміздің арамыз ажырап кетті. Кішкентай шақалақ болғасын қызыма көңіл бөлуге тура келді. Бір күні ұлым аяғының ұшымен жүре бастады. Одан кейін көбелектің қанаты сияқты екі қолын сермей беретін болды. Көзімізге қарамайды, жұмсасаң бармайтынды шығарды. Ұлымның диагнозын сіңлім бірінші байқады. Оның мамандығы дефектолог еді, “Ұлдарыңды көрсетіп алыңдаршы, ауытқушылығы бар сияқты” деді. Мен оның сөзін көтере алмай, өзіне ұрыстым. Бірақ кейіннен соның айтқаны дұрыс келді. Баламызға “ЗПРР” деген диагноз қойды. Ата-аналардың дені баласынан табылған диагнозды қабылдамайды. Менде де солай болған. Жұмыс деп те балаларыма уақыт бөлмей кеттім бе деп те өзімді кінәлаймын. Сосын өте көп телефон ұстады. Тыныш отырады деп телефон беріп қойдық. Өзім қызыммен жүрдім. Миының дамымай қалуына да смартфон әсер еткен сияқты”, – деп өкінді актриса. 

  • Арықтататын дәрі ішкен қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалды

  • Атырауда әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдемнің жұмысына наразы

Сонымен қатар өнер иесі баласының еміне қанша қаражат жұмсағанын да айтты. 

“Ресейдің Орынбор қаласынан мықты мамандар таптық. Солармен жұмыс істедік. Үш ай сайын келіп, тексеріп тұрады. 10 бала ғана қабылдап, 4 күн қарайды. Соған 1 миллион теңге алады. Біз сол ақшаны төледік. Қазір нәтиже жаман емес. Атын атап шақырсақ келетін болды және көзге қарап не айтып жатқаныңды түсінеді. Бұл ауру емделеді екен. Бала қатарға қосылып кетеді. Бірақ екіжақты жауапкершілік мықты болуы керек. Баланың дамуын тежейтін ұн, сүт өнімдерінен бас тарттық. Тәтті беруге болмайды. Шынымды айтсам, қазір басты жұмысым балам болып тұр”, – дейді өнер иесі. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.