"СтопОтлов" қаңғыбас иттер орталығы жетекшісі Мария Гребенкина әлеуметтік желіде үндеу жасап, иттерге қоршау салуды сұрағаннан кейін прокуратура ізіне түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: noi.md

Паналайтын орынның жағдайын жақсарту, сондай-ақ техникалық жабдықтау мақсатында қосымша 400 қоршау салу жоспарланған еді. Ол шамамен 2000 жануарды орналастыруға мүмкіндік береді. Қоршау салу үшін бюджетке өтінім беру жобасы жасалды. Бірақ оған бюджеттен қаражат бөлінбеді.

"Наурыздан бастап әкімдік 400 қоршау салып беруге уәде берді. Оның әрқайсысы 5 итке арналған. Мұндай қадам жануарлар өлімінің, аурулардың алдын алатын  және жануарлар паналайтын орынның 80% мәселесін шешер еді", — дейді қор өкілдері. 

"Стоп Отлов" қорының жетекшісі Мария Гребёнкинаның сөзінше, бүгін әкімдік бұл мәселені қарастыратынын айтқан.

"Бүгін таңертең осы мәселені әкімдікте Астана Ветсервис басшысының көзінше айттым. Ол құнына тәуелсіз баға беру үшін менен жобаның нобайын жіберуімді сұрады. Ал кешке мені қатыгездік танытты және бізді бас прокуратура назарына алғаны туралы пост пайда болды. Иттерді мен бос жіберіп қояды және ол адамдардың мазасын алады дейді. Сәйкестік пе?

Жақсы, тексере беріңіздер, бірақ қоршау салыңыздар! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан сұмдықты тоқтатыңыздар!", — деп ашынды ол. 

Былтыр 20 қазанда еріктілердің бірнеше рет жасаған өтініші бойынша ит пен мысықтарға арналған қоршау "СтопОтлов" жеке қорына сенімгерлік басқаруға берілді. Сонымен қатар 2 695 ит пен 295 мысық та сол жаққа тапсырылған еді.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Фонд "Стопотлов" (@vd_stopotlov)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.