Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым оқырман қауымды толғандырған сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Желі қолданушылары Жарқынайдан Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығуға қатысты ойын білмек болды. Олар қос әртістен өте жарасымды жұп шығатынын айтқан.

“Теңеуіңізге рахмет, әрине. Бірақ өнер адамын ешқашан таңдамас едім. Маған тұрақты, тек менікі болатын, кадр сыртында жүретін, камераны ұнатпайтын, балаларыммен әуре болып, өзінің кәсібімен миы ашып, ыржың-тыржыңға уақыты жоқ жігітті армандаушы едім", – деп жазды актриса. 

  • Алматылықтар жер сілкінісінен зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру үшін қайда бара алады

  • Бишімбаевтың сот отырысына журналистерді кіргізбейді: Мәдениет министрлігі мәселені шешуге тырысуда

Сонымен қатар, актриса көңіл-күйі түскенде неден жұбаныш табатынын айтты. 

“Бүкіл эмоцияды сахнада шығарып аламын. Сосын күліп жүремін. Түсінген адамға әр күн – байлық, ғанибет. Оны мұңайып өткізуге болмайды. Депрессияға түсіп, уақыт құртқым келмейді. Ертеңді ойлап, бүгінді ойлап қолдағы бақытты жоғалтқанда өкінгім келмейді. Өмір сынымен, мінімен тамаша”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/jarkynaijarkinai/

Еске салайық, өнер иесі продюсер Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасын айтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.