Ақ пен қызыддар жан алысып, жан берісіп жатқан күндердің өзінде жаңа өкімет өз ретіңце ұлан-байтак



жүктеу 43.55 Kb.
Дата23.12.2018
өлшемі43.55 Kb.

Гапеев экспедициясы

Қазыналы қарашаңырақ
Ақ пен қызылдар жан алысып, жан берісіп жатқан күндердің өзінде жаңа өкімет өз ретінде ұлан-байтақ. елдің жер асты байлықтарын зерттеуді ұмытқан жоқ. Уралдың бергі жағы, Қиыр Шығыс, ен жатқан далалық аймақтарға арнайы геологиялық экспедициялар шығарылды.

СССР Халық Шаруашылығы Бас кеңесінің (ВСНХ) геологиялық комитеті 1920 жылдың басында Далалық аймақтың жерасты қазба байлықтарын зерттеу, тексеру, оның қорын анықтау, әрі ғылыми бағасын беру жөнінде қазақ даласына арнайы геологиялық экспедиция шығарды. Оны басқару сол кездегі Урал тау-кен институтының профессоры, әрі директоры Александр Александрович Гапеевке (1881-1958) жүктелді. Бұл кезде ол елдің Шығыс беткейін геологиялық зерттеумен, алдымен көмір кеніштерін барлауда танымал болған.

Өмірден көргені мен түйгені мол, шебер ұйымдастырушы, өз саласының аса білгірі Александр Александровичтің өнегелі еңбек жолы кімге болсын үлгі етуге тұрарлық еді. Ол ерте жастан революциялық пиғылды бойына сіңіреді. 25 жасында партия мүшесі болып, үстем тап өкілдеріне қарсы наразылығын ашық білдіргендердің бірі болды. 1906 жылы Петербург делегациясы құрамында В.Ленин, А.Луначарский, Е.Стасовпен бірге Стокгольмде өткен РСДРП-ның IV съезіне де қатысқан. Болмысынан геологияға жақын ол жерасты қазба байлықтарын іздестіру ісіне ерте араласқан. Сонау 1903 жылы Кузбастағы геологиялық барлауға да қатысады.

1910 жылы Петербургтің тау-кен институтын бітірген А.Гапеев арнайы тапсырма бойынша 1917-18 жылдары-ақ қазақ даласында, соның ішінде Сарыарқадағы Қарағанды өңірінде болады. Оның осы өңірдің мол жерасты қазба байлығы туралы ұғымы сол сапарында-ақ қалыптасады. Ал 1920 жылы оған арнайы геологиялық барлау экспедициясына жетекшілік ету тапсырылғанда ол өзін үлкен болашақ күтіп тұрғанын білді. Гапеев өзінің ғылыми, геологиялық қызметінің мәуелі жемісі Қарағандымен байланысты боларын ұқты.

Жалпы Гапеев экспедициясының мақсаты жалғыз Қарағанды аумағы ғана емес, Оңтүстік-Сібір өңірінен бастау алатын жаппы Арқа алқабын толығымен барлап шығу еді.

Шынында да Гапеевтің бұдан кейінгі бар өмірі Қарағандымен сабақтас болды. Ол сол 1920 жылы басталған геологиялық барлау қызметін өмірінің соңына дейін жалғастырды десе болады.

Егерде сонау күндер сорабына үңіліп Гапеевтің Қарағанды үшін сіңірген еңбегінің маңыздысы не десек мынаны айтуға болады. Бүған дейін Қарағанды туралы әңгіме көтерілгенімен оның тек жергілікті маңызы ғана тілге тиек етілді. Шетелдік алпауыттар болса әр жерден бір жұлып, жерасты байлықтарының мол қыртысын аршып алуға, яғни мол кенді қармап қалуды ғана ойлады. Әрі олар өздерін осы аймақтың түрақты қожасы болмасын да білді. Сондықтан да жүйелі жұмыс, ғылыми зерттеу болмады. Осы себепті де Қарағанды байлығы туралы пікір әлі де нақтыланбаған, екі ұдай еді. А.Гапеевтің алты адамнан тұратын экспедициясы (құрамында геолог В.Лугутин, әйелі М. Гапеева және үш жұмысшы болды) небары үш аптаның ішінде өңірдің шын мәнісінде мол қазына қоймасы екендігіне көз жеткізеді. Сол негізде бұрынғы қалыптасып қалған үғымды бұзып ресми түрде Қарағаңцы кенішінің болашағы зор, байлығы мол орын екендігін дәлелдейді. Гапеев пен оның әріптестері көмір қыртысының Майқүдықтан Саран және Соқырға дейінгі созылған 25 шақырымдық алабы барын анықтайды, оның 9 көмір қабатынан тұратындығын ғылыми тұрғыда сипаттайды. Таскөмір қорын ғана анықтап қоймай, оның химиялық құрамына да сипаттама береді. Қарағанды көмірінің қоры қанша деген сауалға да алғаш жауап берген Гапеев болатын. Оның жасаған болжамы бойынша сол 1920 жылы-ақ Қарағандыбасы өңіріндегі көмірдің жалпы қоры 4,25 миллиард тонна деп бағаланды. Сол бойынша Гапеев бұрынғы қалыптасқан қасаң қағиданы бұзады, ол Қарағанды көмірі тек Спасск мыс қорыту заводын және жергілікті басқа да мүқтаждарды ғана емес, осы өлкедегі барлық аудандарды энергия көзімен қамтуға, тіпті Оңтүстік Уралдың да шикізат көзі болуға жарайды деген батыл тұжырым жасаған.

Гапеевтің бұл тұжырымдарь мен зерттеу еңбегінін қорытындысы 1922 жылы жарық көрді. Солай болса да Орталық 1930 жылға дейін Қарағаңды аймағыңда іздестіру-зерттеу жұмыстарын қолға алмаған. Тиісті орындардың Қарағандыға көңіл бөлмеуі, оны ірі кен орны ретінде игеруді қолға алмауы Гапеевті қатты алаңдатады. Өзі Мәскеуде жүрген жылдарында назарды Қарағандыға аударту бағытында табанды жұмыс жүргізген. Оның талап етуі және ұсынысы бойынша 1927-1929 жылдары өңірдің алғашқы топографиялық суреттері түсіріліп, картасы жасалды.

Араға көп уақыт салмай Гапеевтің арманы жүзеге асады. Қарағанды кеніші игеріле бастайды. Кейін белгілі ғалым-геолог Қарағандыда сан мәрте болады. Ол Қарағандымен шектеліп қалмай Екібастұз, Ертіс алабын, сонымен қоса Сарыадыр, Төменсор, Құсмұрын, Ақжар, Бөрілі және Майкүбі көмір кен орындарына сипаттама береді. Сөйтсе де оның аса зер салып, көңілін бөлгені, әрі жанына жақын тартқаны Қарағанды кеніші болды. 1930 жылдан 1954 жылға дейін Мәскеу геологиялық барлау институтының профессоры болған А.Гапеев сол жылдары үкіметтің Қарағанды көмір алабын іске қосу, құрылыс салу жөніндегі кеңесшісі болды. Ол СССР көмір кен орындарының қорын бағалау, жіктеу жайындағы 100-ге тарта ғылыми еңбектің авторы десек соның басым бөлігі Қарағаңды кенішіне арналған. Соның бірі 1939 жылы жарыққа шыққан «Қарағанды тас көмір бассейні және оның қоры» атты күрделі еңбек. 1948 жылы геолог-ғалым А.Гапеев қазақстандық әріптестері Г.Кушев, Г.Медоев және алғыр геолог әйел З.Семеновамен бірге Қарағанды кенішінде жаңа кен орындарын ашуды қамтамасыз еткені үшін СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Жылжыған жылдар Гапеев есімін ұмыттырған жоқ. Қазір қаламызда Гапеев есімімен байланысты мұралар мол. Мәселен облыстық мұражайда А.Гапеевтің өміріне, ғылыми қызметіне қатысты құжаттар мен фотосуреттер біршама. Солардың қатарында ғалымның «Қарағанды кен орны» атты бассейн туралы 1922 жылы шыққан, жоғарыда аталған тұңғыш еңбек, геологиялық балғасы тәрізді басқа да жәдігерлер сақталған.

Қарағанды көмір кенішінің Гапеев есімімен аталатын көмір қабаты бар. Қаламыздың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі бір көшеге атақты ғалым-геологтың есімі берілген. Күні кешеге дейін Гапеев есімін қарағандылық геологтар да аса құрметпен есте ұстап келді. Орталық Қазақстан Геологиялық өндірістік бірлестігіндегі бір геологиялық барлау экспедициясы Гапеев есімімен аталды.

Қарағанды және Қарағанды кеніші туралы әңгіме болғанда біз СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері профессор Александр Гапеев есімін ауызға алмай өте алмаймыз. Себебі Қарағанды көмір кенішіне ғылыми тұжырымдама берген өңірді зерттеушілердің көш басында Гапеев тұрды.


Аман ЖАНҒОЖИН,

Ермағанбет ЛҮҚПАН.
Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Karagandy tarihy
Karagandy tarihy -> Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл
Karagandy tarihy -> Қарағанды облыс орталығЫ
Karagandy tarihy -> Күштеп ұжымдастыру, ашаршылық, репрессия, қанқүйлы соғыс сияқты ауыр кезеңдерді бастан кешкен халық
Karagandy tarihy -> Өндірісті өлкенің өркені
Karagandy tarihy -> Жат қолында Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> 935 жылы Донбасс шахтері Алексей Стаханов толық емес бір ауысым ішінде тонна орнына 102 тонна көмір шауып, тамаша еңбек көр
Karagandy tarihy -> Қарағандының 30-шы жылдардың басындагы келбетін көз алдымызға келтіру қиын емес
Karagandy tarihy -> Сексенінші жылдардың ортасы-на қарай Қарағанды облысы мен оның орталығы өзінің экономикалық және әлеуметтік даму тарихында шыр
Karagandy tarihy -> Бїгінгі сјн-салтанаты жарасќан кґрікті ќала мен Орта-лыќ Ќазаќстандаєы индустрия алыптарыныѕ тарихына кґз жїгіртсек, олар жїзд
Karagandy tarihy -> Қазыналы қарашаңырақ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет