А. С. Бастаубаева1, Ә. Т. Раимбаев2, С.Ә. Раимбаева



жүктеу 78.18 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі78.18 Kb.

УДК 631.316.022.001
А.С. Бастаубаева1, Ә.Т. Раимбаев2, С.Ә. Раимбаева3
1Магистрант, 2Техн. ғылымдарының канд., профессор

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

эл. пошта: aydoni_91@mail.ru
ДИНАМОМЕТРИКАЛЫҚ КІЛТТЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Мақалада автокөліктерді диагностикалауда және жөндеуде қолданылатын динамометрикалық кілттердің жақсысын таңдауға мүмкіндік беретін салыстырмалы коэффициенттің мәнін сипаттау келтірілген.
Ключевые слова: автокөлік, өлшем, параметр, динамометрикалық кілт, салыстырмалы коэффициент.
Автокөлік өндірісінде және жөндеу мекемелерінде қолданылатын динамометрикалық кілттерді салыстырмалы зерттеу үшін олардың үш түрлі типтері қолданылды (1-кесте).
Кесте 1

Динамометрикалық кілттердің салыстырмалы көрсеткіштері



реті


Аталуы

Өлшемі

Өлшегіш

механизм


Сұлбасы

Сипаттамасы

1

Механикалық жебелі динамо-метрикалық кілттер жиынтығы

45x250

50x300


60x350

Жебе-рычагты



Дәлдігі төмен ±1 мм, техникалық бұзылуға бейім

2

Индикаторлы динамометрикалық кілттердің жиынтығы

52x260

55x300


Индика-торлы



Дәлдігі ±0,3…0,5 мм, үздіксіз реттелу жұмыстарын қажет етеді

3

Тензо электрикалық динамометрика-лы кілттердің жиынтығы

35x250

50x300


Цифер-блат



Дәлдігі ±0,1…0,2 мм, электрлік қуатқа тәуелді

Динамометрикалық кілттердің қолданылу аймақтарына қатысты моменттік күш көрсеткіштері 2-кестеде белгіленген.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде бұрама қосылыстарды сапалы бекітуде тарту күшінің анықталуы келесі формуламен қамтамасыз етіледі [1]:
(1)
мұндағы:   тарту коэффициенті; d – болттың (шпильканың) диаметрі, м; []c – сығылым кернеуі, Н/м2.
Кесте 2


р/с


Жабдықтардың аталуы

Бұраудағы моменттік күш, Нм

1

Электр жабдықтары

10 - 60

2

Қозғалтқыштар

50 -250

3

Жүріс жабдықтары және алдыңғы сырғалы жабдықтар:

жеңіл автокөліктер

 жүк автокөліктер

500-ге дейін

800-ге дейін


4

Тежеу жабдықтары

1500

Динамометрикалық кілттер конструктивтік және дәлдігі жағынан бірнеше түрлерге бөлінеді. Қарапайым жөндеушіге қандай динамометрикалық кілт сапалы, ыңғайлы және тиімді екендігін анықтау қиындау болғандықтан, бұл мақалада өнеркәсіпте және жөндеу мекемелерінде қолданылып жатқан түрлерін салыстыру тәсілі келтіріледі.

Ендеше, динамометрикалық кілттерді өзара салыстыру үшін мақалада салыстырмалы коэффициент атты ұғым қолданылды. Динамометрикалық кілттерді салыстыру үшін қолданылатын коэффициент аспаптың дәлдігі, салмағы және тарту күші сияқты көрсеткіштердің рационалды қатынасы тұрғысында белгілеу ұсынылады, яғни
(2)

мұндағы:   аспаптың дәлдігі; Р  тарту күші, Н; G – салмағы, Н.

Ұсынылған коэффициент тұрғысында динамометрикалық кілттерге салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін келесі көрсеткіштердің өзара байланысы қарастырылды. Ол көрсеткіштерге: динамометрикалық кілттердің, тартылатын болттардың (шпилькалардың) және қыстырмалардың параметрлері жатқызылды.

Мысалы, динамометрикалық кілттің параметрлері ретінде салмағы (Н), тарту дәлдігі  және күші P, (Н) танылса, болттардың (шпилькалардың)параметрлеріне диаметр d (м), бұрама адымы  (м), бұрама диаметрі db (м), сығылым кернеуі с, ал қыстырманың параметріне диаметрі dk (м), қалыңдығы k (м)және сығылым кернеуі k негізгі көрсеткіштер ретінде қабылданды.

Ендеше, өлшемдік теория тұрғысында келесі функцияны жазуға болады.
(3)
Өлшемдік теория тәсіліне сүйене отырып ; ; ; d=L; =L тең екендігі белгіленді, әрі осы тәсілге орай ықшамдау жұмыстары атқарылды [2].
Кесте 3

Салыстырмалы коэффициенттің мәндеріне қатысты есептеу нәтижелері



Рет нөмірі

Дәлдік

Динамокілттің салмағы, Н

Бұрау күші, G, Н

Салыстырмалы коэффициенті

1

0,75

15

35

0,129

0,214

0,321

2

0,75

15

40

0,113

0,188

0,281

3

0,75

15

45

0,100

0,167

0,250

4

0,75

15

50

0,090

0,150

0,225

5

0,75

15

55

0,082

0,136

0,205

6

0,75

15

60

0,075

0,125

0,188

7

0,75

15

65

0,069

0,115

0,173

8

0,75

15

70

0,064

0,107

0,161

9

0,75

15

75

0,060

0,100

0,150

10

0,75

15

80

0,056

0,094

0,141

11

0,75

15

85

0,053

0,088

0,132

12

0,75

15

90

0,050

0,083

0,125

Бұл функцияны құрайтын көрсеткіштердің ішіндегі маңызы зор параметрлерін таңдау үшін априорлық зерттеулер жүргізіліп, келесі параметрлер: динамометрикалық кілттің салмағы, кілтке жұмсалатын күш және болт (шпилька) диаметрі қабылданды.

Зерттеу нәтижесінде келесі график тұрғызылды kc = f(P) (3-кесте және 1-сурет).

Сурет 1. Болтты (шпильканы) бұрау күшінің салыстырмалы

коэффициентпен байланыс графигі
Графиктегі салыстырмалы коэффициент мәндерінің, болтты (шпильканы) тарту күшінің мәндеріне қатысты, әртүрлі дәлдіктегі динамометрикалық кілттердің көрсеткіштерінің өзгеру заңдылығын байқауға болады .

Қорытынды:

1) Мақалада ұсынылған салыстырмалы коэффициент динамометрикалық кілттерді сапасы және ауыртпалық жағынан сипаттауды қамтамасыз етеді.

2) Салыстырмалы коэффициенттің есептік мәндері динамометрикалық кілттің конструктивтік және динамикалық параметрлерін жобалауға мүмкіндік береді.



3) Динамометрикалық кілттерді таңдауда қолданылатын салыстырмалы коэффициенттің мәні 0,075-0,2 аралығында қабылданады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Детали машин (Расчет и конструирование) [Текст]: справочник; Том 1. Под ред. проф. д.т.н., заслуж деятеля науки и техники РСФСР Н.С. Ачеркина; изд.третье перераб. – М.: Машиностроение, 1968. – 440 с.

2. Седов, Л.И. Методы подобие и размерности [Текст] / Л.И. Седов. – М.: Наука, 1972. – 440 с.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет