А. С. Макаренко 5-6 сыныптардағы оқушының оқу үлесімі мен тәртібі нашарлауының себебі



жүктеу 81.92 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі81.92 Kb.

Sanatez.ucoz.ru

ПЕДАГОГИКА


«Процесс» ұғымының мағынасы: жылжу

«Тұлғаның ұжымда даму» теориясының авторы: А.С.Макаренко

5-6 сыныптардағы оқушының оқу үлесімі мен тәртібі нашарлауының себебі- оқу жағдайы өзгеруі, оқушы жаңа талаптарға дайын емес екендігі

Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау: бақылау түрлері

Арнайы жағдайларды қажет ететін эксперимент: лабораториялық эксперимент

Ата- аналардан балаға белгілі бір қасиеттер мен ерекшеліктердің берілуі деп анықталатын , тұлға дамуына әсер ететін фактор : тұқым- қуалаушылық

Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез –құлқына ықпал ету амалдары: тәрбие әдісі

Білік(икемділік)- тәжірибеде игерілген білімдерді қолдану тәсілдерін меңгеру

Білім берудегі ҚР мемлекеттік саясатының принциптеріне жатпайтындар: ерлер мен әйелдердің бөлек оқытылуы

Білім мазмұнындағы ғылым жетістіктерін қамтитын оқыту принципі: ғылымилық

Гуманизм және оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру принциптерге негізделген педагогикалық технологиялар: тұлғалы-бағдарлау технологиясы

Ғылыми дүниетаным- тұлғаның дүние туралы ғылыми білімдер, ережелер, құндылықтар, көзқарастар, мұраттар мен сенімдер жүйесі

Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, эксперимент, сауалнама

Даму- бұл... уақыт ішінде әр қилы факторлардың ықпалымен жүзеге асатын адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістер

Дидактика – оқытудың жаопы теориясы

Дидактика ғылымының объектісі: оқыту процесі:

Дидактика ғылымының пәні- оқыту, үйрету, олардың өзара әрекеттестігі

Дидактикалық тапсырмаларды шешуді ұйымдастыруға байланысты оқушы мен мұғалімнің қарым қатынасы/өзара әрекеттесуі: оқыту әдістері

Дидактикалық тест: Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы

Дидактиканың категориясына не жатпайды: ата-аналардың оқушыларға әсері

Дидактиканың негізгі категорияларының тобын көрсетіңіз: үйрету, білім, оқыту, білім беру

Дискуссия бұл... оқыту әдісі

Дүниетаным компоненттері: ғылыми білім жиынтығы, көзқарастар, сенімдер, мұраттар

Әрекетті меңгеруге, оның сапасын көтеруге мақсатталған ақыл –ой немесе практикалық көп қайталау- жаттығу

Жас ерекшелік дегеніміз: өмірдің белгілі кезеңінде анатомиялық- физиологиялық және психологиялық сапасы мен қасиеттерін анықтайтын сипаттамасы

Жеке тұлға дамуындағы негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие

Жеке тұлғаны қалыптастыру- барлық әлеуметтік, идеологиялық , психологиялық және т.. ықпалдарымен адамның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы

Жеке тұлғаның қоғамдық ортаға бейімделуі: бейімделу

Жинақты тарихи қалыптасқан және өзара байланысты мемлекеттің оқу- тәрбие мекемелері бұл: білім беру жүйесі

Жоғарғы сынып оқушыларды іс- әрекеттің негізгі түрі: оқу- танымдық

Жоғарғы сынып оқушыларының дүниеге деген қатынасының қалыптасуына басымды әсер ететін: өзінің пікірі

Қазақ тіліндегі алғашқы «Педагогика» оқулығының авторы: М.Жұмабаев

Қазіргі замандағы педагогиканың атқаратын қызметтері: ғылыми- териялық, практикалық, болжам жасаушылық

Қалай және неге оқыту қажет деген көзқарасты қарастыратын ғылыми жүйе: дидактика

ҚР білім беру жүйесін басқару қандай құжатқа негізделеді: «Білім беру туралы» заңына

ҚР-да 12-жылдық білім беруге көшу қарастырады: үш деңгейді

Мектеп оқушыларда қандай дүниетаным қалыптасады- ғылыми

Мектептегі негізгі тәрбиелік қызмет жүктеледі : сынып жетекшісіне

Мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы: ???

Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының міндетіне жатпайды: сабақ кестені жасау

Мектептен тыс оқытуды ұйымдастырудың түрі: оқу экскурсиясы

Мектептің педагогикалық ұжымының жоғарғы ұйымы: педагогикалық кеңес

Меңгеру процесінің негізгі кезеңдері: қабылдау, есте сақтау, есте қалдыру, қолдану

Мұғалім өзінің әрекетін қалай бағалау керек: оқушылар көзқарасы тұрғыдан

Мұғалімнің педагогикалық іс- әрекеті мағыналық жағынан қандай болып келеді: ұжымдық

Мұғалімнің шешімі тиімді болу үшін неге негізделу керек: мектеп әкімшілігінің қолдауына

Нысананы көру арқылы қабылдауды анықтайтын дидактикалық принцип: оқытудың көрнекілігі

Оқу – тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алудағы негізгі атқаратын қызметтер: ынталандырушылық, дамытушылық, оқытушылық, бақылаушылық, тәрбиеленуішілк

Оқу бағдарламасында көрсетіледі: белгілі тақырыптарды оқытуға бөлінетін сағат саны, оқу пәндерінің мазмұны мен білім көлемі

Оқу мерзімі мен орнына, оқушылардың санына байлнаысты оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы көрінісі: оқытудың формасы

Оқу пәндерінің құрамын, тәртібін және бірізділігін, апталық сағат көлемін қандай құжат анықтайды: оқу жоспары

Оқулықтың атқаратын қызметі: дамытушылық, тәрбиелік, білімділік

Оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасының негізгі- жағдайға байланысты жоғарыда айтылған қарым- қатынастың кез келгені

Оқушылар қабілеттерінің дамуы немен байланысты: туа пайда болатын адам мүмкіндіктерінің дамуын қамтитын педагогикалық процессті ұйымдастыруымен

Оқушылар мен оқытушылардың жаңа білімді меңгеру үшін қолданылатын материалдық және идеалдық объектілері: оқыту құралдары

оқушылар ұжымының дамуы екінші кезеңі немен сипатталады?: ұжымның іс- әрекетін басқарып ықпал жасауға бейім белсенді топтың пайда болуы

Оқушыларды тәрбиелейтін бірлестіктер – ұжым

Оқушылардың ғылыми көзқарасын жоғары деңгейге қалыптасуыеа мүмкіндік береді: проблемалық оқыту

Оқушылардың қабілетін есепке алатын, дидактикалық принцип: қол жетушілік принципі

Оқушылардың мінез құлық және іс-әрекетін ынталандыру әдісіне жататындар: мадақтау

Оқушының сенімдері ең алдымен не арқылы көрінеді: оқушының әрекеттері мен қылықтары арқылы

Оқыту дегеніміз... мұғалім мен оқушының өзара қатынасы

Оқыту әдістеріне жататынды көрсетіңіз: ауызша баяндау, көрнекілік, практикалы әдістер

оқыту мен тәрбиелеудің нақты шарттары ескеріліп, ғылыми тұрғыда қойылған тәжірибе: эксперимент

Оқыту процесін аяқтайтын негізгі элемент: білімді практикада пайдаланау

Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы..оқу

Оқыту процесінің жетекші жүйе құрастырушы факторы: оқытудың мақсаты

оқытуды ұйымдастыруда дәстүрлі сынып -сабақ жүйесі сақталады, бірақ оқушылардың қабілеттеріне және ақыл -ойының деңгейіне байланысты олардың деңгейлі сыныптарға бөлінеді. Бұл қай жүйе бойынша: маңгеймдік

Оқытудың заңдылықтары- белгілі жағдайларда қайталанатын объективті, елеулі , қажетті, тұрақты байланыстар

Оқытудың көрнекілік әдістерін көрсетіңіз: байқау, демонстрациялау

Оқытудың нәтижесін тексерудің мәні: оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау

Оқытудың себеп- түрткілері: оқушының белсенді оқу іс-әрекетке деген ішкі талпынуы

Оқытудың сөздік әдістерін көрсетіңіз: әңгіме, түсіндіру, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс

Оқытудың тәсілі: оқыту әдісінің құрамдас бөлігі

Отбасы тәрбиесі- жеке тұлғаға ата- ананың әсер етуі

Отбасындағы тәрбие әдісіне жататындар: үлгі, әңгіме, әртүрлі істерді қолдау

Өздігінен дамыта оқыту технологияның авторы: Г.К.Селевко

Өзін- өзі тәрбиелеуге қажеттіліктің артуы қай жас кезеңінде байқалады: жас өсіпірімдік кезеңінде

Өткен материалды жаңа материалмен байланыстыратын оқытудың дидикатикалық принципі: бірізділігі

Педагогика ғылымының объектісі: педагогикалық ақиқат

Педагогика пәніне жатады: тұтас педагогикалық процесс

Педагогика тығыз мынадай ғылыммен байланысты-психологиямен

Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым

Педагогикалық біліктілік: оқыту мақсатын тиімді жүзеге асыратын педагог тұлғасының қажетті сапалар жиынтығы

Педагогикалық ғылымдарға жатады: жалпы педагогика, ересектер педагогикасы, әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, педагогика тарихы

Педагогикалық іс- әрекеттің нәтижесі: білімді, тәрбиелі, дамыған жек тұлға

Педагогикалық кеңестің мәжілісінде қарастырылмайтын мәселелер: мұғалімдердің қосымша ақыға жұмысы(репетиторлық)

Педагогикалық процесстің атқаратын қызметі: білім беру, дамыту, тәрбиелеу қызметтері

Педагогикалық процесстің барысында ең алдымен: тұлғаның өзгеруі болады

Педагогикалық процесстің заңдылықтары бұл: бір жағдайларда қайталанатын объективті , елеулі, қажетті, тұрақты байланыстар

Педагогикалық процесстің қозғаушы күші- қарама- қайшылық

Педагогикалық процесстің құрамдас бөліктері бұл - мақсат, міндеттер, мазмұн, формалар, құралдар, әдістер, тәсілдер, нәтиже

Педагогиканың ғылым ретінде дамуы немен байланысты: адамның өмірі мен еңбекке дайындалуының объективтік қажеттілігі

Практикалық ситуацияны бейнелейтін оқу іс- әрекеті: іскерлік ойын

Проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі: пікір - талас

Репродуктивтік танымдық деңгейі- бұл: оқу материалды сырт қабылдап, қайталау

Сабақ беру бұл- оқушыларға білім, білік, дағдыны беру

Сабақ жоспарын мұғалім қандай жоспардың негізінде құрады: тақырыптық.

Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін факторлар: сынып сағаты.

Сабақтың білім мазмұнының негізгі талаптарына кірмейтіндер: Сабақтың білім мазмұнының негізгі талаптарына кірмейтіндер

Сезімдік, қабылдау, теоретикалық ойлау және практикалық әрекетін бірлігі бұл- танымдық әрекет

Сынып жетекшісінің құрастыратын жоспары: тәрбиелік жұмыс жоспары

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының түрлері: сынып жиналысы, ата-аналармен кездесу, үйлеріне бару арқылы танысу, хат алысу, мектепке шақыру

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметіне жатады: тәрбиелік, ұйымдастырушылық

Сынып- сабақ жүйесін жасаған педагог: Я.А.Коменский

Сынып- сабақ жүйесінің негізгі ерекшеліктері: оқушылардың тұрақты құрамы және олардың дайындық деңгейі мен жас кезеңінің біркелкілігі.

Таным белсенділігін құрылымына жатпайды: оқу материалды қайталауға әзірлік.

Тәрбие дегеніміз- дамып келе жатқан тұлғаның бойында қоғамға қажетті әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастыру үшін педагогикалық ықпал жасау

Тәрбие әдісіне жататындар: педагогикалық талап

Тәрбие әдісіне жататындар: сенім тудыру, жаттығу, ынталандыру

Тәрбие формасына жатады: тақырыптық кеш

Тәрбиенің мақсаты- тұлғаны қалыптастырудың жобаланған нәтижесі

Тәрбиенің мақсатының ең алғашқы анықтамасы: жеке тұлғаның жан- жақты дамуы

Тәрбиенің пинципіне нені жатқызуға болады : тәрбиеленушінің деке тұлғасын құрметтеу және саналы талап қою мен сәйкестігі

Тұлға: адамның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы

Тұтас педагогикалық процесс теориясын жасаушы қазақстандық зерттеуші- педагог: Н.Д.Хмель

Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз: педагогтардың қатысу және басқаруымен жүргізілетін, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың бірлескен іс- әрекеті

Үй тапсырмасының негізгі дидактикалық міндеті: оқушыларды өздік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру



Ынталандыру дегеніміз- жағымды әрекетті қолдауға мақсатталған тәрбиеленуішінің педагогикалық әсер ету жолы

Я.А.Коменскийдің пікірі бойынша «дидактиканың алтын ережесі»- көрнекілік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет