Қоғамда үлкен резонанс тудырған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ratel.kz

Айжан Кульбаева бұған дейін де бірнеше шулы істер бойынша үкім шығарған. Атап айтқанда:

  • Бопсалағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған журналист Махамбет Әбжанның ісі. Бүкіл сот процесі жабық форматта өтті.
  • Бұрынғы вице-министр және мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың аса ірі мөлшерде пара алу туралы ісі. Ол 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот куәгерлердің қауіпсіздігі үшін жабық режимде өтті.

Сондай-ақ, қазір Айжан Кульбаеваның төрағалығымен "Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың сот процесі жабық режимде өтіп жатыр. Ол алаяқтық жасады және кәсіпкерді пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті.

Ал Бишімбаев соттың ашық өтуін сұраған. Оны қорғаушыларының бірі Ләйла Рамазанқызы растады. 

"Қазылар алқасы қорытынды жасай алады. Оның кінәлі немесе кінәсіз екендігіне қарамастан алқабилердің үкімі төрағалық етуші үшін міндетті болып саналады. Судья осы шешімді негізге ала отырып үкім шығарады. Ал біліктілік пен үкім мәселесін судья анықтайды", — деді адвокат.

Оның айтуынша, соттың бас тартуға құқығы жоқ.

Еске сала кетейік, Бишімбаевқа ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Ал “Гастроорталық” директоры Байжановқа ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылғаны айтылады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.