Ақаба суларды тазалау тәсілін және тазалау құрылымдарының түрін таңдау Б. А. Джумабекова



жүктеу 54.86 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі54.86 Kb.

ӘОЖ 628.3/5:615
Ақаба суларды тазалау тәсілін және тазалау

құрылымдарының түрін таңдау
Б.А. Джумабекова

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазиргі уақытта өнеркәсіп өте дамып отырған кезде, таза су мәселесі өте өзекті болып отыр. Ақаба суларды тазалау бағытында профессор Ә.Әбдіраманов пен доцент Е.Жангужинов еңбектерин айта кетпесе болмайды.

ҚНжЕ [1] ақаба суларды тазалау әдісін таңдау кезінде мына ұсыныстарды ескеруді ұсынады, тұрмыстық ақаба суларды тазалауда, құрылымдармен толық биологиялық тазалауды қамтамасыз ету деңгейіне дейін шектеу керек (БПК20 ақаба судың тазалануы 10 – 15 мг/л). Ауылшаруашылығы жерлерін тыңайту және суару үшін, ақаба суларды толық биологиялық тазалаудан өткізген соң пайдалануға рұқсат етіледі.

Тазалау құрылымдары ақаба сулар өтімі көп болған жағдайда құны жоғары болуы есебінен және пайдаланудың тиімділігі шамалы ауқымды аудан алып жатуына байланысты салу тіпті де тиімсіз.

Тұрмыстық және өндірістік сулар қоспасынан тұратын қалалық ақаба суларын тазалаудың технологиялық схемасын таңдау мен негіздеу, судың мөлшері мен физикалық-химиялық құрамына, ондағы лас заттардың мөлшеріне, және де тазалау деңгейіне қойылатын талаптарға байланысты.

Ақаба суларды тазалау әдісін таңдау кезінде анықтаушы фактор болып заттың қоспалық күйі табылады. Тазалау әдістері ішкі фазалардың дисперстік дәрежесіне байданысты.

Ірі кесекті бөлшектер кинетикалық тұрақтылығын жоғалтады, судағы механикалық қоспалар сипатын өзгертеді және механикалық тазалау әдістерімен алынады.

Коллоидты және еріген бөлшектерді айыру үшін мейлінше күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық әдістер пайдаланылады.

Механикалық тазалау ақаба сулардан тордан өткізу, шөктіру және сүзу жолымен ерімейтін заттарды айыру үшін жүргізіледі.

Механикалық тазалау кезінде шөгетін қалқыма заттардың 60%-на дейін тұтылады (әдетте 30 – 50%-дан аспайды).

Айтарлықтай жоғары тиімділік әртүрлі қарқындату тәсілдерін қолдану жолымен қол жеткізіледі. Қарапайым аэрация алдыңғы тұндырғыштардың жұмысын 5 – 8%-ға жақсартады (қалқыма заттарды тұту және БПК төмендету бойынша). Биокоагуляция кезінде қалқыма заттар бойынша ластануды төмендету тиімділігі шамамен 30%-ға, ал БПК 35%-ға көтеріледі. Преаэраторлы алғашқы тұндырғыштарды қалқыма заттарды тұту тиімділігі 65–70%-ға дейін артады. Тазартылған судың БПК20 шамамен 15%-ға төмендейді. Биокоагулятор аэротенктердің қарқынды лайында ғана емес, сонымен бірге биосүзгілерден кейінгі биопленкада да табысты жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай регенраторлы биокоагуляторде қалқыма заттардың 60–70%-на дейін тұтылады, ал БПК20 50–55%-ға дейін төмендейді.

Механикалық тазалауды жеке әдіс ретінде, лас заттардан тазаланған суды өндірісте қайтадан пайдаланатын болса немесе жергілікті және санитарлық жағдайлар бойынша суды су қоймасына тастау мүмкін болған кезде ғана пайдаланады.

Тазалаудың биохимиялық әдістері жұқа суспензия, коллоидтар түрінде ақаба суларда және ерітіндіде болатын органикалық заттардың қышқылдануы мен қалпына келуіне ықпал ететін, микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне негізделген. Биохимиялық әдіс лас заттар мөлшерін 65–95%-ға төмендетуге және техникалық сумен қамтуда екінші қолдануға жарамды техникалық су кондициясына дейін жеткізуге, ауылшаруашылығында егіншілікке немесе ашық су қоймаларына денсаулыққа қауіпсіз етіп тастауға мүмкіндік береді. Ақаба суларды биохимиялық тазалау үшін жасанды жағдайларда биосүзгілер мен аэротенктер қолданылады.

Технологиялық схемаларды жасау және тазалау станциясын орналастыруды ғылыми-зерттеу институттарының арнайы ұсыныстарының нормативтік көрсеткіштері, нормалары, ережелері және де қолданыстағы құрылымдарды пайдалану тәжірибелері негізінде жүргізу қажет. Ақаба суларды тазалау деңгейіне және қоршаған ортаны ластанудан қорғауға жоғары талаптар қойылған жағдайда, тазалау станциясын терең тазалайтын немесе биологиялық тазаланған ақаба суларды қайта тазалайтын үш сатылы схема бойынша жобалау ұсынылады.

Тазалау станциясының құрамы тазалау станциясына келіп түсетін ақаба суларды тазалаудың қажетті деңгейіне, станция өнімділігіне, ақаба сулары құрамының ерекшеліктеріне, тұнбаны пайдалану әдісіне, ылғалдану мен топыраққа тыңайтқыш беруді қажет ететін ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды қала маңы аумағының болуы және жеке тазалау құрылмдарын жобалау нормаларына сәйкес басқа да жергілікті жағдайларға және техникалық-экономикалық есептерге байланысты таңдап алынуы қажет. Тазалау құрылымдарының түрі және де өз құнымен анықталады.

Тазалануы қажет ақаба сулардың мөлшеріне байланысты, төмендегі тазалау құрылымдарының түрлері ұсынылады:


  1. Механикалық тазалау кезінде:

а) 25 м3/тәу. дейін – септиктер, хлорлы әктасты дезинфекциялау үшін;

б) 4200 м3/тәу. дейін – тор–ұсақтағыштар, құмтұтқыштар, екі қабатты тұндырғыштар, дезинфекциялау қондырғылары және тұнбаны өңдеуге арналған құрылымдар (лай алаңшалары):

в) 10000 м3/тәу. дейін – тор–ұсақтағыштар, суы айналып қозғалатын құмтұтқыштар, тік тұндырғыштар немесе табиғи аэрациялы мөлдірлеткіштер, хлораторлы қондырғылар, тұнбаны өңдеуге арналған контактілі резервуарлар және құрылымдар (механикалық сусыздандыру немесе лай алаңшалары);

г) 10000 м3/тәу. жоғары – механикалық тазалайтын торлар, құмды жууға арналған гидроциклонды құмтұтқыштар, преаэраторлармен жабдықталған горизонталь немесе радиальды тұндырғыштар, хлораторлы қондырғылар, контактілі резервуарлар, тұнбаны өңдеуге арналған құрылымдар: метантенктер, лай нығыздағыштар, лай алаңшалары немесе центрифугаларда шикі тұнбаны механикалық сусыздандыру, инфрақызыл жылытқыштармен ысыту жолымен тұнбаны вакуумфильтрлерде залалсыздандыру.



  1. Ақаба суларды биохимиялық тазалау кезінде тазалау станциясы құрылымдары құрамына механикалық тазалау тұнбаны өңдеу құрылымдары құрамына қосымша төмендегі құрылымдар қабылдау ұсынылады:

а) 25 м3/тәу. – жер асты фильтрация танаптары; биологиялық тоғандар; Ц.О.К.; компактілі аэрациялық қондырғылар;

б) 4200 м3/тәу. дейін – суару танаптары; сүзілу танаптары; жоғары – жүктелетін биосүзгілер: тұнбаны тұрақтандыратын аэротенктер;

в) 10000 м3/тәу. – суару танаптары; механикалық аэрациялы аэротенктер; қайтарма тұндырғыштар;

г) 10000 м3/тәу. – ақаба су бейқалыпты шоғырланып түсетін аэротенктер; аэротенктер–араластырғыштар, аэротенктер–ығыстырғыштар механикалық немесе пневматикалық аэрациялы және 50000 м3/тәу. дейін станциялар үшін – минерализаторларда тұнбаны аэробты стабилизациялау.

Ақаба суларды қайтара тазалау биологиялық тоғандарда, алаңша ауданы жетіспеген жағдайда – құмды және екі қабатты сүзгілерде немесе шағын сүзгілерде жүргізіледі.

Егер ақаба сулар қатты лайлы болса немесе ластану мөлшерін оданда тазалау қажет болса, барлық жерлерде тазалау қолданылады, бірақ станцияның тазалау қабілеті 25000 м3/тәу. артық болмауы қажет. Қайтара тазалаудың ең тиімді әдісі болып құмды сүзгілерде фильтрациялай табылады.

Биотоғандарда ақаба суларды қайтара тазалау ең қарапайым және заңды болып табылады, бірақ, станцияның тазалау қабілеті 25000 м3/тәу. артық болмауы қажет.

Ақаба суларды тазалауға арналған құрылымдар түрін таңдау кезінде мыналарды ескеру қажет: - қажетті ауданды алып жатқан жер телімінің болуы;

- ауданның климаттық жағдайлары;

- грунттардың сипаты;

- грунт суларының деңгейі;

- ауданша территориясының рельефі;

- алаңшаның канализация жүретін нысанға салыстырғандағы орналасуы;

- жергілікті материалдардың болуы (әсіресе биофильтрлер үшін);

- электр энергиясы болуы, алу мүмкіндігі және оның құны;

- тазалау бойынша білікті мамандармен қамтылуы;

- құрылыс орнына жеткізілуі ескерілгендегі құрылыс материалдарының құны;

- тазалау станциясының өнімділігі.


Әдебиет


  1. А.с. 887000 СССР. Гидроциклон для очистки сточной воды. /Абдураманов А.А., Жангужинов Е.М. (СССР) №2884357/23-26; Заявлено 19.02.80; Опубликовано 07.12.81, Бюл №45 //Открытия. Изобретения. 1981

  2. А.с. 997830 СССР. Гидроциклон непрерывного действия для очистки сточных вод. /Жангужинов Е.М. (СССР) №332870/23-26; Заявлено 06.08.81; Опубликовано 23.02.83, Бюл №7 //Открытия. Изобретения. 1983

  3. А.с. 1018718 СССР. Гидроциклон для очистки сточных вод./ Жангужинов Е.М. (СССР) №3408268/23-26; Заявлено 23.03.82; Опубликовано 23.05.83, Бюл №19 //Открытия. Изобретения. 1983


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет