«Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» аудан әкімінің 20 наурыз 2015 жылғы №69 санды шешімі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»



жүктеу 41.82 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі41.82 Kb.


«Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» аудан әкімінің 20 наурыз 2015 жылғы № 69 санды шешімі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында сондай-ақ, жергiлiктi және басқа да жағдайларды ескере отырып, Абай ауданының әкiмi ШЕШТI:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Абай ауданы әкімінің 2011 жылғы 05 наурыздағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 11 наурыздағы № 5-5-123 тіркелген, «Абай елі» газетінде 2011 жылғы 16-22 наурыздағы № 11 (1320) санында жарияланған) № 61 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Мұқажанға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков
«КЕЛІСІЛДІ»

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы  Т.Ерденбеков

20.03.2015 ж.

     

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 болып 2015 жылғы 31 наурызда енгізілді

Абай ауданы әкімінің

2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 69 шешіміне қосымша


Сайлау учаскелерінің шекаралары
295 сайлау учаскесі
Қарауыл ауылы, Мамай көшесі 40, «Абай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, телефон 9-18-54.

Шекаралары: Ұлжан көшесі 1/а – 118; Құнанбай көшесі 1 – 43; Абай көшесі 1 – 92; Молдағалиев көшесі 1 -70; Ералы көшесі 13 – 30.


1125 сайлау учаскесі
Қарауыл ауылы, Абай көшесі 40, «Б.Байғожина атындағы ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, телефон 9-21-01.

Шекаралары: Мұхаметқанов көшесі 2/а – 91; Баян көшесі 1/а – 98/б; Әйгерім көшесі 1- 65/б; Әуезов көшесі 1/а – 64; Ақылбай көшесі 1 – 53/б; Тоқтамыс көшесі 1- 50 ; Бекбосынов көшесі 7/а – 100; Қарауыл ауылдық округіне қарасты «Алтынбек», «Нұрсұлтан», «Медет», «Жаңабай», «Қуат», «Ырза», «Қойтас», «Серік», «Рауан», «Дамир», «Жұмажан», «Ержан», «Жасұлан», «Серікжан», «Тоқтамыс» шаруа қожалықтары және «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қосалқы шаруашылығы.


1169 сайлау учаскесі
Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі 34, Абай ауданы әкімдігінің «Абай ауданының жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, телефон 9-15-07.

Шекаралары:Шәкәрім көшесі 1/а -35; Мамай көшесі 2 – 76; Көкбай көшесі 1/а – 24/б; Зере көшесі 1/а – 25/б; Сүндетбаев көшесі 1/а – 51/б; Құтжанов көшесі 1 – 42.


№296 сайлау учаскесі
Кеңгірбай би ауылы, «Шәкерім атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 5-00-22.

Шекаралары: Кеңгірбай би ауылдық округінің барлық елді мекендері және Көкбай ауылдық округіне қарасты «Дүйсенбай», «Балабай», «Шырахмет», «Боржық», «Игілік», «Шымылдық», «Исабай», «Хан», «Бәйелі», «Қаратай», «Биесауған», «Ши», «Загатскот», «Майкемер», «Латипа», «Боқай», «Қалбике», «Төлеутай қажы», «Қайса», «Кеңсай», «Тезен», «Қали», «Кішкентай», «Баянкар», «Қаратас», «Қарашоқы», «Андабай», «Бидәулет», «Уса», «Жақыпбай», «Аққияқ», «Шілік», «Қоян», «Ақбаз», «Байшуақ», «Ошақбай», «Қарой» шаруа қожалықтары.


№297 сайлау учаскесі
Көкбай ауылы, ауылдық мәдениет үйі, телефон 50-2-70.

Шекаралары: Көкбай ауылының барлық үйлері және Көкбай ауылдық округіне қарасты «Бақанас», «Ақшатау», «Ащысу», «Аралтөбе» шаруа қожалықтары.


298 сайлау учаскесі
Құндызды ауылы, ауылдық клуб, телефон 95-5-87

Шекаралары: Құндызды ауылдық округінің барлық елді мекендері.


299 сайлау учаскесі
Архат ауылы, «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» коммуналық мемлекеттік мекемесі, телефон 93-3-87

Шекаралары: Архат ауылдық округінің барлық елді мекендері.


300 сайлау учаскесі
Орда ауылы, «Мамай атындағы негізі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 9-20-35

Шекаралары: Орда ауылының барлық елді мекендері және Көкбай ауылдық округіне қарасты «Қойтас 1», «Ащысу», «Жабағы», «Сарбас», «Өкімхан», «Жанғазы», «Айтқазы», «Иса», «Құнанқой», «Ұрқия», «Қарлығаш», «Мұсабек», «Қаршыға», «Сәтжан», «Арнаши», «Қарасор», «Қосағаш», «Айғыр», «Тақыр», «Олжай» шаруа қожалықтары.

301 сайлау учаскесі
Қасқабұлақ ауылы, ауылдық мәдениет үйі, телефон 93-1-44

Шекаралары: Қасқабұлақ ауылдық округінің барлық елді мекендері.


302 сайлау учаскесі
Саржал ауылы, «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 95-2-37

Шекаралары: Саржал ауылының барлық үйлері.


№303 сайлау учаскесі
Тоқтамыс ауылы, «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 96-3-48

Шекаралары: Тоқтамыс ауылдық округінің барлық елді мекендері және Саржал ауылдық округіне қарасты «Тоған», «Байтілеу», «Бозанбай», «Қос шыңғыс», «Ақыжан», «Айдапкел», «Сүлеймен», «Ала бие», «Пушкин», «Биқара», «Сары арқа», «Тау үсті», «Қара қорық», «Будан», «Әмзе», «Шәкен шағыр», «Қара бұжыр», «Асқар», «Ұйпалақ», «Қожабай», «Бұйрат қора», «Тастенбек», «Балтабай», «Тілеубек» шаруа қожалықтары.


304 сайлау учаскесі
Медеу ауылы, ауылдық клуб, телефон 93-5-19

Шекаралары: Медеу ауылдық округіне қарасты барлық елді мекендер.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет