Ақшаны кәмелеттік жасқа толғаннан кейін 10 жыл БЖЗҚ-да сақтауға болады, бірақ оларға инвестиция жасалмайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

1 қаңтардан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы басталды және 1 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық балаларына БЖЗҚ-ға Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелді. "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов балалардың ақшасын қайда салатынын айтып берді.

Оның айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген ақша Ұлттық қор шеңберінде, яғни Ұлттық банкте рұқсат берілген құралдар тізбесіне инвестицияланады. 

"Сондықтан олар Ұлттық Қордың барлық қаражаты сияқты басқарылатын болады. БЖЗҚ-дағы 18 жастағы асқан балалардың ақшасы инвестицияланбайды.  БЖЗҚ-да сақтауына болады, оны қай уақытта алғысы келсе де беріледі. Олар кәмелетке толғаннан кейін 10 жыл бойы сақталады. Егер бағдарламаға қатысушы келіп аомаса, онда бұл ақша ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы шотына аударылады, оны заңнамада айқындалған жағдайлар туындаған кезде пайдалануға болады", — деп толықтырды Шарипов ОКҚ брифингі кезінде.

Сондай-ақ спикер мемлекет есебінен инвестициялық қызметтен ықтимал залалды өтеуге тікелей кепілдік берілмегенін атап өтті.

"Бірақ Ұлттық қорды Ұлттық банк басқарады және балаларда жыл сайынғы төлемдер болуы үшін Ұлттық қордың 18 жылдағы инвестициялық кірісі орташа есеппен алынады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болса, ол өткен жылдардағы кірістер есебінен өтеледі",-деп түйіндеді ол.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.