Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, Астанаға келген сапарында Франция президентіне қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған.

“Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді”, – делінген хабарламада.

Президент сапарынан соң Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілген. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберген.

Сондай-ақ тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берілгені белігілі болды. 

Еске салсақ, 2023 жылдың 1 қарашасында Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.