Қазақстандық педагогтер әлеуметтік желіде "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Педстарт" ақылы олимпиадасына қатысу құнына байланысты наразылығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Педогогтердің айтуынша, олимпиадаға қатысу үшін 5 мың теңге төлеу керек. Олимпиадаға қатысқан мұғалімдер серфикат алады. Ал серфикаты жоқ мұғалімдерге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. 

Мәліметтерге сүйенсек, ұстаздарға білім бөлімі мен басқарма өкілдері жалған ақпарат берген. Мекемедегі қызметкерлер жоғары нәтижелі статистика беру үшін мұғалімдерді олимпиадаға қатысуға мәжбүрлеген.

"Қазақ білім беру сарапшылары лигасы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнәр Әбішева білім басқармаларының жұмысына салғырт қарайтынын жеткізді.

"Біздің білім басқармалары, жергілікті әдіскерлер жоғары нәтиже көрсету мақсатында және мұғалімдердің белсендігі үшін чаттарға ақпарат жіберген. Ал "Дарын" орталығына көбірек түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Келешекте тағы мұндай сыңаржақ пікірлер туындамас үшін педагогтерге нақты және жүйелі ақпарат беруі қажет", – деді қоғамдық бірлестіктің басшысы.

  • Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұққандар сотталды

  • Батыс Қазақстанда мұғалімдерге 250 миллион теңгеден аса тиісті үстемақы төленбеген

"Педстарт" олимпиадасына мұғалімдер өз еркімен қатысады. Бұдан бөлек, мұғалімдер олимпиаданы өткізуге арналған сайттың қатып қалғанын және тағы басқа мәселелер барын атап өтті.

Ал Дарын орталығының баспасөз қызметі "Педстарт" олимпиадасы 2019 жылдан бастап ақылы негізде өткізіліп жатқанын еске салды.

"Қаражат іс-шараны ұйымдастыруға байланысты белгіленген тәртіппен бөлінеді әрі байланыс және интернет қызметтеріне, еңбекақы төлеуге, тест тапсырмаларын әзірлеуге және т.б. шығындарды қамтиды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.