Абайдельдинов Е


Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде



жүктеу 4.25 Mb.
бет7/17
Дата09.09.2017
өлшемі4.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

2.4. Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық ретінде

Адам құқығына, оның мазмұнына, қорғалуына және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының аумағында қамтамасыз етілуіне деген қатынастардың өзгеруі ХХғасырдың 80-90 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде болды. 1977 жылғы КСРО және 1978 жылғы ҚазақКСР Конституцияларында адам құқығы үлкен көлемде жарияланды; КСРО1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактлерді ратификациялады. Бірақ социалистік құрылыс кезінде адам құқықтары тек белгілі бір дәрежеде, тоталитарлық режим сұраныстарына жауап беретін болса ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал іс жүзінде бұл құжаттарда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне алып келді. Жеке адамға тұлға болуға, дербес қоғамдық және саяси бірлік болу құқығы берілмеді. Оны кеңестік адамдардың барлығы түсіне берген жоқ, оған қоса «адам құқығы» деген ұғымда қандай мән бар екенін ұға алмады. Сондықтан да 1970 жылдың қарашасында А.Д.Сахаров, В.Н.Чалидзе және А.Н.Твердохлебов Адам құқығы және құқықтық ағарту туралы Комитет құрды. Оның негізгі міндеті ел басшылығымен сұхбат жасау, адам құқығы мәселелерін ашық талқылау болды. Бірақ ол кезде мұндай сұқбат жүргізу мүмкін емес болатын.

Кеңес Одағы ыдыраған соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында, соның ішінде ең соңғылардың бірі болып тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасының алдында ұлттық мемлекеттілікті қамтамасыз етудің кең ауқымды мәселелері пайда болды. Оған қоса мемлекет тәуелсіздігін сақтау және нығайту, адамзат тарихында болмаған социализмнен капитализмге, тоталитарлық режимнен либералдыққа өту жағдайында қоғамдық өмірді түпкілікті өзгерту, әлемдік кеңістікке интеграциялану мәселелері де болды.

Осы орайда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ең басты мәселелерінің бірі жариялау мен оны нақты саяси және заңнамалық дәрежеде бекіту болды. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының идеологиялық мазмұны адамзаттың өмір сүруіне құқықтық, моральдық тұрғыдан келумен алмасты. Саяси өзгерістермен қатар құқықтық идеология да өзгере бастады. Онда адамды ең үлкен құндылық ретінде бекіту туралы және бұл әлемдегі барлық сандық және бағалы, моральдық түсініктердің бәрі адаммен байланысты деп тұжырымдалды. Әлем объективті түрде өмір сүреді, бірақ адам санасы болмаса оны ешкім бағаламайды, оның еш мәнісі жоқ. Ал қазіргі таңда адамзатта басқа формадағы материяның бар болуы туралы нақты дәлелдемелері болмағандықтан, барлық әлем, барлық кеңістік және оны түсіну антропоцентрлік болып табылады.

Бұл ойдың дәлелдемесі ретінде Р.Тагор және А.Эйнштейн сияқты ғұламалардың осы аспект бойынша толық бірдей пікірге келуі табылады, олардың танымның шынайы табиғаты туралы әңгімесі 1931 жылы болды. Оған қоса үнді ойшылы Р.Тагор ұсынған «Дүниенің адамзат Тұжырымдамасын» А.Эйнштейн қолдады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес әлем шындығы адам санасына байланысты. Мәңгілік әлемге тек қана адамның мәнін қамтыған Мәңгілік (Жоғары, Әмбебап) Адам ғана жете алады /43/. Бұл көзқарасты қазіргі ғалымдар да қолдайды. Мысалы, И.И.Лукашук қауымдастықтың қазіргі құқығының негізгі сипаттарының бірі ретінде гомоцентризмді санайды, ол алдыңғы қатарға адам құқықтары мен мүдделерін қою деген сөз /44, 15-33б/. Т.Н.Нешатаеваның ойы бойынша құқықтың табиғи субъектісі – адам. Барлық қалған субъектілер – бұл тұрғыдан құқықтық фикция, құқық жасаған және құқықтан тыс бола алмайтындар. Мұндай субъектілерге мемлекеттер де, ұлттар да, әлемдік ұйымдар да жатады /45,70б./.

Антропоцентризм теориясын қолдай отырып, адам құқығы дегеніміз – әрбір халықтың ұлттық ерекшелікке құқығының, елдің егемендікке құқығының, барлық адамзаттың тек жердегі ғана емес, оған қоса ғарыштағы да бейбітшілік пен қауіпсіздікке құқығының негізгі, органикалық бөлігі болып табылатын санат деп санаймыз. Сондықтан да адамзат ғарыштағы адамның қызметі туралы бірнеше халықаралық құжаттар қабылдады. Көпетеген елдер осы шарттарға қосылды, олардың қатарында Қазақстан да бар. Ол 1997 жылы 15 мамырдағы №108-І Заңымен 1975 жылы 14 қаңтарда Нью-Йоркте қабылданған ғарыштық кеңістікке жіберілетін объектілерді тіркеу туралы Конвенциясына қосылды. 1997 жылы 15 мамырдағы №105-І Заңымен 1979 жылы 18 желтоқсанда қабылданған Ай мен басқа аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісімге қосылды; 1997 жылы 15 мамырдағы №107-І Заңымен 1972 жылы 29 наурызда Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында қабылданған ғарыш объектілері келтірген залалдары үшін жауапкершілік туралы халықаралық Конвенцияға қосылды.

Қазіргі заман тарихында адам құқығын қорғау мен сыйлау ережесі Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен БҰҰ Жарғысына енгізілді. Содан кейін 1948 жылы 10 желтоқсанда «Адам құқығы туралы жалпы Декларацияда» адам құқықтары жайлы мәлімделді. Ол 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Адам құқығы туралы Халықаралық Пактілердің мәтініне негіз болды. Бұл құжаттың көлемі мен маңыздылығын атаған В.А.Карташкин «Адам құқығы туралы жалпы Декларациясы» 100-ден астам елдің Конституциясын жасауға үлгі болды дейді. Оның нормалары мен ережелері Негізгі заңдарда бекітілген және оның әсерімен жасалған. Оған қоса белгілі бір себептерге байланысты адам құқықтары туралы Пактілерге қосылмаған елдер, оның ережелеріне бағынады, себебі олардың үлкен бөлігі jus cogens, яғни барлық елдер үшін міндетті нормалар. Ғалымның пікірі бойынша адам құқығы халықаралық құқықтың жаңа саласы ретінде дамуда, оған мыналар тән: 1) оның қалыптасуы жағынан басқа құқық салаларының алдында келе жатуы; 2) қабылданған нормаларды орындаудың әмбебап халықаралық және аймақтық бақылау механизмдер санының өсуі; 3) құқықтың басқа да институттарына өзгерушілік әсері (егемендік, қолсұқпаушылық және т.б.) /46/.

БҰҰ Жарғысының 1-бабы бойынша бұл ұйым келесі мақсаттарды көздедйді:

1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау...;

2. Ұлттар теңдігі мен өзін-өзі анықтау қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды нығайту...;

3. Адамның ұлты, жынысы, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтарына және негізгі бостандықтарын сыйлауды дамыту мен көтермелеудегі...халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру

Бұдан көретініміз, БҰҰ Жарғысын жасаушылардың ойынша, бұл ұйымның негізгі, маңызды мақсаттарын, яғни Жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекеттер егемендігіне кепілдік берілгеннен кейін ғана жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары нәтижелі болмақ.

Осылайша, адамзат тарихындағы ең қанды соғыстан кейін қабылданған бұл құжатта, бір жағынан жеке адам құқықтары 3-ші орында тұр деуге де болады. 2000 жылы БҰҰ қызметі туралы жылдық баяндамасында Кофи А.Аннан «ХХІ ғасыр қарсаңында барлық елдер мен халықтар үшін тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау БҰҰ-ның жарты ғасыр бұрын ұйым жаңа құрылған кездегідей ең маңызды мақсаттарының бірі болып қалып отыр» деді /47/. Тек 1975 жылы Хельсинки Қорытынды Актісінде ғана адам құқығын қорғау халықаралық-құқықтық дербес қағидаларының бірі болды, яғни барлық мемлекеттер: а) кез келген мемлекеттің аумағындағы адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлауы тиіс; ә) адамның саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын қандай да бір кемсітушіліксіз іс жүзінде орындауы тиіс; б) жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлауға ат салысу, адам құқықтары бойынша барлық халықаралық міндеттемелерді орындауы тиіс. Бұл қағиданың мәні құқықтары мен бостандықтары бұзылған немесе шектелген жағдайда жеке тұлға қазіргі халықаралық құқықтың қорғау объектісі болып отыр деген сөз.

Мұның да өз логикасы бар. Себебі кез келген тарихи уақыт аралығында адам құқығы саласындағы құндылықтар өзгеріп отырады. Ал ол өз алдына жоғарыда аталып өткендей үш негізгі тығыз байланысты бөліктерден құралады (адамзат қауіпсіздігі, мемлекет дербестігі, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары). Оған қоса жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әрқашан бірінші кезекте бола бермейді, көптеген жағдайларда шектелген түрде көрсетіледі, мысалы, мемлекетке әскери және басқа да қауіп төнсе, адам құқықтары конституцияға сәйкес белгілі мөлшерде шектеледі, бірақ заң шығарушы мұны уақытша әрекет деп түсіндіреді.

Мемлекет үшін қиын кездерде адам құқығы объективті түрде шектеледі. Мысалы, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жұмыссыздық деңгейі (жұмыссыздарды әлеуметтік қорғалуы қалыпты жүйеде) 10%. Елдердің тәжірибесі реформалар кезінде ол әдетте 15-20%-ға дейін көтерілетіндігін көрсетеді, бірақ ол 3-5 жылдан аспайды. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш 1995-1999 жылдар аралығында 40%-ға (жасырын жұмыссыздықты қосқанда) дейін өсті, бұл еңбек нарығындағы апаттық жағдайды, адамның табиғи құқықтарының қатарына жататын еңбек ету құқығының өрескел бұзылуын көрсетеді. Бірақ дәл осы жылдары егемендік нығайып, мемлекеттің халықаралық аренада бекітілуі жүрді, ұлттық құқықтық жүйе орнатылды.

Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының қиын кезеңінде 1993 жылғы Конституция терең талқыланып жатқанда Жоғары Кеңес сессиясында Жоғары Кеңес депутаты А.Кекілбаев: «Ұлттардың өзін-өзі анықтауға құқығы болмайынша жеке тұлға құқығын қамтамасыз ету мүмкін емес, себебі халқы қуғындағы адам еркіндік бола алмайды» - деді /49/. Төрт жылдан кейін, 1997 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев тікелей былай деді: «Бұған дейінгі кезеңнің негізгі мәні жеке дара мемлекет ретінде басталған өтпелі кезеңде орнығу болды». Ол кезде басым мақсат болып жаңа тәуелсіз мемлекетті құру, оның егемендікке деген құқығын халықаралық деңгейде дәлелдеу, барлық саяси, экономикалық және құқықтық жүйені бұрын болмаған, жаңа дәрежеге көтеру табылды. Бұл кезде жеке тұлға құқықтары екінші орынға қойылады, себебі мемлекеттік егемендігін құруға басым көңіл бөлінді, тіпті адамдар оны сақтау үшін өз өмірлерін беруге дайын болды.

ХХІ ғасыр басында Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің мемлекеттілігі даусыз факт ретінде болды, сондықтан бұл мемлекеттер үшін Адам құқықтары туралы Халықаралық Билльде көрсетілген адам құқықтарын толық жүзеге асыру мәселесі туды. Адам құқықтары туралы Халықаралық Билльге бес құжат жатады: Адам құқығы туралы Жалпы Декларациясы (1948 жылы 10 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 217А (ІІІ) қарарымен қабылданып жарияланған); Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблея 2200 А(ІІІ) қарарымен қабылданып, қол қою мен ратификациялауға, қосылуға ашылған); Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт және оған Факультативті Хаттама (1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблея 2200 А (ХХІ) қарарымен қабылданып, қол қою мен ратификациялауға, қосылуға ашылған); Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге өлім жазасын алып тастауға бағытталған Екінші Факультативті Хаттама (1989 жылы 15 желтоқсанда 82 пленарлық отырыста қабылданған).

Егер мемлекет осы барлық халықаралық құжаттарды ресми мақұлдап, ұлттық заңнамаларды осыларға сәйкестендірсе ғана адам құқықтары туралы билль тиімді жұмыс істейтін болады. Бұл құжаттардың мәні, мемлекет бұрыннан келе жатқан мемлекет пен азаматтың мемлекетішілік қатынастарына қоғамдық қарым қатынастың үшінші бір маңызды субъектісі – халықаралық қауымдастық қосылуына саналы түрде келеді. Мысалы, Бірінші Факультативті Хаттама бойынша, азамат өз мемлекетінің заңсыз іс әрекеттеріне қатысты шағымдана алады. Мұндай шағымдар өте көп, ол тек дамушы елдердің азаматтарынан ғана емес, сонымен қатар, демократиялық салт дәстүрі тұрақты қалыптасқан елдердің азаматтары да шағымдануда.

2003 жылы 17 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша біздің мемлекетіміз осы Пактілерге қосылды, бірақ ТМД елдері ішінен осы құжаттарды ратификацияламаған жалғыз ғана ел болып қалып отыр. Қазақстан адам құқығын қорғау аясындағы басқа да құжаттарға бұрыннан қол қойып, қосылғанына қарамастан, бұл біздің еліміздің әлемдік аренадағы құқықтық мемлекет құрудағы имиджін бекітуге, біздің азаматтарымыздың еркіндігі мен құқығын қамтамасыз етуге еш септігін тигізбейді. Олардың қатарында бала құқығы туралы, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы, қинауға, жазаның басқа да қатыгез және адами емес, намысты қорлайтын түрлеріне қарсы халықаралық конвенциялар бар. Біздің мемлекетіміз сонымен қатар, геноцидтің алдын алу және жазалау туралы; босқындардың мәртебесі туралы; Женева гуманитарлық конвенциялары мен олардың Факультативті хаттамаларына қосылған.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары И.И.Рогов Президент Жарлығына қатысты түсініктемесінде былай деді: «Қазақстан Халықаралық пактілерді ратификациялау кезінде оларға ескертпе, нақты айтсақ, еңбек етуге қатысты адам құқықтары, бейбіт шерулерге қатысуға қатысты адам құқықтары (ҚР Заңдары бойынша мемлекеттік қызметкерлер бейбіт шерулерге қатысуға құқығы жоқ) қарастырылған баптарға жасамақшы. Сонымен бірге, әрбір 18 жасқа толған тұлғаны өлім жазасына кесу туралы АҚШ ескертпесіне қарсылық білдіреді, өйткені Қазақстанда әйелдер өлім жазасына кесілмейді. Егер біз өз қарсылығымызды білдірмесек, онда олар АҚШ аумағында қылмыс жасаса, оларға бұл қылмыстық жаза тарайды/50/. Шынында да И.И.Рогов, Қазақстанда объективті себептерге байланысты күші болмайтын (еңбек ету құқығы) немесе басқа мемлекеттің заңнамасына қарағанда, мысалы Америка Құрама Штаттарға қарағанда (кейбір штаттарда әйелдерді өлім жазасына кесу қарастырылған) қазақстандық заңнаманың ізгілік сипаты бар баптарды дәл атап көрсеткен.

Үкіметтің 2005 жылы 21 маусымдағы №598 және 2005 жылы 25 маусымдағы №625 Қаулылары бойынша Парламентке «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактіні ратификациялау туралы» заң жобасын ескертпесіз және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіні ратификациялау туралы» заң жобасын ҚР Бас Прокуроратурасы тарапынан ұсынылған ескертпемен енгізді. Шарттың ешбір бабын алып тастамайтын, керісінше, толықтыратын ескертпеде былай делінген: «Халықаралық Пакттің 9-бабының 3 тармағын мойындай отырып, Қазақстан Республикасы мынаны ескертеді, ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген тұлғаның қамауға алынғаны жөнінде шұғыл прокурор хабардар болуы тиіс. Сот немесе прокурор қамауға алған әрбір тұлғаның өзінің қамауға алынуы немесе ұсталуы бойынша сотқа шағымдану құқығы бар». Ал 9-баптың 3 тармағы мынадай нормалардан тұрады: «Қамауға алынған немесе қылмыстық айыптау бойынша ұсталған әрбір адам судьяның, немесе заң бойынша сот билігін іске асыруға құқығы бар және ақылға қонымды уақыт ішінде істі сотты қарауға немесе босатуға құзіреті бар басқа лауазымды адамның алдына жедел жеткізілуі тиіс. Сотта ісінің қаралуын күтіп отырған адамдарды тұтқында ұстау жалпыға бірдей тәртіп болып саналмауы тиіс, бірақ босату – сотқа келу, сотта ісінің қарауына қай сатысына болмасын келу, керек жағдайда үкім орындалу кезіне келу кепілдігі берілсе ғана жүзеге асырылады».

Осылайша, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт осы бабының нормалары мен енгізіліп отырған ескертпе Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 2-тармағына сәйкес келеді: «Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Прокурорды санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады».

Халықаралық Пактілерді ратификациялау бұл барлық ұлттық заңнаманы адам құқығы саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкестендіру бойынша маңызды жұмыстың басталғаны туралы айтып тұр. Осыған байланысты, заңнамашылар көптеген объективтілік қиындықтарға тап болатыны сөзсіз Біздің ойымызша, Қазақстанға өз азаматтарына еңбек ету құқықтарына кепілдік беру мүмкін болмайды, ал адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы адамның еңбек ету құқығы болып отыр. Алайда, халықаралық құқықта, мысалы, 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 23-бабында еңбек ету құқығы еңбек еркіндігі туралы құқықпен үйлескен. Бұл ережелер 1993 жылғы Конституцияның 19-бабында да бекітілген болатын, онда былай делінген: «Республика азаматының еңбек ету құқығы бар және ол әркімнің еркіне, қабілетіне, арнайы дайындығына сай еркін өндіруші ретінде немесе еңбек шартына байланысты еркін еңбек ету мүмкіндігіне ие болудан тұрады». 1995 жылғы Конституцияның 24-бабының 1-тармағында халықаралық құқықтың екі бөліктен тұратын нормасының бір бөлігі ғана – еңбек еркіндігіне, мамандық және қызмет түрін еркін таңдауға құқық қарастырылған. Нәтижесінде конституциялық норма еңбекке деген еркіндікті ғана емес, сонымен қатар, еңбектен де бас тарту еркіндігін бекітеді. Бұл халықаралық құқық нормалары талаптарынан және мемлекет адамның негізгі құқықтарын – адамның еңбек ету құқықтарын, яғни тұлғаның және оның отбасының лайықты өмірі, қорыта келгенде, қоғам тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуі тәуелді болатын адам құқықтарын қамтамасыз етуден бас тартты деген сөз.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның әрбір адам экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын да өзінің азаматтық және саяси құқықтарымен бірдей пайдалана алатындай жағдай туғызғанда ғана үрей мен мұқтаждықтан ада еркін адам үлгісі болады деген ережесін бекітеді. Сондықтан, біздің мемлекетімізде де уақыт өте келе барлық азаматтардың лайықты өмір сүрулеріне жағдай жасалынады деген үміт бар.

ТМД-ның кейбір елдерінде еңбек ету құқықтары қарастырылмаған. Мысалы, Қырғызстан Конституциясының 28-бабының 1-тармағында Қырғыз Республикасы азаматтарының «барлық жағдайларда және нысандарда еңбекті қорғау құқығы, қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек жағдайы құқығы, сонымен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану құқығы» бекітілген.

Ресей Федерациясы Конституциясының 37-бабының 1-тармағында еңбек еркіндігін әрбір тұлға еңбек қабілетіне қарай жұмыс істеп, мамандығы мен лауазымын таңдау құқығын бекітеді. 7-баптың 1-тармағы Ресей Федерациясын саясаты адамның лайықты өмірі және еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет екенін ресми жариялайды, ал біздің мемлекетіміздің Конституциясында Қазақстан өзін тек әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.

ТМД-ның басқа елдерінің ұлттық Конституцияларында еңбек ету құқығы бекітілген. Мысалы, Тәжікстан Конституциясының 35-бабында әрбір адамның «еңбекке, мамандық таңдауға, жұмыс, еңбекті қорғау және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану» құқығы бекітілген. Өзбекстан Республикасының Конституциясы 37-бабында заң бойынша қойылған талаптарға сәйкес әрбір адамның еңбекке, жұмысты еркін таңдауына, еңбектің әділетті шартына және жұмыссыздықтан қорғануға қатысты құқығы бар.

Бірақ еңбекке қатысты толық құқық Беларусь Республикасының Конституциясында бекітілген: « Беларусь Республикасы азаматтарына еңбек ету яғни мамандық таңдауға құқығы, лауазымына, қабілетіне, біліміне, кәсіби дайындығына және қоғамдық қажеттілігіне қарай жұмысы мен айналысатын ісін таңдау құқығы, сонымен қатар, қауіпсіз еңбек шартына кепілдеме береді. Мемлекет халықтың толық жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды...».

Сонымен қатар, біздің елімізде 11-бап та іске аспайды, бұл бапқа сәйкес Пактіге қатысушы мемлекет әр адамның өзі және оның отбасы мүшелерінің жеткілікті тамақтану, киім мен баспананы қамтитын жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру және тұрмыс жағдайын үнемі жақсарту құқығын мойындайды. Бірақ Пактінің 2-бабында да әрбір мемлекет Пактіде көрсетілген құқықтардың іске асырылуын біртіндеп толық қамтамасыз етеді делінген. Біртіндеп деген сөз асықпай деген сөзге ұласып кетпеуі тиіс, себебі кейбір құқықтық қақтығыстар саяси шиеліністерге өтіп кетуі мүмкін.

Мемлекет қызметкерлерінің бейбіт шеруге шығуына тыйым салу, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қағидаларының бірі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 3-бабында сәйкес азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік мүдде алдында басымдыққа ие; ал дәл осы Заңның 9-бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеттеріне азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қорғалу мен сақталуын қамтамасыз ету, заңнамада бекітілген мерзім ішінде азаматтардың арыздарын қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау жатады. Осылайша, «халық қызметшілері» бейбіт шеруге шығудың орнына, қазақстандық заңнама дұрыс бекіткендей, қоғам мүддесін қорғауға тұруы тиіс.

Қазақстанда заңнаманы дамытудың, біздің ойымызша, елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет құрудағы конституциялық міндеттерді іске асыруда маңызды рөл ойнайтын басым бағыттарының бірі – ол сайлау заңнамасын жетілдіру.

«Әрбір аспазшы мемлекетті басқара білуі тиіс» деп айтқан Ленин сөзін кейбір сыншылар тікелей қабылдап қалып жатыр, десек те, қазір де бұл сөздердің астарында не жатқаны бізге түсінікті, яғни саяси «ас бөлме» қай кезде болмасын үй шаруашылығындағы адамға арналмағаны заңгер және мемлекет басшысы ретінде В.И.Ленинге де белгілі болды. Сұрақ мынада, кез келген аспазшы және басқа да азамат сайлау арқылы, бұқаралық ақпарат көздері және басқа да заңды тәсілдер арқылы мемлекеттің саяси өміріне араласуға құқылы. Ол үшін бізге жетілдірілген ұлттық сайлау заңнамасы қажет, сондықтан әлемдік тәжірибелерге, халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларына көңіл бөлуіміз керек десек те, Э.Б.Мұхамеджанов атап көрсеткендей, Қазақстандағы сайлау туралы қолданыстағы заңнама негізінде халықаралық құқықтық актілердің, соның ішінде Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның (1948), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің (1966) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның (1952 жылғы №1 хаттама) қағидалары жатыр /51/.

1999 жылы күз айындағы Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлаудан кейін ЕҚЫҰ атынан бақылаушылардың жетекшісі Г.Балиан былай деп мәлімдеді: «Қазақстан президенттік сайлаудан кейін белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ бұған қарамастан, өтіп жатқан сайлаулар ЕҚЫҰ талаптарына сай келіп жатқан жоқ және Қазақстан халықаралық стандарттарға «сенімсіз қадам» жасап отыр». Саясаттанушы Р.Азимов осыған байланысты былай дейді: «беделді халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына құрметпен қарай отырып, олардың ойы мен кеңестерін тыңдай отырып, Қазақстан демократияға барар жолдағы өзінің дамуының ерекшеліктері мен даму ырғағын өзі анықтап алуға құқығы бар»/52/. Сонда да, ҚР «Сайлау туралы» Заңын дайындау кезінде 1999 жылы сайлаудан кейін ЕҚЫҰ ұсынған бірнеше кеңестері есепке алынды.

ЕҚЫҰ кеңестері арасында мыналар болды: кез келген жергілікті билік органдарының сайлау процесіне кез келген араласуына қатаң тыйым салу және осындай араласушылыққа қылмыстық санкция қолдану; Орталық сайлау комиссиясының нұсқаулығына бақылаушылар құқығын , дауыс санын санау және қорытындысын шығарудың процедурасын толық айқындайтын тармақтар қосу; қосымша тізімдерді алып тастау; Бұл өзгертулер мен толықтырулар 1999 жылы 16 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына (одан ары қарай ҚР «Сайлау туралы» Заңы) 2004 жылы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Заңымен енгізілді. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 50-бабында сайлау туралы мемлекет заңнамасын бұзған тұлға қылмыстық жауапкершілікке келесідей жағдайларда тартылады: сайлау комиссиясының жұмысына араласса; дауыс беруге кедергі келтірсе; кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; дауыс санын санауға және сайлау қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатына өзінің қызметтік жағдайын немесе лауазымын пайдаланса; сайлау құжаттарын қолдан жасаса; дауыстарды қасақана дұрыс санамаса; сайлау нәтижесін қасақана жалған шығарса; дауыс беру құпиясын бұзса; республика азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруына зорлау, алдау, қорқыныш көрсету, пара беру арқылы кедергі келтірсе;

Осы бапқа сәйкес, тұлға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тартылады, егер: осы Конституциялық Заң талаптарына сәйкес мәліметтерді қасақана бермесе немесе жарияламаса; сайлау комиссиясы өкілеттілігі аясында қабылданған шешімдердің орындалмаса; кандидатты, партиялық тізімді, ұсынылған саяси партиясын тіркемей тұрып, немесе сайлау күні немесе сайлау қарсаңындағы күні сайлау алды үгіттерін жүргізсе; сайлау алды үгіттерін жүргізу құқықтарына кедергі келтірсе; кандидат, саяси партия туралы, олардың лауазымы мен абыройына нұқсан келтіретін жалған ақпарат қасақана таратса; кандидаттардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және сайлауды бақылаушылардың сайлау кезіндегі заңды әрекеттеріне кедергі келтірсе;

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекс пен Қылмыстық Кодекске сайлау заңнамасын бұзуды жазалау туралы өзгерістер енгізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабына сәйкес республика азаматтарының дауыс беру құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіру, сайлау комиссиясының жұмысына араласу, дауыс беруге кедергі келтіру, кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтіру, дауыс санын санауға және сайлау мен референдум қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтіру әрекеттері үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қатаң жаза қолданылады. Осы шаралар арқылы заң шығарушы біздің еліміздегі сайлау мен референдумның объективті өтуіне кепілдеме береді.

Жетілдірілген сайлау заңнамасын әділеттіліктің, ашықтықтың және шыншылдықтың халықаралық талаптарына сәйкестігіне 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау ең бірінші рет сыннан өткізді. Өткен сайлаудың бағалау өте әр түрлі болды: сайлау алды кампаниясы мен және сайлау процедурасын толық жоққа шығарудан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер мен демократияға қадам басқан біздің еліміздің табыстарын қуана жариялауға дейін. Әсіресе оң баға берген, Қазақстанда іс сапармен болып қайтқан мыңнан астам шетелдік тәуелсіз бақылаушылар болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасы бойынша, 2004 жылы 19 қыркүйекте өткен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау қорытындысы мынадай: республика бойынша сайлаушылар тізімін 8 662 188 адам құрады. Олардан дауыс беруге қатысқаны 4 893 204 адам немесе 56,49%. Мәжіліс депутаттығына кандидаттығын ұсынған адам саны 513. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың 4-уі екі сайлау блогы құрамында. Республикада, еліміздің үлкен орталықтарында сайлаушылардың ең көп даусын жинаған партиялардың алғашқы үштігіне кірді: Республикалық саяси партия «ОТАН» Астанада 53,25% дауыс жинады; «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 16,77%; «АСАР» Республикалық партиясы - 12,45%. Осы партиялар Алматыда сәйкесінше 41,1%; 23,7; 18,15% дауыс жинады.

Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып билік партиясының мүшелері мен оның жақтастары, сондай-ақ оппозиция мүшелері болған іс шаралардың қорытындысын талқылай келе, біз біздің еліміз демократия жолымен, халықаралық құқықтық нормаларын заңнамада және практикада бекіту жолымен нық қадам басып келе жатыр деп айта аламыз.

Еліміздің алдағы демократиялануында маңызды рөлді бұқаралық ақпарат құралдары ойнайды. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының ережелеріне негізделген, БҰҰ-ға мүше болу актісімен Қазақстан Республикасы оның ережелерін сақтайтындығын ресми түрде жарияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 бабында ақпарат алу және таратуға қатысты адам бірнеше құқықтары бекітілген. 1999 жылы 23 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы (2001 жылдың 3 мамырында №181-ІІ; 2003 жылдың 19 желтоқсанында №509-ІІ ҚР заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және басқа да нормативтік құқықтық актілер, мысалы, ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 жыл), ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы (1998 жыл), ҚР «Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» Заңы (1999 жыл), Азаматтық, Қылмыстық Кодекстердің және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстің бірнеше баптары бұқаралық ақпарат құралдары туралы қазақстандық заңнаманы құрайды.

Көптеген мамандардың сынына ұшыраған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» қолданыстағы Заңы шетел бағдарламаларын қазақстандық телеканалдардың көрсетуіне шек қояды. Шетелдік телеөнім көлемі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирлік уақыттың 50 пайызынан аспауы тиіс, ал 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап – телерадиохабарлау арналары бойынша жалпы бағдарламалар көлемінің 20 пайызынан аспауы қажет. Бұл халыққа айтарлықтай идеологиялық әсер ететін отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту қажеттілігімен, сонымен қатар қазақ тілін дамыту бағдарламасының орындалуы және ұлттық мүддеге жауап беретін басқа да мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты.

Шын мәнінде, бір жағынан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радио бағдарламаларын көрсетуді телерадиохабарлау арналары бойынша бағдарламалардың жалпы көлемінен 20 пайыздан аспайтындай етіп шектеу ұсынысы дұрыс, екінші жағынан, аймақтағы елдерімен, соның ішінде, әсіресе, Ресей Федерациясымен ақпараттық және мәдениет алмасу мүмкіндігін бірден қысқартады. Бұл қазақстандық-ресейлік келісімдердің көпшілігімен қарама-қайшылыққа әкеп соқтырады: 1992 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» Келісімге; 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге; 1998 жылдың 6 шілдесіндегі ҚР және РФ арасындағы «Мәңгілік достық және XXI ғасырға бағытталған одақтастық туралы Декларациясына» және т.б.

Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыруда оларды іске асырудың халықаралық және мемлекетішілік құралдары, мысалы заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде, нақты орындаушыларға жеткізіп, орындалуын бақылау кезінде өзара әрекеттесуі тиіс. Жас егеменді мемлекет үшін толығымен жаңа болып табылатын халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мен өзара байланысының күрделі мәселелерін шешу қажет. Ол ұлттық заңнаманы халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкес келетін, қарама-қайшылықсыз, бірыңғай жүйеге келтіру, құқықтық коллизияларды жою; заңнаманың әрі қарай даму жолдарын анықтау және т.б. мәселелердің теориялық негіздерін алдын ала ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс, алайда тәжірибе көп жағдайда теориядан асып түседі.

Біздің елде адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қамтамасыз етудегі прогресске қарамастан, әзірге Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің (АСҚХП) Факультативті Хаттамаларға қосылу туралы жарияланған жоқ, Молдованы есептемегенде, барлық посткеңестік елдер АСҚПХ-ке Факультативті Хаттамаларға қол қойып қойды, оған сәйкес қатысушы-мемлекеттер АСҚПХ бойынша құрылған адам құқықтары бойынша Комитеттің адам құқықтарының кепілдіктерін бұзылғаны туралы жеке тұлғалардың арыздары бойынша зерттеулер жүргізуіне келісім берді.

Қазақстанның ғылыми қауымы Факультативті Хаттамаларға қосылуды қолдайды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссияның, адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның Жоғары комиссары Офисінің Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының, Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің, «Сорос-Қазақстан» Қорының ұйымдастыруымен 2004 жылдың қарашасында Астанада өткізілген «Адам құқықтары бойынша Халықаралық конвенцияларды имплементациялауда соттық және соттан тыс институттардың рөлі туралы» халықаралық конференцияның Ұсынысында Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің Факультативті Хаттамаларын ратификациялау қажеттілігі жөнінде тармақ бар.

Сөйте тұра, республикада 1994 жылы ҚР Президенті бекіткен құқықтық реформалау Бағдарламасынан бастап Екінші Факультативті Хаттама талабына сәйкес өлім жазасын алып тастауды дайындау бойынша белсенді әрекеттер жүргізілуде. Талан-таражыға салу, жалған ақша жасау, валюталық операциялар ережелерін бұзу, бандитизм, түзеу орындарының жұмысының ұйымдыстырылуын бұзатын әрекеттер, зорлау және пара алу қылмыстары үшін өлім жазасы алып тасталынды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген жаңа Қылмыстық одексте өлім жазасы айрықша жаза ретінде тек адам өміріне қауіп төндіретін аса ауыр қылмыстар үшін, сонымен қатар, соғыс кезінде жасалатын, мемлекетке опасыздық, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы және аса ауыр әскери қылмыстар үшін бекітілген. Өлім жазасы әйелдерге, сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға, соттың үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. Тіпті, қылмыскерді өлім жазасына үкім етсе, үкім өз күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін орындалады. Бұл кешірім алуға үлкен мүмкіндік береді, немесе егер үкім қате шығарылса, құқық қорғау органдарына шынайы қылмыскерді табуға мүмкіндік береді (мысалы, ростовтық маньяк Чикатило ісі бойынша екі күнәсіз адам атылғанына көп уақыт өткен жоқ). Егер 1999 жылы Қазақстан Республикасында өлім жазасына 63 сотталған кесілсе, 2000 жылы – 40, олардың төртеуі кешірім алған, 2001 жылы – 39, 2-уі кешірілген. 2000 жылы 22 үкім 2001 жылы – 15, және 2002 жылдың бірінші тоқсанында -17 орындалды. 1993 жылдан бастап Қазақстанда шамамен 400 адам өлім жазасына кесілген.

Жаңа Қылмыстық Кодексте өлім жазасы кешірім беру ретінде өмір бойы бас жиырма бес жылға бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылды, аса ауыр қылмыстар үшін – жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, бұл кезде бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі жиырма бес жылдан астам, ал үкімдер жиынтығы бойынша – отыз жылдан астам бола алмайды.

Адам өміріне қауіп төндіретін аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған. Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге, сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға, соттың үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы ҚР Президентінің Жарлығымен біздің елде өлім жазасына мораторий жарияланған, Қазақстанда өлім жазасы алып тасталынуы мүмкін, бірақ ресми түсіндіруде «тиісті мемлекеттік органдар елдегі мораторийдің әрекет етуіне байланысты криминогенді жағдайға тұрақты мониторингілеу жүргізіп отырады және оның нәтижелеріне байланысты әрі қарай өлім жазасын толығымен алып тастау мәселесі шешілетін болады» делінген. Мұндай шешімге ел басшылығын әлемдік қауымдастық пен халықаралық ұйымдар талаптары да итермелейді. Мысалы, 2001 жылғы маусымдағы Еуропа Кеңесінің парламенттік сессиясындағы басты тақырып бірнеше елдерде – ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) кандидаттары мен бақылаушыларында өлім жазасын алып тастау қажеттілігі болды. ЕКПА отырысының қатысушылары бақылаушы мәртебесіне кандидаттар, оның ішінде Қазақстан да бар, жақын арадағы екі жылдың ішінде жазаның жоғары түрін алып тастауы қажет деген қарар қабылдады.

2001 жылдың маусымында Страсбургте өлім жазасына қарсы Бірінші Халықаралық конгресс құрылды, ол кезде әлемдегі 108 мемлекет өлім жазасын алып тасталған болатын, бірақ 87 елде әлі де өлім жазасы үкімі шығарылады және орындалады. Конгресс коммюникесінде ерекше айтылған жайт, соңғыларға әлемдегі ең үлкен демократиялар – Жапония мен АҚШ кіреді. Тек 2000 жылдың өзінде ғана әлемнің 65 елінде 3058 өлім жазасы үкімі шығарылған, 1457 – орындалған, ал бүгінде ең белсенді баскесерлер Қытай, Иран, Сауд Арабиясы және АҚШ болып табылады.

Өлім жазасына қарсы Бірінші Бүкіләлемдік конгресс (Страсбург, 2001 жылдың 22 маусымы) Қорытынды декларация қабылдады, онда өлім жазасы «әділеттікті кектің жеңуін білдіреді және адамның маңызды құқықтарын бұзады, ең алдымен өмір сүру құқығын бұзады. Өлім жазасы ешқашан да қылмыстың алдын алған емес. Ол тым қатыгездіктің, қорлаудың антигуманды актісін сипаттайды. Өлім жазасын қолданатын қоғам сол арқылы қысым көрсетуді кеңейтеді. Адамгершілік қасиетті сыйлайтын қоғамда өлім жазасын алып тастауға тырысады» деп мәлімденген. «Өлім жазасына бірге қарсымыз» (Ensemble Contre la Peine de Mort - ECPM) және «Халықаралық түрмелік реформа» (Penal Reform International - PRI) ұйымдары 2004 жылы 6-9 қазан аралығында Монреалда (Канада) өлім жазасына қарсы Екінші Дүниежүзілік конгресс өткізді. Конгресстің мақсаты – халықаралық құқық, оның ішінде Халықаралық қылмыстық сот, Аруш және Гаага трибуналдар тыйым салған өлім жазасын бірігіп жою әрекетін күшейту.

Халықаралық мұндай форумдардың нәтижесінде жыл сайын көптеген елдер өлім жазасын жоюда: бұрынғы Кеңес Одағы аумағында соңғы он жыл ішінде көпшілік мемлекеттер өлім жазасын жойған, 2001 жылдан бастап Турция және Чилиде өлім жазасына тыйым салынды, бірқатар елдерде бұл жазаны орындауға мораторий енгізілді. Бүгін де өлім жазасын қолданудан 109 мемлекет бас тартты. Халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕО мұндай жазалау түрінен бас тартуы үшін АҚШ-қа қысым көрсетуде. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы егер АҚШ және Жапония өлім жазасын қолданудан бас тартпаса, олардың бақылаушы мәртебесінен айырылатынын жариялады. Өлім жазасына толық тыйым салған КСРО елдерінің қатарына Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Литва, Молдава, Түркіменстан және Украина жатады. Қазақстан мен Қырғызстанда жазаның орындалуына мораторий енгізілген. 2004 жылы шілде айында Қазақстанда 2003 жылы желтоқсанда енгізілген мораторийге сәйкес 27 өлім жазасына кесілгендер болды /55/.

Өзбекстанда соттық-құқықтық жүйені, қылмыстық жазалауды либерализациялау процесінің негізгі бағыты өлім жазасын қолданатын саланы біртіндеп азайту болып табылады. Тәуелсіздік алған уақытта қылмыстық заңнамада өлім жазасы түрінде жазалауды қарастыратын 30 бап болды. Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде бұл баптардың саны 1994 жылы 13 – ке, 1998 жылы – 8, 2001 жылы – 4-ке дейін қысқартылды. Қазіргі уақытта 2003 жылғы қылмыстық заңнаманы либерализациялау шараларынан кейін өлім жазасы екі жағдайда – ауырлататын мән жайларда қасақана кісі өлтіру және лаңкестікте қолданылады. 2005 жылы 1 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті И.Г.Каримов «Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салу туралы» Жарлық шығарды. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап өлім жазасын қылмыстық жазалау ретінде қолдануға тыйым салу және оның орнына өмір бойы қамауға алу не ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды енгізу қарастырылған. Өзбекстанда өлім жазасы қолданылатын қылмыстар барлық қылмыстық әрекеттердің бір пайызына жетпейді. Қылмыстың қандай түрін жасаған болса да, өлім жазасын кәмелетке толмағандарға, әйелдерге және 60 жастан жоғарыларға қолдануға тыйым салынған. Өлім жазасын қолдануға қатысты мемлекеттік саясат әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді және Өзбекстан Республикасының Конституциясында жарияланған ізгілік және әділеттілік қағидаларын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 бабында көрсетілгендей, әрбір адам өмір сүруге құқылы және 2007 жылы 21 мамырдан бастап өзгерту енгізілген Негізгі заң бойынша өлім жазасы адамдардың өліміне әкелетін лаңкестік ауыр қылмыстарға, сонымен бірге соғыс кезінде болған аса ауыр қылмыстарға қолданылатын, айыпталушыға кешірім сұрау құқығы берілетін жазаның ең жоғары түрі болып саналады.

Біздің ойымызша, өлім жазасына барлық елдерде тыйым салу дұрыс және қажет шешім болып табылады. Мемлекет мейірімділік үлгісін танытуы керек және қысым көрсетудің шексіз тізбегін үзуі және өз азаматтарына жоғары құндылық – адам өміріне құрметпен қарауды үйретуі тиіс.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесі егемендік алғанға дейін 1991 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында Қазақ КСР Президенті Н.А.Назарбаев пен Қырғыз КСР Президенті А.А.Ақаев қол қойған Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында достық және ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялаған. Келісімге сәйкес екі мемлекет БҰҰЖарғысының, Жаңа Еуропа үшін Париждік Хартияның және басқа да Еуропа және Азияда қауіпсіздік және ынтымақтастық туралы құжаттардың мақсаттары мен қағидаларын мойындай отырып, адамның құқығы туралы жалпы қабылданған халықаралық норманы сақтауға және азаматтардың ұлтына не басқа да белгілеріне қарамастан, барлығына бірдей құқық пен еркіндік беруге міндеттенді. 1998 жылдың 9 қарашасында Қазақстан ратификациялаған, 1997 жылы Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы Келісімде, екі жақ олардың аумағында тұрып жатқан екінші жақтың азаматтарына, олардың ұлтына, дініне немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы танылған халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес экономикалық және мәдениеттік, әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар беруге кепілдікті растады. Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген 1998 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан және Түркіменстан арасындағы «Азаматтық және отбасылық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Келісімде екі жақ халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларын басшылыққа алуға келісті.

1997 жылы 26 мамырда Қазақстан Республикасы ратификациялаған, «бір жағынан Қазақстан Республикасы, екінші жағынан Еуропалық қауымдастық пен оның мүше-мемлекеттері Брюссельде 1995 жылы 23 қаңтарда қол қойған серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімде» тараптар қызметінің мынадай ортақ қағидалары аталды: «Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында, Хельсинки Қорытынды Актісінде және Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясында анықталған демократияны, халықаралық құқық және адам құқығы қағидаларын сыйлау».

1996 жылы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген шетелде тұрып жатырған отандастарымызды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасында Адам құқықтарының Жалпы бірдей Декларациясы және басқа да халықаралық құқық нормаларымен бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы танылған. Бұл жағдай таяу және алыс шетелдегі қазақ диаспорасының қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрауымен байланысты. Олардың көп бөлігі кеңес дәуірінде революциялық және азаматтық соғыс салдарынан, зорлап ұжымдастыру, аштық, жаппай қуғын – сүргін салдарынан өздерінің тарихи отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Таяу шетелдердегі (ТМД) қазақтар КСРО құлағаннан кейін диаспора болды.

Адам құқығы саласындағы халықаралық құқық нормаларын Қазақстанның мойындауының тағы бір мысалы болып 2002 жылы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшылары қол қойған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше- мемлекет басшылары Декларациясы саналады. Декларацияның III бөлімінде былай делінген: «ШЫҰ мүше-мемлекеттер БҰҰ Жарғысы қағидаларына сәйкес қызмет ететін міндететене отырып, барлық адам құқықтарының әмбебаптылығын, тұтастығын, өзара тәуелділік және өзара байланыстылығын, сонымен қатар адамның негізгі бостандығын және құқықтарын сақтауға міндеттілігін растайды, даму және бейбітшілікті адам құқығын қорғаудың басты кепілі деп санайды, адам құқығы бойынша «қос стандарттарды қолдануға» және олардың қорғау сылтауымен басқа мемлекеттердің ішкі жағдайларға араласуына қарсы».

Қазақстан Республикасы басшылығы адам құқығы саласындағы халықаралық ұйымдармен қатынасына үлкен мән береді. Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевтың басшылығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық келісімдер бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл комиссияның басты міндеті адам құқығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық құқық нормалары мен жалпы танымал қағидаларына сәйкестендірумен байланысты мәселелерді шешу және адам құқықтары бойынша халықаралық конвенциялардың орындалуын үйлестіруші органның функциясы жүктелді. Және айта кететін жайт, мемлекет адам құқығы және бостандығы бойынша алға қарай жылжып келеді. Мұны әлемдік қауымдастық та мойындайды. 2003 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметі адам құқығын қорғау саласында біраз алға жылжығаны туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Конгресске жіберіліп, Федералды реестрде жарияланған, 2003 жылы 25 қарашада АҚШ Сенат және Өкілдер конгресінің палатасы Қазақстанға байланысты арнайы қарар қабылдады және онда біздің еліміздің егемендік жылдары жеткен жетістіктері жоғары бағаланатыны туралы айтылған. Бұл құжатта әсіресе көңіл аударылады «Қазақстан салыстырмалы қысқа уақытта тоталитаризм шынжырын алып тастап, мемлекеттік және қоғамдық институттары мықты, тиімді демократиялық құралдар, заң үстемдігі қағидасы орнатылған және адам құқықтары сыйланатын зайырлы, қарқынды дамитын азаматтық қоғам құрды».

Адам құқығы кешенді санат болып табылады, оның ішінен адамзаттың бейбітшілік және қауіпсіздікке құқығын бөлеміз, мемлекеттің егемендікке құқығын және адамның кез келген ажырамас құқығына бөлеміз. Бұл үш бөлік өздері бөлінбес бірлікті құрайды және адамзат қызметіндегі басымдылық болып табылады. Адам құқығын құру, қорғау және қамтамасыз етуде мемлекет орталық бағыт болады. Кейбір халықаралық құжаттарда халықаралық құқық нормаларын бұзуды халықаралық қауымдастық қылмыс ретінде санайтынына қарамастан, адам құқығы мен бостандығының көлемі нақты ұлттық мемлекетке байланысты. Адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі тек халықаралық және ұлттық құқық тікелей арақатынасы жағдайында заңшығармашылығына қатысты емес, сонымен қатар ұлттық заңның жалпы тәртібіне қатысты.

2000 жылы М.Т.Оспанов Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы болған кезінде заңның декларациялық түрінің басымдылығын белгілеп көрсеткен. Заңның абстрактілігі және декларативлігі көптеген заңға сәйкес актілердің пайда болуына әкеледі, оның нәтижесінде заң шығару функцияларын конституция бойынша оған құқығы жоқ органдар орындай бастайды. Заңдар тікелей қолдану актісі болуы тиіс /57/. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Ю.Ким де кейбір заң жобалардың декларативтілігін атап айтты, соның ішінде депутаттардың енгізген заң жобалары туралы, «бұл ағымдық нормалардың мағынасын бүлдіретін ішкі заңдылық актілердің пайда болуымен қолайсыздыққа әкеп соқтырады». Парламенттің өзінде, тіпті Мәжілісте де заңнамалық ұсыныстар жасайтын тұрақты комитеті жоқ. Жүзеге асырылу үшін заңға сәйкес нормативтік актілерді қабылдауды талап етілетін заңдар олар толық дайындалмағанша күшіне енбеуі керек. Басқаша айтқанда, заң шығарудың «пакеттік» қағидасы қолданылуы тиіс, ол кезде заң жобасымен бір уақытта оны жүзеге асыруға қажетті барлық басқа нормативтік актілер ұсынылады. Мұндай әдіс заңдардың заңға сәйкес актілермен бұрмалануын болдырмайды, сонымен заңға сәйкес актілерді жылдап күтпей-ақ, мүдделі тұлғалардың заңдарды уақытында орындауға көшуіне мүмкіндік береді. 1998 жылдың өзінде-ақ В.В Мамонов Президенттің тиісті Жарлығымен заңды мемлекеттік қамтамасыз ету Бағдарламасын қабылдаған дұрыс болады деген. Ол бағдарламада шаралар тізімі, оны орындаушылар, жүзеге асыру мерзімдері, бақылауды ұйымдастыру және т.б. мәліметтер болуы керек, бұл заңдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысты реттеу арнайы актіні Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруды ұйымдастыру туралы Заңды қабылдауға әсерін тигізуі мүмкін еді /59/.

Заңдарды қабылдаудың пакеттік қағидасын Қазақстанның халықаралық келісімдерге, халықаралық ынтымақтастықтың басқа формаларына ратификациялау немесе басқа да қосылуы кезінде қолдану қажет. Қазақстанның қатысуымен жасалған кез келген халықаралық шарт димпломаттардың халықаралық-құқықтық құжаттардың мәтінімен жұмыс жасауының жемісі болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әрекеттерін координациялау және бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын заңдық күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындау кезінде жыл сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бұйрығымен (әрі қарай – Бұйрық) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының заңды күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындау Жоспары» құрылады (әрі қарай тек - Жоспар). Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға Жоспардың бекітілген мерзімде орындалып шығуын қамтамасыз ету тапсырмасы беріледі, және әр тоқсанның басында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігіне оның орындалуы туралы ақпаратты ұсынулары тиіс. Тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (министрлер) Жоспардың уақытылы орындалуына жеке жауапкершілік тартады.

Сонымен, елдің адам құқығы туралы Билльді тануы мемлекет қызметінің ішкі және сыртқы мәселелеріне жауап береді. Халықаралық құқық нормалары, соның ішінде, адам құқықтары мен бостандықтары туралы нормалары толық және уақытылы ұлттық құқықтарға имплементациялануы үшін мемлекеттік аппарат пен қандай да бір халықаралық-құқықтық актінің ратификациялануы үшін күресетін қоғамдық ұйымдардың келісілген жұмысы қажет. Бұл кезде келісімді, Конвенцияны, өзге халықаралық-құқықтық актіні ратификациялау туралы заңды жобаның бастамашылары дайындық жұмысын жүргізуі қажет. Ең алдымен, келесі мәселелерді қарастырғаннан кейін, бұл құжаттың ратификациялануын сенімді түрде дәлелдеуге болады:

- бұл құжаттың біздің еліміздің Конституциясы мен әрекет ету құқығына қарсы шықпаушылығы, егер қарсы шығатын болса, не ратификациялаудан бас тартуды ұсыну, немесе ескертумен ратификациялау;

- бұл құжаттың бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттеріне қарсы шықпаушылығы (оның ішінде аймақтық қауымдастықтар шегінде қабылданған міндеттемелерге де);

- бұл құжаттың қабылдануы мемлекеттің әлеуметтік-саяси дамуына әсер ететіндігін анықтау;

- егер халықаралық келісімнен оны қолдану үшін заң шығару қажеттілігі туындайтын болса, заң жобасын ұсыну (ратификацияланатын халықаралық-құқықтық актіге сәйкес келтіру мақсатымен әрекет етуші заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалар пакетін құру), сонымен қатар ратификацияланатын құжаттың нормаларын жүзеге асырумен байланысты қаржылық шығындар, елдің экономикалық табыстары мен шығындарын есептеу.

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы танымал қағидаларына негізделгенімен, маңызды халықаралық құжаттарды ратификациялау кезінде, мысалы, адам құқықтары туралы пактілерді, оған белгілі бір өзгертулер енгізу қажеттігі пайда болатын жағдайлар туындауы мүмкін. Халықаралық-құқықтық актіні қабылдау міндетті болған кезде, бұл процедурадан ауыртпашылықсыз өту үшін, Конституцияға енгізілетін өзгерістер, мүмкіндігінше, ратификациялауға дейін енгізілуі тиіс. Осы арқылы ұлттық құқыққа имплементацияланған халықаралық құқық нормаларының максималды тиімділігі қамтамасыз етіледі, ал ел өз кезегінде құқықтық болып саналады және адам құқығын жаппай бұзушылыққа жол берген, саяси қуғын-сүргінге айналған тоталитарлық кезеңнен өткен мемлекет имиджін күшейтеді.


Каталог: repository -> repository2013
repository -> Аяз би кім? // Егемен Қазақстан. 2001. 29 тамыз (№190-193). 11 б
repository2013 -> Ііі дәріс сабақтарының қысқаша конспектілері - дәрістер. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалау технологиясының даму кезеңдері
repository -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
repository -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
repository2013 -> Материалдары
repository2013 -> Определение степени поражения различными болезнями ячменя и пшеницы на территории аккайынского района северо-казахстанской области
repository2013 -> Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет