Орынбор маңындағы ауыл тұрғындары үйлерін су тасқынынан құтқарып қалған бөгетті өздері салып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gorodche.ru

Олар шамамен 3 миллион рубль жинап, бес күн бойы тәулік бойы жұмыс істеген. Бөгеттің ұзындығы – 1,5 шақырым.

Тұрғындардың айтуынша, олар әкімшіліктен ешқандай көмек алмаған. Сондай-ақ тұру ережесін бұзғаны үшін төтенше жағдай кезінде берілетін төлемді де алмаған. Олардың сөзінше, тіпті кейбір шенеуніктер оларды рұқсатсыз жұмыс істеп, бөгет салғаны үшін жазалаймыз деп қорқытқан.

  • "Ресейден судың үлкен көлемі келе жатыр": Орал әкімі Миржан Сатқанов халыққа видеоүндеу жасады
  • "Ұршықты теріс иіру, суға дәрет сындыру, омырауын сауу": Желіде су тасқынына қарсы ырым-жоралғылар жасаған қазақстандықтардың видеолары тарады

Таңғы 8:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см болып тұр, яғни су 8 см көтерілген. 

13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см болды. Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқыны шарықтау шегіне жетті.

“17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынының шарықтау шегі басталуы мүмкін делінді. 20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендерге, 500-і Орал және 150-і өзеннің төмен ағысына арналған. Бұдан басқа елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды”, – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.