Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 78.87 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі78.87 Kb.
түріСабақ

Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу; 

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру
Тәрбиелік: Туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, 7 сұрақ әдісі. Сюжеттік талдау, мақал-мәтел, автормен сұхбат.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, стикер, микрафон, ноутбук, интер белсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

4. Cыныпты 3 топқа бөлу

II. Үй тапсырмасы.
1. Топтық жұмыс

1-топ. Қ.Жұмаділовтың өмірі

2-топ. Қ.Жұмаділовтың шығармашылығы

3-топ. Қаздар туралы мәлімет айту


2. Автормен сұхбат

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Қ.Жұмаділов келді. Қонағымызды қарсы алайық.

- Балалар, көкейлеріңде жүрген сұрақтарың болса қонағымызға қоюларыңа болады. (Топтан бір оқушы Қ.Жұмаділов болып шығады).



3. 7 сұрақ әдісі

1.Кім?


2.Не?

3.Қашан?


4.Қайда?

5.Неге?


6.Қалай?

7.Егер...осылай болса не болар еді?



III. Жаңа сабақ.

- Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, қаздар қайда қайтуы мүмкін?


1. Топтастыру стратегиясы


Мекеніне


Жылы жаққа Суық жаққа



Туған жеріне
Балапанына 

Ұясына


- Дұрыс, олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.

2. «Әңгімені жалғастыр» әдісі
Топтағы оқушылар белгілі уақыт аралығында слайдта көрсетілген әңгімені оқып, әрі қарай қалай болатынын оқушылар өз пікірлерін айтады.

IV. Сабақты бекіту.

1. Даналық ағашы (сұрақ-жауап):

1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

2. Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.)

3. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті?

4. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?

5. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма?

6. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? (1962 жылы, сәуір айында)

7.Сапар барысында Байтас қарт қандай қиындықтарға тап болды?


8. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде?

9. Қарттың мінезінен қандай қасиеттерді байқадыңдар?



2.Сюжеттік талдау

Идеясы – Отан оттанда ыстық

Оқиғаның басталуы – Жалғыз жортқан жолаушы, жолда көрген қиыншылықтары

Оқиғаның байланысуы – Ойға оралған өткен күндер, немесе жалғыз немересі Төлеутай

Оқиғаның дамуы – Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет

Шарықтау шегі – Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр

Шешімі – Тұмардағы бір уыс қиыршық тастың туған жер топырағына түсуі

3. Білгірлер сайысы

1.Қабдеш Жұмаділов нешінші жылы дүниеге келді?

А) 1936 Ә) 1937 Б) 1939

2.«Қаздар қайтып барады» шығармасын қашан жазды?

А) 1965жылдың басында Ә) 1960жылдың орта шенінде Б) 1962жылы

3.Немересінің аты кім?

А)Төлеутай Ә)Бөкентай Б)Амантай

4. Жел ұшырып, қолындағы киім-кешегі мен қоржынын ————

лақтырып жіберді де, үлкен қойтастың бірін құшақтай алды.

А) Таудан асырып Ә) Арғы жағаға Б) Төменге

5.Тұмар қандай матадан тігілген?

А) шәйі Ә) барқыт Б) шыт

6. Неткен сұлу, неткен ғажап … еді бұл?

А) Өзен Ә) Таң Б) Туған жер

7. Туған елге табан тіреген қарт бірінші қайда баруды ойлады ?

А) Зират басына Ә) Ескі қыстауға Б) Шекараға

8. Тұмарының ішіндегі топырақ неше жылдық?

А) 50 жылдық Ә) 40 жылдық Б) 60 жылдық

9. Шіркін-ай,бұл… суындай дүниеде су бар ма екен?

А) Нұра Ә) Тентек-Хандай Б) Айнабұлақ

10. Жаны мен тәні қалаған бір ғана тілек бар. Ол…

А) Мейірі қанып су ішу. Ә) Немересін құшақтау. Б) Жату, демалу.



Жауаптары: 1.а, 2.ә, 3.а, 4.ә, 5.ә, 6.б, 7.а, 8.ә, 9.б, 10.б.

 4. Мақал-мәтелдер (Туған жер туралы):

Туған жердің тасы да таныс.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жердің жусаны жұпар.

Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Ит туған жеріне, ер туған жеріне.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Туған жер алтын бесік.

Бөтен жердің гүлінен, Туған жердің тікені артық.
5.Тұрақты тіркестер.

Төмендегі сөздерге өз сөзіңмен түсінік бер



Титығы құру – шаршау

Таңдай жібіту – шөлін басу

Көзі шарадай жану – қорқу

Қан қақсау – алдау

Бармағын шайнау – өкіну

Тілі аузына сыймау – шөлдеу

Жігері құм болу – көңілі қалу

Ет жүрегі езелу – мейірімді болу

Қайырымы тию – көмектесу

Жыртылып айрылады – мақтану

Өзегі тала қоймаған – шаршамау
  Балалар,  «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, өз туған жеріміз өзімізге ыстық. Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат. Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер, ата-бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын-туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның. Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету – әрбір азаматтың  борышы. Тағдыр талайымен тарыдай шашылған қазақтар дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударайық (Слайд түрінде көрсету).

 

6. Шалғайда жүрген қандастар

АҚШ-та – 14 000

Украинада – 15 000

Түркияда – 25 000

Тәжікстанда – 10 000

Иранда – 12 000

Өзбекстанда – 1 550 000

Моңғолияда – 100 000

Ресейде – 740 000

Қырғыстанда – 45 000

Қытайда – 1 500 000



7. Ән. Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін хормен айту.
Құстар қайтып барады

Сөзін жазған: Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырлайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан,

өте шыққан сезімдей.


Құстар, құстар сызылып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал, адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай,

жылай да алмай қалады.
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,

Тамаша әнмен келіп еді көктемде.

Өскен жерге сыймай кетіп барады,

Өскен жерін қимай кетіп,

қимай кетіп барады.
V.Үйге тапсырма:

1.“Кіндік қаным тамған елім” – шығарма жазып келу.

2. 7 сұрақ құрау

3. Әңгіме желісі бойынша сурет салу.



VI.Бағалау.

Кері байланыс. Оқушылар бір-бірінен сұхбат алады.



Бағалау парағы




Оқушылар-

дың

аты-жөні


Тапсырмалар


Қорытынды

бағалар

Үй жұмысы

Әңгімені

жалғастыр

Даналық ағашы

Сюжеттік талдау

Білгірлер

сайысы

Мақал-мәтел

Тұрақты тіркестер

«5»-5-6

«4»-3-4

«3»-2-3





























































































































































































Хасанова Меруерт

«Кәусар» гимназия мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Оңтүстік Қазақстан облысы,
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет