Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас



жүктеу 80.71 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі80.71 Kb.

УДК 34.096

А.Е. Ахмедияева

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынас

және әлем тілдері университеті,

Халықаралық құқық кафедрасының

3 курс 341 топ студенті,

 Алматы

Ғылыми жетекші: Б.Е. Айтжан

з.ғ.к., қауымд. профессор
A.E. Akhmediyaeva

Kazakh University of International

Relations and World Languages

named after Abylai Khan,

 Almaty

Scientific supervisor: B.Е. Aitzhan

PhD, associate professor
Медиацияны құқықтық реттеудің өзекті мәселелері



Актуальные проблемы правового регулирования медиации



Actual problems of legal regulation of mediation
Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда құқықтану саласында өзекті мәселе болып жүрген медиация институты қарастырылған. Басты назарда қазіргі кезде медиация туралы заңының қолданыста жүруі, сол секілді қоғамға оның маңыздылығы жайлы баяндалады.

Кілтті сөздер: медиация, медиатор, бітімгерлік келісім, делдал, дауларды сотқа дейінгі тәсілдермен шешу, келіссөз жүргізу.
Аннотация

В статье рассматривается институт медиации, который сегодня является актуальной проблемой в области юриспруденции. Основное внимание уделяется применению закона о посредничестве, а также его важности для общества.

Ключевые слова: посредничество, посредник, примирение, медиатор, разрешение споров в суде, переговоры.
Abstract

The article considers the institution of media that today is an actual problem in the field of jurisprudence. The basic idea is to apply the laws of the law, as well as for the sake of society.

Key words: mediation, mediator, mediation agreement, mediation, ways of solving disputes, negotiating.

Соттасудан аулақ болыңыздар.

Қарсыласыңызды ымыраға келуге көндіріңіз. Оның назарын соттағы жеңісімен емес, сондай-ақ уақыт пен шығынның бекер кететіндігіменде түсіндіріңіз.
Авраам Линкольн

Мемлекет пен қоғам үшін адамдардың бас бостандығы мен құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытында қорғау–азаматтардың әділ құқықтарын қолжетімділігіне және соттардың жұмысын ашық түрде бұқаралық ақпарат құралдарымен қызмет етуге соттар әрқашан дайын екендігі барлығымызға белгілі. Бүгінгі тілге тиек еткелі отырған мәселе қолданыста жүрген «Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы» жөнінде болмақ.

«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді.Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни, екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі десекте қателеспейміз. Алғашқыда «Медиация туралы» заң жобасы Мемлекет Басшысының 2009 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы судьялары мен соттарының V съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және де Үкіметіміздің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарына  сәйкес әзірленді.

Аталған заңдар медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған [1].

Елімізде медиация туралы заңның шын мәнінде жұмыс істеп, іргелі құқықтық институтқа айналуы, ең алдымен, медиаторға байланысты деп ойлаймыз. Кімнің медиатор бола алатыны, оның жұмыс істеу тетіктері заңда айқын көрсетілген, ол ешқандай түсініспестік, не дау туғызбайды. Заңға сәйкес медиация рәсіміне қатысудың шарты тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі. Бұл, әрине, түсінікті қағидат. Дегенмен, екі тарап өзара ерікті ниет білдіріп отырса олар медиатор іздемей-ақ мәселелерін өзара шешіп кете бермей ме? Көбіне солай болады да, араға ағайын салады, кісі жүреді. Осының өзі, сайып келгенде медиация емес пе, кемшілігі тек ара ағайын медиатор ретінде заңға сәйкес тіркелмеген, жазбаша келісім шарт жоқ, бәрі ауызша болатындығында. Сонымен «Медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың – медиатордың қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы әрекеттерінің бірі, ол тараптарды өзара бітімге келуге көмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді» [2].

Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.

Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Медиаторлар ассоцияциясынан /одағынан/ арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін /тізілімін/ Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізінде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамдар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс.

Медиатор – бұл бітімгер. Бұл – қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу – қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам.



Сонымен қатар, еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісіне қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын. Оның ішінде, тараптардың  жеке құқықтық дау-дамайында ымыраға қол жеткізудің сот арқылы және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталу мүмкіндіктері де көрініс тапқан еді. Осыған орай, заң жобасында медиация ұғымын анықтау, оның негізгі қағидаттарын, қолданылу аясын, медиация рәсімінің кепілдігін, медиаторлар қызметіне ақы төлеу және белгілеу   мәселелері қарастырылған. Дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына көшіретін бұл жаңа заңның арқасында соттарда қаралатын  істердің саны да айтарлықтай азая түсетіндігі белгілі.

Еліміздің сот жүйесінің мамандары медиация табиғаты қазақ даласы үшін жаңалық, таңсық емес екенін айтып жатыр. Шынында да өткен тарихымызға зер салсақ, жеке адамдар арасындағы, бір қауым ел ішіндегі жер дауы мен жесір дауы сияқты келелі тартыстарды билер алқасы шешіп отырған. Ендеше бүгінгі заманда да қоғамның демократиялық жаңаруы қағидатына дәлме-дәл келетін осы ара-ағайындық делдалдықтың, яғни медиацияның  түп тамыры өзіміздің дана бабаларымыздың саясатынан бастау алады екен. Заңдық анықтамаға жүгінсек, медиация кезінде үшінші, бейтарап жақ, яғни медиатор дауласушы тараптар арасында ерікті келісімнің түзілуіне түрткі бола отырып, дау-жанжалды шешуге жәрдемдеседі. Яғни азаматтар өзара туындаған дау-дамайларды іс сотқа жолданғанға дейін шеше алады. Медиатор араздасушы екі жақпен де жеке-жеке әңгімелесіп, ушыққан жағдайды реттеудің, сауықтырудың барынша әділетті, ұтымды амалдарын қолданады. Қандай да бір тарап ымыраға келуден бас тартса, медиатор бұл күрделі жағдайды өзінің парасат-пайымы  мен біліктілігі арқасында шебер шешуге тырысады. Атап айтқанда, келіспеуші тұлға үшін істі бұлайша насырға шаптырудан гөрі өзара тиімді, татуласу келіссөзіне бару оңтайлы болатындай жағдай қалыптасуы тиіс [3].

Ал енді «Медиация туралы» заңның іске асуы неге баяу жүруде деген сауалға да тоқтала кеткеніміз жөн сиақты.

Жоғарыда аталған заңның 20-бабының 3-бөлігіне назар аударсақ – судьяның тараптарды медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ делінген. Ал осы баптың 4-бө­лігінде тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша сот жасауы мүмкін. Яғни тараптарды медиацияға жүгіндіру үшін сотқа бір тараптың сондай өтініші керек. Ал егер ондай өтініш түспесе ше? Бұл жағдайда сот істің мән-жайларына қарап, медиатордың міндетін шын мәнінде өзіне ала отырып, тараптарға істі бітімгершілікпен бітіретін мүмкіндіктері бар екендігін, оның салдарларын процесс бойына түсіндіріп, еске салып отырады. Бұл кезде мәселенің жағымсыз қыры, яғни тараптардың сотқа деген сенімсіздігі туындауы мүмкін.

Судья ретінде медиацияны, әрине, қолдаймыз, медиация шын мәнінде іске асса одан судьялардың ұтары көп. Бірақ заңға сәйкес тараптарға медиаторға баруыңызға болады деп те айта алмаймыз. Сондықтан, медиацияны қолдануды сотқа дейін міндеттеу мәселесін қолға алса жағдай басқаша болар еді. Сот процесінде АПК-нің нормасына сәйкес тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы құқығын түсіндірудің нәтижесі аз. Себебі, халық медиацияны білмейді, білген күнде де оған сенім аз, ауылдық жерде тіркелген медиаторды табу да оңай шаруа емес.

Заңның 16-бабына сәйкес, әкім­дердің бұл бағыттағы жұмысы тек медиаторлар тізілімін жүргізумен ғана шектелген. Егер әкімге «мен медиатор болғым келеді» деп ешкім келмесе,әкім бұл шаруаны жылы жауап қоя салады, себебі бұл оның міндетіне кірмейді. Ал өз ауылында медиатор болғаны ауыл, аудан әкіміне де тиімді. Сондықтан ме­диаторды әрбір ауыл, аудан, қала әкімдері өздері тауып, дайын­дауы, оларды насихаттауы тиіс. Сонда соттың да бейтараптығы сақ­талады. Бұл ретте кәсіпқой емес медиаторлардың алатын орны ай­рықша. Себебі, бұл ауылдық жерлерде медиация институтын дамытуға мүмкіндік беретін бірден-бір тұлға – солар.

Әкімдер тек келген адамдардың тізімін жүргізумен шектелмей, өз­деріне бекітілген аумақтарда дау-жанжал туған жағдайларда та­раптарға міндетті түрде дауды медиа­ция жолымен шешу мүмкіндігін түсіндіріп отырса жөн болар еді. Себебі, ауылдық жерде, өмірден көріп отырғанымыздай, көп дауды сол жерде, ауылдан шығармай-ақ шешуге мүмкіндік бар [4]. Бұл, өз кезегінде, ең алдымен болмашы даудан ағайын арасының ашылмауына, сонымен бірге соттардың жұмысын жеңілдетуге сеп болар еді. Мұны нақты жүзеге асыруға мүмкіндік бар, себебі, әр ауылдың өзінің аксақалы, жөн сілтер ағасы бар емес пе. Одан басқа дау-шарды шешу үшін биге бармай тұрып, бірінші ауыл ағасына, ақсақалдарға, қадірлі азаматтарға жүгіну де бұрыннан бар дәстүр.Өйткені, олар белгілі бір ортада, тұрғылықты халық арасында құрметке бөленген, дауласу­шы­лардың алдында беделі бар адам. Кәсіпқой емес медиаторлар медиация­ны тегін жүзеге асырады. Дегенмен, кәсіпқой емес медиаторларға медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар өтеледі. Сонымен қатар, оларды ынталандыру үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлу де артық болмас еді.

Кәсіпқой емес медиаторға қойылатын талап та аз, тіркелу тәртібі де жеңілдетілген. Сондықтан, заңға кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен даулар мен жанжалдарды шешу туралы косымша ережені енгізу қажет. Бұл қоғамда беделді және құрметке бөленген азаматтардың қалың жігін жанжалдарды соттан тыс реттеуге тартуға мүмкіндік береді.

Қорытындылап келгенде, елімізде қабылданған «Медиация туралы» заңы қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі қалпына келтіруге жасалған игі қадамы. 2011 жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысының қол қойған заңы ресми түрде жарық көрді. Бұл заң – бұқара халыққа өте қолайлы, әрі сот және құқық қорғау органдарының жұмыс барысына көп жеңілдіктер әкелетініне сеніммен қарауымызға болады. Түрмесі болмаған іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Мәселемізді қалай зерттемесекте, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу – еліміздің бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған абыройлы қадамы деп түсінуіміз керек.



Әдебиеттер тізімі
1. Аллахвердова О. В., Карпенко А. Д. Методическое пособие для посредников-медиаторов. – СПб., 2005. – 107 с.

2. Рахимжанова Ә.С. «Медиация» туралы [электронды ресурс] http://www.janaarksot.kz

3. Бақтығалиев Н. «Медиация туралы» заңның іске асуы неге баяу? [электронды ресурс] http://i-news.kz/news

4. Қарағанды облысы Атасу кенті Жаңаарқа аудандық соты «Медиация туралы дөңгелек стол» [электронды ресурс] http://www.janaarksot.kz





Каталог: pdf -> 2017
2017 -> Статья посвящена одной из актуальных проблем гражданского права институту защиты прав чести, достоинства и деловой репутации. В ней рассматриваются некоторые проблемы данного аспекта как объекта гражданского права рк
2017 -> Ә. А. Кастелбек Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 ->  Вопросы разрешения споров возникающих из семейно
2017 -> Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики
2017 -> Кафедра доценті, Абылай хан атындағы
2017 -> Меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері
2017 -> Ерментай султанмурат
2017 -> Қр іім макан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет