Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас



жүктеу 93.93 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі93.93 Kb.

УДК 323.28 М.Б. Қабылбек

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынас

және әлем тілдері университеті,

Халықаралық құқық кафедрасының

3 курс 342 топ студенті,

 Алматы

Ғылыми жетекші: Е.Ж. Алимагамбетов

з.ғ.к.
M.B. Kabуlbek

Kazakh University of International

Relations and World Languages

named after Abylai Khan,

 Almaty

Scientific supervisor: E.Zh. Alimagambetov

PhD
Террористік әрекетке жаза тағайындаудың кейбір мәселелері



Некоторых вопросах назначения наказания в террористической деятельности



Some questions of appointment of punishment in terrorist activities
Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі таңдағы террористік әрекет және алдын-алу жолдары туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының әр түрлі Заңдарында бекітілген террористік әрекеттің алдын алудың негізгі нормалары көрсетілді.

Кілт сөздер: террористік әрекет, құқық бұзушылық, жаза

 

Аннотация



В этой статье рассматриваются современные террористические действия и профилактика. Основные нормы предотвращения террористической деятельности, установленные Законами Республики Казахстан.

Ключевые слова: террористические акты, правонарушения, наказание
Аbstract

This article deals with modern-day terrorist activities and prevention. Basic norms of terrorist activity prevention established by the Laws of the Republic of Kazakhstan.

Key words: terrorist acts, offenses, and punishments
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасының жаза тағайындаудың мәселелерін реттейтін нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану қажет.

Бүгінгі таңда терроризмнің қауіп-қатеріне қарсы сақтандыру шараларын жасау – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі екенін атап өту қажет. Республика аумағында террористік әрекеттердің нақтылы төбе көрсетпегендігіне қарамастан, бұл ахуал кейбір топтардың терроризм әдістерін пайдалануды қоздыратын қабілеттеріне айғақ болатын факторлардың бар екенін естен жоққа шығармайды. Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасында терроризмнің пайда болуына қарсы әрекеттің құқықтық жэне ұйымдастырушылық негізін анықтап беретін «Терроршылдыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. Терроризм жалпы қоғамдық жағымсыздық тудырады және террорлық актілердің барлық көріністері қай жерде және кіммен жасалмасын, құқыққа қайшы деп танылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 бабының 3 тармақшасында, «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» деп көрсетілген.

Осыған орай, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына, сотталушының қызметтегi және қоғамдағы дәрежесіне қарамастан, әрбiр қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешу қажет.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға әдiл,  оның түзелуi және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиісті.

Сонымен бірге, егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын жағдайда ғана, ол үшiн қарастырылған жаза түрлерінің ішінен неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалатынын ескеру қажет.

Оған қоса, жаза тағайындау барысында жоғарыда көрсетілген қағидаларды бұлжытпай сақтай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша санаттары, қылмыстың қайталануы мен оның түрлерi, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңі, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызы, келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалы, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың болуы, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерi  басшылыққа алынуы тиіс.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты, террористік, экстремистік қылмыстарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған және түзелу жолына түсуді қаламайтын бұрын сотталған адамдарға қатысты ең қатал жазаны қолдану тәжірибесі енгізілді.

Бұдан бөлек, соттар жаза белгілеу кезінде сотталушының жеке басына қатысты мәлiметтердiң жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар екенін назарға ала отырып, оларды жан-жақты, толық және объективтi түрде зерттеуге тиіс (сотталушының денсаулығы, еңбекке қабiлеттiлiгi, еңбекке, білімге көзқарасы, соттылығы және отбасылық жағдайы, тағайындалған жазаның сотталушының отбасының және оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына ықпалы).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 53-бабы бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Сонымен қатар 40-бабының 2-тармақшасына сйкес қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады:

- айыппұл салу;

- белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

- қоғамдық жұмыстарға тарту;

- әскери қызмет бойынша шектеу;

- бас бостандығын шектеу;

- қамау;

- бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ, жазаны ауырлататын мән-жайлар тiзбесі, яғни қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын сот анықтаған өзге де мән-жайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына көзқарасы және т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерілуi мүмкін, бiрақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретiнде танылмайды.

Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 81 бабы 7-тармақшасына сәйкес,кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау кезінде бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін де, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы үшін де, сондай-ақ үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айырудың мерзімі он жылдан аспауы қажет.

Ал, кәмелетке толмағандарға көрсетілген мерзімнен артық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тек ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтiргенi үшін немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезіндегі адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстар жиынтығы мен үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалған бас бостандығынан айырудың мерзімі он екі жылдан аспауы қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заттарды дұрыс қолдануы туралы» №3 қаулысында соттардың назары ауыр қылмыс,әсіресе қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған,бұрын сотталған,бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалардың қатаң шараларын қолдануы керектігіне аударылады. Қылмытық кодекстің 49-бабының 1-бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.Жаңа қылмыстық заң өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін беріледі,яғни өлім жазасының орнына ғана тағайындалатыны аян.Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша аса ауыр кінәлінің қауіптілігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар болғанда ғана қолданылады.Алайда елімізде өлім жазасына 2003 жылы мораторий жарияланған. Бірақ бұл аса ауыр жазаны қолдануға кедергі емес екен. Яғни мораторий тек оны орындауға шектеу қояды. Қылмыстық кодекстің 47 бабына сәйкес ҚР Президенті өлім жазасын орындауға мараторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мараторий қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады. Өлім жазасы туралы үкім күшіне енген кезінен бастап 1 жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мараторийдің күші жойылған соң 1 жыл өткеннен кейін орындалады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының бір маңызды есебінде болашақ ғасырда адамзатқа екі үлкен қатер төнетін болады делінген. Осы қатердің бірі – экологиялық апаттар болса, екіншісі – терроризм екен. Осы терроризмге қатысты айтылған сөздер, қазірдің өзінде, тәжирибеде дәлелденіп жатыр деуге болады. Өздерінің қылмыстық мақсаттарын іске асыру үшін террористер барлық зұлымдық әрекеттерді жасауға дайын екенін де байқаймыз.

Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді.Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты.



Терроризмнің алдын алу үшін, оған тікелей әсер ететін келесі факторларды халықаралық деңгейде жою керек:

- кейбір мемлекеттердегі әлеуметтік тұрақсыздық және кедейшілік;

- террористік топтардың ұйымдастырушылық деңгейінің өсуі;

- терроризмнің идеологиялық негіздерінің нығаюы;

- террористік топ мүшелерінің қарулы күрес жүргізуді жетік меңгеруі;

- террористік әрекеттердің ақпараттық қамтамасыздандырылуы;

- террористік әрекеттерді қаржыландыру көздерінің болуы;

- террористік әрекетпен тұрақты, кәсіби түрде айналысатын адамдар топтарының қалыптасуы;

Мемлекеттердің терроризммен күресуде қолданып жатқан барлық шараларына карамастан, мемлекеттердің бұл саладағы ынтымақтастығының жіберген бір қателігі – бұл халықаралық терроризм ұғымы, оның занды табиғаты мен бұл қылмыс үшін жауапкершілік, сондай-ақ халықаралық терроризм актілерінің барлық тізімі анықталған біртұтас әмбебап келісімнің болмауы. Террористік актілер жасағаны үшін жауапкершілік туралы біртұтас актінің қабылдануы мемлекеттердің халықаралық терроризммен күресуінің тиімділігін арттырар еді.

Терроризммен күрестің ендігі бір жолы – халықты ақпараттандыру, жастар мәселесіне мән беру, экономикалық қиыншылықтарды еңсеру және имандылық пен  салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылады. Осы арада дәстүрлі жанұя институтын күшейтудің де мәні зор. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы күрестегі маңызды рөлін тағы бір рет атап өтуге мәжбүрміз.Қазақстан жағдайында терроризммен күресудің күшті амалы-ішкі береке бірлікті нығайтатын  шараларды қолдану, патриотизм тәрбиесін күшейту және құқықтың үстемдігін үзілді-кесілді орнату болып табылады. Әсіресе, Қазақстан қоғамын қазақыландыру процесіне конституциялық құқықтар мен бостандықтарды сақтай отырып серпін беруіміз керек. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және қазақ халқы негізіндегі гомогенді Қазақстан қоғамын қалыптастырыуымыз қажет. Ұлттық бірлігі дамыған, ортақ тілде сөйлейтін, ортақ тағдыры бар халықты теріс бағытқа салуға болмайтынын ескерген жөн. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстанда шет қалып отырған жоқ.

Жеке пікірім жайлы айта кетсем, террористік әрекетпен күресте әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттарды қамтитын кешенді шаралар қажет деп ойлаймын. Заманымыздың ең қауіпті құбылыстарының бірі - лаңкестікпен тек берлесіп күресіп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда» ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі терроризм ешқандай да мемлекет жападан-жалғыз күресе алмайтын қауіптердің бірі.

Террористік әрекеттер қазір ұлттық деңгейден асып, жаһандық қатерге айналып отыр. Өкінішке қарай, қазір терроризм әрекеттері тек үдеп қана қомай, оны тудыратын шарттар да әркелкіленіп отыр. Осы уақытта азаматтардың құқықтарының бұзылуы, жоқшылық, қоршаған ортаның ластануы сияқты шарттардың өзі лаңкестік әрекеттердің туындауына негіз болуда. Әсіресе қазір діннің радикалдануы мен террористік идеологияның интернетте тарауы үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұл келеңсіздіктердің Қазақстанға да қауіп төндіруі мүмкін.

Бір өкініштісі – әзірге бұл проблеманы шешудің біртұтас және ауқымды тәсілі жоқ. Сол себепті, ғаламдық қауіпке айналған бұл мәселені шешу жолын бірлесіп қарастырған жөн деп ойлаймын.


Пайдаланған әдебиеттер
1 История политических и правовых мыслей / Под ред. В. С. Нерсесянца. – М.: ИНФРА-М,1996. – 736 с.

2 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме анықтамалық сөздік. Юридический русско-казахский толковый словарь-справочник. Құрастырушылар: М.Р. Насырова, С.П. Гуляева. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 764 б.

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы (Астана қ., 2011 жылғы 28 қаңтар) // http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30929724

4 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы». Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-I Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000416_

5 Антонян Ю.М. Терроризм. Криминологическое и уголовно-правовое исследование. М.: Щит-М, 2001. с. 73.

5 Ломако В.Л. Применение условного осуждения. Харьков,1976



6 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. – Толықт., 3-бас. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
Каталог: pdf -> 2017
2017 -> Статья посвящена одной из актуальных проблем гражданского права институту защиты прав чести, достоинства и деловой репутации. В ней рассматриваются некоторые проблемы данного аспекта как объекта гражданского права рк
2017 -> Ә. А. Кастелбек Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2017 ->  Вопросы разрешения споров возникающих из семейно
2017 -> Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики
2017 -> Кафедра доценті, Абылай хан атындағы
2017 -> Меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері
2017 -> Ерментай султанмурат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет