Қабірлерді аралайтындардың МӘселелерінің шешілуі қабірлерді аралауға рұҚсат етіледі дегенді білдірмейді құрметті оқырман, салиқалы адамдардың «әулиелердің»



жүктеу 65.85 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі65.85 Kb.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ҚАБІРЛЕРДІ АРАЛАЙТЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІЛУІ ҚАБІРЛЕРДІ АРАЛАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ ДЕГЕНДІ БІЛДІРМЕЙДІ

Құрметті оқырман, салиқалы адамдардың («әулиелердің») қабірлерін зиярат ету үшін сапарға шығатындардың көбі өздерінің дәл осы қабірлердің алдында ауруларына шипа табатындарын, жоғалған адамдары мен заттарының қай жерде екені туралы білетінін, сол жерлерде муғжизалар көретінін және басқаша бір дауыстар еститінін айтатынын біліңіз. Олар: «Кімде-кім қайтыс болған «әулиеге» лайықты құрмет көрсетпесе немесе оның абыройын қорласа, оның басына міндетті түрде қайғы-қасірет немесе бәле келеді», - деп те айтады. Осы жерлерді зиярат етушілер оларды зиярат ету барысында көрген түрлі муғжизаларды баяндайды. Олар пәлен адам қабірлерді құрметтейтіндердің немесе олардың істерінің үстінен күлгеннен кейін, оны найзағай соққандығы, немесе оның отбасының барлығы қырылып қалғандығы, немесе ол ауыр, шипасы жоқ аурумен ауырып қалғандығы туралы баяндап жатады. Осының барлығы қабірлерді қастерлейтіндерді өздерінің хақ екендігіне деген сенімін және олардың осы жерлерге деген байланыстылығын одан сайын күшейтеді.

Мынау – осы туралы айтылатын ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

«Бір таныс адам осы жерге аяғы ауру, жүре алмайтын әйелін алып келгенін айтып берді, бұлақтың жанына келгенде ол бірден орынынан тұрды да, екеуінің қуанышына нық қадам баса жүріп кетті!»

Сондай-ақ: «Бұлақты бірнеше рет бульдозер көміп тастады, бірақ ол бәрібір қайта-қайта жердің астынан ағып шыға берді. Сиынушыларды қорқыту үшін ара ұяларын қойып көрдік, бірақ барлық аралар тез арада өле берді...»

Тура осы сияқты пайымдарға сопылардың кітаптары толы. Мысалы, «әл-Басаир» кітабында (42-бет) автор Бағдадтағы Муса әл-Қазымның кесенесі туралы сөз етіп, былай дейді: «Муса әл-Қазым кесенесі Аллаһ Тағала дұғаларға жауап беретін тексерілген орын болып табылады». Сондай-ақ «Табақат ул-әулия» кітабында (281-бет) автор Ма’руф әл-Курхидің қабірі туралы сөз етіп, былай деп пайымдайды: «Оның қабірі жақсы ажыратылып белгіленген және танымал. Адамдар оған құт-береке тілеу үшін сапармен барады. Ал Бағдад тұрғындары ол арқылы Аллаһ Тағаладан жаңбыр тілейді де, Аллаһ Тағала олардың осы тілектерінің қайтармайтынын айтады. Олар: «Әл-Курхидің қабірі жапа шегушілердің ауыртпалықтарын шешетіндігімен танымал», - деп айтады».

Алайда, осы жерде осының барлығы қабірлерге табынушылардың іс-әрекеттерін ақтамайтындығын және осы амалдардың рұқсат етілгендігін білдірмейтінін түсіну қажет. Мұны бірнеше тармаққа бөліп түсіндіруге болады:

1. Бұл оқиғалар мен әңгімелердің басым бөлігі іс жүзінде негізсіз, ойдан шығарылған және өтірік болып табылады. Жиі жағдайда бұл ертегілер бейтаныс адамдардан немесе өтірікшілер мен сұмдардан жеткізіледі. Осындай жерлерде халықты көп-көп жинаудан пайда көретін адамдар, осындай аңыз-ертегілерді ғаламтор кеңістігінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында таратады.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Шукри әл-Алюси былай деген: «Мұндай ертегілерді білімге ие болмаған және иманы әлсіз болып табылатын адамдар ойлап шығарады. Немесе мұндай әңгіме-хикаялар белгісіз адамдардан жеткізіледі. Бізге келер болсақ, онда егер осы хикаялар тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан жеткізілетін болғанда да, біз олардың жеткізушілер тізбегінің сенімділігін растамай қабылдамас едік. Ал басқа біреуден жеткізілетін нәрсе туралы не айтуға болмақ?!» Қз.: «Фатх ул-Мәннан» 372-373 беттер.

Барлық ғалымдар осындай хикаялар, ертегілер және түстер қасиетті мәтіндерде тыйым салынғандығы туралы айтылған нәрселердің рұқсат етілгендігіне дәлел бола алмайды дегенге бірауызды келіскен.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 һ/ж) былай деген: «Шариғи үкімдер және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және Сүннет имамдарының бірауызды пікірімен (ижма’) бекітіледі. Әрі бұл – осы үмметтің алғашқы буындарының жолы. Сондықтан да осы үш дереккөзден өзге қандай да нәрсеге негізделіп шариғат үкімін бекітуге рұқсат етілмейді... Ал осындай ертегілер мен хикаялар арқылы қандай да бір ғибадаттардың заңдылығын бекітуге келер болсақ, бұл яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

2. Кейбір жағдайларда «әулиелердің» қабірлерінің қасында шындығында да ерекше құбылыстар орын алып жататынын айтып кету қажет. Бұл қабірге зиярат етушілердің көз алдына түрлі бейнелерде, соның ішінде осы «әулиенің» бейнесінде көрінетін, немесе оған сөйлейтін, немесе жоғалған заттарының орнын көрсететін, немесе белгілі бір аурудан емделу жолын нұсқайтын жындар істейтіндігімен түсіндіріледі. Осының барлығын жындар қабірлерді зиярат етушілерді одан сайын үлкен адасушылыққа салу мақсатында істейді.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әлдекім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті етеміз де, сонда ол оның жолдасы болады. Күдіксіз, шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды» («әз-Зухруф» сүресі, 43: 36-37).

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Көпқұдайшылдардың адасуының ең ұлы себептерінің бірі олардың өз пұттарының қасында көретін және еститін нәрселері болып табылады. Кейбіреулер пұттардың жанында жоғалған заттың (табылар) орнын немесе қандай да бір қиындықтың шешілу жолын сыбырлап айтатын дауыстарды естиді, қабірлерді қадір тұтатындардың кейбіреуі оның көз алдында қабір ашылып, одан қарт адам шығып, оны құшақтап немесе онымен әңгімелесетінін көреді. Ал осы қабірге табынушы бұл бейнені қайтыс болған Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе «әулиеден» өзге ешкім емес деп санайды. Бірақ іс жүзінде қабір ашылмады, бұл тек Ібіліс қана оған қабірді ашылған етіп көрсетуде». Қз.: «Қа’ида әл-жәлилә» 140-бет.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам әл-Хужанди былай деген: «Кейде Ібіліс қайтыс болған салиқалы адамның бейнесінде келеді. Ол қабірге табынушымен сөйлесе бастайды, оған қайғы-қасіреттерінің шешу жолдарын сыбырлайды және оған кейбір құпия нәрселерге нұсқайды. Ал осы қабірге табынушыға келер болсақ, ол осы арқылы алданады да, одан да үлкен адасушылыққа түседі». Қз.: «Хукму Ллаһи әл-Уахид әс-Самад» 19-бет.

Ал біз өзімізден осындай хикаялардың тағы береуін қоса аламыз. Йеменнің қыстақтарының бірінде адамдар қасиетті деп санайтын бұлақ бар. Олар кім осы бұлақтың суына шомылса, сол түрлі тері ауруларынан айығатынын байқаған соң осы сенімді иеленіп алды. Барлығы да еш нәрсе емес, алайда мәселенің түйіні шипа тек дүйсенбі күні таң намазынан соң шомылғанда ғана болуында. Әрине, осы қыстақтың тұрғындары бұл құбылысты байқап қалған соң, білім иелерінен ешкім оларды бұл тек жындар мен сиқыршылардың айлалары екендігіне сендіре алмай қойды. Істің мәні жындар мен сиқыршылардың осы аймақ тұрғындарына зиян, аурулар т.с.с. нәрселер жіберетіндігінде болып тұр. Бірақ адам осы бұлаққа келген соң олар өз зиянының немесе ауруының күшін әлсіретеді немесе өшіреді, соның нәтижесінде адамның денесіндегі түрлі тері жаралары, Аллаһтың қалауымен, кете бастайды. Ал бұл қыстақтың қарапайым тұрғыны дәл осы суға жуынғандығы себепті шипа алғандығы туралы сенімді иеленіп алады, алайда іс жүзінде бұл бұлақтың суы басқа бұлақтардың суларынан еш айырмашылығы жоқ. Шамамен тура сол сияқты нәрселер қабірлерде де орын алуда. Бұл «сиқыршылар немесе жындар себепсіз зиян тигізе алады немесе зиянды кетіре алады» деген сөз емес. Бірақ бұл кез-келген адамның басқа бір адамға өзінің физикалық мүмкіндіктерінің шеңберінде зиян тигізе алатындығы сияқты.

3. Кейде Аллаһ Тағала осы қабірге табынушының дұғасына ол Аллаһқа ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап береді. Әсіресе, бұл сұраушы ауыр жағдайда болған кезде орын алады.

Аллаһ Тағала былай деді: «Немесе қиналғандар Өзіне жалбарынғанда, қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар ететін кім? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?» («ән-Нәмл» сүресі, 27:62).

Бұл Аллаһ Тағаланың тіпті кәпірлердің де дұғасына, олар Оған лажсыз жағдайда ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап беретіндігінен.

Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді құрлықта, теңізде кездіреді. Сендер кемеде боласыңдар. Кеме оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте сенімін нағыз Аллаһқа арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден болар едік», - деп тілейді. Дегенмен, Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй, адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Содан соң барар жерлерің Біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз» («Юнус» сүресі, 10: 22-23).

Ал әлгі бақытсыз сорлыға келер болсақ, ол аңсап жүрген дұғасы қабыл болған соң оның қабыл болуына пәлен «әулиенің» басына барып Аллаһтан сұрау септігін тигізді, немесе бұл соның ғана ықпалымен болды деген кесірлі сенімінде ары қарай нығая түседі.

4. Және осы бөлімде айтып кету қажетті болған нәрселердің ең соңғысы – бұл проблемалардың шешілуіне және бақытсыздықтарды жоюға алып келетін жолдардың барлығы шариғатта рұқсат етілген болып табыла бермейтіні. Белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесі бұл дүниедегі игілікке алып келгендігі немесе бір зиянды қайтарғандығы осы іс-әрекетті рұқсат етілген деп жариялау үшін әлі жеткіліксіз болады. Басқаша сөзбен айтсақ: мақсатқа қандай да бір құрал арқылы қол жеткізу сол құралды рұқсат етілген етпейді. Мысал ретінде келесі жайттарды келтіруге болады:

Адамдардан ешкім спирттік заттар, есірткі, доңыз етін сату, өсімқорлық, тонау, ұрлық – осының барлығы бай болу үшін қолданатын құрал екендігіне күмән келтірмейді. Алайда осы аталған нәрселер шариғатта рұқсат етілген деп жариялауға кімнің батылы жетеді? Тура сол сияқты, пара, жалған куәлік беру де қандай да бір құқықтарды заңсыз түрде иеленудің құралы болып табылады. Бірақ кім Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда аталғандарды рұқсат етті деп айта алады?! Осыдан шыға келе, тіпті егер қабірлерді қадірлеушілер олардың қабірлер алдында жасаған дұғалары қабыл болып жатқанын және қиындықтары шешіліп жатқанын мәлімдесе де, бұл қабір орындарында жиналыстар өткізуге және сол жерлерде әртүрлі ғибадаттар жасауға рұқсат етілгендікті білдірмейді.


Қолданылған дерек көз: www.abuhanifa.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет