Отандық киноиндустрияны дамытып жүрген продюсер Гүлнұр Мамасарипованың жуырда жарық көретін киносына қызы Сара Амангелді түспейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Revue news бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/amangeldieva_sara/
Кинопродюсер көктемге таяу “Біз екеуміз” атты фильмді жарыққа шығармақ. Басты рөлді сомдайтын әртістер кастинг арқылы өткен көрінеді.
“Басты рөлді сомдайтын актерлар – Гүлназ Жоланова, Шерхан Пірназар, Дәурен Серғазин. Сара бұл фильмге түспейді. Бірақ өзі мені де шақыратын шығар деп ойлап жүріпті. Бір күні “Мама, мен түспеймін ба?” деп сұрады. “Басқа актрисаларды қарап жатырмыз, сен түспейсің” дедім. Содан ренжіп қалды. Мен оған бүкіл шығармашылық жолымды арнамайтын шығармын. Айтпақшы, оның жасы келмеді. Содан қызымды түсіруден бас тарттым. Енді қызықты қараңыз, кастинг директоры аудиомен бірнеше актрисалардың аттарын айтты. “Бәрі кастингке келсін” деп жауап бердім. Бір кезде Сараның көзі жасқа толып, орнынан тұрып кетті. Сөйтсем, директор атаған актрисалардың ішінде Сарамен құрдас қыздар да бар екен. Мен оған мән бермеппін. Басты рөлге Гүлназ бекітілді”, – деп ағынан жарылды продюсер.
-
"Күзетшімен жүру сенің не теңің": Дариға Бадықова халықтан қолдау сұрады
-
"10 дубль жасадық": Айдар Асқарбек төсек сахнасына түсудің қиындығын айтты
Сонымен қатар рөлге бекітілген актерлар фильмнің қысқаша сюжетін айтып өтті.
“Менің кейіпкерімнің есімі – Маржан. Сондай сабырлы қыз. Өте ауқатты отбасынан шыққан, бірақ өте қарапайым. Бір аптадай сценариймен танысып, түсуге келісім бердім. Менің атастырылып қойған жігітімді Шерхан Пірназар ойнайды”, – деді Гүлназ Жоланова.
“Бүгінде қу қара басын ойлайтын жігіт көп қой. Менің кейіпкерім сондай. Үстіне шаң тигізбейтін өте тап-таза кейіпкер. Қонаққа кетіп бара жатып, үстіне су төгіп алса, бүкіл киімін ауыстыруға ерінбейді”, – деп баяндап берді Шерхан Пірназар.
Еске салайық, Гүлнұр Мамасарипова актриса Гүлназ Жоланованың босанғанын айтып қойғанын жазған едік.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.