Адамға ауру жануармен жанасқан және зарарлы өнімді қолданған жағдайда жұғады



жүктеу 26.69 Kb.
Дата21.09.2017
өлшемі26.69 Kb.

Бруцеллез
Бруцеллез(brucellessis) –жануарлардың және адамдардың созылмалы жұқпалы ауруы. Көпшілік малдарда іш тастау және шууының түспеуі, орхит, өмір сүруге қабілетсіз төлдердің тууылуы және бедеулікпен көрінеді. Әлеуеттік қауіптілікке байланысты бруцеллез карантиндік аурулар тізіміне енгізілген.

Бруцеллез әлемнің көп елдерінде таралған-Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Азия мен Еуропаның кейбір мемлекеттерінде, соның ішінде ТМД (Украина, Ресей, Қазақстан). Белорусь Республикасында1982 жылдан бастап тіркелмеген.

Экономикалық шығын төлдің алынбауынан (іш тастау малдардың 60% тіркелуі мүмкін), қысырлық, өнімділіктің төмендеуіпайда болады, карантиндік шараларды өткізугекөп шығын жұмсалады. Адамдағы ауру мүгедектікке әкелуі мүмкін (көбіне буындардың зақымдануы).

Бруцеллез (лат. brucellоsis)- адам ағзасының мүшелері мен жүйелеріне көптеген зақым келтіретін, ауру жануардан адамға жұғатын,зооноздық инфекция. Осы аурудың себепші – микропты - алғаш 1886 жылы ағылшын ғалымы Брюс анықтаған. Оларды оның құрметіне бруцелла, ал қоздыратын ауруын –бруцеллез деп атаған.

Brucella түрінің бактериалары 6 түрге бөлінеді. Адамға аурудың ең қауіпті көзі болып үш түрі табылады-қоздырғыштардың сүтпен, зәрмен, шарана суымен бөлінетін ұсақ мал (қой-ешкі) бруцеллезі, ірі қара мал бруцеллезі және шошқа бруцеллезі.

Адамға ауру жануармен жанасқан және зарарлы өнімді қолданған жағдайда жұғады.

Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды.

Жабайы және үй жануарларының көпшілігі сезімтал. Көбіне ірі қара малдары, шошқалар, қойлар ауырады, жылқы мен түйелер оларға қарағанда сирек.

Жұғу тері және сілекейлі қабықшалары (тіпті зақымданбаған) арқылы алиментарлық және жыныстық, трансмиссивті (кене және қан сорғыш жәндіктердің шағуы арқылы) жолымен болады. Тышқан тәріздес кеміргіштер, қан соратын жәндіктер, жабайы жануарлар тұрақты ауру қоздырғышын тасымалдаушы болып сипатталады.

Инкубациалық кезең-3-4 апта (ағзаға бруцеллдің түсуінен бастап қан сарысуында антидененің пайда болғанына дейін). Аурудың ағымы көбіне созылмалы, кейбір жағдайларда белгілерсіз болады. Буаз жануарларда басты себеп болып іш тастау табылады. Сиырларда іш тастау көбіне буаздықтың екінші жартысында болады, шууының түспеуінің орын алуы эндометрит пен қысырлыққа, мастит пен дене қызуынынң көтерілуіне әкеледі. Бұқаларда көбіне эпидермит және артрит тіркеледі.

Бруцеллез диагнозын қою үшін эпизоотологиялық, клиникалық, зертханалық әдістерді қолданады. Ірі қара мал үшін-серологиялық: агглютинация реакциясы (АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (КБР), Роз-бенгал сынамасы (РБС), сүтпен шығыршық реакциясы (ШР), іш тастаған жағдайда биологиялық сынама қоя отырып және полимеразды-тізбектеу реакциясы (ПТР).

Бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді басқа мал басынан тез арада оқшаулау олардың асыл тұқымдылығына және өндірістік құндылығына қарамастан 5 күннен аспайтын мерзімде союға өткізеді.



Бруцеллезбен ауыратын жануарларды ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып союға әкететін жағдайларды қоспағанда, мұндай жануарларды тасымалдауға және айдап әкетуге жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет